МОНТАЖДАУ
28
-
монтаждау сыйымдылығымен бірге жұмыс істейтін өнімділігі судың максималды
сағаттық шығынымен үздіксіз немесе ауық-ауық жұмыс істейтін сорғыларды;
-
қайтара-қысқамерзімді режимде гидропневматикалық су арынды бактармен немесе
мембран типті бактармен бірге жұмыс істейтін өнімділігі бар, тең немесе судың
максималды сағаттық шығынынан асып түсетін сорғыларды.
6.10.2 Шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы қажеттіліктер үшін сорғы қондырғыларды
жылу пункттерінде, бойлер және қазандық бөлмелерінде орнатылады. Сорғы
қондырғыларын (өрт қондырғысынан басқа) тұрғын үй-жайлар, балалар немесе
балабақшалар мен сәби үйлері топ бөлмелерінің, жалпы білім беру мектептерінің
кластарының, аурухана жайларының, әкімшілік ғимараттары жұмыс бөлмелерінің, оқу
орындары дәрісханаларының және осы сияқты жайлардың астына орналастыруға рұқсат
етілмейді.
6.10.3 Сыртқы желіден су алатын сорғылардың кірме желілеріне ысырма мен кері
клапан орнатылады. Спринклерлі және дренчерлі қондырғылар үшін айналма желілер
жасамайды.
6.10.
4 Сорғыларды автоматты басқарумен кезінде жұмыс сорғысының автоматты
қосылуы, жұмыс сорғысын авариялық ажыратқанда резерв сорғысының автоматты
қосылуы, өртке қарсы сорғыны қосумен қатар бір уақытта кірмелерде
электрысырмалардың ашылуы қарастырылады.
6.10.
5 Әр сорғының арынды желісінде кері клапан, ысырма мен манометр
қарастырылады. Егер сорғы су қысымымен болса, онда сорғылы желісінде тек ысырма
мен манометрді қояды.
6.10.6 Сорғы агрегаттарын еденнен биіктігі кемінде 0,2 м іргетасқа орнатады.
6.10.7
Жабдықтың шығыңқы бөліктерінен бастап жайлар мен агрегаттардың бүйір
қабырғаларына дейінгі аралық 0,7 м, жайдың бүйір қабырғаларына дейін – 1 м, таратқыш
қалқанға дейін – 2 м.
6.10.8 Диаметрі 100 мм арынды келте құбыры бар сорғыларды қабырғалар мен
арақабырғалар бойына агрегаттар мен қабырғалар арасынан өтпейтіндей немесе ғимарат
іргетасынан кемінде 200 мм қашықтықта арақабырғамен орнатады, арасына орын
қалдырмай бір іргетасқа екі сорғы, бірақ іргетастың айналасына ені кемінде 0,7 м бос
орын қалдырып орнатуға болады.
6.10.9 Тұрғын үйлерде, балабақшаларда немесе мектепалды ұйымдарда,
қонақүйлерде, шипажайларда, ауруханаларда, демалыс үйлерінде орнатылған сорғы
қондырғылары ҚР ҚН 2.04-03 нормалары бойынша шу мен дірілдің азаюын қамтамасыз
етуі тиіс.
6.10.10 Сорғы агрегаттарының жұмысы кезінде шуды бәсеңдету үшін діріл
оқшаулағыш
негіздер қояды, ал арынды сыорғылы құбыржолдарында
иілгіш қосымшалап
қолданылады.
6.10.11
Сорғы агрегаттарды діріл оқшаулағыш негізде орнату қажет. Арынды және
сорғылы сызықтарда діріл оқшаулағыш қосымша орнатуды қарастыру қажет.
Діріл оқшаулағыш негіздер мен діріл оқшаулағыш қосымшалар мына жағдайларда
қарастырылмайды:
шудан қорғануды талап етпейтін өндіріс ғимараттарында;