Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖӘНЕ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет31/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   112
academ-sayasat

5.5 ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖӘНЕ 
БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ МЕН ІСКЕ 
АСЫРУ ТӘРТІБІ 
 
5.5.1 Екі диплом бағдарламалары – әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын салыстыруға 
және синхрондауға негізделген және бағдарламаның мақсаты мен мазмұнын 
анықтау, дәреже беру немесе берілетін біліктіліктер сияқты мәселелер бойынша 
тараптардың ортақ міндеттемелер қабылдауымен сипатталатын бағдарламалар. 
5.5.2 Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі әріптес ЖОО арасындағы 
келісім негізінде әзірленеді. 
Бұл ретте, екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті 
шарттары: 
1)
келісілген білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту; 
2)
екі дипломдық білім беруге қосылған білім алушының білім беру 
бағдарламасының бөлігін әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымдарында игеруі; 
3)
сапаны қамтамасыз етудің уағдаластықтары, жалпы принциптері мен 
стандарттары негізінде оқыту кезеңдері мен нәтижелерін міндетті түрде тану және 
автоматты түрде қайта санау; 
4)
оқытушылардың екі дипломдық бағдарламаға тартылуы, білім беру 
бағдарламаларын бірігіп әзірлеуі, оқыту, жалпы қабылдау және аттестаттау 
комиссияларына қатысуы; 
5)
екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық игерген білім алушыларға 
әрбір әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымының дәрежесі не уағдаластықтар негізінде бір біріккен дәреже беріледі. 
5.5.3 Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына қосу оның 
өтініші негізінде және әріптес ЖОО-мен жасалған келісімге (шартқа) сәйкес жүзеге 
асырылады. 
Білім алушылар әріптес ЖОО-ға қабылдау рәсімдерінен өтеді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 52-беті 
5.5.4 Екі дипломдық білім беру бағдарламасына қосылған шетелдік білім 
алушылар «қосылған білім» ерекше белгісімен және оқыту кезеңін, мерзімін, 
пәндердің санын және игерілген кредиттердің көлемін көрсете отырып, білім 
алушылардың жалпы контингентіне қабылдаудың ұқсас рәсімінен өтеді. 
5.5.5 Білім алушының жеке оқу жоспары оқу пәндерінің тізбесін, олардың 
еңбек сыйымдылығын (кредит және сағат түрінде), семестрлер, игерілетін әріптес 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша 
бөлуді, қайта есептеу тәртібін қамтиды. 
5.5.6 Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан 
Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарттарының талаптарын және әріптес ЖОО талаптарын ескереді. 
Екі тараптың білім беру бағдарламалары пәндерінің тізбесі білім алушының 
жеке оқу жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Сонымен қатар білім алушы 
практиканың барлық түрлерін және қорытынды аттестаттауды толық көлемде өтеді. 
5.5.7 Екі дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту кезінде түрлі 
оқыту технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары 
пайдаланылуы мүмкін. 
5.5.8 Әр оқу жылының соңында тиісті бағдарлама модулін жүзеге асыратын 
әріптес ЖОО білім алушыға транскрипт береді. 
5.5.9 Оқыту аяқталған және бағдарламаның әрқайсысы бойынша барлық 
талаптар орындалған соң, білім алушыға академиялық дәреже беру туралы 
белгіленген үлгідегі екі диплом және уағдаластық негізінде екі транскрпит немесе 
бір біріккен диплом беріледі. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау