АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2014 жылдың 24-25 қазан аралығында «Ғылым, білім және инновация - «Қазақстан – 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция мақсаты – білім мен ғылымның даму стратегиясын әлемдік одақтардың және жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау.
Конференция аясында төмендегі шараларды өткізу жоспарланып отыр:
Пленарлық мәжіліс «Ғылым, білім және инновация - «Қазақстан – 2050» стратегиясының маңызды факторлары»
Секциялар:
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалардың өзекті мәселелері: теориясы және практикасы.
Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелері, даму үрдісі, заманауи аспектілері.
Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері
Қазақстан жолы – 2050: ғылыми қамтымды экономика.
Заманауи жаратылыстану ғылымы: қазіргі күйін талдау және даму перспективалары.
6. Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар.
7. Мәдениет және өнер: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері.
Шақырылған қатысушылар:
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндама мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2014 жылдың 14 қазанына дейін.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр.
Баяндаманы және тіркеу үлгісін рәсімдеу ережелері 1,2,3 қосымшаларда келтірілген.
Ұйымдастыру жарнасы 4000 теңге. Жарна «конференция жұмысына қатысу үшін» деген белгімен университет есеп шотына аударылады немесе кассаға төленеді.
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ
РНН 531400011685
БИН – 990140003041
ИИК – KZ566010311000005234
КБЕ 16
БИК - HSBKKZKX,
ТРФ 319900 АО «Қазақстан Халық банкі», Талдықорған қ.
Конференцияға қатысуға байланысты шығындар (жол ақысы, үй-жай, тамақ) қатысушылардың өз тарапынан немесе жіберуші жақтан жүзеге асырылады.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 301 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі. Телефон: (8-7282) 22-17-79(вн:1172), факс: (8-7282) 22-21-22.
E-mail: zhgu.nauka@gmail.com, zhgu_nauka@mail.ru
Толық ақпаратты http://zhgu.edu.kz/сайтынан көре аласыздар.
Қосымша 1
Тіркелу үлгісі
Т.А.Ә. __________________________________________
Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ___________________________________________
Жұмыс орны: _________________________________________
Мекен-жайы: _________________________________________
Телефоны,факс, ___________________________________________
E-maіl: ___________________________________________
Баяндама тақырыбы _________________________________________
Секциясы: ___________________________________________
Автордың конференцияға келу
мүмкіндігі (бар/жоқ) ___________________________________________
Қонақ үйдің
қажеттілігі(...нен…дейін) ____________________________________________
Қосымша 2
Материалдарды рәсімдеу ережесі:
Баяндама мәтіні (5-7 бет) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,2см, оң және сол жағы 2,0см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25см) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы бас әріппен майлы бояумен жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда –ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады.
(Әдебиеттерге) Сілтемелер мақала ішінде төртбұрыш жақшалармен цитатадан кейін жазылады.
Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзекті жетістіктерімен тәжірибелік маңызы болуы тиіс. Баяндамалар төменде көрсетілген электрондық пошталарға жөнелтілуі тиіс. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасын электронды почта немесе факс арқылы ұсынылады. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.
Қосымша 3
Баяндаманы рәсімдеу үлгісі
1-жол ӘОЖ 541.124
2-жол АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
3-жол
4-жол Шатырбаева Г.А.
5-жол І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ
Bai@mail.ru
6-жол
Текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст [1].
Текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст [2].
Текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст [3].
ӘДЕБИЕТТЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |