Жоғары оқу орнындағы кәсіби этика мәселесі



жүктеу 61,5 Kb.
Дата25.11.2018
өлшемі61,5 Kb.
#24547

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ КӘСІБИ ЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
М.Х.Дулати ат. ТарМУ-нің бірінші проректоры,

т. ғ.д., профессор А.Б.Абдуалы

ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде бәсекеге қабілетті маманның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің кәсіби даярлығымен қатар рухани-адамгершілік, моральдық нормаларын заманауи мүддесіне сәйкестендіру, унификациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді.

Интеллектуалды ұлт құрау мәселесінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасында жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді іс-әрекеттерге басымдық берудің қажеттілігін түсінеміз. Соның ішінде, «интеллектуалды ұлт» проектісінің екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру дегенде кәсіби этиканың рөлін бағамдаймыз. Өйткені студенттер – біздің болашақ ұлт құраушы тұлғалар. Кәсіби этиканың аспектілері студенттің төмендегі мүмкіндіктерін игеруге бағыттайды:

1) терең білімді игеруге;

2) кәсіби алғырлыққа;

3) жоғары біліктілікке;

4) ұлттық мүддеге қызмет етуге;

5) ел алдындағы парыз ұғымына сүйенуге;

6) рухани құндылықтарды кәсіби құзыретіне сәйкес сұрыптауға;

7) жасампаздыққа;

8) заманның озық технологияларын пайдалануға;

9) индустриялдық өркендеудің ақпараттық өрлеуіне;

10) қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге.

Жалпы алғанда, этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Ол белгілі қоғам мүшелері үшін қағида болып табылатын мінез-құлық, тәртіп нормасы болса, мораль (латынша – сипат, мінез-құлық) – адамдардың қоғамға қажетті тәрітібін бекітетін реттеуші және қоғамдық сананың формасы. Ол қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттеп отырады. Мораль өзінің реттеуші қызметін қоғамның барлық саласына тартады. Өзінің ауқымы жағынан кәсіби моральдан, кәсіби мінез-құлықтан кең болып келеді. Кәсіби мінез-құлық белгілі бір кодекс негізінде қалыптасады және дамыйды. Мораль әлеуметтік институт. Жақсы және жаман, ізгілік пен зұлымдыққа баулу негізінде бағалап, саралайды. Ол мәдениет арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Кейбіреулер үнемі моральдық нормаларды сақтап өмір сүреді, ал кей жағдайда ол үшін моральдық нормалар үнемі кедергі болуы мүмкін.

Ал, Жоғары оқу орнында болашақ маман иелеріне этикалық нормаларды беретін және олар үшін үнемі үлгі болып жол сілтейтін тұлға, ол - куратор (оқытушы-тәлімгер).

Куратор - студенттерге белгілі бір оқу-тәрбие және ғылыми саласындағы бағдарламалық ықпал жасаушы, бағыттаушы. Мұнда студент қабылдаған рухани-этикалық нысаналарына тек түзетулер енгізу дәрежесінде емес, олардың ішкі болмысының тұлғалық бағдарына дұрыс бағыт беру. Дәлірек, әр студенттің этикалық пайымының қалыптасып қалған құрылым жүйесіне жағымды ықпал жасау. Сонымен бірге оның әр түрлі іс-қимыл-әрекетін өзінің сапалы ойлау қабілетімен басқарады. Нәтижесінде, рухани жетістігінің ішінен өзіне тиесілі өнімді меншіктеуге дағдыланады.

Әрбір кураторлық сағаттан кейін студенттің оқу-тәрбиелік және ғылыми білімдері мен түсініктерінде жағымды өзгерістер болуы заңды. Оның тұлғалық болмысы да осы үдеріске сәйкеседі. Тұлғалық болмысқа студентті бағдарлау – оқыту мен тәрбиелеудің нақтылы жағдайының мақсат-мүддесін саралау.

Жоғары оқу орнында этика мәселесі оның кәсіби құзыреттілігінен де көрініс табады. Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал куратордың кәсіби құзыреттілігіне оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, студенттермен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына кураторға тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер жиынтығы және педагогтың бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер кіреді. Мұнда, куратордың білім–біліктері, дағдылары, кәсіби шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, әдеп, этикасы т.б.

Cубъектілік компонентке: мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, езіне сыни турғыдан қарай апу шеберлігі жатады;

Нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және әрекетіндегі қойылған міндетгерді шешудегі стратегиялық іскерлік.

Пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағатгандыру.

Егер де болашақ маман иегерін қоғамның белсенді мүшесі жеке тұлға ретінде қарастыратын болсақ, онда 18-20 жас ерекшелігі – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімнің белсенді дамитын, мінез бітістерінің анықталып және тұрақтанатын, әсіресе ересек адамның тұтастай әлеуметтік рөлін (азаматтық, кәсіби–еңбек, этикалық нормаларды және тб.) меңгерумен сипатталатын кезең. Оның маман ретінде қалыптасуы – бұл ерекше әлеуметтік сатысы, жоғары білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген тұлғаның ерекше қауымдастығы. Бұл кезең адамды белсенді ынтамен білімдерді меңгерген, жұмысқа бейімделген, бір әрекет түрімен айналысатын тұлға деген сипаттама беруге болады. Осы жас кезеңінде олар кәсіби этиканың қыр-сырымен толық танысады және болашақ өміріне тәжірибе жинайды.



Студенттердің кәсіби этикалық мәдениетін тәрбиелеудің тиімді факторлары:

Бұл мақсатқа оқытушы-куратор мен студент арасындағы өзара табысты бірлескен іс-әрекет процесінде қол жетуге болады. Куратордың тәрбие әлеуетінің шоғырлануы, жоғары оқу орындары кафедраларының оқу, ғылыми және тәрбие үрдісінің бірігіп қамтамасыз етуі болашақ мамандардың бойында кәсіби және интеллектуалды құзіреттілікті қалыптастырады. Ол студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, мәдени іс-шараларға белсене араласуға деген қызығушылықтарын, кәсіби қызмет нәтижесіне деген азаматтық жауапкершілігін, кәсіби этика нормаларын шыңдайды. Әрбір студентке оқу еңбегінің дағдыларын меңгеруге, олардың психологиялық проблемаларын шешуге, жоғары оқу орны өмірінің дәстүрлерімен және нормаларымен таныстыруға көмектесетін кураторлар мектебінің маңызы зор. Сонымен қатар, студентердің тәрбиесі үшін түрлі саладағы мамандардың қатысуы маңызды. Жоғары оқу орындағы кітапхана, спорт клубы, мұражай, әрбір бағытта құрылған үйірмелер, әлеуметтік бағамы жоғары жобаларға қатысусыз университеттің дамуы мен өсуін елестету мүмкін емес.

Студенттер арасында әлеуметтік-психологиялық түсінбеушілік жағдайлар туындауы мүмкін. Ол, жаңа қоғамдық ортадағы әлеуметтенуі, білім сапасын игере аламын ба, студенттік ұжымдар арасындағы қарым-қатынас, басқалардың қуанышы мен қиындығын бөлісе ала ма деген ой. Бұл жағдайда топ кураторының (тәлімгер-оқытушылардың), шығармашылық ұйымдардың, жастар ұйымының, студенттік топтардың күші әсер береді.

Студенттің кәсіби этикалық мәдениетін қалыптастыру барысында кураторының келесі қызметтері жүзеге асырылады, олар: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-катынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.



Конструктивтік қызметті іске асыруда куратор іс-әрекетінің түрлері:

♦ өзінің және студенттің іс-әрекетін жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда жүзеге асыру іс-әрекетінің міндеттерін шешу үшін, білім мазмұны мен тәрбие беру кезеңдерінің бірлігін сақтау;

♦ студент іс-әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;

♦ инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықтау;

♦ студенттің индивидуалды ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыру.

Бұл құрылымдық тұрғыны жүзеге асыруда куратор заманауи инновациялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Кураторлық сағаттың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.



Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:

♦ куратор мен студент арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;

♦ студенттерді әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;

♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;



Акпараттық іс-әрекетті іске асыру қызметі:

♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;

♦ тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнына сай ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;

♦ заманауи жаңа технологиялар элементтерін қолдану.



Зерттеу қызметін іске асыруда:

♦ өзекті деген мәселе бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

♦ зерттеу мазмұнын өз бетінше құру мен бағалау;

♦ инновациялық іс-әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.



Қарым-катынастық:

♦ өзара қарым-қатынасты дамыту-түзетуге арналған жұмыстардың ерекшелігі – тұлғаның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер етіп, бірлескен іс–әрекет негізінде қарым–қатынас дағдысына машықтау;

♦ өзара бір–бірімен әрекеттесулері арқылы қарым-қатынас тиімділігін арттыру – байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру, сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу; тыңдай білу, жанашырлық, қақтығысты жеңу, іскерлігін игеру; қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік жұмыстың қарым-қатынас арқылы дамытуға бағытталған қатынастық критерийінің көрсеткіші ретінде белсенді іс-әрекетке ұмтылыс, ойлау жылдамдығы мен икемділігі, өз ойын вербалды толық жеткізе білуге құлшынысы, сөйлеу жағдайы, шығармашылық әрекетке бағыттау, өзін-өзі және басқаларды қабылдау, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділік, эмоциялық ұстамдылық қасиеттері бағаланады, ұйымшылдыққа бағытталады.



Ұжым қай кезде ұйымшыл?

Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың дамуы және бәсекелесуде кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның болашақ мамандық иегері ретінде кәсіби қарым-қатынастың тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады. Бұл бағытта қарым–қатынас процесі коммуникативті, диалогты, жүйелі болуы қажет. Онда тұлғаның дамуына арнайы ұйымдастырған іс-әрекет арқылы тұлға тек білімді ғана игеріп қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың өнегелі өлшемдерін игереді, қарым-қатынас қабілеттерін меңгереді, өзіндік бағасын жоғарылатады, сана сезімі дамиды.

Осы жастың өзіндік ерекшелігі кәсіби іс-әрекет қалыптасатын кезең болғандықтан кәсіби іс-әрекеттік қызығушылықтар да есепке алынды. Мұнда: кәсіпке бейімделу, кәсіби қызығушылық, мамандықтардың ерекшеліктері мен талаптарын, ережелерін түсіну мен қабылдауға, кәсіби даярлық қасиеттері мен іскерлік қарым–қатынас техникалары. Сонымен қатар осы жаста өзіндік бағаның тұрақталуы қарым-қатынаста орнығады. Сондықтан қарым-қатынастың өзіндік баға, өзіндік сана, мінез-құлық ерекшеліктерінің тұрақталуына ықпалы да қарастырылады.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау және өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.



Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.

Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.

Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал–жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.

Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, студенттердің баршасын түгелдей қамтыған жеке–дара, топтық, ұжымдық іс–шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

Бесінші кезең – студенттердің барлығы өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.

Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.

Жетінші кезең – тәрбиелік іс–шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тәжірибесі қалыптастырылады, студенттер өз тұлғалық қасиет – сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде – қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - әлеуметтік тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастыру-шылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой–пікірлерін хаттау, іс–шараға сай безендіру әрекеттері нығайып, тәрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - әртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, студенттердің өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз әрекеттені мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.



Студенттердің жағымды мінез–құлықтары мен қарым–қатынастары ең алдымен олардың әр түрлі іс-әрекеттері куратордың педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырған жағдайында ғана қалыптасады. Жастардың өз күштерін жағымды ортақ істерге арнауға шақыру, өнегелі тәрбие беру сауатты, әрі мағыналы сөздер сөйлеп, адамгершілік туралы ережелерді ұсыну, түсіндіру қажет. Бұл қағида педагогикалық талаптың негізі болып табылады.

  • Куратордың басшылығы жұмыс барысында кеңес беру, студенттердің ынтасын арттыруға бағытталуы керек. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдық және моральдық жағдайларды ұсынып отыру көзделінеді.

  • Студенттер ұжымының қатысуымен қоғамдық пікірдің негізінде іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылау.

Сонымен, жоғары оқу орнында куратордың дұрыс, әрі сауатты ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік іс-шаралары, студенттерде еңбекке жауапкершілік, қоғамдық мінез–құлық, тәжірибесі, қарым–қатынас жасау дағдысы мен белсенді өмір позициясы қалыптасады.
жүктеу 61,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау