«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің



жүктеу 0,66 Mb.
бет1/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
  1   2   3   4   5   6   7   8

«Самұрық-Қазына» АҚ

Директорлар кеңесінің

шешімімен

«бекітілген»


Директорлар кеңесінің

2016 жылғы 28 қаңтардағы

№ 126 хаттамасына

№ 6 қосымша



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-Ға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары

(«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 132 шешімімен енгізілген толықтырулармен; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 136 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен;



Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2017 жылғы 17 маусымдағы № 140 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2017 жылғы 27 қазандағы № 143 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 148 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» аҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 149 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)

Мазмұны

Ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу 40

65. Өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендерлік комиссия қарайды. Күрделі техникалық сипаттамасы және ерекшелігі бар тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге сатып жүргізу кезінде өтінімдерді ашық тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сарапшыны (сараптамалық комиссияны) тарта отырып тендерлік комиссия қарайды. 44

66. Өтінімдерді қарау кезінде тендерлік комиссия: 44

67. Ашық тендерге қатысуға өтінімдерді формалды негіздер бойынша бас тартуға жол бермейді. 45

68. Тендерлік комиссия мынадай: 45

69. Баға ұсынысы, оның ішінде бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысы мынадай жағдайларда демпингілік болып танылады: 45

70. Қабылданбаған өтінімдер тендерлік құжаттамада қамтылған өлшемдерге сәйкес бағаны төмендетуге әлеуетті өтінім берушіден қабылданған қосымша баға ұсынысын ескере отырып тендерлік комиссия бағалайды және салыстырады. Бұл ретте бағалауға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының жалпы/қорытынды бағасы жатады. 46

71. Ашық тендердің қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Бағаны төмендетуге өткізілген электрондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша қалыптастырылған қорытынды хаттамаларды қоспағанда және тендерге қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға тендерлік комиссияның мүшелері, бақылаушылар (олар қатысқан жағдайда) және оның хатшысы қол қойып, әр бетіне бұрыштама соғады. 47

72. Ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: 47

73. Ашық тендер тендерлік комиссиямен мына жағдайларда: 48

74. Егер тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай: 48

1) жеңімпазға хабарлама жібереді; 49

2) ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта орналастырады; 49

3) ашық тендер қорытындысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын мерзімдік басылымдарда жариялайды. 49

Осы тармақтың талаптары электрондық сатып алуға қолданылмайды. 49

76. Ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші қорытындылар хаттамасын жариялаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тапсырыс берушіге түпнұсқаны және/немесе Электрондық сатып алуды өткізу нұсқаулығына сәйкес салыстыру рәсімі үшін ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдер құрамында олар ұсынған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті. 49

77. Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеген және (немесе) тендер жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, онда тендердің жеңімпазы авансты (алдын ала төлемді) қайтару және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынуға тиіс. 49

78. Тапсырыс беруші авансты (алдын ала төлемді) Тапсырыс беруші анықтаған авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді. 49

79. Егер сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартпен авансты (алдын ала төлемді) төлеу және (немесе) тендердің жеңімпазы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді беруді көздеген жағдайда, онда тендердің жеңімпазы сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартты жасаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс. 49

80. Тапсырыс берушіге авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді беру туралы талап мыналарға: 50

81. Банктік кепілдік 170 мың есе айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және/немесе шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылданады: 50



- олардың шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (бұдан әрі – Рейтинг) Standard&Poor’s бойынша «В-»-дан төмен емес ҚР резидент-банктерінен, ал ҚР резидент-банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «В-» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «В3» Рейтингісіне жол беріледі, немесе Standard&Poor’s бойынша «ВВВ» деңгейінен төмен емес негізгі ұйымның рейтингі (ҚР резидент-банкі акцияларының 50%-дан астамы оған тиесілі), ал ҚР резидент-банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» Рейтингісіне жол беріледі; 50

- олардың Рейтингі Standard&Poor’s бойынша «ВВВ»-дан төмен емес ҚР резидент емес-банктерінен, ал ҚР резидент емес банкінің Standard&Poor’s бойынша Рейтингі болмаған кезде Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» Рейтингісіне жол беріледі. 50

Егер сатып алу туралы шартты орындау процесінде кепілдік берген банктің Рейтингі осы тармақта көрсетілген деңгейге дейін төмендесе немесе банкке деген Қордың теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелері бойынша лимиттер жабылса, өнім беруші Рейтинг өзгерген немесе Тапсырыс берушіден лимиттің жабылуы туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және/немесе шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде Рейтингі Қағидалардың осы тармағындағы талаптарға сәйкес келетін банктен кепілдік беруге міндетті. 50

Банк кепілдігін ауыстыру бойынша талап Рейтинг төмендеген немесе лимит жабылған күнгі сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші міндеттемелерінің сомасы 170 мың еселік айлық есептік көрсеткіштен кем мөлшерді құраған немесе сатып алу туралы шарттың аяқталу мерзімі: 50

- 1 айдан соң (олардың орындалу мерзімі 6 айды және одан кем уақытты құрайтын сатып алу туралы шарттар үшін); 51

- 3 айдан соң (олардың орындалу мерзімі 6 айдан артық уақытты құрайтын сатып алу туралы шарттар үшін) өтетін жағдайларға қолданылмайды. 51

Жоғарыда атап өтілген рейтинг агенттіктерінің сайттарында жарияланатын банктердің Рейтингтері туралы мәліметтер, сондай-ақ банк-контрагентте лимиттің жабылуы туралы Тапсырыс берушінің хаты ақпарат көзі болып табылады. 51

82. Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды өзгеше қамтамасыз ету және шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде Тапсырыс беруші сақтандыру шартына төленген аванстың (алдын ала төлемнің) бүкіл сомасын енгізу туралы талапты белгілеуге құқылы. 51

6. Екі кезеңді тендер өткізу тәсілімен сатып алу 54

7. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу 56

Төмендетуге арналған сауда-саттықтарды қолдана отырып баға ұсыныстары сұранысы тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу рәсімі Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі. 56

100. Қағидалардың 104-115-тармақтарының ережелері баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілетін электрондық сатып алуға қолданылмайды. 56

101. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа мынадай ақпаратты: 56

1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жоспарланып отырған сатып алуды жүргізу туралы - атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін көлемі, төлеу шарттары, мерзімі, орны мен талаптары (қажет болған кезде Қағидалардың 37-тармаының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс техникалық ерекшелік қоса берілген), жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт жасау мерзімі; 56

2) мүдделер қақтығысы туралы мәліметтердің нысанына және мазмұнына қойылатын талаптар (консультациялық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде); 56

3) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу мерзімі туралы; 56

4) баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін бастау орны, күні және уақыты туралы; 56

5) сатып алу туралы шарттың жобасын; 56

6) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу мәні болып табылатын ҚҚС-ты есепке алмай, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сомалар туралы мәліметті; 56

7) баға ұсыныстары бар конверттерді ресімдеу бөлігінде талапты қамтитын хабарландыруды орналастыруға міндетті. 57

102. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу: 57

1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізуге; 59

2) сатып алу талаптарын өзгертуге және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізуге; 59

3) бір көзден тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. 59

8. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда және тауар биржалары арқылы және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында сатып алу 61

118. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу сауда-саттық қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оларға уәкілетті өзге тұлғалардың шешімі бойынша жүзеге асырылады. 61

119. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға арналған электрондық сауда-саттық қатысушыларының келісімі (шарттары) негізінде сауда-саттық мәмілелерді жасау жолымен жүзеге асырылады. 61

9. Сатып алу туралы шартты жасасу 62

123. Сатып алу туралы шарт тендерлік құжаттамада немесе баға сұраныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда қамтылған сатып алу туралы шарттың жобасына сәйкес жасалады. 62

10. Бір көзден сатып алу 67

136. Тапсырыс беруші сатып алуды бір көзден тәсілімен: 67

1) Тапсырыс берушінің атқарушы органы басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі негізінде; 67

2) Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органы (алқалық атқару органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) /қадағалаушы кеңесінің шешімі негізінде; 67

3) Тапсырыс берушінің жарғысына сәйкес құзыретіне Тапсырыс берушінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтайтын шешім қабылдау жатқызылған Тапсырыс берушінің уәкілетті органының шешімі негізінде; 68

4) тікелей шарт жасасу жолымен жүзеге асыруға құқылы. 68

139. Тапсырыс берушіге аудит өткізу бойынша аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу Тапсырыс берушінің уәкілетті органының шешімі негізінде бір көзден тәсілімен жүзеге асырылады, оның құзіретіне Тапсырыс берушінің жарғысына сәйкес Тапсырыс берушіге аудит өткізуді жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның анықтамасы бойынша шешім қабылдау жатқызылады. 73

140. Тікелей шарт жасасу жолымен жүзеге асырылатын сатып алулар: 73



1. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тапсырыс берушілердің меншік ақша қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Қағидалардың ережелері екінші деңгейдегі және олардың еншілес ұйымдарына қолданылмайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

әлеуетті өнім берушілерді аттестаттау – әлеуетті өнім берушілердің Арнайы тәртіпке сәйкес сатып алынатын қызметтерді көрсету қабілетін бағалау мақсатында оларды іріктеу жөніндегі іс-шаралар кешені;

әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғасы – шешімдерді айқындауға және (немесе) әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

холдинг ішіндегі кооперация – Холдингке кіретін ұйымнан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

біртекті тауарлардың түрлері – өзара ауыстырылмайтын біртекті тауарлар;

сатып алу туралы шарт – Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

аттестаттау бойынша құжаттама – әлеуетті өнім берушіге аттестаттау рәсіміне қатысуға өтінім дайындау үшін берілетін және аттестаттау өткізудің шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттама;

ұзақ мерзімді шарт – ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына сәйкес 12 (он екі) айдан көп мерзімге жасалатын сатып алу туралы шарт;

ұзақ мерзімді сатып алу – ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын, жеткізу (орындау/көрсету) мерзімі 12 (он екі) айдан асатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу;

Тапсырыс беруші – Қор немесе Холдингке кіретін ұйым;



сатып алу – мыналарды:

дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қорға тиесілі, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуын;

Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде қызметті жүзеге асыратын Холдингке кіретін ұйым уәкілеттік берген Тапсырыс берушінің электрондық төлемдерді жүзеге асыру үшін қызметтерді, электрондық сауданы жүзеге асыру шеңберінде кейіннен қайта сатуға арналған тауарларды, сондай-ақ осындай сауданы жүзеге асыру үшін қажетті қызметтерді сатып алуын;

шетелдік банктердің және/немесе шетел мемлекеттері аумағында тіркелген ұйымдардың хеджирлеу қызметтерін сатып алуды;



еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалардан не өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан жүзеге асырылатын қызметтерді, оның ішінде жеке нотариустар мен жеке адвокаттардың қызметтерін сатып алуды;

жарналарды (салымдарды), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталынан акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуды;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялары негізінде банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды, сондай-ақ «ФАСТИ» және «S.W.I.F.T» көлік (телекоммуникациялық) жүйелерін қосу, оларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша, оның ішінде банктік үзінді көшірме алуға байланысты қызметтерді сатып алуды;

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес теңгермелі электр энергиясын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын білікті энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды;

теңіз портында өндіріп алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;

іссапар шығыстарын өтеуді;

басқару органы және қадағалау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеуді;

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін және олардан өңделген өнімдерді өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және олардан өңделген өнімдерді, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша қызметтерді сатып алуды;

мұнай мен газды сатып алуды;

спортшылардың/қатысушылардың, оның ішінде ұйым штатына кірмейтіндердің, жоғарыда көрсетілген ұйымда жаттығатын балалардың жиынын, сондай-ақ осындай іс-шараларға қатысуға байланысты шығыстарды, спорт құрылыстарын жалға алуды, ойыншылар мен жаттықтырушылар (және олардың өкілдері) агенттерінің қызметтерін қоса алғанда, ойыншылар мен жаттықтырушылардың трансферіне және оларды «жалдауға» байланысты шығыстарды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерде және өзге де құжаттарда көзделген басқа да шығыстарды қоса алғанда, спорт іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты дене шынықтыру-спорт ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 10-тармағына сәйкес келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқару шеңберінде басқаруға берілген күннен бастап
12 (он екі) айдың ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды;


шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген ұйымдардан қарыз беру, сондай-ақ сыйақы төлей отырып, қаржыландырудың өзге де түрлері бойынша қызметтер сатып алуды;

табиғат пайдалану, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуды;

мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметтерді сатып алуды;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік мекемелер үшін өзгеше белгіленбесе, олардың қызметтерін сатып алуды;

алымдар, соттарда, арбитраждарда және аралық соттарда дауларды шешуге байланысты басқа да шығыстарды төлеуді;

«Самұрық-Қазына» Халықаралық консультативтік кеңесінің қызметін қамтамасыз ету үшін қызметтер сатып алуды қоспағанда, Тапсырыс берушілердің өзінің ақша қаражаты есебінен жұмыс істеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Тапсырыс берушінің функцияларды не жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуы, сондай-ақ мемлекет атынан алушының функцияларын іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді Тапсырыс берушінің сатып алуы;

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының біршама төмендеуі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының шетелдік валюталарға қарағанда 20 (жиырма) және одан көп пайызға төмендеуі.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының біршама төмендеуін анықтау мынадай формуланың негізінде жүзеге асырылады:

[(R1-R0)/R0] x 100, мұнда

R0 – ұлттық валюта ресми бағамының бастапқы мәні;



R1 – ұлттық валюта ресми бағамының түпкі мәні;

инвестициялық стратегиялық жоба:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбеге кіретін және Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан дамуына стратегиялық әсер етуге қабілетті инвестициялық жоба;

инновация – техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер, ұйымдық шешімдер түрінде практикалық тұрғыдан іске асыру ұйғарылған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызмет нәтижесі, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шекті шығындарды азайту талабымен өзге қоғамдық оң нәтиже;

инновациялық жоба – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қор иеленетін ұйымның Директорлар кеңесіне инновациялық жобаның іске асырылуы жөніндегі есепті бере отырып, осы ұйымның атқарушы органы басшысының шешімімен мақұлданған көмірсутегі шикізатын өндірген кезде инновацияны енгізуге жер қойнауын пайдаланушы бағыттанған іс-шаралар кешені;

Қордың комиссиясы – Арнайы тәртіпте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында Қор құратын алқалы орган;

кешенді жұмыстар:

1) мыналарды:

жобалау және іздеу жұмыстарын орындауды,

«кілтпен тапсырылатын» құрылысты,

жобалау және іздеу жұмыстарын, «кілтпен тапсырылатын» құрылысты (қажет болған кезде) және

көрсетілген жұмыстарға сәйкес келетін тауарлар жеткізу, қызметтер көрсетуді қамтитын жұмыстар мен қызметтердің жиынтығы;

2) мынаны:

бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді, ақпараттық жүйені енгізу бойынша консалтингілік қызметтерді және жабдықтар жеткізуді (қажет болған кезде) қамтитын «кілтпен тапсырылатын» ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру;

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау