«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің



жүктеу 0,66 Mb.
бет3/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Сатып алу тәсілдері
15. Өнім берушіні таңдау мынадай:

1) тендер өткізу:

ашық;

жабық;

екі кезеңді (ашық, жабық);

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) тауар биржалары арқылы;

4) бір көзден сатып алу;

5) электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын, оның ішінде жабық тендер тәсілімен сатып алуды қоспағанда, Қағидаларға 1-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алу Жүйеде өткізіледі.

Тапсырыс беруші Қор Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 113 шешімімен бекітілген Қордың Трансформациялау бағдарламасының іске асырылуын сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтерді осы Қағидаларға № 1 қосымша болып табылатын Консультациялық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне (бұдан әрі – Арнайы тәртіп) сәйкес Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

Холдингтің Жер қойнауын пайдаланушылары сатып алуды осы Қағидаларға № 2 қосымша болып табылатын Холдингтің Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде (бұдан әрі – Тәртіп) көзделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың ерекше талаптарын қолдана отырып, Қағидаларға сәйкес сатып алуды жүзеге асырады.

Білікті әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне енгізілген тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуды Тапсырыс берушілер, Тәртіпке сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын Холдингтің Жер қойнауын пайдаланушыларын қоспағанда, осы Қағидаларға № 3 қосымша болып табылатын Білікті әлеуетті өнім берушілердің арасында сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес, егер Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында қарастырылған сатып алу тәсілі анықталған болса, жүзеге асыруға міндетті. Егер Білікті әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер олар бойынша сатып алу санаттық стратегия әзірленіп, бекітілген сатып алу санатында болған жағдайда, Тапсырыс беруші Ерекше тәртіп нормаларын қолданбастан сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Пилоттық сатып алу санаттық стратегия әзірленіп, бекітілген сатып алу санатына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу осы Қағидаларға № 4 қосымша болып табылатын Пилоттық сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру үшін сатып алуды жүзеге асыру туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылады.

16. Егер:

1) әлеуетті өнім беруші не оның қосалқы мердігері (тең орындаушысы) Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Жалған кәсіпорындардың тізбесінде тұрса;

2) консорциумға кіретін заңды тұлға Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Жалған кәсіпорындардың тізбесінде тұрса, әлеуетті өнім берушінің өткізілетін сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.

Консультациялық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушілер «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы


16 қазандағы шешімімен (№ 114 хаттама) бекітілген Консультациялық қызметтерді тартқан кезде мүдделер қақтығын болдырмау жөніндегі саясатқа, Қор Басқармасының 2014 жылғы 28 қазандағы шешімімен (№ 48/14 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдар консультациялық қызметтер тартқан кезде мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі корпоративтік стандартқа сәйкес мүдделер қақтығысының болмауы туралы мәліметтер беруге міндетті. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің мүдделер қақтығысының жоқ екендігі туралы қате ақпарат және/немесе жалған мәліметтер бергенін анықтаған жағдайда, осы әлеуетті өнім беруші сатып алу процесіне қатыстырылмайды немесе Тапсырыс беруші сатып алу туралы шартты орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға және сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне осындай өнім беруші туралы мәліметтерді енгізу үшін Тапсырыс беруші Қордың Басқармасы айқындаған еншілес ұйымның атынан Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мұндай әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы мәліметтерді белгіленген тәртіппен жібереді.

17. Сатып алу тәсілін Тапсырыс беруші Қағидалардың негізінде дербес таңдайды. Сатып алу тәсілін анықтаған кезде Тапсырыс беруші Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдарынан (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар), Холдингке кіретін ұйымдардан, Холдингтің тауар өндірушілер тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарды өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуда басымдық беру қажеттілігін басшылыққа алуы тиіс.

Сатып алу тәсілі және сатып алу санатына енгізілген, олар бойынша пилоттық сатып алу санаттық стратегия әзірленіп, бекітілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша басымдық беру қажеттілігі пилоттық сатып алу санаттық стратегияны ескере отырып анықталады.



18. Тендер не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде:

1) біртекті емес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада не сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізу туралы хабарландыруда мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді біртектілік бойынша лоттарға бөлуге міндетті;

2) біртекті жұмыстарды, қызметтерді Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада не сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізу туралы хабарландыруда біртекті жұмыстарды, қызметтерді беру оларды орындау, көрсету орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті;

3) біртекті тауарларды Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада не сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізу туралы хабарландыруда біртекті тауарлардың түрлері және/немесе оларды беру орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

Осы тармақта белгіленген талаптар тендер тәсілімен кешенді жұмыстарды сатып алуға және жеке және шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аудиті бойынша қызметтерді орталықтандырылған сатып алуға қолданылмайды.

Тауарларды кешенді сатып алу туралы талап әлеуетті өнім берушілердің әр лот бойынша ҚҚС ескерілмеген бағасын көрсетілген лоттардың жиынтығына (кешенді сатып алу) біріктірілген барлық лоттарға өтінім беруі қажет екенін айқындайды. Бұл ретте, кешенді сатып алуға біріктірілген лоттар бойынша өтінімдерді бағалау ҚҚС ескерілмеген кешенді сатып алуға қосылған барлық лоттар бойынша баға ұсынысының барлық сомасы негізінде жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші:

1) егер осы талап пилоттық сатып алу санаттық стратегиясында көзделген;

2) орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тауарларды кешенді сатып алу туралы талап белгілеуге құқылы.



19. Тендерге қатысуға өтінімдерді, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға баға ұсыныстарын қарау, салыстыру және бағалау, сондай-ақ тендер жеңімпазын айқындау Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайларда, тендерлік құжаттамада, не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруда сатып алу көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

20. Холдингке кіретін ұйым өзіне және (немесе) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында өзіне тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйым/ұйымдар үшін олармен келісім бойынша сатып алуды ұйымдастырушы болуға немесе Холдингке кіретін ұйымды сатып алуды ұйымдастырушы ретінде анықтауға құқылы.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін Тапсырыс беруші дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Тапсырыс берушіге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымды сатып алуды ұйымдастырушы деп белгілеуге құқылы.

Тапсырыс беруші қызметінің бейіні Тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ерекшелігіне сәйкес келетін Холдингке кіретін ұйымды, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын өзге де тұлғаны сатып алуды ұйымдастырушы деп белгілеуге құқылы.

Тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны белгілеуі Қағидалардың 15-тармағының 1) - 2) және 4) тармақшаларында белгіленген тәсілдермен сатып алу жүргізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

Жүргізілетін сатып алу шарттары, сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің сипаттамасын, санын қамтитын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық ерекшелігін (болған кезде), тізбесін, шарттың жобасын сатып алуды ұйымдастырушы олар үшін сатып алынатын барлық ұйымдармен келісіледі.

Холдингке кіретін ұйымдар өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша сатып алуды ұйымдастырушы таңдап алған өнім берушімен шарттар жасасуға міндетті, не сатып алуды ұйымдастырушы Тапсырыс берушінің атынан таңдап алынған өнім берушілермен шарттар жасасады.

21. Орталықтандырылған сатып алуды өткізу кезінде:

1) Қор Холдингке кіретін ұйым үшін бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы;

2) Қор Холдингке кіретін барлық немесе бірнеше ұйымдар үшін Қор Басқармасының шешімі негізінде бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауға құқылы.

Орталықтандырылған сатып алуды өткізу рәсімдері Қор Басқармасы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Тендер өткізу тәсілімен сатып алу
Жалпы ережелер
22. Тендер өткізу тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өткізіледі.

23. Тендер тәсілімен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші құқыққа қабілетті (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық іс-әрекетке қабілетті (жеке тұлғалар үшін) болуы қажет.
Ашық тендер өткізу тәсілімен сатып алу
24. Ашық тендер тәсілімен сатып алу рәсімі мынадай дәйекті
іс-шараларды өткізуді көздейді:


1) ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу туралы шешім қабылдау, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту;

2) ашық тендер тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру және аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялау;

3) тендерлік құжаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру, әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы беру;

4) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясы хатшысының қабылдауы және тіркеуі;

5) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу бойынша тендер комиссиясының отырысы, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясының қарауы;

Осы тармақшаның талабы ашық тендерге қатысуға арналған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссияның қарауын қоспағанда, электрондық сатып алуға қолданылмайды.

6) ашық тендердің қорытындыларын шығару, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттама ресімдеу;

7) ашық тендердің қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру;

8) ашық тендердің қорытындылары туралы ақпаратты аптасына кемінде
3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялау;


9) ашық тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарттар жасасу.

Төмендетуге арналған сауда-саттықтарды қолдана отырып, ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу рәсімі Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.

Аптасына кемінде 3 (үш) рет кезеңділікпен шығатын, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ашық тендердің қорытындылары туралы хабарландыруды және ақпаратты жариялау бөлігінде Қағидалардың осы тармағының 2) және 8) тармақшаларында көзделген іс-шараларды өткізу электрондық сатып алуға қолданылмайды.
Тендерлік комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы)
25. Ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе олар уәкілеттік берген өзге тұлғаның бұйрығы түрінде ресімделеді.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін Тапсырыс беруші тендерлік құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құруға (сарапшыны тартуға) құқылы.

26. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның кемінде бес мүшесі кіруге тиіс. Тендерлік комиссияның мүшелері – төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның басқа да мүшелері. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын тендерлік комиссия төрағасының орынбасары орындайды.



Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары немесе өзге басшысы тендерлік комиссияның төрағасы болады.

Тендерлік комиссияның құрамына қадағалаушылар (дауыс беру және шешім қабылдау құқығынсыз) ретінде Қор Басқармасы анықтаған жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері енгізілуі тиіс.

Қоғамдық бірлестіктер және қауымдастықтар (одақтар) тендерлік комиссияның құрамына қосу үшін кандидатура туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен бермеген және (немесе) қоғамдық бірлестіктің және қауымдастықтың (одақтың) өкілі келмеген жағдайда, тендерлік комиссияның отырысы қоғамдық бірлестіктің және қауымдастықтың (одақтың) өкілінің қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.



27. Тендерлік комиссияның төрағасы:

1) тендерлік комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;

2) тендерлік комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

3) Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.



28. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және Қағидалардың 83-86-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін (егер тендер өткізілмеген жағдайда) не тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.

29. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің көпшілігі қатысқан кезде жүргізіледі және отырысқа қатысқан тендерлік комиссияның мүшелері және тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Тендерлік комиссия мүшелерінің қандай да бірі қатыспаған жағдайда, тендерлік комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.



Тендерлік комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы кворумға қол жеткізу мақсатында Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының шешімі негізінде тендерлік комиссияның қандай да бір қатыспаған мүшесінің орнын басқамен ауыстырады. Қатыса алмаған тендерлік комиссия хатшысын және (немесе) сарапшыны ауыстыруды Тапсырыс беруші міндетті тәртіппен жүргізеді.

30. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, ол қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендерлік комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

Тендерлік комиссияның қандай да бір құрамының мүдделер қақтығысы болған жағдайда, осы адам тендерлік комиссияның хатшысын бұл туралы хабарландырады, ол туралы ашық тендер қорытындылары туралы хаттамада жазба жасалады. Бұл ретте осы адам тендерлік комиссияның шешім қабылауына қатыспайды.

31. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

Тендерлік комиссияның хатшысы:

1) тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, тендерлік комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;

2) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;

3) тендерге қатысуға өтінімдерді ашқан сәттен бастап оларды Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға берген сәтке дейін ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.



32. Тапсырыс берушіде/сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге сарапшыларды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуға құқылы.

Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.



33. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.

34. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны тендерлік комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.

Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Сараптама қорытындысын қалыптастырған кезде сарапшы (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген объектілер орналасқан жерге барып, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық сипаттамасы туралы біршама толық ақпарат алуға құқылы.

35. Тапсырыс беруші анықтаған немесе Тапсырыс беруші үшін Сатып алуды ұйымдастырушы анықтаған жағдайда, ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе олар уәкілеттік берген өзге тұлғаның бұйрығы түрінде ресімделеді.

Бұл орайда, тендерлік Тапсырыс берушімен келісіледі. Тендерлік комиссияның құрамына Тапсырыс берушінің өкілі міндетті түрде енгізіледі.

36. Кез келген мүдделі тұлғаның конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырыстарына қатысуға құқығы бар. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік комиссияның отырыстарын аудио және бейнежазуға рұқсат етіледі.

Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғалардың тендерлік комиссияның конверттерді ашу жөніндегі отырысына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау