Тендерлік құжаттама
37. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер:
1) Тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасы және талап етілген функционалдық, техникалық, сапа және пайдалану сипаттамасы көрсетілген сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге техникалық ерекшелігі көрсетілуі қажет.
Бұл ретте, техникалық ерекшелігінде:
техникалық стандарттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының коммерциялық емес өндіруші ұйымдары бекіткен Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына нұсқау;
нормативтік техникалық құжаттамаға нұсқау (қажет болғанда);
жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы не қажетті бөлімі қамтылуы қажет (болған жағдайда).
Егер техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген техникалық шарттарға, стандарттарға және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сілтеме көрсетілген жағдайда, онда Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы осы құжаттарды тендерлік құжаттамаға енгізуге немесе әлеуетті өнім берушілердің сұрауы бойынша 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде оларды электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беруге тиіс.
Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінде дайындаған зауыттардың хаттары көшірмелерінің, техникалық паспорттарының, өнімнің сәйкестік сертификатының болуы туралы талабына жол берілмейді.
3) жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде оларды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тендер (лот) бойынша ҚҚС есептемегенде 75 миллион теңгеден асса, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада әр жылы бір шарт бойынша жиынтық көлемі кемінде 75 миллион теңгені құрайтын орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдап алу-беруді растайтын тиісті актілердің түпнұсқаларымен немесе нотариаттық куәландырылған көшірмелерімен расталған сатып алынатын біртекті жұмыстарды, қызметтерді немесе белгілі бір саланы соңғы 5 (бес) жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін біліктілік талаптарын белгілеуі мүмкін. Бұл ретте 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талапты белгілеуге жол берілмейді.
4) жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілерде Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың болуымен, оның ішінде дипломдардың, сертификаттардың, куәліктердің және мамандардың кәсіптік біліктілігін және олардың жұмыс тәжірибесін растайтын басқа да құжаттардың тиісті нотариалдық куәландырылған көшірмелерінің болуымен расталған сатып алу мәніне сәйкес келетін салада жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы туралы талаптар белгілеуі мүмкін. Бұл ретте мамандарда
5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.
5) Тапсырыс берушінің қауіпті өндірістік объектілерінде орындалуға тиіс жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге және олар жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін тартатын мамандарға Тапсырыс беруші белгілеген және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттардың және (немесе) құжаттардың талаптарына сәйкес арнайы талаптар белгіленеді.
6) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, қызметтердің көлемі;
7) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны және талабы;
8) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімі (кестесі), ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтерді көрсетудің сапасына кепілдік беру;
9) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы;
10) бағалаудың барлық өлшемдерінің сипаттамасы және бағаны шартты түрде төмендетуге немесе ұлғайтуға ықпал ететін тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін салыстыру;
11) әлеуетті өнім берушіні Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізу жағдайлары туралы ақпарат
12) баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар:
әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тасымалдауға және сақтандыруға шығыстар, кедендік баждарды, басқа да салықтарды, алымдарды төлеу, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету талаптарында көзделген өзге де шығыстарды қамтылған, ҚҚС есептемегенде, олардың бірлігіне баға, сондай-ақ жалпы бағасы көрсетілуі қажет;
әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы тендерлік құжаттамада белгіленген, Тапсырыс берушінің шарттарында ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жалпы/жиынтық бағасына жеңілдікті, сондай-ақ баламалы шарттар ескеріле отырып ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жалпы/жиынтық бағасына жеңілдікті қамтуы мүмкін.
Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушінің шарттарында тендерлік құжаттамада белгіленген жеңілдікті және (немесе) баламалы шарттар кезіндегі жеңілдікті ұсынған жағдайда, баға ұсынысы көрсетілген жеңілдіктер ескерілген жалпы/жиынтық бағаны қамтуға тиіс;
Ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асырған кезде баға ұсынысы осы тармақшада белгіленген тәртіппен жылдар бойынша бөлінген бағалар туралы ақпаратты қамтуға тиіс;
13) тиісті тендердің (лоттың) атауын және Қағидалардың осы тармағының 12) тармақшасында жазылған талаптарға сәйкес келетін атауды көрсете отырып, тендер (лот) бойынша бағаны төмендетуге бір қосымша баға ұсынысын беру мүмкіндігі туралы әлеуетті өнім берушінің құқығын көрсету. Бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысы тендерге қатысуға арналған барлық өтінімдердің мазмұны жарияланғаннан және тендер комиссиясы төрағасының тиісті хабарламасынан кейін болуы мүмкін.
Егер әлеуетті өнім берушінің бағасын төмендетуге арналған қосымша баға ұсынысы оның тендерге қатысуға арналған өтінімнің құрамында ұсынылған баға ұсынысынан жоғары болса, онда тендерлік комиссия осы қосымша баға ұсынысын ескермейді.
Осы тармақшаның талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды.
14) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы көрсетілетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баға ұсынысын бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамы;
15) әлеуетті өнім берушілер өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірге орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі (егер тендерлік құжаттамада жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушыларды) тартуға әлеуетті өнім берушінің құқығы көзделген жағдайда);
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірге орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірге орындауға) жиынтықта жұмыстардың (құрылыс құны), қызметтердің үштен екі бөлігінен көбін беруіне жол бермейді.
16) мүдделер қақтығысы туралы мәліметтердің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (консультациялық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған кезде);
17) тендерге қатысуға өтінімдер жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
18) тендерге қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері (егер тендерлік құжаттамада тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді көзделетін жағдайда).
Тендерге қатысуға арналған өтінімнің енгізілген қамтамасыз ету сомасының тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігінің есебі төлемді аудару, банк кепілдігін немесе Тапсырыс беруші белгілеген өзге де қамтамасыз етуді беру күнінде белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамына сәйкес анықталады.
19) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқау;
20) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және тендерге қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;
21) тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу талабы (егер тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу көзделген жағдайда), сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер;
22) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;
23) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, тендерге қатысуға өтінімдерді қарау, тендерге қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;
24) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі (сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын) (сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызынан аспайтын ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асыру кезінде) және оны енгізудің тәсілі (егер тендерлік құжаттамада сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді көзделетін жағдайда);
25) тендер тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын,
ҚҚС-ны есептемегенде, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер;
26) жариялануға жататын ақпаратты орналастыру жоспарланған веб-сайттың электрондық мекен-жайы;
27) тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі мен мерзімі;
28) тендер қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт жасасудың тәртібі;
29) әлеуетті өнім берушілердің өткізілген сатып алуға байланысты құқықтары бұзылған жағдайда, өтініш жасау үшін электрондық поштаның мекен-жайы және телефондардың нөмірлері қамтылуға тиіс.
Тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауына, патенттерге, пайдалы модельге, өнеркәсіп үлгілеріне, тауарды шығарған орынның атауына және өндірушінің атауына нұсқамалардың мазмұны, сондай-ақ жеке әлеуетті өнім берушіге не өндірушіге сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің қажеттілігін анықтайтын өзге сипаттамалар көрсетілмейді, мынадай сатып алу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда:
1) толық құрастыруға, жаңғыртуға, толық жарақтандыруға арналған, сондай-ақ одан арғы техникалық сүйемелдеуге, сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге, оның ішінде негізгі (орнатылған) жабдықтарды жоспарлы жөндеуге арналған тауарлар, жұмыстар және қызметтер;
2) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес тауарларды сатып алу.
Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін сатып алудың талаптары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
38. Тендерлік құжаттамада тендерге қатысуға тек:
1) Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарды өндірушілер;
2) Холдингтің мүгедектер ұйымының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімінде тұрған, сатып алынатын тауарды шығаратын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) мүгедектер ұйымы жіберілетіні көзделуі мүмкін.
39. Тендерлік құжаттамада бағаны шартты түрде төмендетуге ықпал ететін тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалау мен салыстырудың мынадай міндетті өлшемдері көзделеді:
1) әлеуетті өнім беруші Холдингтің Адал өнім берушілер тізбесіне сәйкес адал өнім беруші болып табылады (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету);
2) әлеуетті өнім беруші Холдингтің тауар өндірушілерінің тізіліміне сәйкес сатып алынатын тауардың өндіруші болып табылады (бағаны 5%-ға шартты түрде төмендету);
3) әлеуетті өнім берушіде берілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтердің қабылдау – берілуін растайтын зат құжаттарының, тиісті актілерінің тиісті түпнұсқасымен немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерімен расталған соңғы 5 жыл ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің бір текті нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы (жұмыс тәжірибесінің 3 жылы үшін бағаның 1,5%-ға және әрбір 1 жылғы жұмыс үшін 0,5%-ға, бірақ 2,5%-дан аспайтын шартты түрде төмендету);
Тендерлік құжаттамада Қағидалардың 37-тармағы 3) тармақшасында көзделген талаптар болған жағдайда бұл өлшем қолданылмайды.
4) өткізілетін сатып алудың тиісті мәніне мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесі сертификатының нотариалдық куәландырылған көшірмесімен немесе сертификатты берген ұйым куәландырған көшірмемен расталған менеджменттің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) әлеуетті өнім берушіде болуы (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету);
Әлеуетті өнім беруші бағаны шартты түрде төмендетуге әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, тендер комиссиясы осындай әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдікті қолданбайды, бұл ретте бағаны шартты түрде төмендетуге әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбау осындай өтінімді қабылдамаудың негіздемесі болып табылмайды.
Консорциум тендеріне әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға арналған өтінімдерін бағаны шартты түрде төмендетуге әсер ететін міндетті баға өлшемдері мен салыстырулар қатысқан жағдайда тендер комиссиясы консорциумға қатысушылардың консорциялық келісімімен анықталған оның басты қатысушысына ғана қолданады.
40. Тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
1) тендерге қатысуға өзінің өтінімін өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің;
2) оны тендердің жеңімпазы деп таныған жағдайда, тендердің қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде Тапсырыс берушімен шартты жасасатындығының және егер сатып алу шарттарында осындай қамтамасыз ету көзделген жағдайда авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және (немесе) сатып алу туралы қамтамасыз етуді енгізетіндігін кепілі ретінде банк кепілдігі түрінде немесе тапсырыс беруші анықтаған өзге де түрде енгізуі көзделуі мүмкін.
Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада анықталған, бірақ Тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасында осы тауарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көрсетілген сомадан 1 (бір) пайыздан аспайтын мөлшерде енгізіледі. Тиынмен есептелген, тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кес сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерге қатысуға өтінімнің қолданылатын мерзімінен кем болмауы қажет. Бұл ретте тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің өтуі тендерге қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен басталады.
Электрондық сатып алуды жүзеге асырған кезде тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес электрондық банктік кепілдік түрінде көрсетілуі мүмкін.
41. Әлеуетті өнім беруші енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге мынадай:
1) өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін тендерге қатысуға өз өтінімдерін осы әлеуетті өнім беруші қайтарып алуы;
2) тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге және салыстыру мен бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;
3) сатып алу туралы шарт күшіне енген және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тендердің жеңімпазын енгізу;
4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайда анықталған салыстыру мен бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші авансты (алдын ала төлемді) қайтару және (немесе) тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету күнінен бастап қайтарылады.
42. Әлеуетті өнім беруші енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) тендердің жеңімпазы деп белгіленген әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған;
3) тендердің жеңімпазы сатып алу туралы шартты жасасып, авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) сатып алу туралы шартты орындау туралы тендерлік құжаттамада белгіленген талапты орындамаған не уақытылы орындамаған;
4) Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайда анықталған салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе сатып алу туралы шарт жасасып, авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) сатып алу туралы шартты орындау туралы тендерлік құжаттамада белгіленген талапты орындамаған не уақытылы орындамаған жағдайлардың бірі болған кезде қайтарылмайды.
Осы тармақтың ережесі:
- әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімнен бас тартқан және/немесе әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді ашқан күннен бастап сатып алу туралы шарттарға қол қойған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валюта бағамының біршама түсуіне байланысты сатып алу туралы шарт (ұзақ мерзімді шарт) жасасудан бас тартқан;
- авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізуден және (немесе) сатып алу туралы шартқа қол қойған күннен бастап авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету енгізілген күнге және (немесе) шартта көзделген сатып алу туралы шартты орындағанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валюта бағамының біршама түсуіне байланысты сатып алу туралы шартты орындаудан бас тартқан жағдайларда қолданылмайды.
43. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:
1) Холдингке кіретін ұйымдар;
2) Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалардың) тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдары (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар);
3) білікті әлеуетті өнім берушілер енгізбейді.
Қағидалардың осы тармағының ережелері консорциумдарға қолданылмайды.
Ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
44. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу мақсатында тендерлік құжаттама бекітілетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына тендерлік құжаттаманың жобасын орналастыруға міндетті.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертпелер, сондай-ақ тендерлік құжаттама жобасының ережелерін түсіндіру туралы сұраулар тендерлік құжаттаманың жобасын орналастырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуі мүмкін.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертпелер болмаған жағдайда Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың осы тармағының екінші абзацында қарастырылған мерзім өткен соң тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Ескертпелер болған жағдайда, Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тендерлік құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) қабылдамау себептеріне негіздемелерді көрсете отырып, тендерлік құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамайды;
3) тендерлік құжаттама жобасының ережелеріне түсіндірме береді.
Көрсетілген шешімдерді қабылдаған күннен бастап Тапсырыс беру немесе сатып алуды ұйымдастыру тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақта көрсетілген шешімдердің бірін қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыруға міндетті.
Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында тендерлік құжаттаманың жобасына түскен ескертпелер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуы қажет.
Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша Тапсырыс берушінің шешіміне Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен шағымдануға болады.
Осы тармақтың талаптары мыналарға қолданылмайды:
1) мәліметі Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған, таратылуы шектеулі қызметтік ақпараты бар сатып алуға;
2) жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін, онда техникалық ерекшеліктің орнына тендерлік құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама болатын жұмыстарды сатып алуға.
Электрондық сатып алуды өткізу кезінде Қағидалардың осы тармағында қарастырылған тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімдері Жүйеде жүзеге асырылады.
Тендерлік құжаттама бекітілгеннен кейін Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ашық тендерге қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын:
1) ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялауға;
2) ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген тендерлік құжаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыруға міндетті.
Мерзім уақыты аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялаған күннен бастап басталады.
45. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) Тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекенжайы;
2) сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;
3) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі (Тапсырыс беруші/ сатып алуды ұйымдастырушы осы ақпараттың тендерлік құжаттамада қамтылғанын көрсетуге құқылы);
4) тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
5) тендерге қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны. Бұл ретте тендерге қатысу және конверттерді ашуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі арасындағы уақытша аралық 30 (отыз) минуттан астамды құрамауы тиіс.
Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда бар мәліметтер тендерлік құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі қажет.
Тендерлік құжаттаманы табыс ету
46. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы (бұдан әрі – тендерлік құжаттаманың көшірмесі) әлеуетті өнім берушілерге қағаз тасығышта, сондай-ақ электронды түрде де аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жарияланған күннен бастап табыс етеді. Тендерлік құжаттаманың электронды нұсқасы тегін беріледі.
Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы төлем тендерлік құжаттамада көзделген жағдайда, олар құнын төлегеннен кейін әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманың тендерлік құжаттаманың көшірмесін беру туралы өтініш жасаған күні тендерлік құжаттаманың көшірмесін табыс етуге міндетті.
47. Ашық тендерді өткізу туралы хабарландырудың мәтінін аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жарияланғанға дейін тендерлік құжаттаманы табыс етуге болмайды.
Ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдердің
мазмұны, ресімдеу және беру
48. Ашық тендерге қатысуға арналған өтінім тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.
49. Ашық тендерге қатысуға арналған өтінім:
1) әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған ашық тендерге қатысуға өтінімді;
2) лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесін не лицензиялаудың электронды жүйесін пайдаланатын, лицензия берген мемлекеттік органның ресми интернет көзінде (веб-сайт) сілтемені қамтитын әлеуетті өтінім берушінің өтінішін (егер тендердің талаптарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет болжанған жағдайда);
3) әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын);
4) (Қордың Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 маусымдағы № 140 шешіміне сәйкес алынып тасталды);
5) Қағидалардың 37-тармағының 3) - 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды (егер тендерлік құжаттамада осындай талаптар көзделген жағдайда);
5-1) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы, не ол өкілеттік берген тұлға қол қойған жұмыстарды орындау үшін қажетті отандық тауарларды сатып алу туралы әлеуетті өнім берушінің кепілді міндеттемесін, егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында шығарылса;
6) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі (қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылардың), жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі тендерлік құжаттамада белгіленген аспауы тиіс қосалқы мердігерге берілетін жұмыстар мен қызметтердің көлемі мен түрі (тендерлік құжаттамада қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) жұмыстарды орындау не көрсетілетін қызметтерге тартуға әлеуетті өнім берушінің құқығы көзделген жағдайда);
7) лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін не егер әлеуетті өнім беруші міндетті лицензиялауға жататын қызмет деп болжанатын тендерге қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда қосалқы мердігер орындайтын жұмыстарға (бірлесіп орындаушы көрсететін қызметтерге) лицензиялаудың электронды жүйесін пайдаланатын, лицензия берген мемлекеттік органның ресми интернет көзінде (веб-сайтында) сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтінішін;
8) тендерлік құжаттамада жазылған енгізу талабына,мазмұны мен түріне сәйкес келетін ашық тендерге қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын, бұл ретте ашық тендерге қатысуға өтінімнің қамтамасыз ету сомасы тендерлік құжаттама белгіленген мөлшерден төмен болмауы тиіс (егер тендерлік құжаттамада ашық тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда).
Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерге қатысуға өтінімнің қолданылатын мерзімінен кем болмауы қажет.
9) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін (консорциумға қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ консорциумға кіретін әрбір заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының консорциумы туралы келісімге қол қою құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі);
10) Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген бағалау және салыстыру өлшемдерінің өтініміне қолданылуын растайтын құжаттарды (егер әлеуетті өнім беруші бағаның шартты төмендеуіне әсер ететін өлшемдерді қолдануға талаптанған жағдайда).
Бұл ретте бағаның шартты төмендеуіне әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбау осындай өтінімнен бас тарту үшін негіз болып табылмайды;
11) нысаны мен мазмұны Қағидалардың 37-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс әлеуетті өнім беруші қол қойған және әлеуетті өнім берушінің мөрімен расталған (жеке тұлға үшін, егер мөрі бар болса) баға ұсынысты және бағаны төмендетуге арналған қосымша баға ұсынысты (бар болған жағдайда).
Осы тармақшаның қосымша баға ұсынысын көрсету бөлігіндегі талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды;
12) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен белгіленген нысан бойынша тіркеуші органмен берілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті немесе анықтаманы не электронды тіркеу жүйесін пайдаланған, анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет дереккөзіне (www.e.gov.kz) сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтінішін, заңды тұлғаны құрмастан жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне (Хабарлама берген субъектілер тізіліміне) сілтемесі бар Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесін немесе заңды тұлғаларды (консорциум) уақытша біріктіру үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін – консорциум туралы келісімнің нотариалды куәландырылған көшірмесін және консорциум қатысушыларының мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
13) құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжат: үлгі жарғының негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесін (консорциумға қатысқан жағдайда консорциумға кірген әр заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), конверттерді ашқан күнге дейін
30 (отыз) күнтізбелік күннен бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірменің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
14) әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, түрі, көлемі және тәсілімен келісу туралы мәліметтерді (егер тендерлік құжаттамада сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда);
15) тендерлік құжаттамада белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келетін мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді (консультациялық қызметтерді сатып алу бойынша тендерге қатысқан кезде);
16) Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне әлеуетті өнім берушіні енгізу талаптарымен әлеуетті өнім берушіні таныстыру туралы мәліметтерді;
17) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз әлеуетті өнім беруші атынан қатысуға құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, тендерге қатысуға арналған өтінімде қамтылған өтінімдер мен құжаттарға қол қою құқығына, бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысын беру құқығына әлеуетті өнім берушінің мүддесін ұсынатын тұлғаларға берілген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін қамтуы тиіс.
Ашық тендерге қатысуға өтінім тендерлік құжаттамада баяндалған тендерге қатысуға өтінімдер жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдердің қолданылу мерзіміне сәйкес немесе тендерлік құжаттамада белгіленген мерзімнен кем болуы тиіс.
Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды өткізу кезінде Қағидалардың 38-тармағындағы талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға рұқсат етіледі. Әлеуетті өнім берушілердің Қағидалардың 38-тармағындағы талаптарға сәйкестігі Қордың веб-сайтында жарияланған тиісті Тізілімдерде орналастырылған ақпараттың негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасының резидент емес әлеуетті өнім берушісі Қазақстан Республикасының резиденті сияқты Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттарды не ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
Электрондық сатып алуды жүзеге асырған кезде Қағидалардың осы тармағының 2), 4), 5), 7), 9), 10), 12), 13), 16) тармақшаларында көзделген құжаттар Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген тәртіппен ұсынылады.
Электрондық сатып алуды өткізу кезінде Қағидалардың осы тармағының 9), 12) және 13) тармақшаларында қарастырылған құжаттар мен ақпарат әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімінің құрамына Жүйеден енгізіледі. Осы талап консорциумға қолданылмайды.
50. Ашық тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін мөр басылып жабылған конвертте береді, ол тігілуі, беттері не парақтары нөмірленген болуы қажет, соңғы беті не парағы Қағидалардың 58-тармағының
1) тармақшасында белгіленген тәртіппен конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысында берілген бағаны төмендетуге қосымша бағалы ұсынысты қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөртабанымен (жеке тұлғалар үшін – егер бұлар болса) расталады.
Ашық тендерге қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, нөмірленген беттері не парақтары бар, соңғы беті не парағы әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер ондай болса) куәландырылған) және ашық тендерге қатысуға қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек салынады.
Тендерге қатысуға өтінім салынған мөр басылып жабылған конверттің бет жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды:
әлеуетті өнім берушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
тендерлік құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келетін Тапсырыс берушінің толық атауын және пошта мекенжайын;
әлеуетті өнім беруші қатысу үшін тендерге қатысуға өтінім беретін тендердің (лоттың) атауын көрсетуге тиіс.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген, сондай-ақ тендерлік құжаттамада белгіленген ресімдеу тәртібін бұза отырып ұсынылған ашық тендерге қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Осы тармақтың талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды.
51. Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді тапсырыс беруші ашық тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерге қатысуға өтінімдерді оларды қабылдаған сәттен бастап және оларды Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға берген сәтке дейінгі кезеңде сақтағаны үшін жауапкершілік алады. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы осыған арнайы өкілеттіктері жоқ тұлғалардың тендерге қатысуға өтінімдеріне қолжетімділік мүмкіндігін жою мақсатында хатшыны оларды сақтау үшін қажетті жағдайлармен (орын-жай, хатшының қолжетімділік құқығы және мүмкіндігі бар сейф) қамтамасыз етуі тиіс.
52. Әлеуетті өнім беруші ашық тендерге қатысуға өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей:
ашық тендерге қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
ашық тендерге қатысуға өтінімді ол енгізген қамтамасыз етуге құқығын жоғалтпай ашық тендерге қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алуға құқылы.
Ашық тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ашық тендерге қатысуға өтінімді қайтарып алуға жол берілмейді.
53. Әлеуетті өнім беруші ашық тендер тәсілімен сатып алуға оның қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы (тендерлік комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы) ашық тендер тәсілімен сатып алу қорытындыларына қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерге жауапты болмайды.
Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
54. Тендерлік комиссия ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді тендерлік құжаттамада көрсетілген күні, уақытта және орында ашады.
Тендерлік комиссия ашық тендерге қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде ашық тендерге қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
55. Тендерлік комиссияның отырысы басталғанға дейін тендерлік комиссияның хатшысы ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.
56. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада және тендерлік құжаттамада белгіленген мерзімде берілген ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
57. Егер тендерге (лотқа) ашық тендерге (лотқа) қатысуға 1 ғана өтінім ұсынылған жағдайда да ашық тендерге қатысуға өтінім ашылады және тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі қарастырылады.
58. Конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы мынадай тізбектілікте өтеді:
1) тендерлік комиссияның төрағасы немесе төраға анықтаған адам:
қатысушыларды:
тендерлік комиссияның құрамы, тендерлік комиссияның хатшысы;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізу;
тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің, сондай-ақ себептерінің болуы немесе болмауы;
ашық тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған, оның ішінде Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген бағалау мен салыстыру өлшемдерінің өтінімде қолданылуын растайтын құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын, сондай-ақ баға ұсыныстарында әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген бағаны және жеңілдікті (болған кезде) жария етеді;
тендерге қатысуға арналған барлық өтінімдердің мазмұндарын жариялағаннан кейін әлеуетті өнім берушілерден не тендер (лот) бойынша бағаны және жұмысқа немесе қызметке жергілікті қамту үлесі бойынша кепілдікті міндеттемелерді төмендетуге қосымша бағалы ұсыныстың бар екендігі туралы өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатысқан олардың уәкілетті өкілдерінен сұратады.
Бағаны төмендетуге қосымша баға ұсыныстарын қабылдауға арналған уақыт төмендетуге қосымша баға ұсыныстарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәттен бастап тендер (лот) бойынша кемінде 10 (он) минутты құрауы тиіс.
2) баға ұсыныстарында және бағаны төмендетуге қосымша баға ұсыныстарында (болған кезде) әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген баға және жеңілдіктер жарияланғаннан кейін тиісті баға ұсыныстарына қол қоя отырып, өзге әлеуетті өнім берушілер мәлімделген бағалармен және жеңілдіктермен әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің танысуға құқығы бар;
3) тендерлік комиссияның хатшысы:
ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін тендерлік комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
тендерлік комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымның немесе қарсылықтың болуы туралы әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінен сұрайды.
59. Тендерлік комиссияның мүшелері, бақылаушылар (олар қатысқан жағдайда) және оның хатшысы Ашық тендерге қатысуға өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасына қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
60. Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің сұрау салуы бойынша сұрау түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.
61. Тендерлік комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс беруші және сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін өзінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа жариялайды.
62. Өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысының хаттамасында мынадай мәліметтер қамтылуы қажет:
1) отырысты өткізу күні, уақыты және орны;
2) тендерлік комиссияның құрамы;
3) өтінім беру күні мен уақыты көрсетілген белгіленген мерзімде өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, іс жүзіндегі мекенжайы;
4) өтінімдердің мазмұны, Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген бағалау мен салыстыру өлшемдерінің өтінімде қолданылуын растайтын құжаттар, баға ұсыныстарында және бағаны төмендетуге (болған кезде) қосымша баға ұсыныстарда әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат;
5) өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өтінім беруі нәтижесінде қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, іс жүзіндегі мекенжайы;
6) конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысының барысында өтініш берген әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің тендерлік комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсы шағымдары немесе қарсылықтары.
Тендерге қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді.
63. Электрондық сатып алуды жүзеге асырған кезде осы Қағидалардың
54-61-тармақтарында көзделген рәсімдер жүзеге асырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |