6-тарау. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит
1. Қорда және ұйымдарда Қордың және ұйымдардың өздерінің стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге ақылға қонымды сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған және ұйымдастыру саясаттарының, рәсімдердің, мінез-құлық нормалары мен әрекеттердің, Қордың және ұйымдардың Директорлар кеңесі мен атқарушы органы құратын басқару әдістері мен тетіктерінің жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жұмыс істейтін мыналарды:
1) ұйым құнының, кірістілігінің артуы мен олармен бірге жүретін тәуекелдердің арасындағы оңтайлы теңгерімді;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін және компанияның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізуді;
3) активтердің сақталуын және компания ресурстарын тиімді пайдалануды;
4) қаржылық және басқару есептілігінің толықтығын, сенімділігін және дұрыстығын;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі құжаттар талаптарының сақталуын;
6) алаяқтықтың алдын алу мен негізгі және қосалқы бизнес-процестердің жұмыс істеуін тиімді қолдауды және қызмет нәтижелерін талдауды қамтамасыз ету үшін тиісті ішкі бақылауды қамтамасыз етуге арналған жүйесі құрылуға тиіс.
Директорлар кеңесі және атқарушы орган қорда және ұйымдарда тәуекелдерді лайықты басқару мәдениетінің енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Қорда және ұйымдарда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуі озық практикаларға (COSO) және Қордың әдіснамасына (саясаттарына) негізделген айқын нормативтік базаны иеленуге тиіс.
2. Қордың және ұйымдардың Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидаттары мен оларға қойылатын талаптарды, осы жүйенің міндеттерін негізге ала отырып және озық жұмыс практикасы мен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы Қордың әдіснамасын ескере отырып белгілеуге тиіс.
3. Қордың және ұйымдардың атқарушы органдары тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруды және қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Тәуекелдерді басқару процесі жоспарлау (стратегия және даму жоспарлары, жылдық бюджет) және ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау (басқару есептілігі) процестерімен біріктірілуге тиіс.
Қордың немесе ұйымның әрбір лауазымды тұлғасы шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдердің тиісінше қаралуын қамтамасыз етеді.
Қордың немесе ұйымның атқарушы органы тиісті біліктілігі және тәжірибесі бар қызметкерлердің тәуекелдерді басқару рәсімдерін енгізуін қамтамасыз етуге тиіс.
4. Қордың және ұйымдардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі атқарушы орган жүргізетін, барлық бар тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және мониторингілеу рәсімдерінің міндеттілігін, сондай-ақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, операциялық міндеттерді іске асыруға және компанияның беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін азайту бойынша уақтылы және барабар шаралар қабылдауды көздейтін тәуекел-менеджменттің жоғары мәдениетіне негізделуге тиіс.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдер жаңа тәуекелдерге жедел ден қоюды, оларды нақты сәйкестендіруді және тәуекел иелерін айқындауды қамтамасыз етуге тиіс. Қордың және ұйымдардың бәсекелестік немесе экономикалық ортасында кез келген күтпеген өзгерістер болған жағдайда тәуекелдер карталарын және оның тәуекел-тәбетке сәйкестігін жедел қайта бағалау жүзеге асырылуға тиіс.
5. Қорда және ұйымдарда бақылау рәсімдерін төмендегідей үш негізгі сала бойынша әзірлеу, бекіту, нысандандыру және құжаттандыру жүзеге асырылуға тиіс: операциялық қызмет, қаржылық есептілікті дайындау және Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі құжаттардың талаптарын сақтау.
6. Қорда және ұйымдарда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы ашық қағидаттар және тәсілдер, қызметкерлерді және лауазымды тұлғаларды тәуекелдерді басқару жүйесі туралы оқыту практикасы, сондай-ақ сәйкестендіру, құжаттандыру және қажетті ақпаратты лауазымды тұлғалардың назарына уақтылы жеткізу процесі енгізілуге тиіс.
7. Қордың және ұйымдардың Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың қолданыстағы жүйесі Директорлар кеңесі айқындаған қағидаттарға және оны ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкестігіне және оның тиімді жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Тәуекелдер бойынша есептер Директорлар кеңесінің отырысына кемінде тоқсанына бір рет шығарылуға және тиісті түрде толық көлемде талқылануға тиіс.
8. Қорда және ұйымдарда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау және корпоративтік басқару практикасы жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін жүйелі түрде тәуелсіз бағалау үшін ІАҚ құрылуға тиіс.
9. Қордағы және ұйымдардағы ішкі аудит жеке құрылымдық бөлімше - ІАҚ құру арқылы жүзеге асырылуға тиіс (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанындағы ұйымдарда ішкі аудит функциялары Қадағалау кеңесіне функционалды түрде есеп беретін ревизиялық комиссияға/ревизорға жүктелуге тиіс; бұл ретте ревизиялық комиссиясын/ревизордың мақсаттары, функциялары және міндеттері, оның ұйым органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Кодексте ішкі аудит қызметіне қатысты жазылған қағидаттар ескеріле отырып белгіленуге тиіс). ІАҚ мақсаттары, өкілеттіктері және жауапкершілігі, біліктілік талаптары (ішкі аудиторлардың кәсібилігіне қойылатын талаптар) компанияның ішкі құжатында (ІАҚ туралы ереже) анықталуға тиіс. ІАҚ туралы ереже Ішкі аудит халықаралық кәсіптік стандарттардың және Қордың ішкі аудит саласындағы корпоративтік стандарттарының талаптары ескеріле отырып әзірленуге және бекітілуге тиіс. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің міндеті ІАҚ туралы ереженің ұйымдар бизнесінің бейіндік қажеттіліктеріне толық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
10. Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету үшін ІАҚ ұйымдық тұрғыдан Директорлар кеңесіне бағынуға және функционалдық есеп беруге тиіс. Директорлар кеңесі ІАҚ жоспарлары мен қызмет стратегиясын, ІАҚ бюджетін бекіту бойынша шешім қабылдайды, оның сандық құрамын, ІАҚ қызметкерлері еңбекақысының және сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындайды.
11. Ұйымдардағы ІАҚ басшысы Қордың ішкі аудит саласындағы корпоративтік стандарттарының негізінде бөлімшенің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеуге және оларды Аудит комитетінің және Директорлар кеңесінің қарауын және бекітуін қамтамасыз етуге тиіс.
12. ІАҚ өз қызметін Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспардың негізінде жүзеге асырады. Аудиторлық есептердің нәтижелері және негізгі анықтаулар тоқсан сайын Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.
13. ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде ішкі бақылау жүйесінің және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды, ішкі аудит саласындағы қызметтің жалпыға бірдей қабылданған стандарттарын және корпоративтік стандарттарды және корпоративтік басқаруды бағалау саласындағы Қордың ұсынымдарын қолдана отырып, корпоративтік басқаруды бағалауды, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды жүргізуге тиіс.
14. ІАҚ басшысы ішкі аудит қызметінің барлық түрлерін қамтитын және ІАҚ қызметіне ішкі және сырттай бағалауды міндетті түрде жүргізуді көздейтін кепілдік беру және сапаны арттыру бағдарламасын әзірлеуге және қолдауға тиіс.
ІАҚ, оның басшысының және қызметкерлері жұмысының тиімділігін бағалауды ІАҚ есептерін қарау, жылдық аудиторлық жоспардың орындалуы мерзімінің сақталуы және есептіліктің берілуі, ІАҚ стандарттарының және ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына есептің сәйкестігі негізінде Директорлар кеңесі жүзеге асырады.
7-тарау. Ашықтық
1. Мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау мақсатында Қор және ұйымдар қаржылық жағдайды, қызмет нәтижелерін, меншік құрылымын және басқаруды қоса алғанда, өз қызметінің барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты уақтылы және сенімді ашады.
2. Қор және ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты уақтылы ашады. Қорда және ұйымдарда ақпаратты ашуға және қорғауға арналған қағидаттар мен тәсілдерді айқындайтын ішкі құжаттар, сондай-ақ мүдделі тараптарға ашылатын ақпараттың тізбесі бекітілуге тиіс. Қор және ұйымдар ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығын иеленетін және оның құпиялылығын қорғау шараларын қабылдайтын тұлғалар тобын айқындайды.
3. Қор, компания және акциялары немесе облигациялары қор биржасында саудаланатын ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ҚЕХС) сәйкес дайындалған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ ҚЕХС сәйкес дайындалған, есепті кезеңнің бірінші тоқсаны үшін, жартыжылдығы үшін және алғашқы тоғыз айы үшін қаржылық есептілігін өзінің интернет-ресурсына уақтылы орналастыруға тиіс. Қаржылық есептіліктің негізгі нысандарынан басқа Қордың, компаниялардың және акциялары немесе облигациялары қор биржасында саудаланатын ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпаратты ашу ұсынылады.
4. Қор және ұйымдар тараптық тұлға ретінде мүдделі тараптарға қаржылық есептіліктің дұрыстығы және оның ҚЕХС талаптарына сәйкестігі туралы объективті пікір беретін тәуелсіз және білікті аудиторды тарту арқылы жыл сайынғы қаржылық есептілік аудитін жүргізуге тиіс. Егер жылдың қаржылық есептілік аудитін жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе ұйымның ішкі құжаттарында көзделсе, жылдық аудит бөлігіндегі нормалар қолданылады.
5. Қор, компаниялар және акциялары немесе облигациялары қор биржасында саудаланатын ұйымдар жылдық есепті осы Кодекстің ережелеріне және ақпаратты ашудың озық практикасына сәйкес дайындауға тиіс. жылдық есепті Директорлар кеңесі бекітеді.
6. Интернет-ресурс жақсы құрылымдалған, навигация үшін қолайлы болуға және мүдделі тұлғаларға Қордың және ұйымдардың қызметін түсіну үшін қажетті ақпаратты қамтуға тиіс.
2-бөлім. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар
1-тарау. Үкімет Қордың акционері ретінде
1. Үкімет Қордың жалғыз акционері ретіндегі өз өкілеттіктерінің және мемлекеттік реттеумен байланысты өкілеттіктерінің аражігін ажыратады. Үкімет Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту және Қор мен ұйымдардың активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру мақсатында Қорды басқарады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.
Қордың және ұйымдардың негізгі стратегиялық міндеті - бұл Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнының өсуі және орнықты дамуы, ол Қордың және компаниялардың даму стратегиясында көрініс табады. Барлық қабылданатын шешімдер мен әрекеттер даму стратегиясына сәйкес келуге тиіс.
Қорда және компанияларда активтердің оңтайлы құрылымы құрылуға тиіс. Қор және компаниялар өз активтерінің және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарының құрылымын барынша оңайлатуға ұмтылуға тиіс.
Ұйымдар өз қызметін өзінің негізгі (бейіндік) қызметінің шеңберінде жүзеге асырады. Қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асыруға осы нарықта бәсекелестіктің болмауы немесе Қордың және ұйымдардың қатысуы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етуі шартымен жол беріледі.
Қордың ұйымдарында акциялардың (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің болуы және сақталуы ұсынылады.
Қордың және ұйымдардың органдары, лауазымды тұлғалары даму стратегиясына және жарғыға сәйкес әрекет етуге және шешімдер қабылдауға тиіс. Даму стратегиясы он жылдық кезеңге арналған пайымдауды, миссияны, мақсаттарды, міндеттерді, стратегиялық бағыттар мен қызметтің негізгі көрсеткіштерін айқындайтын ұзақ мерзімді құжатты білдіреді. Компаниялар Қордың даму стратегиясы негізінде он жыл мерзімге арналған даму стратегиясын бекітеді.
Холдингтік компанияның даму стратегиясы оның тобына кіретін ұйымдардың мақсаттарын, міндеттерін және даму бағыттарын қамтуға тиіс. Акцияларына қор биржаларында баға белгіленетін холдингтік топ ұйымдарында, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар нысанында құрылған холдингтік топ ұйымдарында жеке даму стратегиялары қабылдануы мүмкін. Көрсетілген ұйымдарда даму стратегиясын әзірлеу кезінде ұйымдар жарғыларының ережелерін басшылыққа алу және басқа акционерлермен (қатысушылармен) консультациялар жүргізу қажет.
Даму стратегиясының шеңберінде Директорлар кеңесі мынадай: нақты, өлшемді, қолжетімді, өзекті, қол жеткізудің берілген мерзімдері бар болу өлшемдеріне жауап беруге тиіс ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындайды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау ұзақ мерзімді ҚНК арқылы айқындалады. Қызметтің жекелеген бағыттарын (мысалы, инвестициялық, инновациялық, ақпараттық технологиялар, адам ресурстарын басқару) даму стратегиясына енгізу ұсынылады.
Стратегияны әзірлеу және оның іске асырылуын мониторингілеу процесінде Директорлар кеңесі және атқарушы орган стратегиялық сессиялар өткізеді, олардың барысында қызметтің негізгі бағыттары, міндеттері, тәуекелдің проблемалық мәселелері, түзету шаралары талқыланады.
Стратегияны әзірлеу кезінде негізгі мүдделі тұлғалармен, атап айтқанда, ірі акционерлермен, негізгі бизнес-әріптестермен, мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар өткізіледі.
Стратегияда орнықты даму бөлігіндегі мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер көзделуге тиіс.
Стратегияны әзірлеумен және іске асырумен байланысты мәселелер Директорлар кеңесі айқындайтын кезеңділікпен, бірақ кемінде жылына бір рет, Директорлар кеңестерінің бетбе-бет отырыстарында ғана қаралуға тиіс. Директорлар кеңесі ішкі және сыртқы нарық конъюнктурасының өзгерістерін, форс-мажорлық жағдайларды ерте анықтау және оларға уақтылы ден қою жүйесін енгізуге тиіс.
Даму стратегиясында айқындалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің негізінде даму жоспарлары әзірленеді.
Қордың ұйымдары үшін активтердің оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету ұсынылады. Холдингтік компанияда негізгі компания акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Қалған ұйымдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құру ұсынылады. Акционерлік қоғам нысанында құрылып қойған ұйымдарды экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерді және Қор тобы мүдделерінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанына қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Жаңа ұйымдарды құру кезінде ең қолайлы ұйымдық-құқықтық нысан жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жаңа ұйымдарды акционерлік қоғам нысанында құруға ұйымның акцияларын кейіннен қор нарығында сатудың жоспарланатыны сияқты ерекше жағдайларда жол беріледі.
Ұйымды жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құру кезінде қатысушылар қадағалау кеңестерін құрудың қажеттілігі және құрылатын ұйымның ауқымына және қызметінің ерекшелігіне қарай оның құрамына тәуелсіз мүшелерді сайлаудың орындылығы туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
Ұйымдардың жаңа активтерін сатып алу және/немесе олардың акцияларын сату жағдайында, акциялардың (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін сақтап қалу ұсынылады. Бұл ретте, берілген инвестициялаудың берілген шегі бар портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру негізгі қызметі болып табылатын ұйымдар үшін акциялардың (қатысу үлестерінің) миноритарлық пакеттерін сатып алуға және акциялардың (қатысу үлестерінің) бүкіл пакетін сатуға жол беріледі.
3. Үкімет «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қордың жарғысында көзделген Қордың жалғыз акционерінің және Қордың Директорлар кеңесіндегі өкілдіктің өкілеттіктерін іске асыру арқылы ғана Қорды және ұйымдарды басқаруға қатысады. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары және мәселелері Өзара іс-қимыл туралы келісімде регламенттелген. Акционер ретіндегі Үкіметке қатысты осы Кодекстің «Акционерлердің (қатысушылардың) құқықтары және акционерлерге (қатысушыларға) әділ қарым-қатынас» деген 4-тарауының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігіндегі қағидаттары қолданылады.
4. Елді тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету және ықтимал қолайсыз сыртқы факторлардың әсерінен қорғау мақсатында Қорды басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын ҚБК отырыстарында қаралады. ҚБК өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы ҚБҚ төрағасы болып табылады. ҚБҚ құрамы және оның ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
ҚБҚ Қор және ұйымдар қызметінің мәселелерін тыңдайды және ҚБҚ туралы ережеге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау;
3) Қазақстан экономикасын әртараптандыру және жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасына Қордың қатысуы жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
4) Қор өз қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
5. Үкімет Қорға және ұйымдарға толық операциялық дербестік береді және заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкіметтің және мемлекеттік органдардың тарапынан Қордың және ұйымдардың жедел (ағымдағы) және инвестициялық қызметіне араласуға жол бермейді.
Қордың басқармасы, Қор басқармасының төрағасы, ұйымдардың органдары өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдау және кез келген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде толық дербес және тәуелсіз.
Мемлекеттік органдардың тарапынан ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген араласу болған жағдайда, ұйымдар Қорды осындай мән-жай туралы дереу хабардар етуге тиіс.
Қор осындай ақпаратты қажет болған кезде осындай жағдайларға жол бермеу жөніндегі ұсыныстарды жалғыз акционер ретіндегі Үкіметтің қарауына шығаратын Директорлар кеңесінің назарына жеткізіп отырады.
Қордың және/немесе ұйымдардың қызметі қозғалатын мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың, іс-шаралар жоспарларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларында нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және/немесе өзге де ережелер белгіленген жағдайда, онда осындай жобаларды әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде көзделген мерзімде Үкіметке енгізу кезінде жобаға қоса берілетін Қордың жазбаша ұстанымын алу үшін жолдайды.
Үкімет (Премьер-Министр) немесе мемлекеттік органдар Қордың және/немесе ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелерді қарау жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарды немесе жұмыс топтарын құруы кезінде Қордың және/немесе ұйымдардың өкілдері Қормен келісім бойынша жұмыс тобының құрамына енгізіледі.
6. Үкімет пен Қордың, ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар (өзара іс-қимыл) тиісті корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі арқылы жүзеге асырылады. Қордың Директорлар кеңесі төрағасының және басқарма төрағасының рөлі мен функцияларының аражігі айқын ажыратылған және Қордың құжаттарында бекітілген.
Қордың Директорлар кеңесінің құрамы және құзыреті «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Директорлар кеңесінің құрамы Үкімет мүшелерінің, Қор басқармасы төрағасының, тәуелсіз директорлардың және өзге де тұлғалардың қатарынан қалыптастырылады. Қордың Директорлар кеңесінің сандық құрамы Қордың жарғысында айқындалады, бұл ретте тәуелсіз директорлардың саны Директорлар кеңесі сандық құрамының бестен екісінен кем болмауға тиіс. Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты осы Кодекстің «Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі» деген 5-бөлімінің «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қордың жарғысына қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптары қабылданады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қордың Директорлар кеңесінің мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелері Директорлар кеңесіндегі және оның комитеттеріндегі мүшелігі үшін жеке сыйақы алмайды.
Үкімет мүшелері және өзге де мемлекеттік қызметшілер (мемлекеттік органдардың өкілдері) ұйымдардың Директорлар кеңестерінің құрамдарына кірмейді.
Қордың Директорлар кеңесін акционер ретінде Үкімет сайлайды. ұйымдардың Директорлар кеңестерін ұйым акционерлерінің (жалғыз акционер) жалпы жиналысы сайлайды.
Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы бір мезгілде басқарма төрағасы бола алмайды.
Директорлар кеңесі Қордың жарғысына сәйкес өз құзыретінің шегінде Қорға және ұйымдарға қатысы бар мәселелерді қарайды, сондай-ақ жалғыз акционер ретіндегі Үкімет құзыретінің барлық мәселелерін алдын ала қарайды.
7. Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қордың жарғысына, Өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес акционер ретіндегі Үкіметке және Қордың Директорлар кеңесіне Қордың қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ашады және Қор мен ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Үкімет ұйымдарды олардың қызметі мәселелері бойынша олардың өкілдерін Қордың Директорлар кеңесіне шақыру арқылы ғана тыңдай алады.
Қор басқармасы кемінде тоқсанына бір рет Директорлар кеңесінің қарауына Қордың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қорға тиесілі ұйымдармен шоғырландырылған қызмет нәтижелерін шығару жолымен есеп береді. Қордың Директорлар кеңесіне берілетін ақпараттың тізбесі Өзара іс-қимыл туралы келісіммен, «Қордың Директорлар кеңесі туралы» ережемен, Қордың ішкі құжаттарымен, сондай-ақ Қордың Директорлар кеңесінің шешімдерімен регламенттеледі.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және/немесе мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет ресурсына орналастыру қағидаларында, Үкімет бекітетін есептіліктің тізбесінде, нысандарында және орналастыру кезеңділігінде тікелей көзделген жағдайда, Қор есептілікті мемлекеттік органдарға ұсынады.
8. Қордың немесе ұйымның инвестициялық қызметі Қордың немесе ұйымның стратегиясына сәйкес нарықтық қағидаттарда жүзеге асырылады және құнның өсуіне және активтердің оңтайлы құрылымына бағытталады.
Жалғыз акционер ретіндегі Үкіметтің пайдасына таза кірісті бөлу нысандандырылған және ашық дивидендтік саясат негізінде дивидендтер нысанында жүзеге асырылады.
Қордың немесе ұйымдардың рентабельділігі төмен және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруы жағдайлары Қордың немесе ұйымның жылдық есебінде осындай жобаларды қаржыландыру көздері көрсетіле отырып ашылуға тиіс.
Қордың және ұйымдардың инвестициялық қызметі даму стратегиясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуға және активтердің құнын және оңтайлы құрылымын арттыруға бағытталуға тиіс. Инвестициялық қызметке ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері Қордың инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін ішкі құжаттарында айқындалады.
9. Қордың Директорлар кеңесі, Қордың басқармасы, Қордың Директорлар кеңесінің комитеттері, Қордың корпоративтік хатшысы және ІАҚ өз қызметін «Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі» деген 5-тараудың және «Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит» деген 6-тараудың «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігіндегі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
10. Мәселелерді неғұрлым тереңірек және сапалы пысықтау үшін, Қордың Директорлар кеңесінің жанынан: аудит, тағайындау және сыйақы комитеттері, мамандандырылған комитет құрылады. Өзге комитеттер Қордың Директорлар кеңесінің қалауы бойынша құрылуы мүмкін.
Қордың Директорлар кеңесі комитеттер құру туралы шешім қабылдайды, олардың дербес және сандық құрамын, төрағаларын, өкілеттілік мерзімін, сондай-ақ функциялары мен жұмыс тәртібін айқындайды.
Комитеттердің құрамына Қордың Директорлар кеңесінің мүшелері және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар кіреді.
Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшы тартқан жағдайда, осы тұлғаның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшы тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі жыл сайын қызметінің тиімділігі және тәуелсіздігі мәніне қаралуға тиіс. Қордың Мамандандырылған комитеті Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі - дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың оларға бөлінген республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатын қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыретіне жатады.
Қордың Директорлар кеңесінің қалған комитеттерінің құрамдарындағы көпшілікті тәуелсіз директорлар құрайды.
Мамандандырылған комитет өз жұмысын Қордың Директорлар кеңесі бекіткен, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қордың Жарғысына сәйкес әзірленген ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мамандандырылған комитеттің құрамын, өкілеттілік мерзімін айқындау, оның Төрағасын және мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Қордың Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады. Мамандандырылған комитеттің төрағасы Қордың Директорлар кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады. Қор басқармасының төрағасы Комитеттің төрағасы бола алмайды. Қордың Мамандандырылған комитетіне мынадай функциялар беріледі:
1) Есеп комитетінің Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізу туралы ұсынысын қарайды, кейіннен мәселелерді белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне береді;
2) Қор тобына кіретін ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін зерттейді және оған кешенді баға береді;
3) таңдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Есеп комитетіне береді.
11. Қорда корпоративтік хатшы тағайындалады. Директорлар кеңесі корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешім қабылдайды, оның өкілеттілік мерзімін, функциялары мен қызмет тәртібін айқындайды. Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері Директорлар кеңесінің, жалғыз акционердің тарапынан корпоративтік шешімдердің уақтылы және сапалы қабылдануына жәрдем көрсетуді, Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің барлық мәселелері және осы Кодекстің ережелерін қолдану бойынша кеңесші рөлін орындауды, сондай-ақ осы Кодекстің іске асырылуының мониторингін және Қор мен ұйымдардағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге қатысуды қамтиды.
12. Қорда ІАҚ құрылады. Қордың Директорлар кеңесі сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін айқындайды, оның басшысын тағайындайды, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады, оның жұмыс тәртібін, ІАҚ қызметкерлеріне жалақының және сыйақының мөлшерін және төлеу шарттарын, сондай-ақ ІАҚ бюджетін белгілейді.
ІАҚ тікелей Қордың Директорлар кеңесіне бағынады және Қордың атқарушы органынан тәуелсіз болып табылады.
ІАҚ негізгі міндеттері Қордың ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасын бағалауды және осы жүйенің жеткіліктілігі мен тиімділігі туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің назарына жеткізуді қамтиды. ІАҚ-тың негізгі міндеті Қор қызметінің нәтижелерін жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.
13. Қорда басқарма нысанында алқалы атқарушы орган құрылады. Басқарма Директорлар кеңесіне есеп береді және өз қызметін Қордың жарғысында белгіленген құзыреттердің шегінде орындайды. Қордың Директорлар кеңесі жалғыз акдионердің және Қордың Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды қоса алғанда, Қор басқармасы қызметінің тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.
Үкімет акционер ретінде Қор басқармасының төрағасын лауазымға тағайындайды және мерзімінен бұрын босатады. Қор басқармасының мүшелерін Қордың Директорлар кеңесі сайлайды. Қор басқармасының құрамына сайлануға үміткерлер бойынша ұсыныстарды Қордың Директорлар кеңесінің қарауына Қор басқармасының төрағасы енгізеді.
14. Қор және ұйымдар жоғары этикалық стандарттарды ұстануға және осы стандарттарды барлық қызметкерлердің және Қор мен ұйымдар әріптестерінің тұрақты қолдануын қамтамасыз етуге арналған қажетті рәсімдерді енгізуге тиіс.
Болжанатын бұзушылықтар туралы хабарламалар тікелей ІАҚ немесе Қордың немесе ұйымның Директорлар кеңесіне жолдануға тиіс. Атқарушы орган және қауіпсіздік қызметін қоса алғанда, оның барлық құрылымдық бөлімшелері болжанатын бұзушылықтар туралы хабарламаларды ІАҚ немесе Директорлар кеңесіне беруге кедергі келтірмеуге тиіс.
Қор іскерлік этика, омбудсмен қызметінің стандарттарын, болжанатын бұзушылықтар туралы хабарламаның тиімді жүйесін әзірлейді. Қордың және ұйымдардың Директорлар кеңесі осы стандарттарды енгізуді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қордың және ұйымдардың барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері іскерлік этика кодексімен танысу туралы өтінішке қол қоюға және Кодекс туралы өз білімін тұрақты түрде растап отыруға тиіс. Қорда және ұйымдарда іскерлік этика кодексін, омбудсменнің рөлін түсінуге және болжанатын бұзушылықтар туралы хабарлама жүйесінің қолжетімділігіне бағытталған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді оқыту тұрақты негізде жүргізілуге тиіс.
15. Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және Қор мен ұйымдарда туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында омбудсмен тағайындалады.
Омбудсмен лауазымына үміткерде мінсіз іскерлік қадір-қасиет, жоғары бедел болуға және ол әділетті шешімдер қабылдау қабілетіне ие болуға тиіс.
Омбудсмен Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және әрбір екі жыл сайын қайта сайлануға тиіс. Омбудсменнің рөлі өзіне жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына, қақтығыстарға қатысушыларға консультация беру және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының сақталуын (оның ішінде қажет болған кезде құпиялылықтың сақталуын) ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешім әзірлеуге жәрдем көрсетуден, қызметкерлердің де, Қордың және ұйымның да проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қор және ұйымдар қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсетуден тұрады.
Омбудсмен өзі анықтаған жүйелі сипатты иеленетін және тиісті шешімдер (кешенді шараларды) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдардың және Қор және/немесе ұйымдардың лауазымды тұлғаларының қарауына шығарады, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар береді.
Омбудсмен жылына кемінде бір рет өзінің қызмет нәтижелерін бағалайтын Қордың Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы комитетіне және Аудит комитетіне жүргізілген жұмысының нәтижелері туралы есеп береді.
Қордың Директорлар кеңесі омбудсмен қызметінің нәтижелерін бағалайды және омбудсмен лауазымына иеленетін тұлғаның өкілеттіктерін ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Омбудсменнің жұмыс атқару орны, еңбек жағдайлары Қор басқармасының шешімімен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |