Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы


Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/7
Дата15.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#29757
1   2   3   4   5   6   7
Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

25. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің функцияларына мыналар кіреді:

1) мыналарды қоса алғандағы тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру:

тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;

сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғандағы тәуекелдер картасын әзірлеу;

басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне қатысу;

басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты монитороинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау;

сақтандыру, инвестициялық және өзге операциялар мен мәмілелер бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;

2) Ұйымның қызметіне байланысты тәуекел көрсеткіштерінің сипаттық және сандық мәндерін анықтауды қоса алғандағы тәуекелдерді бірегейлендіру және бағалау, сондай-ақ тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін анықтау;

3) Ұйымның қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;

4) бірегейлендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалауы, және бақылау жүргізу, оның ішінде:

Ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді бірегейлендіру бойынша шаралар қабылдау;

тәуекелдердің туындауы жиілігін бағалауды қоса алғандағы тәуекелдерді бағалау, одан кейін осы тәуекелдермен жасалған ықпалды жіктеу, және тәуекелдің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін белгілеу;

тәуекелдер мониторингі, оған тәуекел көрсеткіштері мәндерінің өзгеруінің және тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қабылданатын шаралардың мониторингі кіреді;

директорлар кеңесіне шығындарға әкелетін және (немесе) Ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін, немесе заңсыз сипатындағы кез келген елеулі оқиғалар туралы дереу есептілікті беру;

5) Ұйымның тиісті бөлімшелерімен анықталған тәуекелдерді барынша төмендету бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеу процесін ұйымдастыру (бөлімшелер жоспарларын ұсынады, ал Ұйымның анықталған тәуекелдерін барынша төмендету бойынша жалпы іс-шаралар жоспарын тәуекелдерді басқару бөлімшесі әзірлейді) және директорлар кеңесімен бекітілген Ұйымның тәуекелдерін барынша төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарына әрі қарай мониторинг жүргізу;

6) қаржылық тұрақсыздық пен төтенше жағдайдағы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

7) тұрақты түрде мыналарға талдау жүргізу:

қаржылық көрсеткіштерге (стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторингтің шегінде);

қаржы құралдарының бағалары өзгеруінің өтімділік, төлем қабілеттілігі, капитал жеткіліктілігі көрсеткіштеріне әсер етуіне (стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу шегінде);

8) макроэкономикалық факторлардың ретабельділікке, өтімділікке, меншікті капитал жеткіліктілігіне ықпал етуін болжамдау;

9) директорлар кеңесіне мынадай бағыттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауын және талдауын қамтыған тоқсан сайынғы, басқармаға - ай сайынғы есепті ұсыну:

тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша төмендету және жою бойынша жүргізілетін жұмыс);

анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша төмендету бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету не жою бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі;

Ұйымның ағымдағы жұмысын жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер, оларды төмендету және жою жолдары;

Ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде пайда болуы мүмкін тәуекелдерді бақылау мен мониторинг жүргізу және оларды барынша төмендету және жою жолдары;

тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;

10)бөлімшелер қызметінің тәуекелдерді басқару бөлігінде бекітілген ішкі саясаттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету;

11)директорлар кеңесімен бекітілген мерзімде (бірақ тоқсанына 1 реттен кем емес) тәуекелдердің мониторингі мен талдаудың қорытындысы бойынша есеп беру (қажет болған жағдайда әрбір тәуекел бойынша жеке). Есепте мыналар қамтылуы тиіс:

есепті кезеңдегі қаржы көрсеткіштерінің қысқаша талдауы;

тәуекелдер картасын бағалау мен талдау;

қолданылатын тестілеу рәсімдерінің және тәуекелдерді бағалау мольдерінің барабарлығы мен тиімділігі;

тәуекелдер жағдайының мониторингі процесі;

12) осы Нұсқаулықтың андеррайтинг, қайта сақтандыру, сақтандыру төлемдері, сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі, инвестициялық, операциялық, ілеспелі және комплаенс тәуекелін басқару бойынша талаптарында көрсетілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;

13) басқармаға корпоративтік стратегияны және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатты келесі кезеңге түзетулер енгізу мақсатында жарты жылдық негізде стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен не осыған ұқсас функциялары бар өзге бөлімшемен бірлесіп әзірленген мынадай есептерді ұсыну:

Ұйымның ағымдағы жағдайының шолуы бар, барлық тәуекелдер туралы сандық және сапалық деректері, олардың ықтималдығының дәрежесі, Ұйымның дайын болуы дәрежесі, оларды барынша төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар, әрекет ету шаралары ескерілген есепті;

Ұйымның қаржылық жағдайының егжей-тегжейлі шолуын және қызметінің нәтижелерін, Ұйымның жапы тәуекелдері картасын, сондай-ақ Ұйымның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін, реттеудегі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерді қамтыған есепті.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



26. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі барлық бөлімшелерден, филиалдардан, өкілдіктерден, комитеттерден және Ұйым қызметкерлерінен өзінің функцияларын орындау үшін қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты тәуекелдердің басқару бөлімшесінің сұратуында көрсетілген мерзімде алады.

27. Ұйымның басшы қызметкерлері және бөлімше басшылары тәуекелдерді басқару бөлімшесіне тәуекелдерді бағалауға байланысты барлық қажетті ақпараттың уақтылы және толығымен жеткізілуіне жауапты болады.



 

 

5-тарау. Андеррайтинг тәуекеліне басқару



 

28. Директорлар кеңесі андеррайтинг тәуекелін басқару мақсатында:

1) андеррайтинг жөніндегі саясатты бекітеді;

2) сюрвейер (бар болған жағдайда) және андеррайтинг бөлімшесінің қорытындысының негізінде, міндеттемелер сомасы (сақтандыру сомасы) не сақтандыру төлемінің мөлшері Ұйым активтерінің жиырма бес пайызынан асатын жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу не осы мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды;

3) сақтандыру шартын жасасу туралы шешімді сақтандыру делдалы, андеррайтер (андеррайтинг бөлімшесі), басқарма, андеррайтинг кеңесі, директорлар кеңесі қабылдайтын, сақтандыру сыныптары (түрлері) кескінінде жеке сақтандыру (қайта сақатндыру) шарты бойынша жауапкершіліктің (сақтандыру сомаларының) лимиттерін белгілейді;

4) әрбір сақтандыру түрі бойынша жеке сақтандыру ережелерін бекітеді.

29. Андеррайтинг жөніндегі саясат мыналарды регламенттейді:



1) андеррайтингке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

2) сақтандыру ережесін әзірлеу және келісу рәсімдері;

3) сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерін) ресімдеу процедуралары;

4) сақтандыру делдалының, андеррайтинг бөлімшесі қызметкерлерінің және андеррайтинг кеңесінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін;

5) сақтандыруға өтініш нысандарын (сақтандыру түрлері бойынша) қоса алғанда андеррайтингті өткізу үшін ақпаратты жинау, өңдеу, және талдау тәртібін;

6) тәуекелдері бағалауға ықпал ететін факторларды:

өміріне және денсаулығына байланысты сақтандыру түрлері бойынша - сақтандырылуышы денсаулығының жағдайы, оның антропометриялық көрсеткіштері, отбасылық өмір сүру мен еңбек ету жағдайы;

мүліктік сақтандыру түрлері бойынша - қауіпті зоналарда орналасу (пайдалану), сақтандыру тәуекелдері басталуының алдын алу және қорғау жүйелерінің болуы, мүліктің пайдалануда болу мерзімі (тозығы);

7) андеррайтинг бөлімшесінің және андеррайтинг кеңесінің, сақтандыру тәуекелін қайта сақтандырушымен келісуді қоса алғандағы андеррайтинг шешімін қабылдау рәсімі;

8) сақтандырылуышалр бойынша тәуекелдерді әртараптандыру лимиттері (экономикалық қызмет түрлері бойынша, корпоративтік және жекелеп сақтандыру, топтық және өзге сақтандыру бойынша);

9) андеррайтинг шешімдерін іске асыруды қадағалау және бақылау рәсімдері;

10) сақтандыру делдарымен жасалған шарттардың (агенттік келісімдерге) талаптарына қойылатын талаптар

11) директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелері.

30. Андеррайтинг кеңесі мыналарды жүзеге асырады:



1) директорлар кеңесімен бекітілген лимиттердің шегінде андеррайтинг шешімдерін қабылдауды;

2) қабылданған тәуекелдердің барабар бағалануына бақылау жүргізу;

3) сақтандыруға қабылданатын объекті және тәуекелдер бойынша барабар сақтандыру тарифын қамтамасыз ету;

4) сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру өтеудің шарттарын белгілеу;

5) алынған нетто-сыйлықақылар мен белгілі уақыт ішінде жасалған сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері арасындағы оң айырмасының өсуін қамтамасыз ету (сақтандыру жағдайлары басталуының ықтималдылығы критерийлерін ескере отырып);

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына енгізілетін негізгі және қосымша шарттарының тізбесін анықтау.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 30-1-тармақпен толықтырылды

30-1. Басқарма осы Нұсқаулықтың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес директорлар кеңесімен белгіленген лимиттің шегінде жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша шешім қабылдайды.

31. Андеррайтинг шешімін қабылдау андеррайтинг бөлімшесі берген ұсынымның және тәуекелдерді басқару бөлімшесі қорытындысының негізінде, мынадай шарттарды ескере отырып, жүзеге асырылады:



1) сақтандыру портфелінің жай-күйі;

2) сақтандыру объектісі жатқызылатын сақтандыру түрі бойынша шығындылық коэффициенттері;

3) сақтандырылушыға және сақтандыру объектісіне байланысты тәуекелдер;

4) актуариймен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке өзінің ұстап қалуының лимиттерін сақтау;

5) андеррайтинг шешімін қабылдауға әсерін тигізетін өзге факторлар.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



32. Анеррайтинг шешімінде:

1) қабылдау датасын және оның нөмірі;

2) негізінде андеррайтинг шешімі қабылданған ұсынымның берілген күні мен нөмірі;

3) сақтандыру шартының түрі мен талаптары;

4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы туралы ақпарат пен деректемелері;

5) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;

6) сақтандыру сыныбына (сыныптарына) тиесілілігі;

7) көмегімен сақтандыру шартын жасасу болжамдалатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру брокері туралы ақпарат;

8) андеррайтинг шешімін қабылдаған тұлғалардың қолы, олардың лауазымдары көрсетілуі тиіс;

9) қабылданған андеррайтинг шешімінің варианты;

стандартты тарифпен қабылдау;

көтерінкі немесе төмен тарифпен қабылдау;

тәуекел дәрежесіне сәйкес ауытқу;

сақтандыруды белгілі мерзімге тоқтатып қою;

10) андеррайтинг шешімін орындағаны туралы белгісі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



33. Андеррайтинг бөлімшесінің негізгі функцияларына мыналар жатады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқанға дейін андеррайтинг бөлімшесі:

сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығының ұлғаюына елеулі ықпал ететін тәуекелдерді туындататын факторларды анықтау және сақтандыру жағдайларының және сақтандыру объектілерінің түрлеріне, сондай-ақ сақтандыру тарифтерін есептеген кезде оларды есепке алу мүмкіндігіне қарай есепке алу;

қабылданатын тәуекелдерді және олардың ықтимал салдарын жеке бағалау және талдау;

қауіптілігі дәреждесі бойынша тәуекелдерді саралау;

сақтандырылған объектінің, тәуекелдердің дамуына көмектесетін және кедергі жасайтын факторлардың жай-күйін, және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалаудың жүзеге асырылуын бақылау;

штаттағы актуариймен бірлесіп, бекітілген андеррайтинг саясатының, Ұйымның ішкі құжаттары негізінде сақтандыру сомаларын белгілеу, тарифтерді, франшизаларды және өзге де көрсеткіштерді есептеуді жүзеге асыру;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасақаннан кейін андеррайтинг бөлімшесі:

сақтандыру объектісінің жағдайына мониторингті және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының (бар болған жағдайда) орындалуын бақылауды жүзеге асырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қамтамасыз етуіне қатысады;

сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің параметрлері өзгерген жағдайда сақтандыру тарифын қайта есептейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына өзгерістер енгізу қажеттілігіне қатысты ұсынымдарды әзірлеп, басқармаға ұсынады;

сақтанушы міндеттемелерін сақтамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзу туралы немесе сақтандыру төлемнің мөлшерін азайту туралы қорытындысын әзірлейді;

3) андеррайтинг кеңесіне қорытындыны дайындайды;

4) директорлар кеңесімен бекітілген лимиттер шегінде андеррайтинг шешімдерін қабылдайды;

5) актуарийдің келісуі бойынша сақтандыру жағдайының басталуы ықтималдығына елеулі әсер ететін факторлардың болуын (жоқтығын) ескеретін түзету коэффициенттерінің сандық мәндерін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сол немесе өзге талабының болуын (болмауын) белгілейді;

6) андеррайтинг мәселелері бойынша қызметкерлермен, сақтандыру делдалдарымен тұрақты негізде әрекеттеседі;

7) андеррайтинг кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге қатысты ұсынымдарды әзірлейді және ұсынады.

34. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының, сақтандырылуышының пайда алушының назарын:



1)сақтандыру жағдайының болуы нәтижесінде шығындарды барынша төмендету мүмкіндігіне;

2) сақтандыру жағдайының басталуы туралы уақтылы хабарлау қажеттілігіне және мүмкіндігіне;

3) Ұйымға барлық қажетті ақпаратты беруді қоса алғанда, сақтандыру жағдайын бағалауда және тергеуде ынтықымақтасуға;

4) Ұйымға қажетті тексеру жүргізуге және сақтандыру объектісін бағалауға қол жетімділігін беруге;

5) тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының болуына аудару қажет.

35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасқан кезде сақтандырылатын тәуекелдерді бағалау прициптері ескеріледі:



1) шығынның кездейсоқтығы (шығындардың пайда болу уақытының келтірілген шығын мөлшерінің белгісіздігі, шығынның пайда болуы мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне байланысты емес болғаны);

2) ықтимал шығынды бағалау (күтілетін шығын сомасы есептеледі, оның негізінде сақтандыру шығының өтеу мен сақтандыру жарналарының мөлшері есептеледі);

3) шығынды анықтаудың нақтылылығы (айқындығы) (шартта нақты ықтимал тәукекелдері, сақтандыру объектілері, сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күтілетін сақтандыру төлемі сомасының мөлшері нақты айтылады);

4) сақтандыру тәуекелдерін бір біріне байланысты емес бөлуы.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



36. Ұйым мыналарды қамтитын сақтандыру ісін қалыптастырады:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) қолы қойылған, оның ішінде сақтанушының сақтандыру шарттарымен танысқаны және оның сақтандыру ережесінің көшірмесін алғаны (егер сақтандыру шарты қосылу шарты (сақтандыру полисі) нысанында жасалса) туралы мәліметтері бар, сақтандыруға берілген өтініш;

2) андеррайтинг шешімі;

3) сақтанушымен, (сақтандырылушымен, пайда алушымен) және сюрвейер андеррайтинг шешімін қабылдау үшін ұсынған құжаттардың көшірмелері;

4) сақтандыру шарты (сақтандыру полисі) және енгізілген өзгерістер;

5) сақтандыру объектісінің жай-күйіне жасалған мониторингінің қорытындысы туралы жазбалар.

37. Андеррайтинг бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне және басқармаға әртүрлі деңгейде (директорлар кеңесі, андеррайтинг кеңесі, басқарма, андеррайтинг бөлімшесі, сақтандыру делдалы) қабылданған сақтандыру тәуекелдері, әртүрлі деңгейде қабылданған тәуекелдердің шығындылығы туралы ақпарат береді.

38. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жылына бір реттен кем емес директорлар кеңесіне, сақтандыру шартын жасасу жөніндегі шешімді осы Нұсқаулықтың 28-бабының 3) тармақшасында көзделген тұлғалар және органдар қабылдайтын, жауапкершілік лимиттерін қайта қарау бойынша ұсыныстарын береді.

 

 

6-тарау. Қайта сақтандыру тәуекелін басқару



 

39. Директорлар кеңесі:

1) қайта сақтандыру саясатын;

2) шешімдер қабылдауды басқарма, андеррайтинг кеңесі және директорлар кеңесі жүзеге асыратын кіріс және шығыс қайта сақтандыру шарттарының лимиттерін (түрлерін) бекітеді.

40. Қайта сақтандыру саясаты:



1) қайта сақтандырумен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты;

2) қайта сақтандыру шарттарын жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің және уәкілетті орган талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тәртібін;

3) қайта сақтандыру бойынша қарсы серіктесті таңдау критерийлерін;

4) қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестің іскерлік қатынастарды белгілегенге дейінгі (шарт жасасқанға дейінгі) қызметін бағалауды;

5) қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестермен (қайта сақтандырушылармен) бұдан былай әрекеттесу барысында қаржылық жағдайына, оның ішінде олардың рейтингтік көрсеткіштеріне жүйелі мониторинг жүргізуді;

6) сақтандыру тәуекелдерін жабу үшін пайдаланылатын қайта сақтандыру түрлерін сипаттауды;

7) қайта сақтандырумен автоматты түрде жабылатын (облигаторлық қайта сақтандыру) сақтандыру сомалары (мөлшері) және түрлері бойынша лимиттерді, сондай-ақ факультативті қайта сақтандыру өтеуді белгілеудің критерийлерін;

8) бір қайта сақтандырушыдағы барынша жоғары қайта сақтандыру өтемінің сомасын;

9) актуариймен есептелген сақтандыру портфелі, сақтандырудың сыныбы, түрі және сақтандыру шарты бойынша жеке өзінің ұстап қалуының лимиттерін регламенттейді. Жеке өзінің ұстап қалу лимиттері сақтандыру тәуекеліне және (немесе) сақтандыру жағдайына белгіленуі мүмкін.

10)директорлар кеңесінің ұйғаруы бойынша өзге мәселелерді де регламенттейді.

41. Басқарма жыл сайын қайта сақтандыру саясатын ағымдағы нарықтық жағдайына сәйкес келуін бағалайды және, қажет болған жағдайда оны қайта қарайды. Қайта сақтандыру саясаты андеррайтинг саясаты не қайта сақтандырушының мәртебесі өзгерген жағдайда түзетіледі.

42. Ішкі аудит қызметі аудиторлық тексеру жүргізген кезде мыналарды тексереді:

1) қайта сақтандыру шарттарын;

2) тиісті қайта сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар ету жүйесін;

3) сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыдан төлем алуды.

43. Қайта сақтандыру бөлімшесі қайта сақтандыру саясатын іске асырумен байланысты барлық қабылданатын шешімдерді құжаттамалайды.

44. Қайта сақтандыру бөлімшесі ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне, ал соңғысы тоқсан сайын директорлар кеңесіне бағалау, өлшеу және талдау қорытындылары туралы есеп береді:

1) қайта сақтандыру бойынша тәуекел туындататын факторлар туралы (оның ішінде аймақтық, нарықтық, саяси, экономикалық жағдайлар);

2) әрбір қайта сақтандыру жөніндегі қарсы серіктестің (қайта сақтандырушының) кредиттік рейтингіне, сондай-ақ кредиттік рейтингі өзгеруінің пруденциалдық нормативтердің және уәкілетті орган белгілеген сақталуы міндетті өзге нормаларының және лимиттердің есептелуіне жасалатын ықпалына мониторинг жүргізу.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау