«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 45-беті
4) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (резидентура
үшін);
5) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына)
сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру
бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы
көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);
6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
8) алдын ала іріктеу нәтижелерін ("Денсаулық
сақтау және әлеуметтік
қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша докторантура үшін) тапсырады.
4.2.5.2.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ және/немесе білім
беру бағдарламасының топтары бойынша түсу (шығармашылық)
емтиханының
балына сәйкес жүргізіледі.
5. ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
5.1.1 Ереже «Сырдария» университетінде оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім
алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен
оқуын өз бетінше жоспарлауы
негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік
оқыту
технологиясы
кезінде
оқу
жұмысының
еңбек
сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың
көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің
барлық деңгейлері бойынша
бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып
табылады.
«Сырдария» университетінде кредиттік оқыту технологияны
енгізудің негізгі
мақсаттары:
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломдарының халықаралық
деңгейде танылуы;
5.1.2 ЖОО оқытушылары мен білім алушыларды ұтқырлықпен қамтамасыз ету;
-
білім сапасын арттыру;
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің барлық
деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету;
-
жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне жауап бере алатын
білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу және қолдауны;
5.1.3 ЖОО жетістікке жету мотивациясын қалыптастыру - ғылым мен
практиканың жетiстіктерi, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негiзiнде кәсiби
тұрғыдан жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған,сапалы білім
беруді қамтамасыз ету;
-
жаңа технологияларды ендіру және тиімді пайдалану.