«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің


Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қарау және ашық тендердің қорытындыларын шығару



жүктеу 0,66 Mb.
бет5/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
1   2   3   4   5   6   7   8

Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қарау және ашық тендердің қорытындыларын шығару

64. Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді Қағидалардың 49-тармағының талаптарына өтінімдердің сәйкестігі мәнінде тендерлік комиссия қарайды. Қағидалардың 68-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қабылданбаған өтінімдер салыстырылады және ашық тендердің жеңімпазын таңдау мақсатында тендерлік комиссия бағалайды.

64-1. Электрондық сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау рәсімі өткізіледі.

Тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау Қағидалардың


65-тармағында белгіленген мерзімде, онда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Қағидалардың 49-тармағындағы талаптарға өтінімдердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда анықталған сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып алдын ала қарау хаттамасы жасалады.

Тендерлік комиссияның мүшелері, бақылаушылар (олар қатысқан жағдайда) және оның хатшысы алдын ала қарау хаттамасына қол қояды және оған қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Жүйеде жарияланады.

Өтінімдерінде сәйкессіздіктер анықталған әлеуетті өнім берушілер анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында алдын ала қарау хаттамасы жарияланған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімге толықтырулар және/немесе өзгерістер ұсынуға құқылы.



Бұл ретте, тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген немесе оны тендерлік құжаттамада анықталған талаптарды бұза отырып, енгізген әлеуетті өнім берушілердің (егер тендерлік құжаттамада тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу қарастырылған жағдайда) тендерге қатысуға өтінімді Қағидалардың 49-тармағындағы талаптарға сәйкес келтіруіне жол берілмейді.

Тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімге қатысты ескертпелері болмаған жағдайда алдын ала қарау хаттамасы жасалмайды.

Егер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні мен уақытына дейін әлеуетті өнім берушілерден тендерге қатысуға бір де бір өтінім келіп түспеген жағдайда Жүйеде қорытындылар туралы хаттама автоматты түрде жасалады.

65. Өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендерлік комиссия қарайды. Күрделі техникалық сипаттамасы және ерекшелігі бар тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге сатып жүргізу кезінде өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап


20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сарапшыны (сараптамалық комиссияны) тарта отырып тендерлік комиссия қарайды
.

Лоттардың бір бөлігі немесе бір лот бойынша тауарларды сатып алуды жүргізген жағдайда оны жүргізу кезінде әлеуетті өнім берушінің баламалы техникалық сипаттамалары және (немесе) технологиялық шешімдерінің ұсыныстарына байланысты өнімді сынаумен байланысты қосымша қарауды талап етеді, осы лот (лоттар) бойынша өтінімдерді қарау мерзімі сынаулар нәтижелерін алғанға дейін, бірақ 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтынға қосымша ұзартылады. Бұл ретте қосымша қарауды талап етпейтін қалған лоттар бойынша тендерлік комиссияның өтінімдері осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде қаралады.

Электрондық сатып алуды жүргізген кезде алдын ала қарау рәсімінің және тендерге қатысуға өтінімге толықтыруларды және/немесе өзгерістерді ұсыну қорытындысы бойынша тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау Қағидалардың 64-1-тармағының бесінші абзацында көзделген мерзім өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

66. Өтінімдерді қарау кезінде тендерлік комиссия:



1) өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру үшін қажетті материалдар мен түсіндірулерді әлеуетті өнім берушілерден сұратуға құқылы.

Бұл ретте ұсынылған баға (жеңілдіктер), техникалық ерекшеліктерді және Қағидалардың 39-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендетуге ықпал ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды сұратуға жол берілмейді;

2) өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

Бұл ретте ашық тендерге қатысуға өтінімдерді жеткіліксіз құжаттармен толықтырумен, құжаттарды ауыстырумен, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтірумен қорытындыланған Қағидалардың 49-тармағының талаптарымен сәйкес келтіруге байланысты сұратулар мен өзге де әрекеттерге жол берілмейді.

Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасының екінші абзацының және 2) тармақшасының екінші абзацының ережелері электрондық сатып алуға қолданылмайды.

67. Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді формалды негіздер бойынша бас тартуға жол бермейді.

Қағидалардың 68-тармағында көрсетілмеген жағдайлар формальды негіздер болып табылады.

68. Тендерлік комиссия мынадай:

1) әлеуетті өнім беруші тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең үздік шарттарын, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ең үздік сипаттамаларын ұсынғанда, техникалық ерекшеліктің сәйкес келмеу жағдайларын қоспағанда, тендерге қатысуға арналған өтінім Қағидалардың 49-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейді деп танылған;

2) егер әлеуетті өнім беруші осы тендерге (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылған;

3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сатып алу үшін бөлінген сомадан асқан;

4) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын тендерлік комиссия демпингілік деп таныған;

5) әлеуетті өнім беруші не оның қосалқы мердігері (бірге орындаушы) не Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізілімінде тұрған консорциумға кірген заңды тұлға болған жағдайда қабылдамайды.

Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдамау үшін көрсетілген негіздемелері толық болып табылады.

69. Баға ұсынысы, оның ішінде бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысы мынадай жағдайларда демпингілік болып танылады:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарына, белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жоба алды, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша кешенді жұмыстарға баға ұсынысы, жоба алды, жобалық және іздеу жұмыстары, егер ҚҚС-ны есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан 15 (он бес) пайыздан астам төмен болса, демпингілік деп танылады;



2) консультациялық (консалтингілік) қызметтерге баға ұсынысы, егер ол ҚҚС-ны есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстардың орташа арифметикалық бағасынан 70 (жетпіс) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингілік деп танылады;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жұмыстарға, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілмеген қызметтерге баға ұсынысы ҚҚС-ны есепке алмай сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстардың орташа арифметикалық бағасынан
30 (отыз) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингілік деп танылады
.

Осы тармақтың ережесі тендерлік құжаттамада белгіленген Тапсырыс берушінің шарттарында ұсынылған жеңілдікті ескере отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған жалпы/қорытынды бағаға, сондай-ақ баламалы талаптарда ұсынылған жеңілдіктерді ескере отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған жалпы/қорытынды бағаға қолданылады.

Осы тармақтың 2) – 3) тармақшаларының талабы төмендетуге арналған сауда-саттықты қолданылған электрондық сатып алуға қолданылмайды.

70. Қабылданбаған өтінімдер тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдерге сәйкес бағаны төмендетуге әлеуетті өтінім берушіден қабылданған қосымша баға ұсынысын ескере отырып тендерлік комиссия бағалайды және салыстырады. Бұл ретте бағалауға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының жалпы/қорытынды бағасы жатады.

Ашық тендердің жеңімпазы тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдердің қолданылуын ескере отырып есептелетін ең төмен шартты баға негізінде айқындалады.

Бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдердің қолданылуын ескере отырып есептелген ең төмен шартты бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Отандық тауар өндірушілердің тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын тауарларды өндірудің көп жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, отандық тауар өндіруші жоқ болған жағдайда, ашық тендердің мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар нарығында көп жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған және сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесіне тең болған кезде (немесе әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттар негізінде жұмыс тәжірибесін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) тендерге қатысуға өтінімді бұрын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тендерлік баға ұсыныстары шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын жұмыстардың, қызметтердің отандық әлеуетті өнім беруші жеңімпаз (немесе салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім болып танылады.

Жұмыстардың, қызметтердің отандық өнім берушілерінің тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде ашық тендердің мәні болып табылатын сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында көп жұмыс тәжірибесі бар жұмыстардың, қызметтердің отандық өнім берушісі жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, жұмыстардың, қызметтердің отандық өнім берушісі болмаған жағдайда ашық тендердің мәні болып табылатын сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында көп жұмыс тәжірибесі бар жұмыстардың, қызметтердің әлеуетті өнім берушісі жеңімпаз (немесе бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған және сатып алынатын жұмыстардың немесе қызметтердің нарығындағы жұмыс тәжірибесіне тең болған кезде (немесе әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттар негізінде жұмыс тәжірибесін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) тендерге қатысуға өтінімді бұрын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз (немесе бағалау мен салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

71. Ашық тендердің қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Бағаны төмендетуге өткізілген электрондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша қалыптастырылған қорытынды хаттамаларды қоспағанда және тендерге қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға тендерлік комиссияның мүшелері, бақылаушылар (олар қатысқан жағдайда) және оның хатшысы қол қойып, әр бетіне бұрыштама соғады.

Тендерге қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда, ашық тендерің қорытындылары туралы хаттама жасалады және ашу хаттамасын жасау және жариялау үшін көзделген мерзімде жарияланады.

72. Ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:

1) қорытындыларды шығаратын орын мен уақыт туралы;

2) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілерден түскен өтінімдер туралы;

3) ҚҚС-ны есепке алмай сатып алу жоспарында көзделген сатып алу үшін бөлінген сома туралы;

4) бағаны шартты төмендетуге ықпал ететін өлшемдерді қабылдамау және қолданбаудың егжей-тегжейлі негіздемелерін көрсете отырып қабылданбаған өтінімдер туралы;



5) тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келді деп танылған әлеуетті өнім берушілер туралы;

6) бағалау және салыстыру өлшемдерін қолдану нәтижелері туралы;

7) ашық тендердің қорытындылары туралы;



8) егер ашық тендер болып өткен жағдайда, сатып алу туралы шартты жасасу сомасы мен мерзімі туралы;

9) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;



10) Қағидалардың 66-тармағына сәйкес сұрауларды әлеуетті өнім берушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жіберілгені туралы мәлімет;

11) тендерлік комиссияның қалауы бойынша өзге де ақпарат.

73. Ашық тендер тендерлік комиссиямен мына жағдайларда:

1) тендерге қатысуға кемінде екі әлеуетті өнім беруші өтімдерді ұсынбаған;

2) Қағидалардың 68-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тендерлік комиссия қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға кемінде екі өтінімі қалған;

3) жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің шарт жасасудан бас тартқан;



4) Қағидалардың 77, 79, 87-тармақтарына сәйкес авансты қамтамасыз ету (алдын ала төлеу) және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ұсынбаған жағдайларда, өткізілмеді деп таниды.

74. Егер тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай:



1) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

3) бір көзден тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.

Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген шешімді Тапсырыс беруші ашық тендердің қорытындылары туралы хабарламаға қол қойылған күннен кейінгі күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылдайды. Тапсырыс беруші шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тиісті хабарландыруды жариялайды.

Қағидалардың 73-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша өткізілмеді деп танылған сатып алу қорытындылар бойынша Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімді Тапсырыс беруші ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен ерте емес, бірақ ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі күннен бастап
15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.

75. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) жеңімпазға хабарлама жібереді;

2) ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта орналастырады;

3) ашық тендер қорытындысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын мерзімдік басылымдарда жариялайды.

Осы тармақтың талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды.

76. Ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші қорытындылар хаттамасын жариялаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тапсырыс берушіге түпнұсқаны және/немесе Электрондық сатып алуды өткізу нұсқаулығына сәйкес салыстыру рәсімі үшін ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдер құрамында олар ұсынған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.

77. Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеген және (немесе) тендер жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, онда тендердің жеңімпазы авансты (алдын ала төлемді) қайтару және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынуға тиіс.

78. Тапсырыс беруші авансты (алдын ала төлемді) Тапсырыс беруші анықтаған авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.

79. Егер сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартпен авансты (алдын ала төлемді) төлеу және (немесе) тендердің жеңімпазы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді беруді көздеген жағдайда, онда тендердің жеңімпазы сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартты жасаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс.

Жұмыстарды сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұзақ мерзімді шарттың қолданылуының барлық мерзіміне берілуі тиіс.

Тауарларды, қызметтерді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарттардың орындалуын қамтамасыз ету тиісті жылда берілуі тиіс.

Авансты (алдын ала төлемді) қайтару қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тиісті жылға сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт бойынша аванстық төлем (алдын ала төлем) толық өтелгенге дейін болуы тиіс. Келесі 12 (он екі) айға тендердің жеңімпазы ұзақ мерзімді сатып алу шартының алдыңғы 12 (он екі) айы өткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынады.

Бұл ретте Тапсырыс беруші авансты (алдын ала төлемді) тендердің жеңімпазы авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.

80. Тапсырыс берушіге авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді беру туралы талап мыналарға:

- Холдингке кіретін ұйымдарға;



- сатып алынатын тауарды шығаратын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер – жеке тұлғалар), Холдингтің мүгедектер ұйымының тізілімінде тұрған (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер – жеке тұлғалар) мүгедектер ұйымына;

- сатып алу мәні сақтандыру, электр энергиясы немесе жанар-жағармай материалдары (Тапсырыс берушінің шешімі бойынша) болып табылатын оқиғаларға қолданылмайды.

81. Банктік кепілдік 170 мың есе айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және/немесе шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылданады:

- олардың шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (бұдан әрі – Рейтинг) Standard&Poor’s бойынша «В-»-дан төмен емес ҚР резидент-банктерінен, ал ҚР резидент-банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «В-» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «В3» Рейтингісіне жол беріледі, немесе Standard&Poor’s бойынша «ВВВ» деңгейінен төмен емес негізгі ұйымның рейтингі (ҚР резидент-банкі акцияларының 50%-дан астамы оған тиесілі), ал ҚР резидент-банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» Рейтингісіне жол беріледі;

- олардың Рейтингі Standard&Poor’s бойынша «ВВВ»-дан төмен емес ҚР резидент емес-банктерінен, ал ҚР резидент емес банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» Рейтингісіне жол беріледі.

Егер сатып алу туралы шартты орындау процесінде кепілдік берген банктің Рейтингі осы тармақта көрсетілген деңгейге дейін төмендесе немесе банкке деген Қордың теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелері бойынша лимиттер жабылса, өнім беруші Рейтинг өзгерген немесе Тапсырыс берушіден лимиттің жабылуы туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және/немесе шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде Рейтингі Қағидалардың осы тармағындағы талаптарға сәйкес келетін банктен кепілдік беруге міндетті.

Банк кепілдігін ауыстыру бойынша талап Рейтинг төмендеген немесе лимит жабылған күнгі сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші міндеттемелерінің сомасы 170 мың еселік айлық есептік көрсеткіштен кем мөлшерді құраған немесе сатып алу туралы шарттың аяқталу мерзімі:

- 1 айдан соң (олардың орындалу мерзімі 6 айды және одан кем уақытты құрайтын сатып алу туралы шарттар үшін);

- 3 айдан соң (олардың орындалу мерзімі 6 айдан артық уақытты құрайтын сатып алу туралы шарттар үшін) өтетін жағдайларға қолданылмайды.

Жоғарыда атап өтілген рейтинг агенттіктерінің сайттарында жарияланатын банктердің Рейтингтері туралы мәліметтер, сондай-ақ банк-контрагентте лимиттің жабылуы туралы Тапсырыс берушінің хаты ақпарат көзі болып табылады.

82. Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды өзгеше қамтамасыз ету және шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде Тапсырыс беруші сақтандыру шартына төленген аванстың (алдын ала төлемнің) бүкіл сомасын енгізу туралы талапты белгілеуге құқылы.

Бұл ретте, сақтандыру шартын төлем қабілеті және қаржылық-тұрақты болып табылатын сақтандыру ұйымы беруге тиіс. Қағидалар шеңберінде төлем қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын растаумен сақтандыру ұйымы сақтандыру шарты берілген айдың бірінші күнінің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде пруденциалды нормативтердің сақталуын қабылдайды.

Сақтандыру шарты нөлдік шартты түрдегі франшиз талаптарында қол қойылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органының сайтында жарияланатын ай сайынғы деректер ақпарат көзі болып табылады.

83. Егер авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз ету көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, онда Тапсырыс беруші біржақты тәртіппен сатып алу туралы жасалған шартты бұзады, әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімнің қамтамасыз етілуі ұсталынады және тендерлік комиссия бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп айқындайды.

Өнім беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе тиісінше орындау жағдайлары ерекшелікті құрайды.

83-1. Егер өнім беруші Қағидалардың 81-тармағындағы талаптарға сәйкес авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ауыстырмаған жағдайда, Тапсырыс беруші жасалған сатып алу туралы шартты бір жақты тәртіппен бұзады.

Бұл ретте Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне осындай өнім беруші туралы мәліметтерді енгізу үшін, Тапсырыс беруші Қор Басқармасы айқындаған еншілес ұйымның тұлғасындағы сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өнім беруші туралы мәліметтерді белгіленген тәртіппен жібереді.

84. Егер тендердің жеңімпазы тендердің қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде Тапсырыс берушіге сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған жағдайда, онда Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімнің қамтамасыз етуі ұстап қалады және тендерлік комиссия сатып алу туралы шартқа қол қою үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеңімпазды немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тартқан күннен бастап жеңімпазды тендерге қатысуға арналған өтінімдегі баға бойынша және олар ұсынған жағдайларда бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп айқындайды.

Бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған өнім берушіге сатып алу туралы шартқа қол қою туралы хабарламаны Тапсырыс беруші бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы тендерлік комиссияның шешіміне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуге міндетті. Бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған өнім беруші сатып алу туралы шартты Тапсырыс берушіден хабарламаны алған күннен бастап


5 (бестен) аспайтын күнтізбелік күн ішінде қол қоюға тиіс. Сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тартқан немесе сатып алу туралы қол қойылған шартты бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған өнім беруші ұсынбаған жағдайда сатып алу қайтадан жүзеге асырылуға тиіс.

Егер тендердің жеңімпазы осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген құжаттарды Тапсырыс берушіге бермеген жағдайда, сондай-ақ олардың ашық тендерге қатысуға өтінім құрамында ұсынған құжаттарының түпнұсқасының және/немесе нотариалды расталған көшірмелерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тендерлік комиссия құжаттардың түпнұсқасын және/немесе нотариалды расталған көшірмелерін ұсыну үшін белгіленген мерзім өткесін 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың тендерге қатысуға ұсынған бағалары мен талаптары бойынша бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп айқындайды.

85. Егер шарттың орындалу кезеңінде сатып алу туралы шарт өнім берушінің кінәсі бойынша бұзылса, Тапсырыс беруші салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға арналған өтінімде өнім беруші орындаған және Тапсырыс беруші төлеген міндеттемелер құнын есепке ала отырып, олар ұсынған бағадан аспайтын баға бойынша сатып алу туралы шарттар жасасу ниеті туралы хабарлама жіберуге тиіс. Егер салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші хабарламаға жауап бермесе, онда Тапсырыс беруші хабарлама жолданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін Қағидаларға сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

86. Тендерлік комиссияның салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп белгілеу туралы шешімі сатып алу туралы шарттың сомасы мен аяқталу мерзімі көрсетіліп, салыстыру және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазын белгілеу туралы хаттамамен ресімделеді. Тапсырыс беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) жеңімпазға хабарлама жібереді;

2) ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта орналастырады;

3) ашық тендер қорытындысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын мерзімдік басылымдарда жариялайды.

Осы тармақтың талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды.

87. Сатып алу туралы шартта тендер жеңімпазы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес анықталған авансты (алдын ала төлемді) төлегені көзделген жағдайда сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс.

88. Авансты (алдын ала төлемді) және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруды қамтамасыз етуді енгізбеген өнім беруші туралы мәліметті Тапсырыс беруші белгіленген тәртіппен Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші Тапсырыс беруші белгілеген шарт бойынша аванстан (алдын ала төлемнен) бас тартқан жағдайға байланысты шарт бойынша төлем талаптарын өзгерткен жағдайды қоспағанда, Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне осындай өнім беруші туралы мәліметті енгізу үшін Қор Басқармасы айқындаған еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері жөніндегі Уәкілетті органға жібереді.

Электрондық сатып алулар өткізген кезде,олардың ашық тендерге қатысуға өтінім құрамында құжаттарының түпнұсқасын және/немесе нотариалды расталған көшірмелерін бермеген, сондай-ақ олардың ашық тендерге қатысуға өтінім құрамында ұсынған құжаттарының түпнұсқасының және/немесе нотариалды расталған көшірмелерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тендердің жеңімпазы туралы мәліметті Тапсырыс беруші белгіленген тәртіппен осындай өнім беруші туралы Холдингтің Сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне мәлімет енгізу үшін Қор Басқармасы анықтаған еншілес ұйым тұлғасындағы Сатып алулар мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

89. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну талабы мыналарға:

1) Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (жеке тұлғалар – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер) тізілімінде тұратын мүгедектер (жеке тұлғалар - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер) ұйымына;

2) сатып алынатын тауарлардың отандық тауар өндірушілеріне;

3) Холдингке кіретін ұйымдарға қолданылмайды.

Қағидалардың осы тармағының ережелері консорциумдарға қолданылмайды.

90. Тапсырыс беруші тендерге қатысуға ұсыным берген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға тиіс.

91. Ашық тендерде (лотта) жүргізілетін/жүргізілген ашық тендердің (лоттың) қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтарды тапқан жағдайда Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы және (немесе) тендерлік комиссия шарт жасасқан сәтке дейін тендерді (лотты) немесе оның қорытындыларынан бас тартуға міндетті. Бұл ретте тендер (лот) (тендерге (лотқа) қатысқан сол әлеуетті өнім берушілермен сол тендерлік комиссия құрамында) қайта қаралуы тиіс.

Тендерлік құжаттамада өткізілетін/өткізілген тендердің (лоттың) қорытындысына әсер ететін бұзушылықтарды тапқан жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттерді ашқан күнге дейін Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тендерден (лоттан) бас тартуға, тендерлік құжаттаманы сәйкестікке келтіруге және қайтадан тендер (лот) жариялауға міндетті.

Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы тендерден (лоттан) немесе оның қорытындыларынан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап
2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы өткізілетін сатып алуға қатысқан тұлғаларға хабарлауға және тиісті хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта жариялауға міндетті.


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау