Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардың тізілімін жүргізеді, жыл сайын қайта сақтандыру шартын жасасқан не жасасу жоспарланған әрбір қайта сақтандырушының қаржылық тұрақтылығына соңғы аяқталған үш қаржы жылғы қаржылық есептілігінің негізінде талдауды (активтердің, сақтандыру резервтердің, міндеттемелерді өтеу үшін меншікті капитал жеткіліктілігін, шығыстардың және кірістердің, ақша қаражатының қозғалысын талдауды қоса алғанда) жүзеге асырады.
Қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі:
қайта сақтандырушының заңды тұлға ретінде тіркелуін;
тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша лицензия не қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, лицензияның не тиісті мемлекеттің тиісті уәкілетті органының қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға рұқсатының болуын;
андеррайтердің не қайта сақтандырушының өзге қызметкерінің қайта сақтандырушының атынан қайта сақтандыру шартын жасасуға өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін жинауды және сақтауды жүзеге асырады.
Сақтандыру брокердің қызметін пайдаланған жағдайда қайта сақтандыру саясатын іске асыруға жауапты бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ковернотасын сақтауын және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.
46. Қайта сақтандыру саясатын түзету мақсатында қайта сақтандыру бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес мынаны жасап, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне және тәуекелдерді басқару бөлімшесіне тапсырады:
қайта сақтандыру шарттары жасалған қайта сақтандырушылардың қаржылық жағдайының талдамасы;
соңғы бес жылда қайта сақтандырушыдан алған төлемдерді талдау және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандырудың мақсатқа лайықтығын бағалау;
актуарий белгілеген жеке өзінің ұстап қалу лимиттерінің барабарлығын талдау.
7-тарау. Сақтандыру төлемдері тәуекелін басқару
47. Директорлар кеңесі сақтандыру төлемдерінің лимитін бекітеді, олар бойынша шешім қабылдау:
1)Ұйымның бас офисінің және филиалдарының;
2) директорлар кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, басқарманың, төлемдер жөніндегі бөлімшесінің құзыретіне кіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
48. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесін қамтамасыз ету мақсатында Ұйым сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алған сәтінен бастап дереу сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мынаны ұсынады:
1) сақтандыру түрі бойынша сақтандыру жағдайы басталғаны туралы өтініштің нысанын нұсқаулықтармен және сақтандыру шартының талаптары мен Ұйымның талаптары қалай орындалуы тиіс туралы басқа ақпаратпен бірге;
2) құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үші қажетті құжаттар тізімін.
49. Басқарма сақтанушының (сақтандырылуышының, пайда алушының) сақтандыру төлемі жөніндегі бөлімшеге және (немесе) сақтандыру делдалына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Егер сақтандыру делдалының сақтанушыдан (сақтандырылуышдан, пайда алушыдан) құжаттарды алу мүмкіндігі болса, онымен жасалған тапсырма шартында басқарма Ұйымға құжаттарды жіберудің барабар мерзімдерін белгілейді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
50. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттарды алғаннан кейін Ұйым өтініш берушіге қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген анықтама береді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
51. Егер сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген мерзімде қабылдауға болмайтын болса, Ұйым сақтанушыны (сақтандырылушыны, пайда алушыны) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың мерзімін созу себебін түсіндіріп, хабардар етеді, бұл ретте басқарма сақтандыру төлемін сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Егер оқиға сақтандыру жағдайы деп танылмаса, Ұйым сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуден сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалдық актілерінде белгіленген негіздемелер бойынша дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.
52. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш бергеннен кейін және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға ісін электронды не қағаз түрінде қалыптастырады, оған мынадай мәліметтер мен құжаттар кіреді:
1) іс ашылған күні;
2) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілген өтініштің нөмірі;
3) сақтандыру шартының (полисінің) нөмірі;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты не атауы;
5) мүдделі бөлімшелерінің қарау мерзімдерін қоса алағандағы өтінішті қарау рәсімі туралы қысқаша есеп;
6) сақтандырудың түрі;
7) сақтандыру жағдайы болған күні;
8) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған күні;
9) шығынның сипаттамасы;
10)өтініш берушілер туралы ақпарат;
11)бағалау жасалған күні, егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
12)бағалаушы, аджастер, тәуелсіз сарапшы есебінің көшірмесі, егер сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
13)бағалаушының, аджастердің, тәуелсіз сарапшының қысқаша деректері, сақтандыру шартына сәйкес талап етілсе;
14)шығынның бағаланған құны;
15)сақтандыру төлемінің күні мен сомасы;
16)сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту күні;
17)сақтандыру делдалдың тегі, аты, бар болса- әкесінің аты не атауы;
18)сақтандыру ісінің аяқталған күні;
19)сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім;
20)сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) деректемелері.
53. Сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше сақтандыру жағдайларына сыныптар, сақтандыру түрлері, сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) бойынша талдау жүргізіп, оны тәуекелдерді басқару бөлімшесіне Ұйымның тәуекелдер картасын анықтау үшін ұсынады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 54-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54. Белгілі бір жасқа дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешімдерді қоспағанда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешім белгіленген лимиттерге сәйкес тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен және комплаенс-бақылаушымен келіскеннен кейін активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі кеңеспен және басқармамен қабылданады.
55. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын:
1) табиғи және техногендік апаттардың басталу сценарийлері кіретін модельдерді пайдалануды көздейтін апаттық тәуекелдерді өлшейді және болжамдайды;
2) сақтандыру портфелін апаттық оқиғаларға қарсы тұруын бағалайды.
56. Апаттық тәуекелдер туралы есеп директорлар кеңесінің және басқарманың қарауына беріледі.
Басқарма жыл сайын апаттардың модельдеуінің және пайдаланылатын болжамдардың дұрыстығын (барынша жоғары ықтимал шығындары факторын) бағалайды.
8-тарау. Сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқару
57. Директорлар кеңесі:
1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясатын;
2) сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді бекітеді.
58. Басқарма:
1) сақтандыру резервтерін құру саясатын тиімді іске асыруды және қамтамасыз етуді;
2) барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру үшін қажетті статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді жинау, өңдеу және талдау бойынша ішкі рәсімдерді тиімді іске асыруын әзірлеуді және қамтамасыз етуді;
3) сақтандыру резервтерін уақтылы қалыптастыруын бақылауды;
4) Ұйымның штатында жеткілікті деңгейдегі білікті актуарийдің болуын қамтамасыз етуді;
5) шығындарды есепке алу журналын жүргізу және мазмұны тәртібін анықтауды жүзеге асырады.
59. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру саясаты уәкілетті органның нормативтік құқтық актілерінің сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарына сәйкес келеді және мыналарды қамтиды:
шығындар резервін есептеу әдістемелерін (мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар және болған, бірақ мәлімделмеген шығындар);
таппаған сыйлықақылар резервін (жалпы сақтандыру бойынша) және болмаған шығындар резервін (өмірді сақтандыру бойынша);
Ұйыммен құрылатын барлық қосымша резервтерді есептеу әдістемелерін;
қалыптастырылған сақтандыру резервтердің барабарлығына тест жүргізу тәртібін;
сақтандыру резервтерін есептеу кезеңділігі мен мерзімдерін;
сақтандыру резервтерін есептеуге жауапты бөлімше мен тұлға.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
60. Ішкі аудит қызметі мынадай іс-шараларды қамтитын сақтандыру резервтерін қалыптастыруды ішкі бақылау және ішкі аудит жүргізу ережесін әзірлейді және директорлар кеңесіне бекітуге ұсынады:
1) сақтандыру резервтерін қалыптастырғанда пайдаланылатын статистикалық деректердің шынайлығын тексеру;
2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервін барабар қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін шығындарды есепке алу журналын тексеру;
3) сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған не толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайларының мониторингі;
4) сақтандыру шарттары тізілімін барлық жасалған сақтандыру шарттардың болуына жүйелі тексеру жүргізу;
5) сақтандыру агенттерінің жасалған шарттары туралы уақтылы хабардар етуін бақылау.
61. Актуарий:
1) сақтандыру резервтерін уақтылы және барабар есептеуді;
2) сақтандыру резервтерін есептегенде шынайы және объективті статистикалық деректерді қолдануын;
3) сақтандыру резервтерін есептегенде пайдаланылатын қаржылық және өзге көрсеткіштердің барабар және экономикалық негізделген болжамдауды;
4) шынайы өлім-жітім кестесін пайдалануды;
5) сақтанушыларды тарту үшін төмендетілген сақтандыру тарифтері бойынша жасалған сақатндыру шарттары бойынша абарабар сақтандыру резервтерін есептеуді;
6) сақтандыру резервтерін сақтандыру түрлері бойынша барабарлығына тест жүргізуді;
7) сақтандыру резервтерін есептеу бойынша біліктілігі мен дағдыларын арттыруды жүзеге асырады.
62. Актуарий ай сайын есептеуде қолданылған әдістемелер мен көрсеткіштердің сипаттамасын, Ұйымның тәуекелдер картасы туралы есепті қалыптастыру үшін резервтердің жеткіліктілігі туралы актуарийдің кәсіби пікірін қамтыған сақтандыру резервтері туралы есебін тәуекелдерді басқару бөлімшесіне береді.
9-тарау. Инвестициялық тәуекелдерді басқару
63. Директорлар кеңесі:
1) инвестициялық саясатты бекітеді;
2) сақтандыру резервтерін жабатын активтерді дербес сатып алу туралы, не активтерді ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымының (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына беру туралы шешім қабылдайды.
64. Инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде басқарма инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған шартта мыналардың көрсетілуін қамтамасыз етеді:
инвестициялық портфельді басқарушының Ұйымның инвестициялық саясатын бұлжытпай сақтауы жөніндегі талапты;
тәуекелдерге мониторингті жүзеге асыру, оның ішінде стресс-тестингті жүзеге асыру үшін ақпаратпен тиімді аламасу бойынша талапты;
инвестициялық портфельді басқару барысында қасақана әрекеттері нәтижесінде Ұйымға шығындар әкелгені үшін инвестициялық портфельді басқарушының жауапкершілігін.
65. Инвестициялық саясат активтерді және пассивтерді басқару кеңесімен (бөлімшемен) қайтарымдылық, әртараптандыру, табыстылық, өтімділік принциптерін ескере отырып, әзірленеді.
Қайтарымдылық принципі ықтимал шығындарды төмендету не алдын алу мақсатында активтерді орналастыру бойынша тәуекелдерді тиімді бағалауды білдіреді.
Салымдардарды әртараптандыру принципі инвестициялық портфельдің барынша жоғары тұрақтылығына жету, қандай-да бір қаржы құралдарының артықшылығын, активтердің өңірлік, салалық және өзге шоғырлануын болдырмау мақсатында инвестициялық тәуекелдерді бөлу болып табылады.
Табыстылық принципі капитал салымы нарығындағы жағдайды ескерумен, басқа принциптерді қамтамасыз ете отырып, инвестициялардың рентабельділігін барынша жоғарлату, сондай-ақ барлық инвестициялау уақыты ішінде салынған қаражаттын нақты құныны сақтап қалуға, активтерді тез және оңай сатуға мүмкіндік беретін сақтандыру резервтері қаражатын басқару кезіндегі жоғары рентабельділігі болып табылады.
Өтімділік принципі Ұйымның міндеттемелерін өтімді қаражатқа оңай айналатын, оларды жабу үшін жеткілікті мөлшердегі қаржы құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді.
66. Инвестициялық саясат мыналарды регламенттейді:
1) активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегияларын;
2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, активтерді инвестициялау лимиттері мен ашық валюталық позициялар үлестерін;
4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген шарттарын және шектеулерін;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесі мен сипатын көрсете отырып, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын;
6) инвестициялық қызметімен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;
7) инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық барынша рұқсат етілетін мөлшерін;
8) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелер.
67. Инвестициялық саясатты түзету үшін тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес мыналар жүргізіліп, активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынылады:
1) қалыптастырылған геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына, экономика секторына байланысты инвестициялау нарығының тартымдылығы дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау;
2) эмитенттерді және ол шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын талдау, оған эмиттенттің қаржылық жай-күйін, оның активтерінің әрі қарай өсуінің әлеуетін, қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, осы эмиттенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерін талдау;
3) портфельдің құрылымы туралы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, шығынды позицияларын талдауды және портфель құрылымын оңтайландыру бойынша ұсынымдарды қамтитын инвестициялық портфельді талдауы;
4) сақтанушыларды (сақтандырылушыларды) экономикалық қызметінің түрлері (экономика секторлары) бойынша, сақтандыру жағдайларының саны бойынша, сақтандыру төлемдерінің сомалары бойынша бөлуді (өмірді сақтандыру үшін сақтандырылушылардың жынысы мен жасы бойынша бөлуді) қоса алғандағы сақтандыру портфелі құрылымын талдау;
5) келесі он екі күнтізбелік айға сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың, сондай-ақ Ұйымның міндеттемелерінің олардың басталу мерзімдері бойынша болжамдық талдауы;
6) гэп-талдау, оған өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруі, оның ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі ескерілген қолма-қолақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттердің шолуы кіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 67-1-тармақпен толықтырылды
67-1. Гэп-талдауды осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Гэп-талдаудың қорытындылары уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейін келетін айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
68. Көрсетілген аналитикалық зерттеулердің негізінде Ұйымның құрылымдық бөлімшелері ұсынымдарды беру үшін негіздеме болып табылған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.
Ұсынымдар:
1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты әзірлеген кезде, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерісмтер мен толықтырулар енгізген кезде;
2) инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау кезінде;
3) шығындардың барынша жоғары рұқсат етілетін мөлшерін анықтау және қайта қарау кезінде;
4) инвестициялық шешімдер қабылдаған кезде ұсынылады.
69. Басқарма:
1) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында бағалардың күрт құбылуына байланысты («stop-loss» лимиттері) шектен тыс шығыстарға жол бермеу бойынша шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ, қаржы құралдары бойынша бағалардың, тиісті кірістіліктерінің сыни деңгейлерін, оларға жеткеннен кейін қаржы құралының нырқтық құнының төмендеуі ықтималдығы өсетін («take-profit» лимиттері) деңгейлерін анықтайды. «Stop-loss» және «take-profit» лимиттері белсенді нарығы бар қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін активтерді және пассивтерді басқару кеңесі белгілейтін өзге қаржы құралдары үшін белгіленеді;
2) қаржы құралдары нарығының ауқымына және динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және шығындардың барынша жоғары рұқсат етілетін мөлешірін қайта қайта қараудың бастамшысы болады;
3) инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық және валюта тәуекеліне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындайды және оны активтерді және пассивтерді басқару кеңесіне ұсынады.
70. Инвестициялық саясатта көзделген активтерді инвестициялау лимиттерге:
1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;
2) белгілі мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері («елдің лимиті»);
3) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттері және валюталық нетто-позиция лимиті;
4) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі секторына байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
5) қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттері;
6) қаржы құралдары үшін «take-profit» лимиттері кіреді.
71. Ұйымның активтерін дербес орналастырған жағдайда инвестициялау инвестициялық шешімдердің негізінде жүзеге асырылады.
Активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің отырысында инвестициялар жөніндегі бөлімшенің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындылары қаралады.
72. Инвестициялық шешім активтерді және пассивтерді басқару кеңесімен қабылданады.
73. Инвестициялар жөніндегі бөлімшенің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жасауға ұсынылатын мәмілені жасау мақсатын;
2) қаржы құралының сипаттамасын, онда осы құралдың түрі, көлемі бағалар диапазоны, кірістілік деңгейі және басқа сиапттары (шарттары) көрсетіледі.
74. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қорытындысы:
1) жасалатын мәміленің активтер бойынша кірістердің болжамдалатын өзгеруіне ықпалын;
2) осы қаржы құралын сатып алуға байланысты тәуекелдерді;
3) жасалатын мәміленің пруденциалдық нормативтер мәндерінің және уәкілетті орган белгілеген сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің өзгеруіне ықпалын;
4) ұсынылатын инвестициялық шешімнің варианттарын қамтиды.
75. Инвестициялық шешім:
1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;
2) жасалуы тиіс мәміленің түрін;
3) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралының сәйкестендіргішін;
4) жасалуы тиіс мәміленің көлемін, бағасын, және сомасын (көлемінің, бағасының және сомасының диапазонын);
5) мәмілені жасау мерзімдерін;
6) мәміленің жасалуы көзделетін нарықтың түрін көрсетуді (бастапқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);
7) көмегімен мәміленің жасалуы болжамдалатын делдалдың (брокердің) атауы (бар болса);
8) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы көрсетуді;
9) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдарын қамтиды, олардың лауазымдары көрсетіледі.
76. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірін;
2) жасалуы тиіс мәміленің түрін;
3) хеджирлеу құралының толық сипатын, оның түрі, жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйлықақы), хеджиррлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нырғы, және осы құралдың басқа сипаттамалары (шарттары) көрсетіледі;
4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижесін;
5) хеджирлеу объектісінің (базистік активінің) тәуекелін бағалау, онда оның түрі (пайыздық, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісі көрсетіледі;
6) хеджирлеу объектісін, онда қажетті деректемелері (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіледі;
7) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (кірісті толық алмау) мөлшерін төмендетуге әкелетінін растайтын есепті;
8) көмегімен мәміленің жасалуы көзделетін делдалдың (брокердің) атауы (бар болған жағдайда);
9) активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің бір мүшесінің инвестициялық шешімді қабылдау (бас тарту) бойынша ерекше пікірінің болуы туралы нұсқауы;
10) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдарын қамтиды, олардың лауазымдары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |