«Сақтандыру» пәнінің



жүктеу 223,5 Kb.
бет4/4
Дата20.11.2018
өлшемі223,5 Kb.
#22038
1   2   3   4

7. Глоссарий



Актуарлық есептер- беріген статистика мен ықтималдық теорияларын қолдануымен дұрыс есептелінген НЕТТО-сыйақы

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң экономикалық-математикалық есептеулерiн жүзеге асыруға байланысты қызметтi атқаратын жеке адам;



Ақшалық мультипликатор – 1 долларға ақша базасының өлуімен байланысты ақша сұранымының артуы.

Ақша массасы –шаруашылық айналымға қызмет ететін және тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке жататын, айналымға шығарылған барлық металл және қағаз ақшалардың көлемі.



Авуарлар –төлемдер мен міндеттерді өтеуге мүлкін болатын кең мағынадағы активтер (ақша қаражаттар, чектер, вексельдер, аударымдар, аккредитивтер). Сөздің тар мағынасында - өтіледі активтер.

Аккредитив – банк импортерімен шығарылатын басқа банк экспорттерға ( немесе келісімде анықталған өзге де тұлғаға) белгіленген талаптарды орындауыннан кейін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті болатын, қаржылық құжат.

Акция – акционерлік қоғаммен шығарылған және акционерлік қоғамды басқарудағы қатысуына құқығын куәландыратын бағалы қағаз, ол бойынша және қоғам мүлігінің бөлігі бойынша оның өтімділігі негізінде дивиденттер алу.

Банк – ақша қаражаттар мен қорларды жинайтын, несиелік ресурстарды ұсынатын, сондай-ақ өзара байланысты төлемдерде және мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да тұлғалар арасындағы есеп айырысуда делдалдық қызметті жүзеге асыратын, ақшалай ресурстар мен бағалы қағаздар эмиссиясын, алтынмен операцияларды және басқа функцияларды іске асыратын, қаржылық мекеме.

Банктік операциялар – ақша қаражаттар тарту мен орналастыру, қарыз беру, клиенттерге есептік қызмет көрсету және олардың басқа да талаптарын орындау бойынша банктердің операциялары.



Бөліну – яғни ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде бірнеше орындаушылар қойысатын тәукелдің бөлінеді, олардың әр қайсысы өздері қатысу үлесі шамасында жауапты болады (ех: ірі құрылыс)

Бағалы қағаздар – бұл бірнеше міндетті реквизиттері бар және қандайда мүлікке немесе ақшалай сомаға құқықты (“мәртебе”) айқындайтын, тараптар арасындағы мүліктік (борыштық) қатынастарды білдіретін, сәйкесінше жасалған құжаттар.

Бара-бар емес қайта сақтандыру - сақтандыру шартына сәйкес көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн орны толтырылуға тиiстi залалдардың толық сомасының қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттiң өзi ұстап қалатын сомасынан артығы мөлшерiнде жүзеге асыруға өзiне мiндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру;

Бара-бар қайта сақтандыру - тиiстi сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған сақтандыру мiндеттемелерiнiң үлесiне бара-бар мөлшерде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға өзi мiндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру;

Депозит – қаржы-несиелік, кезендік, соттық және әкімшілік мекемелерге сақтауға берілген ақшалай қаражаттар немесе бағалы қағаздар.

Дивиденд- акционерлік қоғам төлейтін, акционердің оған жататын акциялар бойынша пайдасы.

Делистинг – листингке қарама-қарсы операция, қор биржасындағы саудалаудан бағалы қағаздарды шығару.

Жүктеу- бұл еңбекақыны, аренданы, делдалдық ақшаны және т.б. қоса сақтандырушының шығындарынның төленуі.

Жауапкершілікті сақтандыру – бұл үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайға сақтандыру.

Жауапкершілік лимиті-бұл келісім бойынша қайта сақтандырылушының мүліктік жауапкершілігін шектейтін сома.

Қарыз.Несие.- ақша немесе тауар түріндегі қарыз, яғни ақшаны немесе тауарларды пайыз төлеімен қарызға беру (қайтарылу талабымен уақытша қолдану); несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынасты білдіреді. Банктік, коммерциялық, мемлекеттік, тұтынушылық сияқты болады.

Қайта жатқызу- келісімге сәйкесінше пункті қосу кезіндегі басқаға (серіктеске) жауапкершілікті жатқызу жолымен жүзеге асырылады (ех: жүктерді тасымалдау бойынша тәуекелділікті делдал компаниясына немесе тасымалдаушыға жатқызу)

Коносамент – бұл су жолымен тасымалданатын, жүктерді жөнелтушіге тасымалдаушымен берілетін көлік құжаты, ол жүктерді тасымалдауға қабылдануын дәлелдейді және тасымалдаушының жүкті қабылдаушыға жүкті беруді міндетін арттырады.

Кешенің толық опат болды-бұл кеме иесі кешені қайтарылуынсыз жоғалтты дегенді білдіреді.

Кешенің толық конституциялық опат болуы- бұл қайта құруға келмейтін жағдайдағы меншік, ол жөндеу шығындары жөндеуден кейінгі кеме құннан артық болғанда мойынданады.

Қаржылық зиян- бұл болашақ табыстан, пайдадан, бір нәрсені қолдану құқығынан айырысу.

Кінә -қазір көпшілік жағдайларда сақтандыру барысында кінәні дәлелдеу қажет емес, бірақ маңызы сұрақтар бойынша зиян келген тұлға кінәні дәлелдеу қажет. Әдетте тәртіп бұзған тұлға тарапынан қарсы әрекет шешімі қабылданады.

Қайта сақтандырушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;

Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейiннен өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар;

Қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

Квота – бұл қайта сақтандырудағы сақтандырушының қатысу үлесі.

Кредитор-несие ұсынатын, заим беруші (ұйым) кәсіпорын немесе жеке тұлға.

Кепіл-қамтамасыз етудің бірден бір тәсілі, келісімді міндеттердің орындалуы, кепіл күшімен кредитор қарызгердің кепілмен қамтамасыздандырылған міндеттерді орындамау жағдайында кепілгі салынған мүлік құнынан қанағаттандыру алуға құқығы бар.

Қарыз-бір қатысушылармен басқаларға қайтарылу талабы мен пайыз төлеу бойынша материалдық құндылықтар немесе ақша заимды беру.

Қарыз шоты – банктер несиелерді ұсыну және қайтаруды есепке алатын шот.

Клиринг - өзара талаптар мен міндеттерді есептеуге негізделген қор биржасындағы контрагенттер арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.

Клирингтік талаптар. Есеп айырысу палаталары – биржалық операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын, оларды тіркейтін, сондай-ақ олардың орындалуына гарант болатын ұйым.



Қор биржасы-акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық формада құрылған, саудалаудың ұйымдық және техникалық қамсыздандыруды оларды сауданы ұйымдастырушының берілген сауда жүйесін қолдану арқылы тікелей жүргізу жолымен жүзеге асырады.

Листинг – қор биржасына бағалы қағаздың кіруге рұқсат процедурасы және оларды баға белгілейтін бетке қосу.

Моралдық зиян-бұл азаматтық мүліктік емес (өзінің адамгершілігі, намыс пен ізгі атақ, кәсіби репутациясы, авторлық құқық және т.б.) жеке басына әсер ететін қолдалымдар немесе осы құқықтарға қол сұғу.

Номинал –номиналдық баға, акциядағы белгіленген құн, ол акционерлік қоғамның негізгі капиталдағы акционердің қандай үлесі бар екенің көрсетеді.

НЕТТО ставкасы- бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде төлемдерді қаржыландыру және сақтандыру ресурстарын қалыптастыру.

Облигация – белгілі бір төленген немесе төленбеген табыстық белгіленген мерзім арқылы салынған ақшалай соманың қайтарылуына жеке борыштық міндеттеме.

Опцион- белгіленген формадағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір уақыт өткенде белгіленген баға бойынша опционда ескерілетін базалық активті сатып алуға немесе сақтауға құқығын иемденеді.

Ортақ сақтандыру - бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен бiр мезгiлде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

Өздiгiнен ұстап қалу - сақтандыру сомасының бiр бөлiгi, соның шегiнде цедент қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;

Өрт-бұл жалынның пайда болуынсыз да мүлкін болатын, осы орында арналмаған жану процесі

Өзіндік шешу – бұл сақтандырылған тәуекел бойынша, сақтандырушы соманың бөлігі.

Партия Чартері- бұл жүкті, не барлық кемені, не оның бөліктерін, не белгілі бір кеме бөлмесін тасымалдау үшін ұсынылған шартымен жасалған су жүктерін тасымалдау келісімімен берілетін құжат

Пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;

Пайдаға үстеме- белгілі бір базаның құнын қамтитын пайданы қалыптастыру үшін қажет. Мүліктік сақтандыруда-мүлікті сақтандыру құны, өмірді сақтандыруда - сақтандыру сомасы

Приоритет-бұл сақтандыру келісімі бойынша цедент дауапты болатын мөлшердегі сома.

Ретроцедент –бұл қайта сақтандырудағы қабылдаған тәуекелді ретроцессияға (екінші қайта сақтандыру) беретін сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы.

Ретроцессия – бұл сақтандыруға ілгеріде қабылданған тәуекелді одан әрі беру процесі.



Ретроцессионарий – бұл ретроцеденттен тәуекелді қабылданған қайта сақтандырушы.

Сақтандыру - қолайсыз жағдайлардан, оқыс кездейсоқ оқиғалардан туындайтын зиянның, шығынның орнын толтыруға арналған кєсіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың ақша ќаражаты арқылы ќ±рылған арнайы саќтандыру қоры. Зиян шеккендерге саќтандыру қорынан белгілі мөлшерде саќтандыру сомасы төленеді. Сактандыруды мемлекеттік органдар, сақтандыру ұйымдары мен компаниялары жүргізеді. Саќтандыру объектеріне адам өмірі, денсаулығы, азаматтардың жєне кєсіпорындардың мүліктері, тасымалдау көліктері, тасымал жүктер, қауіп-қатер, жауапкершілік жатады.

Сақтық қорғау-бұл сақтандыру объектісіне тигізетін шығындарды төзу немесе өтеу әсерінен қатынасты әртараптандыру жиынтығы.

Сақтандыру мүддесі- бұл мүдделі тұлғалардың сақтандыруда қатысу экономикалық қажеттілігі.



Сақтандырушы-бұл (әрқашан сақтандыру компаниясы) ұсынылған немесе келісілген сақтандыру шартымен сәйкес сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырылушыға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтанушы- бұл сақтандыру объектісінде мүддесі бар, өзінің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру сомасын төлейтін, сақтандырушымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.

Сақтандырылған – бұл жеке тұлға өмір, денсаулық, еңбек қабілеті, жеке сақтандыру бойынша ол қорғау объектісі болып табылады, бір уақытта сақтанушы да болса алады, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлейтін болса.



Сақтандыру агенті - берiлген өкiлеттiгiне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Сақтандыру брокерi - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттiң тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру объектісі – бұл сақтандыруға жататын материалдық құндылықтар, өмір, денсаулық, жауапкершілік.

Сақтандыру заты- бұл нақты сақтандыру объектісі.Жүктерді сақтандыру - жүк саќтандырудың негізгі шарттары — ќауіп-қатердің барлық түрлеріне жауапкершілігі. Саќтандырудың бұл түрінде жалпы апат шығындарының, шеккен зияндыќтардың, төленген жарналардың, сонымен ќатар ќандай себептерден болса да саќтандырылған мүліктің, заттың бүліну, жоғалу, толық апатқа ұшырауының орны толтырылады. Саќтандырылмайтын ќауіп-ќатерлерге: соғыс қаупі, тікелей не жанама радиация әсері, саќтанушының салаќтығы мен арам ниетті істері, жүктің ескеруге жатпайтын ерекше қасиеттері мен жүкті тасу өзгешеліктеріне байланысты басқа да ќауіп-қатерлер жатады. Міндетке алынған қауіп-қатерлерден тыс қалғандары екі жаќтық келісім бойынша қосымша сыйлық-төлем арқылы саќтандырылады.



Сақтандыру сыйлығы - саќтандыру келісімінде көрсетілген қауіп-қатерге душар болған жағдайдағы шығын көлемін саќтанушыға, не оның мұрагеріне төлеуді өз міндетіне алғаны үшін сақтандырушыға сақтанушыныњ төлейтін ақысы, беретін сыйлығы,

Сақтандыру актісі - саќтандыру төлемін төлеуге негіз болатын кауіп пайда болғанда мемлекеттік сақтандыру орындарының тексерушілері жасайтын құжат.

Сақтандыру жарнасы - 1)сақтандырылған мүлікке келтірілген шығынның орнын толтыруға мүмкіндік туғызуға, не болмаса саќтанушының өмірінде белгілі бір оқиға пайда болғанда, мысалы, т±раќты немесе уақытша ж±мысқа жарамсыздыќтан саќтандыру мақсатында төленетін сома.

Сақтандыру полисі (франц. police, итал. polizza - рас-писка, квитанция — қол жазба, түбіртек) — жеке адамға, не мекемеге саќтандыру шартының жағдайын көрсетіп сақтандыру орнының бсретін құжаты. Сақтандыру полисінде сақтандырылған объектер, саќтандыру сомасы мен төленетін жарнасы, сонымен ќатар саќтандырудың негізгі міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сақтандыру оқиғасы - бола қойған жағдайда заңға немесе шартќа сәйкес саќтандырушының саќтандыру сомасын төлеуге міндеттілігі.

Сақтандыру қоры - төтенше қолайсыз, дүлей апат, сөтсіз оқиғалар болған кезде қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірісті, оның ішінде жұмыс күшін қалпына келтіруді ќамтамасыз етуге арналған материалдық (мүлік) заттық және ақшалай қаражат қоры.

Сақтаңдырушы — шартта келісілген саќтандыру ќатерлерінен пайда болған шығындардың орнын толтыру үшін белгілі бір төлемге міндет алған қоғамның заңды ќ±ќығы бар мекеме.

Сақтандыру компаниялары, серіктестіктері - сақтандырушы қызметін атқаратын, яғни сақтанушыға сақтандыру оқиғалары (ќауіп-ќатерлер) пайда болған жағдайда шығынын өтеуге міндеттеме алған мекемелер.

Сақтандыру тәуекелдері - апатты, қауіпті, қатерлі, күтпеген кездейсоқ жағдайлар. Мұндай жағдайлар кездесе қалғанда жағдайда саќтанушының саќтандырылған сомасының орнын толтыруды, яғни шығынын өтеуді саќтандырушы өз міндетіне алады. Күтілген оқиғалар емес, кездесуі ыќтимал қауіп-қатерлер ғана саќтандырынады. Ќауіп-қатердің саќтандыру түрлері саќтандыру келісіміңде нақты көрсетілуі тиіс.

Сақтандыру жауапкершілігі – бұл нақты келісім шартпен қарастырылған сақтанушының мүддесін қорғау бойынша сақтандырушының құқықтары мен мүдделерінің жиынтығы.

Сақтандырушының жауапкершілік лимиті-бұл сақтандыру шартыннан шығатын және сақтандыру полисінде көрсетілетін сақтандырушының максималды мүмкін жауапкершілігі.

Сақтандыру төлемін немесе сақтандыру сомасын алушы-бұл сақтандыру шарты бойынша сәйкес ақша қаражаттарды алуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға

Сақтандыру полисі- сақтандырушымен берілетін және сақтандыру келісім шартын растайтын құжат, ол келісілген келісімнің шарттарын қамтиді

Сақтандырудың ережелері-бұл сақтандыру келісім шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын сақтандыру шарттары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайлары мен ерекшеліктерінің тізімдері, олардың негізінде сақтандырушы, көбінесе, жауапкершіліктен (форс-мажорлық деп аталатын дағдайлар) босатылады.

Сақтандыру бағасы- бұл сақтандыру шартын келісу мақсатында сақтандыру объектісінің белгілі бір құны.

Екі жақты сақтандыру - белгілі бір қауіп-қатердің екі сақтандырушыға саќтандыру. Мұнда саќтандырушылардың объекті саќтандырған сома қосындысы оның алғашқы саќтандыру құнынан асып түседі. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай жағдайда ер саќтандырушы саќтандыру келісімінде өз үлестерінің көлеміндей жауап береді.



Төлемеушілік тәукелдікті сақтандыру - осы күні сыртқы сауда да тауарды несиеге беру орын алып отыр. Несиені мерзімінде қайыруды қамтамасыз ету мақсатымен экспортерлер (шетелге тауар шығарушылар) көпшілік жағдайда төлемеушілік тәуекелін сақтандырады. Саќтандырудың мұндай түрімен жеке меншік акционерлік қоғамдар айналыспайды, әдетте мемлекеггік, не болмаса мемлекеттік акцияны бақылау пакеті бар мекемелер жүргізеді.

Шетелге шығарылатын несиелерді сақтандыру — экспортерлердің (шетелге тауар шығарушылардың) мүлдесін қорғау мақсатында қолданылады. Саќтандыруды мемлекеттік жєне жеке меншік мекемелер жүргізеді. Мемлекет сауда қауіп-қатерліктерімен ќатар саяси ќатерлікті де мойнына алады. Мемлекеттің саяси қатерлік шығынын төлеуі несие сомасының 90 пайзынан асады, ал басқадай қатерліктердің шығындарын өтеу 80-90 пайыз шамасында болады.

Сақтандыру медицинасы - сақтандыру қорынан халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудің бір түрі. Саќтандыру қоры бюджеттік ќаржыдан, кесіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың жарнасынан ќ±ралады. Сонымен ќатар өндірісте ж±мыс атқаруға қолайсыз жағдайлар салдарынан, кауіпсіз технология, техникамен ќамтамасыз етілмегендіктен жұмыскерлер мен қызметкерлердің зардап шегуіне, денсаулығынан айырылуына себепкер болған кәсіпорындардан алынған ақшалай айыптар да медициналық (дәрігерлік) қорға түседі.

Сақтық қамсыздандыру- бұл сақтандыруға қабылданған мүлікке қатысты бойынша сақтандыру бағасының деңгейі.

Сақтандыру сомасы-бұл мүлік, өмір, денсаулық сақтандырылған ақша қаражаттардың сомасы.

Сақтандыру тарифі – бұл сақтандыру сомасы бірлігінен рубльде анықталған төлем немесе сақтандыру қорын қалыптастыру үшін қызмет ететін сақтандыру сомасы жиынтығынан пайыздық ставка.

Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандырушыға зиян келтіру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушы төлейтін сақтандыру төлемінің сомасы

Сақтандыру мерзімі –бұл сақтандыру объектісі сақтандырылған аралығындағы уақыт кезеңі.

Сақтандыру өрісі –сақтандыруға мүлкін болатын объектілердің максималды саны.

Сақтандыру портфелі (1)- бұл сақтандырылған объектілердің немесе сақтандырушы ісінде құжатпен айқындалған сақтандыру келісімдер қадамдарының мөлшері.

Сақтандыру портфелі (2) – бұл белгілі бір кезеңде сақтандырушы қабылдаған сақтандыру тәуекелдерінің жиынтығы.

Сақтандыру жасы-бұл азаматтардың сақтандыруға қабылданатын немесе ауыл шаруашылық сақтандыруға алынатын шекті көрсететін жастық топтар

Сақтандыру жағдайы- бұл сақтандыру шартымен айқындалған оқиға немесе оқиғалар жиынтығы, олардың туындауымен заң күшімен немесе әрекеттегі сақтандыру келісімімен сақтандырушы зиянды өтеу бойынша өзінің міндеттерін жүзеге асыруға міндетті

Сақтық зиян- бұл толықтай апатқа ұшырағанның немесе сақтандыру бағасы бойынша сақтандыру мүлігі бөлігінің құнсызданған құны.

Сақтандыру төлемі- бұл сақтандыру қорынан төленген сома, мүліктік сақтандыру мен азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы зиянды өтеу. Сақтандыру келісім шартында негізделген сақтандыру сомасына тең немесе төмен болуы мүмкін.

Сақтық шағым – бұл сақтандыру шартымен қарастырылған кездейсоқтықтың нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының құндылығына байланысты сақтандырушымен сақтандырушыға ұсынатын талабы.

Сақтандыру қоры-бұл сақтандырушы қаражаттарын ақшаланған қоры.

Сақтық агенттер – олар клиенттермен сақтандыру келісімдерін жасайтын сақтандыру компанияларының қызметкерлері болып табылады “А” классының агенттері мен субагенттері болады.

Сақтық брокерлер (маклер) – олар клиенттердің запасы бойынша жұмыс жасайды және де оларға барлық қажетті талаптарға жауап беретін сақтандыру компанияларын іздейді және зиянның пайда болуы кезінде клиенттердің мүддесін көздеп, сақтандырушымен келіссөз жүргізеді.

Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандыру қызметінің бағасы, мәні қаржылық тәуекелдің сандарын төмендетулерге және сақтандыру жағдайы туынданған кезде сақтандыру төлемін төлеу міндеттілігінде

Сақтық тариф- бұл базаға сыйлықақы мөлшерінің қатынасы.



Своп – белгілі бір кезең аралығындағы белгіленген талаптарға қаржылық құралдарды айырбастау бойынша екі жақтың келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз.

Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;

Сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;

Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий және уәкiлеттi аудитор;

Сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;

Сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;

Таралу – бұл мақсатты бағытталған сұраным портфелін қалыптастыру кезінде мүмкін (ех: қайтармау тәуекелін төмендету үшін, банк бірнеше фирмаларға несие беруді таратады)

Тапсыру – келісімге сәйкес пункті енгізгенде басқаға (сыбайласқа) жауапкершілікті тапсыру жолымен қол жеткізіледі (мыс: жүктерді тасымалдағанда тәуекелді жабдықтаушыға немесе тасымалдаушыға тапсыру. Бөлу-яғни ірі жобаларды жүзеге асыру барысында тәуекелді бөлу, мұнда бірнеше орындаушы қатысады, олардың әрбіреуі өзінің қатысу үлесі шегінде жауап береді (мыс: ірі құрылыс)

Тарату – тап тапсырыстардың портфелін мақсатты бағыттап құрастырғанда мүмкін болады (мыс: банк қайтарылмау тәуекелін төмендету үшін несиені беруді бірнеше фирмаларға таратады)

Төлем тапсырмасы – ақшаны төлеуі мен аударуды іске асыру тәсілі, ол жіберушінің алушы – банкке бейнефициар пайдасына нұсқауда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы нұсқауды ұсынуын қарастырады.

Уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкiлеттi аудитор) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитi жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).

Фьючерс- ұйымдастырылған бағаны қағаздар нарығындағы айналымда жүретін туынды бағалы қағаз, оны саьып алушы белгілі бір уақыт өткенде келісім шартпен сәйкес базалық активті сатуға (сатып алуға) өзіне міндет жүктейді.

Франшиза – бұл сақтандырушының өтеміне жатпайтын сақтандыру келісімімен анықталған шығын сомасы. Франшиза шартты және шартсыз болады.

Шартты франшиза – франшиза мөлшерінде зиян төленбейді, егер зиян көлемі франшиза шартынан асатын болса, онда ол сақтандыру келісіммен сәйкес сақтандыру сома мөлшерінде өтеледі

Шартсыз франшиза – сақтандыру өтемі франшиза есебінен сақтандыру сомасы шегінде зиян көлемінде төленеді

Цедент – (сақтандырушы, қайта сақтандырылушы) – бұл қайта сақтандырылушы тәуекелді беретін сақтандырушы

Цессионер (цессионарий, қайта сақтандырушы) –бұл қайта сақтандырудағы тәуекелді қабылдайтын сақтандырушы.

ЭВЕРИДЖ” түсіндірмесі- егер сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан төмен жағдайда, онда толық сақтандыру орын алады, бұл принцип шаруашылық сақтандыруда аса маңызды.



Эксцедент – бұл өзіндік шегеруден асатын сақтандыру сомасының бөлігі.
жүктеу 223,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау