Тақырып 6, 7. Техно-химиялық бақылау міндеттері және даму
тарихы
Жоспар:
Техно-химиялық бақылау бөлімінің міндеттері
Техно-химиялық бақылау бөлімінің өркендеу тарихы
1. Техно-химиялық бақылау бөлімінің міндеттері
Техно-химиялық бақылау бөлімінің1 /ТХББ/ міндеттері. Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық сақтау және оны өңдеу мекемелерінің ең бір жауапты бөлімі. Мекеме жұмысының тиімділігі көбінесе осы бөлімнің жұмыс нәтижелеріне байланысты. Барлық технологиялық процесстерді ұйымдастыру Техно-химиялық бақылау бөлімінің жұмыс нәтижесіне негізделген.
Техно-химиялық бақылау бөлімі: мемлекетке тапсырылған және баска жаққа немесе мекемелерге босатылатын астықтың, одан алынған өнімдердің сапасын стандартарға және тұрақты /негізгі/ шектерю /нормаларға/ сәйкес тексереді;
- астықты жоспарға сәйкес камбаларға жайғастыруды;
- сақталып жатқан астықтың және басқа өнімдердің сақтау ретімін;
- астықты тазалау, кептірудің тиімділігін тексереді.
Аға технологпен бірге ұн тарту партияларан жасау, құрама жемнің рецептерін /үлестеріп/ ауыстыру т.б. процесстерді ұйымдастыруға қатынасады. Астықтан алынатын өнімдерді есептеп тауып, камбаларды қотару актісін жасайды.
Қап және басқа сиымдықтардың стандартты болуын, тесік болмауын тазалығын, оларға салынатын заттардың сапалы және салмағы дұрыс болуын, оларды босату уақытын т.б. тексереді.
Таразы және өлшеуіш кондырғылардың дәлдігін тексеріп, жаңа қондырғылар мен аспаптарды пайдалану және өнімдердің сапасын жоғарылатуға арналған технология ретімдерін енгізуге көмектеседі.
Мекемеде стандарттарды, тұрақты /негізгі/ шектерді /нормаларды/, -технологиялық шарттарды жақсартуға қатынысып, олардың тиімділерін өндіріске енгізуге ат салысады.
Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық өнімдерінің, құрама жемдердің және астық өндірісі қалдықтарының саласына жасалған қортындысы мекеменің барлық бөлімдерінің бәріне бірдей күші бар құжат.
2. Техно-химиялық бақылау бөлімінің өркендеу тарихы.
Астықты өңдеу технологиясы, одан алынған өнімдердің, бағасы /нарқы/ олардың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан астықтың және астық өнімдерінің сапасы оларды сақтау, өңдеу кезінде үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Ғылыми еңбектерге қарағанда /Л.Р.Торжинская, В.А.Яковенко, 1975/ астықтың сапасын біздің дәуірдің 23-79 жылдарынан бастап зерттей бастаған. Плинный Старший деген адам астықтың сапасын оның бір литрінің салмағына, тазалығына, дақылдың түріне қарай баталау керек екенін және бидайдың бір литрінің салмағы мен піскен нанның көлемінің, оның кеуектігініңн арасында белгілі бір байланыс бар екенін байқаған. Кейін келе XVII ғасырда астық саудасы кең өріс алып, оның сапасын бағалау тәсілдері жетіле бастайды. 1713 жылы Петр I әскерге арналып жиналған астықтың сапасына койылатын талаптарды күшейтеді, ал 1765 жылдан бастап үлкен партиялы астық қорларын сақтау тәсілдерін зерттеу басталады. Ол жұмысты ерікті астық корғау қоғамы басқарады.
XIX ғасырдан бастап астықтың химиялық құрамын тексеру өріс ала бастайды. Міне осы кезден-ақ бидайдың шыны және ұнтәріздес дәндерінің ұн тарту қабілеттерінің ерекшеліктері, клейковинасының /сағызының/, крахмалдың, қанттың нан пісірудегі атқаратын қызметтерін тексеріп, анықтай бастайды.
1854 жылы Миллон бірінші рет бидайды шынылығына қарай жіктеудің осыған сәйкес дәннің сыртқы пішінінің өзгеруін дәлелдейді. 1868 жылы Н.О. Лясковский орыс бидайларындағы белоктың мөлшерін тексеріп, олардың жердің және ауа райының қолайына қарай өзгеріп тұратынын дәлелдеген.
XX ғасырдың басында Федреди ұнды оның күлділігіне қарай сортқа бөлуді нұскайды. Сондықтан астықтың сапасын оның бір литрінің салмағына қарай, ал ұнды - оның түсіне қиыршықтығына қарай бағалап келді. 1890 жылдары Россияда алғашқы элеваторлар салына бастайды, олардың жанында алғашқы лабораториялар ұйымдастарылып, астықтың, ұнның сапасын зерттеу кең өріс алады. Ең бірінші ұн тарту және нам нісіру лабораториясы Москваның ауыл шаруашылығы институтында ұйымдастырылып, оны Г. Д. Калеман басқарады. Тек осыдан бастап астықтың технологиялық қасиеттері тексеріле бастады.
1923 жылы Россияда бірінші мемлекеттік астық инспекциясы ұйымдастырылды. Тек содан соң астықты жан-жақты кең тексере бастайды. 1929 жылы Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу институты құрылады. 1940 жылы «диірменде және жарма заводтарында технологиялық процесстерді ұйымдастырудың уақытша нұсқаулары» жазылды. Қазір Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу, тамақ өнеркәсібі Москва, Одесса технологиялық институттары, Москваның сырттан оқытанын технологиялық институты, Бүкілодақтың өсімдіктер шаруашылығы т.б. ғылыми-зерттеу және оку орындары жұмыс істей бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |