Зертханалық жұмыс №6
Конфигурация файлы. CONFIG.SYS файлын жазу
Жұмыстың мақсаты: Конфигурациялық файлдар құруды, өзгертуді үйрену.
CONFIG.SYS файлында DOS алғашқы жүктеуі кезінде пайдаланылатын командалар бар. Бұл командалар DOS параметрларды береді, сондай - ақ жедел жадыға қай драйверлерді (демек, операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалар) жүктеу керектігін де көрсетеді. CONFIG.SYS файлы түбірлік каталогта DOS жүктелетін должен находиться в корневом каталоге диска, с которого загружается.
CONFIG.SYS файлы мәтіндік файл түрінде болуы керек.Бұл файлдың көптеген жолдарына алғашқы жүктеу кезінде орындалатын командалар кіреді. Ондай жолдар келесі түрде болады: команда аты = мәні. Сондай- ақ, CONFIG.SYS файлына крмментариилер- алғашқы DOS жүктеуі кезінде еленбейтін жолдар кіреді. Коментарилер жолдары не «;», не «REM»белгілерінен басталады, сондай-ақ блоктардың тақырыбы- блок аты төртбұрыш жақшаның ішінде көрсетілетін жолдар( бірінші калонкадан бастап). (Нақтырақ келесі зертханалық жұмыстарда көрсетіледі). Егер CONFIG.SYS файлының командасында «=» белгісінің алдында сұрақ белгісі қойылса, онда CONFIG.SYS DOS файлын орындау кезінде команданы экранға шығарып, оны орындау керек пе деп сұрайды «[Y/N]?».
Драйверлер мен бағдармаларды жүктеу
CONFIG.SYS файлының өте маңызды командалар тобы драйверлер мен резидентті бағдармаларды жүктеу үшін қызмет атқарады.
DEVICE = драйвер- файлдың-аты[параметрлер] – драйверді қарапайым жадыға жүктеу; DEVICEHIGH = драйвер- файлдың-аты[параметрлер] – драйверді жоғарғы жадыға жүктеу( демек, 640 Кбайт-тан 1 Мегабайт-қа адрестары бар жады); INSTALL = драйвер- файлдың-аты [параметрлер] -резидентті бағдарламаны орнату; Негізгі, қолданылатын драйверлерге мысал келтірейік: HIMEM.SYS – кеңейтілген жады мен қатар басқа типті қосымша жадыға да қатынау ережелерін анықтайтын XMS (eXtendet Memory Specification) спецификациясына сәйкес жоғарғы және кеңейтілген жадыны басқарады.
EMM386.EXE – EMS (Expanded Memory Specification) спецификациясына сәйкес бейнеленген жад эмуляциясын жүзеге асырады және оны басарады. Егер бұл драйверді параметрсіз және кілтсіз жүктесе ол 256 Кбайт кеңейтілген жадты қосымша жадыға айналдырады.
DISPLEY.SYS – Экран мен пернетақтаға арналған кодты беттердің ауыстырып қосуы сүйейді. Мысал DISPLEY.SYS CON=(EGA,437,2) – құрылғының (АҚШ үшін) 437 кодтық бетін екпінді етіп және құрылған келесі екі кодтық беттер жүктелуі үшін екі буфер пішімдеп, жүйеге EGA, VGA немесе SuperVGA видеожүйелері үшін драйвер қосу; DISPLEY.SYS CON=() – видео жүйенің типін автоматты түрде анықтауды қамтамасыз ететін драйверді жүйеге қосу.
MSCDEX.EXE – утилит-драйвері (аббревиатура Microsoft CD-ROM Extension), CD-ROM типті сақтау құрылғыларын сүйемелдейді. Формат: MSCDX.EXE /D:signN , мұнда signN –драйвер сигнатурасы (драйвердің MSCDX утилитімен байланысын қамтамасыз ету үшін қолданушымен берілетін ат.) Сигнатура ретінде әр түрлі символдар тізбегін қолдануға болады, бірақ Microsoft фирмасы MSCDX000, MSCDX001 және т.с.с. идентификаторларды қолдануды ұсынады.
DOS-тың ішкі құрылымын беру үшін қолданылатын командалар BUFFERS = буферлер-саны – дискпен енгізу шығару әрекеттерін орындау үшін буфер санын орнату. Қатты дисксіз компьютер үшін 4-5 буфер қолдану ұсынылады, ал 40 Мбайт қатты дискі бар компьютер үшін – 40-тан астам буфер қолдануға болады.
LASTDRIVE = әріп – дискжетек аты ретінде қолдануға болатын ақырғы әріпті орнату.
FILES = файлдар-саны – бір уақытта ашуға болатын файлдар санын орнату. Мәліметтер қорымен жұмыс істеуде параметрге үлкен мән беру керек - 50 немесе 80.
FCBS = FCB-блоктар -саны – DOS бір уақытта аша алатын (FCB) файлдарын басқаратын блоктар санын беру. Үнсіздік бойынша олардың саны 4-ке тең.
STACKS = стектер-саны, стектер-өлшемі – құрылғы үзілістерін өңдеу үшін стек саны мен өлшемін беру. Қазіргі компьютерлер үшін стек саны 8 ден 64-ке дейін, өлшемі 32 ден 512-ге дейін.
DOS-тың әр түрлі тәртіптерін орнату командалары.
SHELL = файлдың-командалық процессордың толық аты [параметрлер] – әдетте shell түрінде қолданылады = c:\command.com /E: байт-саны /P, бұл айнымалылар сақталатын жады аймағының өлшемін үлкейтуге көмектеседі. Байт саны осы аймақтың өлшемін береді.
BREAK = on/off – дискімен енгізу шығару әрекеттерінде DOS бағдарламалары үшін Ctrl Break пернелерін басу тәртібін тексеруді орнату.
NUMLOСK = on/off – “Num Lock” тәртібін қосады немесе өшіреді.
Өздік тапсырма:
CONFIG.SYS файлын жазу керек :
Файлдың бірінші жолында келесі мәліметтерді орналастырыңыз: Аты-жөні, топ номері, жұмыстың орындалу уақыты.
Бұл мәліметтерді әр команданың функционалды блоктарының алдына орналастырыңыз.
BUFFERS, FILES, LASTDRIVE, FSBS, STACKS командаларын қолданып DOS –тың ішкі құрылымындағы өлшемдерді орнатыңыз.
Дискімен енгізу шығару әрекеттерінде DOS бағдарламалары үшін Ctrl Break пернелерін басу тәртібін тексеруді орнату.
“Num Lock” тәртібін өшіріңіз.
Кеңейтілген және жоғарғы жадтың драйверін жүктеңіз.
FDD және HDD дисктеріне қол жеткізімділігі үшін драйверді жүктеңіз.
Компакт дискілерге қол жетімділігі үшін драйверді жүктеңіз.
Жұмыс істеп отырған компьютерде жүйелік дискіні жаса. Дискке құрылған файл мен AUTOEXEC.BAT файлын көшір. Берілген дискетадан компьютерді жүктеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |