Тақырып 10,11. Астықты қабылдау кезіндегі техно-химиялық
Бақылау
Жоспар:
1. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеуі
2. Жаңа орылып, жиналған астық
3. Астық сапасы мен қасиеттері
4. Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, сапасына тигізетін әсері
1. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеуі
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне байланысты ботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатан технологилық тәсілдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек. Мысалы, сақтаудың кейбір жағдайларында бидай мен қара бидай, жүгері мен тарыдан төзімділеу келеді; жаңа ғана орылып жиналған астық дәні, міндетті түрде, бұрын жиналып алынған, орылғаннан кейінгі пісіп жетілу мерзімін өткен не болмаса көп уақыт сақталып жатқан дәннен төзімсіздеу болып, сапасы тезірек төмендеуге бейімдеу тұрады.
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеліп, шоғырланып партия - партия болып келіп түсіп отырады. Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізгісі дәннің өзі болады да, тағы да әртүрлі қоспалар, шөп-шалам, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроортанизм жәндіктер мекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді. Дегенмен, біздің ойымызша мұның қазақшалап астық жиынтығы не жиымы деп, не болмаса астық деп атағанымыз дұрыстау секілді. Ал, сол астықтың сапасының бірер сырт белгілері мен көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды. Сондықтан бұдан былай астық, не астық жиыны, партиясы, дән партиясы деген ұғымдарды оқушы жоғарыда айтылғандай түсінуін тілейміз.
Астықты негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәні болып келеді де, әрбір партия сол дәннің атымен аталады, мысады, бидай, қара бидай, күнбағыс, тары және т.б. Астықтың негізгі бөлігі болып келетін дәннің өзі де ылғалдығы, тығыздығы, пісіп жетілгендігі жене т.б. сапалық көрсеткіштері бойынша бірыңғай, біркелкі емес, сантүрлі болада. Мұның бірден-бір себебі дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілу мен қалыптасу ерекшеліктерінде. Мысалы, бидай мен кара бидайдың гүлденуі өсімдіктің орта шенінде орналасқан масақтан басталса, тары мен сұлы сібсебастың жоғары жағынан, бұршақты дақылдар төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен алынады. Осытан орай 1000 дәинің салмағы /массасы/ дейтін көрсеткіш сол дәнніц масактың қай жерінде өсіп-өнгеніне тікелей байланасты болады..
2. Жаңа орылып, жиналған астыққа бақылау
Астықты орып бастыру кезінде дәнге механикалық күні жұмсалуы салдарынан дәннің едәуір бөлігі сызаттанып, жарықшақтанып тіпті қақ бөлініп те кетуі ықтимал. Астықты құрамындағы дәндердің бірыңғай не біркелкі болмауына астықты орып жинау кезінде де болатын кейбір жағдайлардың әсері бар. Әрине, комбайнның бастырғыш барабандары баска машиналардың кейбір тиісті тетіктері өз қызметін бірыңғай дұрыс атқармаса, жарақшақтанған, ұсақталған дәндердің мөлшері өте көп болын кетуі мүмкін. Бұл құбылыс жарма дақыл /күріш, тары және т.б./ дәндерйк-тән келеді.
Негізгі дақылдың дәнінен өзге астық жиымы құрамында басқа дэмді дақылдардың және де арам-шөп тұқымдарынан, ортаникалық жонс минералдык шаң-тозаңнан, өсімдіктің майдаланған бөлшектерінем тұратын қоспалар да орын алады. Бұл қоспалардан сан шамасы мен сапалық құрамы астық орып-жинауды ұйымдастыру тәсілдері мен агротехникалық шаралардың деңгейіне көп байланысты.
Жаңа орылып, жиналған астық жиымындағы қоспалар жалпы астықтың, дәннің сапасының бұзылмай сақталу мерзімін азайтуда. Қоспалар сөзсіз мемлекетке өткізетін астық қорының бағасын төмендетеді; астықтың жалпы көлемі көбейеді, осыған байланысты тасымалдау мен сақтау барысындағы қосымша шығынды арттырады.
Астық құрамындағы негізгі дақылдың өзінің құрамындағы дәнінде де, қоспалардың барлық түрлерінде де микроортанизмдер көптеп орналасып мекендейді, 1 г дәнде олардың жүздеген, мыңдаған, тіпті миллиондаған саны табалады. Сонымен, микроортанизмдер астық жиымының құрама белігі, тіпті оның қашып құтылмас серігі болап табылады; әрине, белгілі бір мезгілде, сақталу барысының түрлі жағдайларында микроортанизмдер дәннің күйімен сапасына едәуір әсерін тигізеді.
Дәнаралық кеңістігіндегі ауа астық құрамына әсерін тигізіп, тіпті өзі де өзгеріске ұшырап, құрамы, температурасы мен кысым мөлшері атмосфералық ауадан басқаша болып кетеді. Дәндер мен қоспалардың формасы мен размерлерінің әртүрлілігі, олардың өзара орналасу барысында астық жиымында дәнаралық бос қуыстардың пайда болуына әкеп соғады. Мұны дәнарлық кеңістік, не болмаса дұрыстырағы қуыстылық деп атайды.
Сондықтан дәнаралық кеңістік ауасын да астық жиымының бір бөлігі деп қарайды. Сонымен, астық және құрамына мына нәрселер кіреді:
1) Негізгі дақылдың, кейде баска негізгі дакьілға бағалылығы мен пайдалануы бойынша үқсас дақылдардың /тұқым/ дәндері;
2) Минералды және ортаникалақ текті сантүрлі қоспалар /оның ішінде негізгі дақылға жатпайтын басқа дәнді дақылдар мен жабайы өсетін өсімдіктердің тұкьімдары да бар/;
3) Микроортанизмдер;
4) Дәнаралық кеңістік ауасы.
Астықты шығынсыз сақтау мүмкіншілігі оның табиғаты, тегі бойынша әртүрлі заттардан, тірі ортанизмдерден тұратындығына тікелей байланасты екендігін әруакытта есте үстаған дұрыс. Астықтың кейбір партияларында, жоғарыда айтып өткендей, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және кенелер де кездесіп отырады. Сондықтан бұдарды да астық жиымының косымша құрама бөлігі деп карап, уақтылы, дер кезінде тиісті шараларды қолданып отыру керек екендігін естен шығармаған жен.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен практикалық тәжірибенің арқасында астық сақтау барасындағы құбылыстар туралы мағлұматтар баршалық. Оларды екі топқа бөліп, физикалық және физиологиялық құбылыстар ретінде қарауға болар еді. Бұл құбылыстарды дұрыс меңгеру, астықтың, дәннің қасиеттерін жетік білу, дән мен қоршатан ортаның да озара байланыстарының ерекшеліктеріне түсіну астық корын шығынсыз сақтап, халық шаруашылығында тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сақталуға қабылданған астықтың, дәннің құрамы мен қасиеттеріне белгілі әсерін тигізетін біраз жағдайлар бар. Оларға дәнді дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дәннің, өсіп-жетілуі мен қалыптасу шарттары, астықты ору тәсілдері, астықты орылғаннан кейінгі сақтау мен астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау жатады.
3. Астық сапасы мен қасиеттері
Астық сапасы мен қасиеттері тұқымдық дәннің сорттылық ерекшеліктері мен егіндік сапасына көп байланысты. Дәнді дақылдың сортына, түріне байланысты астық жиымының қуыстылығы, сусымалылығы және т.б. қасиеттері өзгеріп отырады.
Тіпті бір дақылдың әртүрлі сортты дәндерінің физиологиялық қасиеттерінің өзгеше болуының нэтижесінде дәннің таныс алу қарқыны әртүрлі мөлшерде болатындығы анықталған.
Тұқымдық дәннің егіндік қасиеттері мен сапалылығы /өнгіштік шығымдылық, өніп шығу энергиясы, түсімі, қоспалардың саны мен сапасы және т.б./ оның бастапқы сапасына байланысты. Сондықтан егіндік стандартты нормалық мөлшерінен ауытқытпай қатал орындау жоғары түсім мен сапалы астық алудың кепілі. Астықтың әрбір партиясын халық шаруашалығында тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін де оның сорттық ерекшеліктерін білгеннің көмегі зор.
Әрбір сорттың ауылшаруашылығында есепке алынатын көптеген қасиеттерінен басқа әртүрлі тұтынушылық белгілері, көрсеткіштері болады. Мысалы, бидайды оның ұны мен нанның сапасы бойынша, жүгері технологиялық қасиеттері және мал азығына тән ерекшеліктерімен, күнбағыс майлылығымен, күріш, тары, арпа, сүлы, жарма өнімдері сапасымен сипатталады. Мұның бәрі астықтың әртүрлі партияларын қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында сорттың ерекшеліктеріне байланысты бөлек-бөлек орналастыруды керек етеді. Дәннің сорттык ерекшеліктері астықты мемлекет қоймаларына тапсырып өткізетін колхоз, совхоз және т.б. шаруашылықтармен есеп айыру кезінде де еске алынады.
Дайындау жүйесі астық өндірушілерден жоғары тұқымды дом /ЭЛИТ*/ сатып алып, кейін оны егіндік материал ретінде белгілі бір мөлшерде ауылшаруашылығына қайтарып беріп отырады. Сондықтан қабылдау, дұрыс сақтау, тиімді өңдеу және тұқымдық қордағы шаруашылықтарға мөлшерлеп таратып беріп отыру сияқты шараларды жүзеге асыру үшін қабылдау, кәсіпорындарының қызметкерлерінен әрбір сорттык өзіндік ерекшеліктерін, оларды сақтау тәртіптерін жетік білуді талап етеді.
Дәннің өсіп жетілуі мен қалыптасу шарттары астықтың шығымдылығына, түсіміне, қоймаларда сақтау барысындағы оның сапасы мен күйіне елеулі әсер етеді. Астық сапасы тыңайтқыш пайдалану және де әрбір жылдың ауа райы /климат/ ерекшеліктеріне байланыста. Егер ору алдында, не орақ кезінде жауын-шашын неғұрлым көп болса, солғұрлым дәннің ылғалдылығы жоғары болып, сақтауға төзімсіз келеді.
Ал өте құрғақшьлық жылдары астық та қырманға құрғақ күйін де түседі, дән толмай қысыңқы, әлжуаз болып қалады.
Бұрын Кеңес одағы деп аталған ұлан-байтақ елдің солтүстігінде және солтүстік шығысында әрдайым орын алып отыратын қатқақ /қатқыл/ суықтар да дәннің дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді. Бұл кездерде астық қабылдау кәсіпорындарына суыққа шалдыққан, аяз ұрып үсіген, соның нәтижесінде сапасы төмендеген және сақтауға төзімсіз дән көп түседі.
Кейде егістіктің өзінде-ақ өсімдіктің түп тамырларын қандала секілді егін зиянкестері зақымға ұшыратуы ықтимал. Мұның салдарынан астықтың шығымдылығы, түсімі кеміп, одан пісірілетін нан өнімдерінің сапасы төмендейді. Астық құрамындағы қоспалардың, шөп-шаламның деңгейі де әртүрлі болып келеді.
Егер астықтың құрамында қоспалар, әсіресе зиянды қоспалар баршылық болса, ондай партияларды арнаулы өңдеуден өткізіп, бөлек /дербес/ орналастырып, бәлкім, тіпті ерекше жағдай да сақтап, пайдалануды кездеу керек.
Өсімдіктің егісте өсіп жетілуі мен дәннің қалыптасу кезінде де бактериоз және микоз деп аталатын микробтардың дәннің сапасын төмендетуге ықпалы болуы ықтимал.
Астықтың саны мен сапасы, дәннің күйі мен жалпы түсімі ору кезіндегі ауа-райына, орақ жұмыстарын ұйымдастыру мен техниканың деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан астық корын ысырапсыз жинап алып, оны мұкият сақтауды қамтамасыз етуді көздейтін арнаулы шаралар дер кезінде қабылданып, жүзеге асырып отыру қажет. Біздің елімізде астық ору қысқа мерзімдік науқан ретінде өткізіледі. Сол себепті де орақ барысындағы шығынды барынша азайтуды, қысқартуды, тіпті оған жол бермеуді көздеу керек.
Егер ору техникасы, оның тиісті жабдықтары сай болып, білікті маман жұмыскерлер жеткілікті болса, дәнді дақылдарды орып бастыру, жинап алу 10-12 күнге ғана созылады.
Дәнді дақылдарды комбайнмен орып жинайтыны белгілі. Орудың бір не екі фазалы жинау деп аталатын екі түрлі тәсілі қолданылады.
Бір фазалы жинау тәсіл бірден не тікелей комбайндау деп те аталды. Бұл тәсіл бойынша біркелкі пісіп жетілген дәнді дақылды орады да, бірден бастырып отырады. Ал екі фазалы жинау тәсілін жеке бөліп не ажыратып жинау деп атайды. Бұл тәсіл бойынша дәнді дақылды пісіп жетіле бастауына сай орып, дестелеп 3-5 тәулік кептірілгеннен кейін бастырып жинайды. Жеке бөліп жинау тәсілін дәннің балауызданып пісуі кезеңінің орта шенінен бастаған жөн. Өсімдіктің ору биіктігі орта шамамен 15-25 см болғаны дұрыс. Ауа райы қолайлы қалыпта тұрса, сол жоғарыда аталған астық орылғаннан кейінгі 3-5 тәулік өткен соң, дән кебіңкіреп әрі әжептәуір пісіп жетіліп, қатайып қалады. Негізі жеке бөліп жинаудың артықшылығы әжептәуір бар деуге болады. Орақ науқанын 6-7 күн ертерек бастап, қысқа мерзім де әрі сапалы аяқтауға болады. Пісіп жетілген астықтың тікелей бірден комбайндау кезінде орын алатын дәннің қауызынан түсіп төгілуі салдарынан болатын шығын азаяда. Сонымен қатар орақ науканының ерте бітуі егістікті /аңызды/ аршып-тазалап, топырағын қопсытып келесі жылға дайындақты жеделдетуге көмегі тиеді. Ең бастысы екі фазалы жинау тәсілі астықты орып жинау барысында едәуір таза әрі құрғатылған дән алуға болатындығы. Мұндай партияларды, әсіресе жылы шуақты ауа-райы және жөнді агротехника мен таза егістік болған жағдайда астықты қосымша тазалау мен кептірудің қажеттігі болмайды. Екі фазалы жинау тәсілі Сібір жағдайында дәнді ерте түсетін үсіктен сақтайтын мүмкіндік тудырады да, ал оңтустік еңірде уақтылы орып-жинап алынған астыққа кандала, тас-кене түспейді. Жоғарыдағы айтылған жағдайларды ескеретін болсак астықты екі фазалы тәсілмен жинау-егістіктің әрбір машинасы екі рет жүріп өтетіне қарамастан-экономикалық тұрғыдан тікелей комбайндаудан тиімділеу. Сонымен катар тікелей /бірден/ комбайндау тәсілі де орынды қолданылып жүргендігін айтқан жон. Әсіресе кейбір дәнді дақылдар үшін осы тәсіл тиімді болатын кездері бар. Мысалы, күріш, тары сиякты жарма дәнді дақалдар үшін. Себебі екі фазалы тәсілмен орылғанан кейінгі 3-5 кейде 7-8 күн өтеді, сол кезде астық күн түскен жағынан құрғап, дән жарықшақтанып, сызаттанып, шытынап кетеді. Бұл келешекте осы дәннен өндірілетін жарманың шағымын азайтып, сапасын томендетеді. Ал бір фазалы жинау тәсілі астық әбден пісіп жетілген кезде қолданылада, бірден комбайндалғандықтан дәннің ылғалдылығы жоғары болып келеді да, қырманда, қабылдау кәсіпорындарында арнаулы кептіргіш қондырғылары қажет болады, ылғалды дәнді дер кезінде кептіруді талап етеді. Астықты орып жинау тәсілін таңдау жолында егістіктің күйін, дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, ауа райының жағдайларын жэна де басқа орақты ұйымдастыру жұмыстар іспеттес факторларда талдаған орынды.
4. Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, сапасына
тигізетін әсері
Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, сапасына, келешектегі сақтау барысында орын алатын физиологиялық құбылыстарға әсерін тигізеді. Әсіресе, дәннің сол кездегі ылғалдығының әртүрлі болуы. Егер Солтүстік Кавказ, Қырым және басқа да оңтүстік өңірлерде дәннің ылғалдығы орта есеппен 14 — 15 % шамасында болса, солтүстік пен Батысқа қарай жылжыған сайын бұп көрсеткіш 16-20 %, тіпті одан көбейе береді. Ал ылғалдығы 17-18 % шамасындағы дәнді 1-2 күннен артық үстауға болмайтынын еске түсірсек, келешектегі қолданыдатын сақтау технологиясының қаншалықты күрделі болатынын түсіну қиын емес.
Астықты орып жиналтанан кейінгі мезгілдегі сақтау шарттары мен оны қабылдау кәсіпорындарына тасымалдап жеткізуді мұқият, қалтқысыз орындау керек.
Астық қабылдау кәсіпорындарына жиналған дән түсімінің бірер бөлігін әкеліп өткізеді. Көпшілігі қырманда алдын ала өңдеуден өтеді де колхоз, совхоз қоймаларында уақытша сақтала береді. Кейбір партиялар үшін бұл мерзім бірнеше сағат пен тәуліктен бір айға, кейде одан кепке созылады. Осы кезде дәнге әртүрлі құрт-құмырсқа, және кенелер зиян келтіруі ықтимал. Ауа райы қолайсыз болса дән дымқылданып өніп кетеді де неше түрлі шыбын-шіркей тәрізді жәндіктердің өсіп мекендей бастап, астықтың өздігінен қызуына әкеліп соғады.
Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен жылдың сабан-топан секілді қалдыктарынан тазартылмаған қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып түскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай дәнге мұқият карап, тиісті күтім жасамаса, ол дымқылданып ылғалдылығы артып өздігінен кызуға шалдағады. Бұл құбылыс жаңа орылған астықта өте тез өрбіп кетеді. Ал дәнді қызған күйінде астық қабылдау кәсіпорындарына әкеліп өткізуге болмайды, мемлекеттік түгілі, қай тұрғыдан болса да, мұны заң бұзушылық пен қылмыскерлік деп бағалайды. Дән сапасының төмендеуі мен шығыны астықты тасымалдау барысында да орын алып қалатынын естен шығармау керек.
Жаңа ғана орып жиналған астықты күту, дәнді дақылдардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, тиімді, аукымды шаралар жүйесін алдын ала дайындап, уақтылы жүзеге асырып отыру ауылшаруашылығы саласының мемлекет пен халық алдындағы жауапты міндеттерінің бірі.
Колхоз-совхоздар өздерінің қажеттігі үшін мемлекетке сатпай, дайындау жүйесіне өткізбей қалдыратан астық қорының жылдан жылға, қазіргі кезде үстем болып, кең тарап келе жатқан нарық экономикасының да шарттарына тікелей байланысты, көбейе түсетінін ескеретін болсак, астықты қырманда, кішігірім қоймаларда сақтаудың маңызы арта бермекші.
Дәннің сақталуға төзімділігі деп аталатын қасиеті, күй-жайы мен сапасы және оны тиімді пайдалану астықтың орып-жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп байланысты. Астықты сақтауға құнтсыз қарау физиологиялық және сол сиякты күрделі құбылыстардың бірден ербіп кетуінің салдарынан орны толмас шығынға әкеліп соғады.
Астық қабылдау кәсіпорындарына сапасыз тағайындалған /бекітілген/ шартқа, стандартқа сай емес дәнді өткізген шаруашылықтардың кіріс-табыстары азаяды, себебі астықты тазалау және кептіру үшін жұмсалған қаржы солардан өтеледі, астықтың жалпы саны, жиымы кемітіледі. Қабылданған сапасыз астықты жедел түрде тазалауды, кептіруді және. т.б. өңдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. Сапасыз дән жиымын бөлек, жеке-дара орналастыру сақтаудың ерекше шараларын қолданып, оған қосымша қойма қарастыруға тура келеді.
Егер бұл шарттар орындала қоймаса, не уақытынан кеш қолға алынса, дәннің сапасы күрт төмендейді. Тіпті мұндай астық жиымының көлемі көбірек болса, одан келетін шығын да есепсіз болып кетуіне таңғалуға болмай қалатын жағдай туады. Сонымен өңдеуге, сақтауға қабылданатын астық жиымының күй-жайы мен сан-сапасы әрқилы болып келеді.
Демек, қабылдауға келіп түскен әрбір партияның, әрбір дәнді-дақыл жиымының сапасын бұлжытпай дәл анықтау, әрбір дән-дақылдың өзіне тән ерекшеліктері туралы түбегейлі мәлімет болу, өндеудің өтімді тәсілдерін, қолдарын-табу және оларды дер кезінде жүзеге асырып отыру, астық сақтаудың тиімді ереже-тәртіптерін /режимін/ анықтап қолдану - астық қабылдау кәсіпорындары мен мекемелері қызметкерлерінің келелі де жауапты міндеттері болып табылады. Осы мәселелерді дұрыс шешу астықты сақтау кезіндегі күтімді ұйымдастыру, қосымша өндеу, біркелкі тұрақты салалы партиялар дайындау, тұтынушыларға босату және т.б. сол сияқты керекті шараларды іске асыруды жеңілдетеді.
Бақылау сұрақтары
1. Ору кезінде қолданылатын неше фазалы жинауларды білесіз?
2. Дәнді дақылдың сортына, түріне байланысты астық жиымының қандай қасиеттері өзгеріп отырады.?
Қолданылатын әдебиет
4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 10-18 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |