Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы


жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара



жүктеу 0,53 Mb.
бет2/7
Дата15.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#29757
1   2   3   4   5   6   7
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

9. Ұйымның қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтайды.

10.  Ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіби этика ережелерін және басқа ішкі процедураларын сақтау  міндеті Ұйымның барлық қызметкерлеріне таралады.



 

 

3-тарау. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыруға қатысы



бар ішкі құжаттарға қойылатын талаптар

 

11. Ішкі құжаттармен қамтылған ақпараттың көлемі Ұйымның қызметін бағалау және директорлар кеңесі мен басқа басшы қызметкерлердің тиімді шешімдер қабылдауы үшін шынайы да жеткілікті болуы тиіс.

12. Директорлар кеңесі мынадай ішкі құжаттарды бекітеді:



1)  корпоративтік стратегияны;

2)  Ұйымның ұйымдық-функционалдық басқару құрылымы туралы ережені;

3)  басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі ішкі саясатты;

4)  есепке алу саясаты;

5)  басқару есептілігін ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені.

13. Корпоративтік стратегияны басқарма әзірлейді және:



1) Ұйымның қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орташа мерзімдегі (бір жылдан үш жылға дейінгі)  және ұзақ мерзімді (үш жылдан және одан көп жылға дейінгі) мақсаттарын белгілейді;

2) мыналарды қамтиды:

Ұйым қызметінің даму стратегиясын;

Ұйым қызметінің негізгі мақсаттарын және бағыттарын;

Ұйым қызметі бағытталатын нарықтың сегментін;

Ұйым қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәндерін;

Күтілетін макро- және микроэкономикалық көрсеткіштерін;

Ұйымның ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді.

14. Ұйымның ұйымдық-функционалдық басқару құрылымы туралы ереже басқармамен әзірленеді және мыналарды регламенттейді:



1)  алқалы кеңес органдарының, директорлар кеңесінің, басқарманың, комитеттердің, ішкі аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымын, өкілеттіктерін және міндеттерін;  

2)  қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

3)  өзара әрекеттесу және есеп берушілік тәртібін;

4)  ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және андеррайтинг бөлімшесінің қызметкерлеріне, актуарийге басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;

5)  басқарманың, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлердің  қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерін, оның ішінде оларға жүктелген функцияларды және міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібін.

15. Басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі ішкі саясаты басқармамен әзірленеді және мыналарды регламенттейді:



1) директорлар кеңесі мүшелері, басқарманың, өзге де басшы қызметкерлері (оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың) лауазымдарына кандидаттарын іріктеу прициптерін, критерийлерін, сыйақы мөлшерін анықтауды;

2) сыйақының түрлерін, компоненттерін,  жүзеге асыру негіздемелерін (сыйақының тіркелген мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, сыйақының, компенсациялық төлемдердің басқа түрлері);

3) басшы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақы қолдану критерийлері;

4) басқарманың директорлар кеңесіне ұсынылатын жасалған сыйақы төлемдері және басқа компенсациялық төлемдері бөлігінде бюджетті игеруіне, басшы қызметкерлерінің уәкілетті органның біліктілік талаптарына  және ішкі лауазымдық міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуіне қатысты басқарма есебінің нысаны мен кезеңділігін;

5) директорлар кеңесінің ұйғаруына қарай өзге мәселелерді.

16. Есепке алу саясаты:

1) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқармамен әзірленеді;

2) бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негіздерін, шарттарын, ережелерін және тәжірибесін қамтиды;

3) кірістерді (шығыстарды) айы сайын динамикада және қызмет түрлері бойынша қадағалауға жауапты бөлімшені анықтайды;

4) мыналарды регламенттейді:

сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;

тәуекелдерді бағалау моделінің негізінде және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаларға сәйкес келтіру арқылы қаржы құралдарының құның бағалауға қойылатын талаптарды;

қаржы құралының нарықтық бағасының болмауы жағдайында қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізу әдістемесін және  сақтандыру резервтерінің барабарлығын сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағындарын қажылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес ағымдағы есептеу бағалауын пайдалана отырып, бағалауды;

директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді.

17. Басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже басқармамен әзірленеді және басқарманың және тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің директорлар кеңесіне және Ұйым акционерлеріне мынадай басқару есептілігін беру тәртібін регламенттейді:



жиынтық балансты;

кірістер және шығыстар туралы есепті (оның ішінде өткен жылдардың алдыңғы кезеңдерімен салыстырғандағы және жоспарланған қызмет көрсеткіштері);

инвестициялар туралы есептерді (қаржы құралдарын баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу және сатудың жалпы сомаларын көрсете отырып, топтастырумен);

активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру есебін;

Ұйымының тәуекел картасының талдамасын;

Ұйымның ағымдағы және болжамдалатын меншікті капитал қажеттілігін қысқаша талдауын;

директорлар кеңесінің және Ұйым акционерлерінің талабы бойынша өзге есептілігін.

18. Корпоративтік басқару кодексі:



1)  Қазақстан Республикасының заңнамасына, корпоративтік басқару принциптеріне сәйкес, сондай-ақ ең озық халықаралық корпоративтік мінез-құлық тәжірибесін, этикалық нормаларын, ағымдағы даму кезеңіндегі Ұйым қызметінің қажеттіліктері мен шарттарын ескере отырып, басқармамен әзірленеді;

2)  мыналарды ескере отырып, корпоративтік басқаруды ұйымдастыру принциптерін регламенттейді:

Ұйымның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің арасында міндеттерді айқын бөлуді;

акционерлердің, органдардың және лауазымды тұлғалардың арасындағы қатынастарда, сондай-ақ Ұйымның үшінші тұлғалармен қатынастарында этиканың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару кодексін міндетті түрде орындауды;

директорлар кеңесі мүшелерінің және өзге басшы қызметкерлердің Ұйымның қызметі мен тәуекелдерді басқаруға тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысуын;

директорлар кеңесінің және басшы қызметкерлердің шешімді дербес қабылдауын;

директорлар кеңесінің және басшы қызметкерлерінің шешімдерін міндетті түрде хаттамалауды (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса береді);

басшы қызметкерлердің өз мүдделерінің және жалпы Ұйымның мүдделерінің қайшылығына  тікелей немесе жанама әкелуі мүмкін әрекеттерден тартыну міндеттемесін, ал осындай қайшылық туындаған жағдайда - ол туралы директорлар кеңесі уақтылы хабардар ету міндеттемесін жазбаша ресімдеуді;

басшы қызметкерлердің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келуін;

басшы қызметкерлерінің бақылаушы және басқарушы функцияларының тұрақты жетілдіруін;

көпшілік қабылданған кәсіби этика нормаларын;

3)  мүдделер қайшылығын реттеу тәртібін  және директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша басқа мәселелерді регламенттейді.

19. Директорлар кеңесінің және басқарманың тәуекелдерді  басқару және ішкі бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатындағы өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындау үшін басқарушылық ақпараттың тізбесі жеткілікті болады.



 

 

4-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



 

20. Тәуекелдерді басқару процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) тәуекелдерді анықтау:

тәуекелдерді және тәуекелді туындататын факторларды бағалау (барлық ықтимал шығындардың себептерін жүйелі түрде және тұрақты қадағалау, талдау, олардың ықтималдығы мен мөлшерін сапалы бағалау);

тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына әкелетін, олардың дамуына әсерін тигізетін факторлардың ерекшеліктерін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);

2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), оны өткізу кезеңділігі директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша, тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес белгіленеді;

3) тәуекелдерге жүйелі стресс-тестинг пен талдауды жүзеге асыру;

4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;

5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.

21. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен әзірленген тәуекелдерді басқару саясатын бекітеді.  



ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

22. Тәуекелдерді басқару саясаты жүйелі стресс-тестинг, сценарийлік талдау жүргізуді көздейді және мыналарды белгілейді:

1)  Ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында андеррайтинг кеңесінің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің болуын;  

2)  басшы қызметкерлерге, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлерге білімінің және жұмыс өтілінің болуы талаптарын қоса алғандағы қойылатын біліктілік талаптарын;

3)  Ұйымның директорлар кеңесінің, басқармасының, алқалы кеңес органдарының, тәуекелдерді басқару органдарының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін;

4)  Ұйымның бөлімшелері, басқармасының, комитеттерінің, кеңестерінің, директорлар кеңесінің арасында тәуекелдерді басқару үшін қажетті ақпаратпен алмасу тәртібін;

5)   Ұйымның қызметімен байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді бірегейлендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдерін;

6)  басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторингі мен қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;

7)  тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін;

8)  сапалық және сандық тәсілдерін қоса алғандағы тәуекелдер картасын әзірлеу тәртібін;

9)  тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін анықтау рәсімдерін;

10)Ұйым қызметінің барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;

11)сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, Ұйымның тәуекелдері картасы жөнінде есепті құрастыру рәсімдері, оның ішінде:

тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді бірегейлендіру бойынша қабылдайтын шараларын;

тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен жүзеге асырылатын, тәуекелдердің туындауы жиілігін бағалауды қоса алғандағы тәуекелдерді бағалауды, кейіннен осы тәуекелдердің әсер етуін жіктеуді, және тәуекел көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін белгілеуді;

тәуекелдерді басқару бөлімшесімен жүргізілетін тәуекелдердің мониторингі, оған тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің өзгеруі  мониторингі, сондай-ақ тәуекел көрсеткіштері мәндерінің тәуекел көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шаралар кіреді;

директорлар кеңесіне кез келген шығындарға әкелетін және (немесе) ұйымының қызметіне ықпал ететін, немесе заңсыз сипатындағы елеулі жағдайлар туралы есептілікті дереу ұсыну механизмін;  

12)тәуекелдерді тестілеу және бағалауын модельдеу рәсімдері;

13)тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті беру тәртібін, оларға мыналар кіреді:

тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша жүргізілетін жұмыстар);

анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету және болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері;

Ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды төмендету және болдырмау жолдары;

Ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу және оларды барынша азайту және болдырмау жолдары;

тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;

14)сақтандыру, инвестициялық және өзге қызметі бойынша және мәмілелер бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі, бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар  лауазымдарының тізбесі көрсетілуі тиіс.  

23. Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру мақсатында директорлар кеңесі:



1) осы Нұсқаулыққа сәйкес әзірленетін ішкі құжаттарды бекітеді;

2) корпоративтік басқару бөлігінде:

алқалы кеңес органдарының, басқарманың, комитеттердің, бөлімшелердің, ішкі аудит қызметінің қызметін үйлестіреді;

басшы қызметкерлердің функционалдық міндеттерінде мүдделер қайшылығы ықтималдығын төмендету бойынша шаралар қабылдайды;

ай сайын Ұйымның аффилиирленген тұлғаларының тізілімін растайды;

аффилиирленген тұлғаларға жеңілдетілген шарттарды беру фактісін тексеруді жүзеге асырады;

директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін өзге мәселелер;

3) стратегиялық мақсаттарды түзету мақсатында мыналарды қарайды:

Ұйымның меншікті капиталдың ағымдағы (келешектегі) қажеттіліктерін талдау;

ішкі (сыртқы) аудиторлардың олар жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктері көрсетілген есебін, сондай-ақ олардың ұсынымдарын;

активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің (инвестициялық қызметіне жауапты бөлімшенің) Ұйым активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операциялардың (мәмілелердің) нәтижесі бойынша есебін (қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастырылып, баланстық, нарықтық құны, кірістілігі, сатып алу және сату сомалары көрсетілуі тиіс);

4) тәуекелдерді басқару бөлігінде мыналарға жауапты болады:

стратегияға, саясаттарға, процедураларға және өзге де ішкің құжаттарға қайшы келетін  операциялардың жасалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында Ұйым қызметіне құрылған комитеттер, бөлімшелер және ішкі аудит қызметі арқылы тұрақты мониторинг  жүргізу;

ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесі, андеррайтинг жөніндегі кеңес (бөлімше), актуарий функцияларының  ұйымдастырушылық дербестігін қамтамасыз ету;

ықпал ету шараларының және уәкілетті органның өзге де талаптарының, оның ішінде кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;

уәкілетті орган талаптарының орындалмауы, анықталған кемшіліктердің уақтылы жойылмауы (жойылмауы) жағдайында орындамау (жоймау) себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;

қабылданатын тәуекелдерді лимиттеу және операцияларға (мәмілелерге) шектеулерді белгілеу.

24. Тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыру мақсатында басқарма мыналарға жауапты болады:



1) белгіленген мақсаттарға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлігіндегі әдістерге сәйкес Ұйымды күнделікті басқаруға;

2) тиімді тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ететін Ұйымның бөлімшелері, басқарманың, комитеттердің, кеңестердің және директорлар кеңесінің арасындағы ақпаратты тапсыру тәртібін бекітуге;

3) директорлар кеңесінің нұсқауларының, аудиторлар мен тәуекелдерді басқару бөлімшесі ұсынымдарының және ескертулерінің, уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларының тиісінше орындалуына;

4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатын іске асыру мақсатында ішкі құжаттардың бекітілуіне;

5) төлем қабілеттілігі маржасы жеткіліктілігінің қажетті деңгейін сақтау мақсатында активтерді, тәуекелдерді әртатарптандыру, капиталдың ретабельділігі, өтімділігі және жеткілітілігі бойынша бағдар белгілеуге;

6) директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық тәуекелдер лимитінің шегінде операциялар түрлері бойынша рұқсат етілетін тәуекелдер мөлшерінің лимиттерін белгілеуге;

7) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ай сайынғы есептеулері негізінде көрсетілген лимиттерді сақтауы бойынша тиімді бақылау шараларын қабылдауға;

8) тәуекелдер бойынша шынайы статистикасы негізінде тарифтік саясаттың тәуекелдердің дамуындағы болжамдалатын үрдістеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

9) Ұйым үшін әлеуетті тәуекел болып табылатын ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тұрақты талдау жүргізуге, олардың қаржылық көрсеткіштерге ықпал ету дәрежесін бағалауға;

10) директорлар кеңесіне жылдық бюджетті, стратегиялық жоспар жасау бөлігінде ағымдағы және болашақтағы экономикалық ортаны, нормативтік құқықтық базаны, капиталдың мөлшерін ескере отырып, ұсынымдарды ұсынуға;

11) қаржылық тұрақсыздық және төтенше жағдайдағы іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және тиісті тоқсан сайынғы есепті беруге;

12) шарттық қатынастардың, Қазақстан Республикасы заңамасының, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттар талаптарының сақталуына жүйелі талдау жүргізуге;

13) бөлімшелердің ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты, белгіленген лимиттері шегінде тәуекел мөлшерін сақтауын бақылауға;

14) қаржы құралдарымен операциялардан болған кірістердің (шығыстардың) өзгеруін, олардың нарықтық құнының динамикасын ескере отырып, талдауға;

15) Ұйымның меншікті капиталының сақтандыру (қайта сақатндыру) ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барынша төмен талап етілетін деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

16) сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын ескере отырып, есепке алу және есептілік жүйесін жақстаруға;

17) аудиторлық есептерді талдау және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар беруге.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау