5.3 ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
5.3.1 Бір оқу жылы шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру «Сырдария»
университетінің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілетін академиялық күнтізбе
негізінде жүзеге асырылады.
Академиялық күнтізбеде оқу жылы ішіндегі оқу сабақтарын, аралық және
қорытынды аттестаттауды, кәсіптік практикаларды және оқу жұмысының басқа
түрлерін өткізудің кезеңдері, демалыс күндері (демалыстар мен мерекелер) көрініс
табады.
5.3.2 Оқу жүктемесі оқу пәнін, модулін немесе жоғары білімнің білім беру
бағдарламасын толық зерделеу үшін студентке талап етілетін және жоғары білімнің
білім беру бағдарламасында белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін
қажетті уақытпен өлшенеді.
5.3.3 Оқу жүктемесі студенттің барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер,
семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық
жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде),
кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде
оқытушының жетекшілімен жүргізілетін жұмыс.
5.3.4 Студенттің оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысандарын
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы дербес
айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта,
тоқсан – 7-8 апта), аралық аттесттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды
аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын ескеру қажет.
5.3.5 Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық
кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте, студент бір
семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгереді.
5.3.6 Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
5.3.7 Студенттің бір семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп
мөлшерін меңгеруіне рұқсат беріледі. Оқытудың нысандары мен технологиясына
байланысты студенттердің жекелеген санаттары үшін оқу нәтижелеріне қол
жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оны ЖОО дербес есептейді.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 48-беті
5.3.8 Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі
өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің
барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып
табылады.
Әр академиялық кезең білім алушылардың аралық аттестаттау кезеңімен
аяқталады.
5.3.9 Каникулдар білім алушыларға оқу жылы ішінде кемінде 2 рет беріледі,
демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 7 аптаны құрауы
тиіс.
5.3.10 Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып
табылады.
Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, педагогикалық, өндірістік және
дипломалды практикалар болып табылады.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде академиялық кезеңнен бөлек, сондай-ақ
академиялық кезеңмен қатар кәсіптік практиканы енгізуге рұқсат етіледі.
Кәсіптік практиканың нәтижелері аралық аттестаттау қорытындыларын жасау
кезінде ескеріледі.
Практиканың ұзақтығы 30 сағатқа тең апта ішінде (5 күндік жұмыс аптасында
күніне 6 сағат) практикадағы студенттің нормативтік жұмыс уақытына қарай
аптамен анықталады.
5.3.11 Білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын
немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру
ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде
қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе
қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде екі дипломдық білім беру
шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат
етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).
5.3.12 Оқу жұмысы көлемін жоспарлаған кезде бір академиялық кредит оның
барлық түрлері үшін 30 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады. Оқу
жұмысының барлық түрлері бойынша бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
5.3.13 Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30
академиялық сағат) ECTS-тің 1 кредитіне (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.
3.3.14 Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушының өзіндік жұмысы
екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысқа
(ОБӨЖ) және толық өзі орындайтын жұмыс (ОБӨЖ – БӨЖ).
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс
жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей,
жеке график бойынша орындалады.
БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін
тапсырмалармен расталады.
5.3.15 Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт
арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ні ЖОО дербес
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 49-беті
анықтайды. Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде 30%-
ын құрайды.
5.3.16 Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай
кредиттер көлемімен жүзеге асырылады, яғни әр пән бойынша кредиттердің жалпы
саны оны оқытудан, сондай-ақ осы пән бойынша дайындықтан және аралық
аттестаттау нысанынан өтуден құралады.
5.3.17 Әр оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды
бақылаумен аяқталады.
5.3.18 Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін
жоспарлау академиялық сағаттармен және(немесе) кредиттермен жүзеге
асырылады. Бұл ретте, аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме 1
академиялық сағат 50 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі. Оқу
жұмысының басқа түрлері бойынша педагогикалық жүктеме ЖОО дербес
белгілеген норма негізінде есептеледі.
5.3.19 Академиялық лектер мен топтар осы пәнге және осы оқытушыға
жазылған білім алушылардың жеткілікті саны және олардың рентабельділігінің
жеткілікті деңгейіне қол жеткізу принципі бойынша қалыптасады.
Академиялық лек пен топтың толығуын білім беру ұйымы дербес анықтайды.
5.3.20 Білім алушылардың оқу пәндеріне (Enrollment) жазылуын Тіркеу офисі
ұйымдастырады. Бұл ретте студенттермен ұйымдастыру-әдістемелік және
консультация беру жұмыстарын жүргізу үшін білім алушыларды қолдау қызметі
мен эдвайзерлер тартылады.
5.3.21 Білім алушы жеке оқу траекториясын анықтау кезінде ЖОО компоненті
және таңдау компоненті шеңберінде:
1)
негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;
2)
қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдайды.
5.3.22 Негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдау мен игеру
тәртібі пререквизиттердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдау мен игеру тәртібі
аралас және бейіндік ББ бойынша қосымша құзыреттерді алу, сондай-ақ білім
алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады.
5.3.23 Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша таңдалатын пәндердің
көлемін ЖОО дербес анықтайды. Бұл ретте, қосымша ББ пәндерін білім алушылар
ЖК және ТК пәндері шеңберінде зерделейді және олардың көлемі негізгі ББ
бойынша тиісті дәрежені немесе біліктілікті беруге қажетті академиялық
кредиттердің жалпы көлеміне кіреді.
5.3.24 Оқу пәндеріне жазылу процесінде білім алушы өзінің ЖОЖ
қалыптастырады. Бұл ретте олар:
1)
оқытудың кредитік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидаларымен танысады;
2)
оқу пәндеріне тіркеудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген
мерзімдерін сақтайды;
3)
игерілген пререквизиттерді ескере отырып, пәндерге жазылады.
5.3.25 Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен
құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 50-беті
әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала
бойынша
(оң
бағалар
«А»-дан
«D»-ға
дейін
азаю
арқылы
және
«қанағаттанарлықсыз» - «FX», «F») балдармен бағаланады (4-қосымша).
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда,
білім алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды
бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім
алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық
түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері
орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
5.3.26 Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету
мақсатында оқу және қорытынды бақылау процестері бөлінеді.
5.3.27 Тіркеу офисі білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерінің
тұрақты мониторингін және олардың талдауын бағалау кестесіне сәйкес жүргізеді,
ол студенттердің топтарында өту деңгейінен жоғары абсолюттік бағалардың нақты
пайыздық бөлінуін көрсетеді.
5.3.28 Білім алушыға оқу пәндері (модульдер) және оқу жұмысының басқа
түрлері бойынша, сондай-ақ ББ зерделеу аяқталған соң академиялық кредиттер беру
олардың қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған жағдайда жүзеге асырылады.
5.3.29 Білім алушының алдыңғы оқу деңгейлерінде және формальды білім
берудің басқа ұйымдарында қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағаларын
ЖОО академиялық кредиттерді қайта санау арқылы дербес таниды.
5.3.30 Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, білім
алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір ББ-дан екіншісіне, бір білім
беру ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады.
5.3.31 Барлық академиялық кредиттер және білім алушының формальды және
формальды емес білім берудегі алған оқу нәтижелері бүкіл өмір бойы жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |