«Самұрық-Қазына» АҚ 2012 жыл ішіндегі қаржылық есептілігінің егжей-тегжейлі талдамасы



жүктеу 1,01 Mb.
бет4/5
Дата27.12.2019
өлшемі1,01 Mb.
#25106
1   2   3   4   5
3.1 «Мұнай-газ» сегменті
Өндірістік көрсеткіштер
Сегменттің өндірістік көрсеткіштері өзгерістерінің негізгі факторлары:


Атауы

Өл-шем бірлі-гі

2012 жыл

2011 жыл

2011 жылға 2012 жылы, %-бен

Факторлар

Мұнай өндіру көлемі

млн. тонна

21,390

21,105

101%

Ұлғайту 761 мың.тоннаға:

  • Қарашығанақ жобасы бойынша мұнай өндіру көлемін шоғырландыру есебінен;

  • Өндіру көлемдерін ұлғайту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізуге байланысты «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бойынша.

Азайту 476 мың тоннаға:

  • «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бойынша ұңғымалардың тоқтап қалған қорларын ұлғайтумен, ұңғымалардың жөндеу аралығындағы кезеңін азайтумен және жоспарланған геологиялық-техникалық іс-шараларды орындамаумен;

  • КТЛ мен ЗВП қондырғыларында жоспардан тыс тоқтап қалуларға және қондырғыларда жоспарлы күрделі жөндеу жүргізумен ТШО бойынша.

Магистралды құбырмен мұнай тасымалдау көлемі

млн. тонна

65,795

66,873

98%

Төмендету 1 078 мың тоннаға:

Омбы-Павлодар мұнай құбыры бойынша Ресей мұнайының жеткізілімдерін азайтуға, сондай-ақ оларды жеткілікті түрде тиеу үшін «ПМХЗ» АҚ және «ПКОП» ЖШС қазақстандық қайта өңдейтін зауыттарға экспорттық мұнайды қайта жіберуге байланысты



Теңіз флотымен мұнай тасымалдау көлемі

млн. тонна

11,355

9,234

123%

Ұлғайту 2 484 мың тоннаға:

  • Жүк жөнелтушілердің қосымша көлемдерінің пайда болуына байланысты Ақтау-Баку бағытында;

  • 2 Афромакс сатып алу және TH KMG және Ромпетрол Тобы үшін мұнай тасымалдау шарттарын жасау есебінен Қара теңіз бағытында;

Азайту 364 мың тоннаға:

  • Ақтау-Махачкала и Ақтау-Нека бағыты бойынша Белвион Топ жүк жөнелтушісі тарапынан номинирленген көлемдерді толық жеткізбеуіне байланысты;

Газ тасымалдау көлемі

млрд.текше метр

109,189

110,552

99%

Төмендету 1 363 млн.текше метрге:

  • Ресейлік газ транзиті көлемдерінің азаюы есебінен;

Мұнайды өңдеу көлемі

млн. тонна

15,884

15,326

104%

Ұлғайту 607 мың тоннаға:

  • Мұнайдың жоспардан тыс жеткізілімдерінің өсуіне байланысты «ПМХЗ» АҚ бойынша;

  • қондырғыларда жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімін 2012 жылдан 2013 жылға ауыстыруға байланысты Петромидия бойынша;

  • алыс-беріс мұнайы көлемінің өсуіне байланысты «ПКОП» ЖШС бойынша;

Төмендету 49 мың тоннаға:

  • 2012 жылы жеңіл мұнай жеткізілімдері көлемінің азаюына байланысты «АМӨЗ» ЖШС-ға.

Өндірістің тоқтап қалуына немесе экологиялық залалға әкеп соқтыратын авариялық оқиағалар саны

Оқиғалар саны

8

8

100%

Құрбан болған және зардап шеккен адамдар жоқ. Апатты жағдайлар:

  • «ПКОП» ЖШС-да мұнайды айдау қондырғысын бензинделген бағана пешінен шығуы кезінде құбырдың жануы;

  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ орталық қоймасындағы жану ;

  • мұнай құбырына рұқсат етілмеген ойып орнату нәтижесінде Павлодар-Шымкент магистралды мұнай құбырында мұнайды апатты жағдайда құю (07.03.2012 ж. және 25.10.2012 ж.);

  • жану және «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ құбырында қысымның төмендеуі;

  • «АМӨЗ» ЖШС-да ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының сорғысындағы өрт;

  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде айдау ұңғымасында қарқынды газ-су көрінісі;

  • «ҚазМұнайГаз – Өнімдері» АҚ операторлық авто-газ құю стансасының ғимаратындағы өрт.

Орташа тізімдік саны

мың адам

84,349

83,302

101%

Ұлғайту 2 379 адамға:

  • Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік шиеленісушілікті болдырмау мақсатында жүргізілген іс-шаралар шеңберінде 2012 жылы құрылған «УТТиОС» ЖШС және «УБРиОС» ПСП бұған дейін жұмыстан шығарылған қызметкерлерін жұмысқа қабылдаумен байланысты;

  • АЖМС санын ұлғайтумен байланысты «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу Маркетинг» АҚ бойынша;

Азайту 1 332 адамға:

  • BIHL тобындағы қайта құрылымдауға, сондай-ақ бос орындар және жұмыс орындары сақталатын және жалақысы сақталмайтын демалыстардағы қызметкерлердің болуына байланысты;

  • Теңіз операцияларын қолдау базасы және буксирлік флоттың балқыту құрамы қызметкерлерінің тасты тасымалдау бойынша жұмыстарды консервациялауға байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстарда болуына орай;

  • «ҚБТУ» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС активтерін сатумен байланысты;

  • Ромпетрол тобында шығындарды қысқарту бағдарламасын іске асырумен байланысты;

  • өзге себептер бойынша.


Төменде 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қорытындылардың осы сегменті бойынша таза пайданың өзгеруінің негізгі факторлары келтіріледі.

Факторлар

Өзгерістер, млрд.теңге

Таза пайда (2012 жылы 413,2 млрд.теңге; 2011 жылы 482,5 млрд.теңге)

-69,3

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату көлемінің өсуі

77,7

KS EP Investments-тегі 49%-дық қатысу үлесін сату

4,8

«Ақтаумұнайсервис» ЖШС көрсеткіштерін шоғырлануға қосу (2011 жылы тек 5 ай ішіндегі көрсеткіштердің шоғырлануы)

5,6

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ корпоративтік орталығының жалпы әкімшілік шығыстарын оңтайландыру

1,9

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлестерді төмендету:

  • «ТеңізШевройл» ЖШС 35,6 млрд.теңгеге;

  • Маңғыстау Инвестментс Б.В. 16,2 млрд.теңгеге;

  • ПетроҚазақстанИнк. 14,0 млрд.теңгеге.

-63,5

Негізгі құралдардың құнсыздануы, негізінен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ соңғы 2 жыл ішінде мұнай өндіру көлемінің азаюынан

-34,2

КТС бойынша шығыстардың өсуі

-24

ҚМГ алдында Қордың қарызын мерзімінен бұрын өтеуінен байланысты қаржылық кірістердің азаюы және қаржылық кепілдіктер бойынша берешекті амортизациялауға кірістердің (7,1 млрд.теңге), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердегі, негізінен ҚМГ БӨ (4,2 млрд.теңге) және ҚТГ (2,6 млрд.теңге) бойынша депозиттер бойынша пайыздық ставкалардың төмендеуі.

-16,6

Негізгі құралдардың тозуы, жұқаруы және амортизациялануының өсуі

-18

Өзге

-3,0


ҚР Үкіметі шикі мұнайды шығарумен және мұнай өнімдерін сатумен айналысатын ҚМГ компанияларынан негізінен мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу теңгерімін қолдау және көктемгі және күзгі егу-жинау науқандары барысында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілерін қолдау үшін жыл сайынғы негізде өнімдердің бір бөлігін ішкі нарыққа, жеткізуді талап етеді. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы бағаның өзгеруі 69%-ды құрады. Осылайша, экспорттағылармен салыстырғанда ішкі нарықтағы мұнай сату бағасы арасындағы айырмашылық төмендетіледі.

ҚМГ көмір сутегі шикізатының қорларын белсенді өндіруге уақтылы іздеу мен тарту, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұңғымаларда іс-шараларды, оның ішінде қабатты гидро жару операциясын орындау, ұңғымаларды күрделі жөндеу, забой маңы аймақтарында әсер ету және өндірілетін ұңғымаларды әрекетсіз шығару жолымен кен орнында мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша түбегейлі шаралар қабылданатын болады.

2012 жылы 25 желтоқсанда Қазақстанның қор биржасында қайталама нарықта «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларын сауда-саттығы басталды. ҚазТрансОйл «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын орналастырған бірінші компания болды. 2013 жылы сегмент тобына кіретін «ҚазТрансГаз» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде қор биржасына акциялар пакеттерін шығару бойынша дайындық жұмысты 2013 жылдың 4 тоқсанында жүргізеді.

Есепті кезеңде осы сегмент бойынша күрделі шығындар өндірістік активтер және өзге негізгі құралдарды жұмыс қалпында ұстауға206 185 млн.теңге сомасында, еншілес ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларға 208 002 млн.теңге сомасында (оның ішінде инвестициялық жобаларды да қаржыландыру), инвестициялық жобаларға 267 418 млн.теңге сомасында және қатысу үлестерін сатып алуға 305 316 млн.теңге сомасында жіберілді.

Негізінен, қаражат мыналарға бағытталды:

  1. Солтүстік Каспий жобасын (ҚМГ үлесі), жобаның мақсаты – мердігерлік учаскеде мұнайды және ілеспе өнімдерді барлау, игеру және өндіру;

  2. «Мұнайды тереңдетіп құю кешенін» салу, жобаның мақсаты – Еуро-4 стандарттарының бензин және дизельдік отынын шығаруды қамтамасыз ету;

  3. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға «Хош иісті көмір сутектерін өндіру кешенін»
    салу, жобаның мақсаты -  қосылған құнның жоғары болуымен базалық мұнай-химия өнімдерін өндіру есебінен шығарылатын өнімдердің жиынтүрін ұлғайту;


  4. мұнай құюға Солтүстік Каспий Экологиялық Ден қою базасын салу, жобаның мақсаты – Қашағанды игеру кезеңінде Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  5. «Өздігінен көтерілетін жылжымалы бұрғылау қондырғысын» құрылысын салу;   

  6. №4 Кс Мақат құбыр компрессорлық цехын дамыту, жобаның мақсаты – газ-көлік жүйесінің жұмысын оңтайландыру, пайдалану шығыстарын төмендету, магистралды газ құбырының қауіпсіз, сенімді, тиімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

  7. Оңтүстік Қазақстан облысының газ бөлу жүйесін жаңғырту, жобаның мақсаты – Шымкент қаласын және Оңтүстік Қазақстан облысын табиғи газбен үздіксіз және апатсыз жабдықталуын қамтамасыз ету;

  8. Қызылорда қаласын газдандыру, жобаның мақсаты – Қызылорда қаласының шамамен 5,5 мың үйді және 1200-ге жуық коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынды табиғи газбен қамтамасыз ету;

  9. «Қордай» АГРС-дан Шу қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу, жобаның мақсаты -  Шу қаласының және оған жақын орналасқан елдімекендердің шамамен 33,5 мың халқын табиғи газбен қамтамасыз ету;

  10. Алматы қаласының шағын аудандарын, Алматы облысы Іле және Талғар аудандарының елдімекендерін газдандыру, жобаның мақсаты – газ тұтыну көлемінің жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету;

  11. кен орындарының Амангелді тобын игеру, жобаның мақсаты – елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету;

  12. ҚМГ кен орындарын барлау мен өндіру жөніндегі жобалар, жобалардың мақсаты – көмір сутегі шикізатын барлау мен өндіру және ресурстық базаны ұлғайту;

  13. ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумды блогын қайта жөндеу және баяулатылған кокстау қондырғысын қайта жөндеу, жобаның мақсаты – вакуумды газойл шығару көлемін ұлғайту;

  14. мұнай өнімдерін сатудың бөлшек желісін дамыту, жобаның мақсаты – 265 АЖС және 7 мұнай базасын сатып алу, қайта жөндеу және салу;

  15. әртүрлі ғылыми-зерттеу жобалары.

Қатысу үлестерін сатып алуға арналған шығыстарда Қарашығанақ жобасындағы қатысу үлесінің 10%-ын сатып алуға 301 млрд.теңге (олардың 150,5 млрд.теңгесі қарыз қаражаты есебінен) және «Арқагаз» АҚ-дағы үлестің 100%-ын 4,1 млрд.теңге (Акционердің жарғылық капиталды төлеуге акцияларды беру жолымен) сомасындағы шығыстар ескерілді.
3.2 «Тау-кен өнеркәсібі» сегменті
Өндірістік көрсеткіштер
Сегменттің өндірістік көрсеткіштері өзгерістерінің негізгі факторлары:


ҚНК

2012 жыл

2011 жыл

2012 - 2011 жылдар, %-бен

Факторлар

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіру көлемі, мың тонна

20,98

19,07

+ 10,0

Уәкілетті орган бекітетін 2012 жылға арналған өндірістік бағдарламада 2011 жылмен салыстырғандағы уран өндіруді ұлғайту көзделген. 2012 жылға арналған жоспар 100%-ға орындалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ азаматтық мақсаттағы өнімдерінің сату көлемі, млрд.теңге

14,2

12,0

+ 18,3

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тобы кәсіпорындары өніміне мұнай-газ және энергетика секторындағы кәсіпорындар тапсырыстары көлемінің елеулі түрде ұлғаюы

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ екі жақты бағыттағы арнайы өнімдерін сатудың көлемі, млрд.теңге

28,1

18,5

+ 52,1

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тобы кәсіпорындарының өніміне мемлекеттік қорғаныс тапсырысы көлемін елеулі түрде ұлғайту

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ сервистік қызметтерінің (инжиниринг) көлемі, млрд.теңге

9,8

3,1

+ 217,6




Апатты оқиғалар саны (ҚАӨ)

0

1

-




Апатты оқиғалар саны (ҚИ)

0

0

-




Орташа тізімдік саны, мың адам

26 299

24 650

+ 6,7

«ҰАК» АҚ бойынша KAZ PV (4 кәсіпорын), «Орталық» ЖШС, «Сирек металды компания» ЖШС жобасы бойынша топтың құрамындағы жаңа кәсіпорындарыдң пайда болуымен байланысты 6,3% немесе 1 244 адамға өсуі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бойынша өнімді өндіру көлемдерінің 55%-ға өсуімен байланысты 8,3%-ға немесе 390 адамға өсуі.




2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылғы сегмент бойынша таза пайданың өзгеруінің факторлары:


Факторлар

Өзгерістер, млрд.теңге

Таза пайда ( 2012 жыл ішінде 53,4 млрд.теңге; 2011 жыл ішінде 80,6 млрд.теңге)

- 27,2

Доллар бағамының ұлғаюы (ҚАӨ)

15,2

Өнімдердің басқа түрлерінің сату бағасының өсуі (ҚАӨ)

9,1

КТС бойынша шығыстардың төмендеуі

6,6

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы көлемінің өсуі, мұнай-газ, энергетика секторындағы кәсіпорындардан өнімге арналған тапсырыстардың және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындары қызметтерін (ақшалай мәнде) 55%-ға ұлғайту

3,4

14,7%-ға (8,4 $/фунт) уранға спотты баға белгіленімін азайту есебінен уранды сату бағасын 11,4%-ға (6,16 $/фунтқа) ұлғайту

- 22,2

Шикізатқа, материалдарға және энергия тасығыштарға арналған бағалар мен шығыстар нормаларының, жалақының (ҚАӨ) өсуі

- 11,9

«Катко» БК қатысу үлесінен алынатын кірісті азайту.

- 10,9

ЖӘШ өсуі

- 9,0

Негізгі емес қызмет бойынша нәтижелердің нашарлауы

- 5,4

Өзге

-1,9

Осы сектор бойынша 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы қаржылық нәтижелерді өзгертуге, негізінен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өндірістік қызметінің нәтижелерін ықпалын тигізді, өйткені 2011-2012 жылдары осы сегментке кірген Тау-кен Самұрық, БХК және Қазгеология әкімшілік-басқарушылық қызметті қоспағанда, операциялық қызметті жүзеге асырған жоқ.

2012 жылы компаниялар шығындары мынаны құрады: Тау-кен Самұрық – 0,6 млрд.теңге, БХК – 1,39 млрд.теңге, Қазгеология – 0,37 млрд.теңге.

Осы компаниялардың қызметінен кірістер алу іске асырылатын жобалар мен жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарын жобалық қуатқа шығару қажеттілігіне қарай күтілуде, атап айтқанда: Тау-кен Самұрық 2014 жылы, БХК - 2013 жылы, Қазгеология 2017 жылдан кейін.

2012 жылы осы сегмент бойынша күрделі шығындар 115,3 млрд. теңгені, олардың ішінде инвестициялық жобаларға арналған шығыстар - 47,0 млрд. теңге, еншілес ұйымдардың жарғылық капиталына инвестициялар - 28,2 млрд.теңге, қатысу үлестерін сатып алу - 7,4 млрд.теңге, өндірістік активтер мен өзге негізгі құралдардың жұмыс қалпында ұстауға арналған шығыстар, бағалау және барлау жұмыстары – 32,8 млрд. теңгені құрайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобы бойынша негізінен күрделі шығындар мынадай жобаларға бағытталған:



  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің уран өндіретін кәсіпорындарын күкірт қышқылымен және басқа да реагенттермен тұрақты қамтамасыз ету бағдарламасы» (10,6 млрд.теңге);

  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кен орындарында тау-кен-дайындық жұмыстары (9,8 млрд.теңге);

  3. KAZ PV қазақстандық кремний негізінде фотоэлектр модульдері өндірісін құру. Жоба балама энергетиканы дамытуға, жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған (7,1 млрд.теңге) (NPV=30,5 млрд. теңге, IRR=18%, PBP=9,88);

  4. «Әппақ» ЖШС, «Семізбай U» ЖШС және «Орталық» ЕК ЖШС (5,5 млрд.теңге) бойынша уранды жоспарлы өндіруді қамтамасыз етуге инвестициялар;

  5. «Техногендік түзілімдер базасында сирек кездесетін металдардың ұжымдық карбонаттарының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру». Жоба инновациялық жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған (3,1 млрд.теңге) (NPV=6,14 млрд. теңге, IRR=75%, PBP=2,6, PI=1,66);

  6. ғимараттар мен құрылыстарды техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге, сондай-ақ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дағы ГТПИ-2,3 салуға арналған инвестициялар (3,1 млрд.теңге);

  7. «Оқушылар шығармашылығы сарайының» құрылысын аяқтау (3 млрд.теңге).

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бойынша негізінен күрделі шығындар мынадай жобаларға жіберілді:

1) «Семей инжиниринг» АҚ өндірісін жаңғырту» бронды-танкілі техниканы жаңғырту және күрделі жөндеуді қамтамасыз етуге арналған. Жоба кейіннен әлемдік нарыққа шығарумен «Семей инжиниринг» АҚ-да жаңғыртылған бронды-техниканың жаңа бұйымдарын жасауды игеруге, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдер импорттаудан ҚР Қарулы күштеріне тәуелділігін азайтуға бағытталған (2,8 млрд.теңге) (NPV=1,42 млрд. теңге, IRR=22,8%, PBP=7, PI=1,5);

2) «ҚР қарулы ведомстволарының қажеттіліктері үшін түнде бақылайтын приборларды, оптикалық және жылуды байқайтын приборларын шығаруды ұйымдастыру». Жоба Aselsan (Түркия) компаниясымен бірлесіп, жоғары технологиялар саласында қазіргі заманғы жетістіктерді пайдалана отырып жоғары технологиялық өндірісін құруға бағытталған (2,2 млрд.теңге) (NPV=1,23 млрд. теңге, IRR=15,55%, PBP=8, PI=1,6);

3) «Мұнаймаш» АҚ мұнай өнеркәсібі бұйымдарының механикалық өңдейтін өндірісін жаңғырту». Жоба өндіріс циклдерін қысқартуға, бұйымдар сапасын арттыруға және өндіріске арналған шығындарды қысқартуға бағытталған (1,5 млрд.теңге) (NPV=3,2 млрд. теңге, IRR=44%, PBP=4, PI=3,13);



«Біріккен химия компаниясы» ЖШС бойынша күрделі шығындар мынадай жобаларға бағытталған:

1) «Ақмола облысында (Степногорск қаласы) қуаты жылына 180 000 тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жөндеу» химиялық өнеркәсіпті дамытуға, уран өндіретін кәсіпорындарды күкірт қышқылымен қамтамасыз етуге және күкіртті қайта өңдеу проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба бойынша игеру 2012 жылы 4,3 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2010-2013 жылдар; NPV – 1 млрд. теңге, IRR – 15%, PBP қайтымдылық кезеңі – 7 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,17);

2) «Атырау облысында бірінші біріктірілген газ химия кешенін салу – бірінші кезең (полипропилен)» отандық шикізатты пайдалана отырып жылына 500 мың тонна полипропиленді шығару кешенін құруға бағытталған. 2012 жылы 12,9 млрд. теңге игерілді (іске асыру мерзімі 2010-2015 жылдар; NPV – 73.7 млрд. теңге, IRR – 14,6%, PBP қайтымдылық кезеңі – 7 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,4);

3) «Атырау облысында бірінші біріктірілген газ химия кешенін салу – екінші кезең (полиэтилен)» отандық шикізатты пайдалана отырып, жылына 800 мың тонна полиэтилен өндіру кешенін құруға бағытталған. Әріптестер қаражатын есепке ала отырып, жоба бойынша игеру 2012 жылы 20 млрд. теңгені құрады (БХК үлесі – 6,3 млрд. теңге) (іске асыру мерзімі 2011-2016 жылдар; NPV – 372 млрд. теңге, IRR – 18,5%, PBP қайтымдылық кезеңі – 10,5 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,4);

4) «Тараз» химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру». Жоба химиялық өнімнің импорт алмастыратын, экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірісіндегі тікелей инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға; химия саласын дамытуға, атап айтқанда қазіргі заманғы, қауіпсіз, экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, жоғары қосылған құнмен өнімді өндіруге бағытталған (іске асыру мерзімі 2012-2015 жылдар; NPV – -8 млрд. теңге, IRR – 8,3%, PBP қайтымдылық кезеңі – 14 жыл);

5) «Атырау облысында полимер өнімдерін өндіру» жоғары шектегі импорт алмастыратын өнімдерді өндіруге бағытталған. 2012 жылы 5,4 млрд. теңге игерілді (іске асыру мерзімі


2012-2014 жылдар; NPV – 9 млрд. теңге, IRR – 38%, PBP қайтымдылық кезеңі – 6 жыл);

6) «Глифосат (гербицид) өндіру» Қазақстанда ауыл шаруашылығында глифосат, арап шөптермен күресу үшін селективті емес жүйелі гербицид бірінші өндірісін құруға бағытталған. 2012 жылы жоба бойынша игеру 1,4 млрд. теңге (іске асыру мерзімі 2012-2015 жылдар; NPV – 3,6 млрд. теңге, IRR – 14,4%, PBP қайтымдылық кезеңі – 6,6 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,3);

7) «Каустикалық сода және хлор өндіру» направлен химия өнеркәсібін дамытуға, «БХК» ЖШС-ның үш хлорлы фосфор, глифосат, көгерткіш қышқыл және натрий цианиді, антипиренді өндіру инвестициялық жобаларын және басқа да жобаларды шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба бойынша игеру 2012 жылы 1,1 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2012-2015 жылдар; NPV –
2,4 млрд. теңге, IRR – 12%, PBP қайтымдылық кезеңі – 7,5 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,1);

8) «Үш хлорлы фосфор өндіру» Жамбыл облысында «Тараз химия паркі» АЭА аумағында «БХК» ЖШС жоспарлап отырған глифосат (гербицид) шығару, сондай-ақ кальций хлоридінің импорт алмастыратын жаңа өндірісін қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында үш хлорлы фосфор (PCl3) және кальций хлориді өндірісін салуға бағытталған. Жоба бойынша игеру 2012 жылы 0,5 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2012-2013 жылдар; NPV – 0,3 млрд. теңге, IRR – 11,1%, PBP қайтымдылық кезеңі – 8 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,1);

9) «Көгерткіш қышқыл мен натрий цианидін шығару» ҚР алтын өндіретін саланы дамыту жөніндегі жоспарларды қамтамасыз етуге арналған Қазақстанда натрий цианидін шығаруды ұйымдастыруға бағытталған (іске асыру мерзімі 2011-2015 жылдар; NPV – 9 млрд. теңге, IRR – 24,5%, PBP қайтымдылық кезеңі – 6,5 жыл, PI пайдалылық индексі – 2,6);

10) «Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан шикізат базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру» мынадай өнімдік сызықты өндірумен Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының шикізат базасында Қазақстанда мұнай-химия кешенін салуға бағытталған: Полиэтилен – жылына 800 мың тонна тонн/год, МЭГ - жылына 520 мың тонна, Полипропилен – жылына 590 мың тонна, СВП – жылына 60 мың тонна, Бензол – жылына 480 мың тонна, Бутадиен – жылына 169 мың тонна (іске асыру мерзімі 2012-2018 гг.; NPV – 283 млрд. теңге, IRR – 15,7%, PBP қайтымдылық кезеңі – 4,4 жыл, PI пайдалылық индексі – 1,4).



«Тау-кен Самұрық» АҚ бойынша күрделі шығындар мыналарға жіберілді:

  1. Астана қаласының индустриялық паркінде аффинажды зауытты салуға;

  2. Ақмола облысындағы Ешкіөлмес кен орнында алтын, мысты барлауға және өндіруге;

  3. Ақмола облысындағы Жақсылық учаскесінде марганец рудаларын барлауға;

  4. Қарағанды облысының Батыс Саяқ кен орнында титан-магнитті рудаларды барлауға және өндіруге;

  5. Жамбыл облысының Шоқпар кен орнында алтынды барлауға;

  6. Жамбыл облысының Гагарин кен орнында алтынды барлауға;

  7. Қарағанды облысындағы Прогресс кен орнында алтынды барлау;

  8. Қостанай облысындағы алаңда түрлі-түсті металдарды (бокситтерді қоспағанда) барлауға;

  9. Қарағанды облысының Алайғыр кен орнында полиметалл рудаларын өндіруге;

  10. Алматы облысындағы Кетмен тау етегінің учаскесінде алтынды барлауға;

  11. Қарағанды облысы Спасск мыс кені аймағында мыс, алтын және ілеспе құрамдауыштарды барлауға;

  12. Алматы облысында Тұйық-Темірлі кен ауданында мыс, қорғасын, баритті барлауға.


3.3 «Тасымалдау» сегменті
Өндірістік көрсеткіштер
Сегменттің өндірістік көрсеткіштері өзгерістерінің негізгі факторлары:


Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2011 жыл

2011 жылға 2012 жылы, %-бен

Факторлар

Тарифтік жүк айналымы

млн. ткм

235 845

223 583

6

Астық, мұнай өнімдерін, химикаттарды және соданы, темір рудасын тасымалдау көлемдерін ұлғайту

Жолаушылар айналымы

млн. пкм

16 708

14 649

14

Мереке және мереке алдындағы күндерде жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша вагондарды қосу, поездар құрамдылығын өзгерту, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсететін бағдарларды ұлғайту

Тасымалданған жүктер

млн. тонна

295

280

5

Қатынастардың барлық түрлері үшін жүк тасымалдары көлемдерінің өсуі

Жүк тиеу

млн. тонна

258

249

4

Астық, түрлі түсті руда, мұнай өнімдері, темір рудасын тиеуді ұлғайту

Тасымалданған жолаушылар

адам

3 244 768

2 988 583

9

Маршруттық желіні кеңейту, жұмыс істеп тұрған бағыттарда жиіліктерді ұлғайту, тасу сыйымдылықтарын ұлғайту

Тасымалданған жүктер, багаж және пошта

тонна

22 076

19 692

12

Орналастырылатын жолаушы километрі

млн. пкм

9 467

8 508

11

Орындалған жолаушы километрлері

млн. пкм

6 398

5 828

10

Қызметкерлердің орташа саны

адам

156,8

155,0

-1

Операциялық қызметті кеңейту, қалаларда операциялаудың жаңа өкілдіктерін ашу (Эйр Астана, 389 бірлік); қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын демалыс, жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, штатты жинақтамауымен оқу демалыстарын беру, қабылдау мораторийін жүргізу (ҚТЖ, -2 126 бірлік)


Төменде 2011 жылмен салыстырғандағы есепті кезеңдегі сегмент бойынша таза пайданың өзгеруінің факторлары келтірілген.


Факторлар 

Өзгерістер, млрд. теңге

Таза пайда (2012 жылға 123 млрд. теңге; 2011 жылға 129,1 млрд. теңге)

-6,1

2012 жылғы 1 сәуірден бастап жүктерді тасымалдауға тарифтер орташа алғанда 14,9%-ға өсті

64

Жүк тасу бойынша, әсіресе астық, мұнай өнімдерін, темір рудасын, химикаттар, сода, түсті металлургия тасымалдау бойынша берілетін қызметтер көлемі 3,8%-ға; жолаушылар тасымалдау бойынша 12,5%-ға, сондай-ақ тарифтердің өсуін есептемегенде жаңа теміржол учаскелерін енгізуге байланысты өсті; бағыт желісінің кеңеюіне және жиіліктің ұлғаюына байланысты жолаушылар және жүк авиатасымалынан кірістердің өсуі

12,7

авиатасымалдың ішкі бағыттарында отын жинауды енгізу

9,1

қайырымдылық және демеушілік көмекті азайту

4,1

КТС бойынша шығыстарды азайту

2

ұжымдық шарттарға сәйкес өндірістік персоналдың жалақысының ұлғайту

-36

негізгі құралдардың тозуы және амортизация

-14,1

авиаЖЖМ құнының орташа алғанда 41%-ға өсуіне және операциялық қызметтің кеңеюіне байланысты авиаЖЖМ-ға шығыстардың өсуі

-10,6

ҚҚС қайтару есебі әдістемесінің өзгеруіне байланысты активтердік құнсыздануының өсуі.

-10,1

тартылған қарыздардың көлемінің өсуінен облигациялар мен қарыздар бойынша пайыздар бойынша шығындардың өсуі

-10

мүлікке салық және өзге де салықтардың өсуі

-5,3

өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер бойынша шығындардың ұлғаюы

-4,6

өзгелер

-1,2


Шығындарды оңтайландыру мақсатында ҚТЖ-ға коммуналдық қызметтер көрсететін «Теміржолсу» АҚ мен «Желдорводотеплоснабжение» АҚ активтерін оңтайландыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес «Теміржолсу» АҚ-ға блокка одан әрі қоса отырып, 2020 жылға дейін ҚТЖ даму стратегиясына сәйкес біріктірілді.

ҚТЖ Қормен бірлесіп 2012 жылға дейін шығындарды қысқарту бағдарламасын әзірледі.

2011 жылғы 20 шілдеде «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылданды, оның әрекеті авиаЖЖМ-ға бағаны мемлекеттің реттеуін жойды. Нәтижесінде авиаЖЖМ-дың орташа салмақталған құнының өсуі 41%-ды, 2011 жылы 109,3 мың теңгеден 2012 жылы 153,6 мың теңгеге дейінгіні құрады. 2012 жылғы 5 сәуірден бастап Эйр Астана ішкі бағыттарға отын жинауды енгізді, ол авиаЖЖМ құнының өсуіне өтемақы жасауға мүмкіндік берді (авиаЖЖМ шығыстары 10,6 млрд. теңгеге, отын жиыны – 9,1 млрд. теңгеге өсті).

Осы сегмент бойынша күрделі шығындар 2012 жылы 530 млрд. теңгені, оның ішінде ЕҰ-ның өндірістік және әкімшілік қызметі процесіне тікелей қатысатын өндірістік активтерді және өзге де негізгі құралдарды дамытуға – 371 млрд. теңгені, жұмыс жағдайында ұстауға - 145 млрд. теңгені, өзгелерге -


14 млрд. теңгені құрады. Күрделі шығындар негізінен мына жобаларға бағытталды:

  1. «Жүк вагондарын сатып алу» жобасы қозғалмалы құрамда жүк тасымалының мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған. 2012 жылы игеру 185,2 млрд. теңгені құрады, 14,2 мың дана жүк вагондары сатып алынды (іске асыру мерзімі 2010–2015 жылдар; NPV – 24,6 млрд. теңге; IRR – 9,3%; PBP өтімділік кезеңі – 9 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,11);

  2. «Evolution локомотивтерін сатып алу» жобасы компанияның өндірістік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. 2012 жылы игеру 45,6 млрд. теңгені құрады, 70 бірлік локомотив сатып алынды (іске асыру мерзімі 2009–2015 жылдар; NPV – 23,4 млрд. теңге; IRR – 15,2%; PBP өтімділік кезеңі – 17 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,2);

  3. «Астана қаласында телерадиокешенін салу» жобасы отандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының сапасын арттыруға бағытталған (ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша). 2012 жылы игеру 12,9 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2010–2012 жылдар; NPV – -43,1 млрд. теңге; IRR – <0, PBP өтімділік кезеңі – өтелмейді);

  4. «Жетіген-Қорғас» теміржол желісін салу» жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ елдер арасында екінші халықаралық шекаралық теміржол өтпесін ашуға бағытталған. 2012 жылы игеру 20,9 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2009–2013 жылдар; NPV – 1,1 млрд. теңге; IRR – 8,04%; PBP өтімділік кезеңі – 49 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,01);

  5. «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісінің құрылысы» жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ елдер арасында екінші халықаралық шекаралық теміржол өтпесін ашуға бағытталған. 2012 жылы игеру 8,4 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі
    2009–2013 жылдар; NPV – 0,5 млрд. теңге; IRR – 8,03%; PBP өтімділік кезеңі – 65 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,01);

  6. «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінің кедендік және шекара инфрақұрылым объектілерін және әлеуметтік мақсаттағы объектілерін салу» жобасы (оның ішінде ТЭН әзірлеу) Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. 2012 жылы игеру 9,7 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі
    2010–2012 жылдар; тиімділік көрсеткіші жоқ, өйткені жобаны іске асыру «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінің толықтығы мен жұмыс істеу тиімділігі жағынан тиімді;

  7. «Астана қаласында қазіргі заманғы электровоздар шығаратын зауыт салу» жобасы компанияның өндірістік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның ішінде қазіргі заманғы электровоздар шығаруға бағытталған. 2012 жылы игеру 6,7 млрд. теңгені құрад (іске асыру мерзімі 2010–2013 жылдар; NPV – 1,2 млрд. теңге; IRR – 8,5%; PBP өтімділік кезеңі – 15 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,07);

  8. «Embraer үлгісіндегі ӘК сатып алу» жобасы ішкі бағыттарда қызметті кеңейтуге бағытталған. 2012 жылы игеру 4,9 млрд. теңгені құрайды (іске асыру мерзімі 2012-2014 жылдар; NPV – -4,5 млрд. теңге; IRR – -9%; PBP өтімділік кезеңі – 32,6 жыл; PI пайдалылық индексі – 0,09).

  9. «Airbus үлгісіндегі ӘК сатып алу» жобасы халықаралық бағыттардағы қызметті кеңейтуге бағытталған. 2012 жылы игеру 22,2 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2012-2013 жылдар; NPV – 14,8 млрд. теңге; IRR – 27%; PBP өтімділік кезеңі – 6,3 жыл; PI пайдалылық индексі – 1,2).

Күрделі шығындарды негізгі қаржыландыру көздері:

  • 235 млрд. теңге – жеке қаражат (229 млрд. теңге – КТЖ; 6 млрд. теңге – Эйр Астана);

  • 41 млрд. теңге – жарғылық капиталға жарналар (оның ішінде 28 млрд. теңге – республикалық бюджеттің қаражатыҚТЖ үшін);

  • 254 млрд. теңге – қарыз қаражаты (232 млрд. теңге – ҚТЖ; 22 млрд. теңге – Эйр Астана).



3.4 «Энергетика» сегменті
Өндірістік көрсеткіштер


Атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2011 жыл

2012/2011жылдар, %-бен

Факторлар

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВтс

17 418

13 397

30

Өндірістік көлемнің өсуі Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың ұлғаюына және тиісінше «Мойнақ ГЭС» АҚ пайдалануды бастаумен, сондай-ақ 2012 жылғы қарашадан бері «Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС өндірісі шамасын қосуды ескере отырып, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ, «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ генерациялайтын қуаттарды жүктеуді арттыруға байланысты.

Электр энергиясын өткізу көлемі

млн. кВтс

5 626

5 330

6

Электр энергиясын беру көлемі (өңірлік электр желілері)

млн. кВтс

8 395

7 961

5

Жылу энергиясын өндіру көлемі

мың Гкал

7 471

7 756

-4

Жылу энергиясын өндіру көлемінің нашарлауы 2012-2013 жылдардағы жылыту кезеңінде орташа сыртқы ауа температурасының артуы нәтижесінде жылу жүктемесін төмендетуге байланысты.

Көмір өндіру көлемі

млн. тонна

44,0

40,6

8

Өндірудің ұлғаюы жылу электр станциясы сұранысының өсуіне байланысты.

Электр энергиясын беру көлемі (ұлттық электр желілері және мемлекетаралық перетоктар)

млрд. кВтс

43,5

41,0

6

Ұлғаю

  • Қазақстанда электр энергиясын тұтыну және тиісінше электр энергиясын өндіру көлемінің өсуі;

  • KEGOC арқылы және ресей электр энергиясы транзитінің ұлғаюымен генерациялайтын кәсіпорындардан және энергия үнемдейтін ұйымдардан тұтынушыларға сатып алынатын электр энергиясының көлемі.

Техникалық диспетчерлеу көлемі

млрд. кВтс

83,5

80,8

3

Өндірісті теңгерімдеуді – электр энергиясын тұтыну көлемі

млрд. кВтс

152,9

145,9

5

SAIDI

жылына мин.

2,89

6,28

-54

Есептік кезеңде желі сенімділігі деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижесінде SAIDI және SAIFI көрсеткіштерін жақсарту болды.

SAIFI




0,06

0,16

-63


2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап KEGOC реттейтін қызметтерге жаңа тарифтер енгізілді. ҰЭЖ бойынша электр энергиясын беру бойынша қызметтерге баға 1,113 теңге/кВтс, желіге өткізуді техникалық диспетчерлеу және электр эенргиясын тұтыну бойынша – 0,128 теңге/кВтс, өндірісті теңгерімдеуді-электр энергиясын тұтынуды ұйымдастыру бойынша – 0,041 теңге/кВтс мөлшерінде белгіленді.

ҚР Индустрия және сауда министрлігімен 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №193 келісімге сәйкес «Шардара ГЭС» АҚ үшін 2012 жылғы 31 наурызға дейін 3,30 теңге/кВтс мөлшерінде, 2012 жылғы
1 сәірден бастап
3,63 теңге/кВтс мөлшерінде электр энергиясын өткізуге шекті тариф белгіленді.
2012 жылы тариф іс жүзінде 1-тоқсанда тарифтің өсуіне мораторий есебінен
3,50 теңге/кВтс қалыптасты.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен «АлЭС» АҚ арасында жасалған 2011 жылғы
12 желтоқсандағы №189 келісімге сәйкес 2012 жылғы 1 сәірден бастап өткізу 7
,40 теңге/кВтс баға бойынша жүзеге асырылды, 1 сәуірге дейін тариф 7,10 теңге/кВтс құрады. Осылайша, электр энергиясын өткізудің орташа жылдық бағасы 2012 жылы 7,31 теңге/кВтс құрады.

ҚР Индустрия және сауда министрлігімен инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №204 келісімге сәйкес «Ақтөбе ЖЭС» АҚ үшін электр энергиясын өткізуге тариф 6,3 теңге/кВтс мөлшерінде белгіленді.

2012 жылы «Шекті тарифтерді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына сәйкес электр энергияға шекті тарифтерді энергия өндіретін ұйымдарға енгізу нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының барлық санаттарына тарифті ұлғайтуға байланысты орташа өткізу тарифі ұлғайтылды. Осылайша, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 11,02 теңге/кВтс мөлшерінде бұрын қолданылған тарифке 6,7%-ға электр энергиясын өткізуге тарифті ұлғайтты.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №282-ОД бұйрығымен 2 244,73 теңге/Гкал мөлшерінде жылу энергиясын өндіретін «АлЭС» АҚ қызметтеріне тариф пен тарифтік смета бекітілді. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша және Алматы олбысы бойынша департаменттерінің 2012 жылғы 21 маусымдағы тиісінше №64-ОД және 184-ОД бірлескен бұйрығымен 2012 жылғы 10 шілдеде қолдануға енгізілетін 2 299,71 теңге/Гкал мөлшерінде төтенше реттеу шаралары ретінде жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтерге тариф бекітілді. 2012 жылға іс жүзіндегі орташа жылдық тариф 2 267,35 теңге/Гкал құрады.

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ бойынша жылу энергиясына орташа бекітілген тариф 844,55 теңге/Гкал құрады, ол тұтынушылар тобына: «Трансэнерго» АҚ-ға 714,95 теңге және өнеркәсіп кәсіпорындарына
1 348,41 теңге мөлшерінде бөлінеді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
37-НК бұйрығымен «МРЭК» АҚ үшін 2,39 теңге/кВтс мөлшерінде электр энергиясын беруге және бөлуге тариф бекітілді. Реттелетін қызметтерге тарифтің өсуі «Шекті тарифтерді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №1628 қаулысының негізінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның электр энергияға өткізу тарифінің 7,23 теңге/кВтс-дан 9,54 теңге/кВтс дейін ұлғаюына, 32%-ға өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляция индексінің өсуіне байланысты болды.

2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығында «АЖК» АҚ үшін 3,41 теңге/кВтс мөлшерінде тариф белгіленді, 2012 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанды қоса алғанда тариф «АЖК» АҚ электр энергиясын беру және бөлу бойынша реттелетін қызметтерге тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы» ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша және Алматы облысы бойынша департаменттерінің тиісінше №77-ОД және 217-ОД бірлескен бұйрығын сәйкес 4,42 теңге/кВтс мөлшерінде тариф белгіленді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің шешіміне сәйкес 2012 жылғы 1 қазаннан бастап KEGOC-тың реттелетін қызметтеріне жаңа тарифтер енгізілді: ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша қызметтерге баға 1,113 теңге/кВтс, желіге өткізуді техникалық диспетчерлеу және электр эенргиясын тұтыну бойынша – 0,128 теңге/кВтс, өндірісті теңгерімдеуді-электр энергиясын тұтынуды ұйымдастыру бойынша – 0,041 теңге/кВтс мөлшерінде белгіленді.
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылға сегмент бойынша таза пайда өзгерісінің факторлары:


Факторлар

Өзгерістер, млрд. теңге

Таза пайда (2012 жылға 43,7 млрд. теңге; 2011 жылғы 38,5 млрд. теңге)

5,2

Бірлесіп бақыланатын компаниялардағы кірістердегі үлестің өсуі

4,5

Көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы

1,7

2012 жылғы 7 мамырдағы сенімгерлік басқару шартына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ-ға ҚР Қаржы министрлігі берген «Шығыс Қазақстан өңірлік компаниясы» АҚ бойынша таза кіріс

1,2

Бағам айырмасының жағымсыз әсері (KEGOC)

-3,2

Өзгелер

1,0

Болашақта сегмент компаниялары негізінен мына іс-шараларды өткізетін болады:



  • KEGOC АҚ МЭС филиалдары 500 және 220 кВ кіші станцияларын жаңғырту және жоғары вольтты желілер салу;

  • ҚР Үкіметімен бірлесіп Өзбекстан тарапынан Қазақстанның БЭЖ-інен электр энергиясы мен қуатын рұқсатсыз тұтынуын қысқарту жұмыстары;

  • негізгі құралдардың тозуын азайту;

  • айналым капиталын басқару тиімділігін арттыру.

Қазіргі уақытта сегменттің бірқатар компаниялары «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде акциялар пакетін қор биржасына шығару шеңберінде заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Осы сегмент бойынша күрделі шығындар 2012 жылы 91,0 млрд. теңгені, оның ішінде өндірістік активтер мен өзге де негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстауға – 22,8 млрд. теңгені және дамуға – 68,2 млрд.теңгені құрады. Күрделі шығындар негізінен мына жобаларға бағытталды:



  1. «ҰЭС жаңғырту. II кезең» жобасы бірінші кезең шеңберінде жаңғырту көлеміне кірмеген Қазақстан ҰЭС-тың 55 кіші станцияларына осы заманғы жоғары вольтты жабдық орнату арқылы Қазақстан ҰЭС-тың техникалық деңгейін арттыруға және жұмыс істеуінің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба бойынша игеру 2012 жылы 11,8 млрд. теңгені құрады, оның 11,7 млрд. теңгеге қаржыландыруы қарыз қаражаты есебінен және өзге де сома меншік қаражат есебінен жүзеге асырылды (іске асыру мерзімі 2010 – 2016 жылдар; NPV – 1,8 млрд. теңге; IRR – WACC+0,524; PBP өтімділік кезеңі – 12,8 жыл; пайдалылық индексі – 1,06);

  2. «Мойнақ СЭС қуатын беру» жобасы салынып жатқан Мойнақ СЭС-інде қуатты беруді қамтамасыз етуге және Оңтүстік аймақтың тапшылығын жабуға бағытталған. Есептік кезең қорытындылары бойынша инвестициялық жоба бойынша игеру негізінен мынадай қаржыландыру көздері есебінен 2,5 млрд. теңгені құрады: қарыз қаражаты – 2,4 млрд. теңге, республикалық бюджеттің қаражаты – 0,1 млрд. теңге (іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жылдар; NPV – 1,11 млрд. теңге; IRR – 10,29; PBP өтімділік кезеңі – 10 жыл; пайдалылық индексі – 1,13);

  3. «Желі кернеуі 500, 220 кВ Қазақстан ҰЭЖ-іне қосылумен КС 500кВ «Алма» құрылысы» жобасы Алматы қаласын және Алматы өңірін электрмен жабдықтаудың сенімділігін, Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің қуатын беруді қамтамасыз етуге бағытталған. 2012 жылғы 31 желтоқсанда инвестициялық жоба бойынша игеру 5,9 млрд. теңгені құрады, оның республикалық бюджет қаражаты – 5,8 млрд. теңге, меншік қаражаты – 0,05 млрд. теңге және қарыз қаражаты - 0,03 млрд. теңге (іске асыру мерзімі 2009 – 2014 жылдар; NPV – 7,12 млрд. теңге; IRR – 15,6; PBP өтімділік кезеңі – 13 жыл; пайдалылық индексі – 1,28);

  4. «ЖЖ 220 кВ ЦГПП-Осакаровка қайта жөндеу» жобасы Астана қаласы тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған. 2012 жылы игеру 0,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: республикалық бюджет – 0,1 млрд. теңге; қарыз қаражаты 0,1 млрд. теңге (іске асыру мерзімі 2010 – 2014 жылдар; NPV – 0,018 млрд. теңге; IRR – 15; жобаның өтімділік кезеңі – 9,5 жыл; пайдалылық индексі – 2);

  5. мына жобалар іске асырудың әртүрлі сатыларында, мұнда «Қазақстанның солтүстігі-оңтүстігі транзиті 500 кВ электр беретін екінші желі салу» жобасы – аяқталу сатысында, «Балқаш ЖЭС қуатын беру», «Екібастұз ШГЭС (Семей)-Өскемен ЖЖ 500кв салу», «ШГЭС(Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма ЖЖ-500кВ салу», «Қазақстанның БЭЖ-бен Павлодар энергия торабы байланысын күшейту» жобалары бастапқы сатыда;

  6. «Шарын өзенінде қуаты 300 МВт Мойнақ ЖЭС-ін салу» жобасы. 2012 жылы Мойнақ ЖЭС пайдалануға енгізу жүзеге асырылды, ол елдің оңтүстік энергетика аймағының ең жоғары жүктемелерін жабудың негізгі маневрлік көзі болды. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 54,1 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде 4,4 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: меншік қаражат – 0,8 млрд. теңге; қарыз қаражаты – 3,6 млрд. теңге (жобаны іске асыру мерзімі 2006-2012 жылдар; NPV – 10,36 млрд. теңге; IRR – 12,77%; жобаның өтімділік кезеңі – 15 жыл);

  7. «Екібастұз МАЭС-1 қуатын қайта жөндеу және кеңейту» жобасы. Инвестициялық жоба Екібастұз МАЭС-1-де №8, №2 және №1 блоктарды қалпына кедтіруді және тиісінше станцияның пайдаланатын қуатын 1500 МВт ұлғайтуды болжайды. 2012 жылы қуаты 500 МВт болатын №8 блок қалпына келтірілді, ол елдің электр жүйесінің 2012-2013 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді өткізу бойынша мәселені шешуге мүмкіндік берді. № 2 блок бойынша Бас мердігер жобалау-құжаттамалық құжаттама әзірледі, «Мемсараптама» РМК қорытынды алынды. Демонтаждау жұмысы жалғауда. № 1 блок бойынша 2012 жылы ТЭН әзірлеу жүргізілді. Бүгінгі таңда ТЭН-ге Мемсараптама жүргізілуде. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 172,5 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы меншік қаражат есебінен ҚҚС есептемегенде
    21,4 млрд. теңге игерілді (1-блок: жобаны іске асыру мерзімі 2012-2016 жылдар; IRR – 25%; жобаның өтімділік кезеңі – 8 жыл. 2-блок: жобаны іске асыру мерзімі 2010-2014 жылдар; NPV – 53,36 млрд. теңге; IRR – 27,1%; жобаның өтімділік кезеңі – 8,7 жыл. 3-блок: жобаны іске асыру мерзімі 2009-2012 жылдар; NPV – 75,54 млрд. теңге; IRR – 39%);

  8. «Балқаш ЖЭС салу» жобасы. 2012 жылы қуаты 1320 МВт болатын Балқаш ЖЭС-тің бірінші модулін салу басталды. Жобаны іске асыру Қазақстанның электр энергия мен электр қуатына тапшылығын жабуға және жылына 9,2 млрд. кВтс жуық электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 624,9 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде 2,7 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: меншік қаражат – 2,1 млрд. теңге; республикалық бюджет қаражаты –
    0,6 млрд. теңге (жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2017 жылдар; NPV – 103,33 млрд. теңге; IRR – 13,14%; жобаның өтімділік кезеңі – 20 жыл; пайдалылық индексі – 1,4);

  9. «Шардара СЭС қайта жөндеу» жобасы. Жобаны іске асыру СЭС-тің белгіленген қуатын
    116 МВт дейін (16%-ға) ұлғайтуға және қосымша жылына 57 млн. кВтс өндіруге мүмкіндік береді.
    2012 жылғы тамызда Шардара СЭС пен ЕҚДБ арасында Кредиттік келісім жасалды. Ағымдағы сәтте ЕРС-мердігерді таңдау бойынша екі кезеңді тендер өткізілуде. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 15,2 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде меншік қаражат есебінен 0,4 млрд. теңге игерілді (жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2016 жылдар; NPV – 7,08 млрд. теңге; IRR – 21,7%; жобаның өтімділік кезеңі – 15 жыл; пайдалылық индексі – 1,4; өнімділікті арттыру – 16%);

  10. «№ 3 ст. энергия блогын орнатумен Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жөндеу» жобасы станцияның белгіленген қуатын 600-660 МВт-қа ұлғайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жылына
    4,5 млрд. кВтс жуық қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. 2012 жылы жоғарылатылған өлшеммен ЖСҚ түзету басталды. Бүгінгі таңда түзету бойынша құжаттама Мемсараптамаға берілді. Сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 113,5 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде 3,9 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: меншік қаражат – 1,0 млрд. теңге; қарыз қаражаты – 2,9 млрд. теңге (жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2015 жылдар; NPV – 18,95 млрд. теңге; IRR – 16,8%);

  11. Метрополитеннің 4 кіші станциясын салу және АТП АЭА (Отырар, Кеңсай, Алатау, Жаңа №16) 738 МВА мөлшерінде жаңа трансформаторлық қуат енгізуді болжайды. Отырар кіші станциясы бойынша 2012 жылы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды. Жаңа 16 және Алатау кіші станциялары бойынша барлық жұмыстар орындалды, кіші станциялардың жабдығы кернеуге қойылды. Бүгінгі таңда Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілері ресімделуде. Кеңсай кіші станциясы бойынша үй-жайлардың жалпы құрылыс жұмыстары аяқталды. КС, АТ-1 және АТ-2 жұмыс кернеуіне қойылды. Кеңсай КС – Ерменсай КС трассасының қалған учаскелерінде жұмыс жүргізілуде. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 32,7 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде 10,6 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: меншік қаражат – 0,2 млрд. теңге; республикалық бюджет қаражаты –
    9,6 млрд. теңге; Ұлттық қордың қаражаты – 0,8 млрд. теңге;

  12. Алматы қаласында ТКШ 3 кіші станциясын салу (Алтай КС, Мамыр КС, Жаңа №3А КС) жаңа тұтынушыларды қосу бойынша шектеулерді алу мақсатында Алматы қаласында тұрғын үй-құрылыс шаруашылығының объектілерін электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қажет. Жаңа трансформаторлық қуатты енгізу 332 МВА құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны ҚҚС-мен 7,9 млрд. теңгені құрайды. 2012 жылы ҚҚС есептемегенде 0,0 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: меншік қаражат – 0,02 млрд. теңге; республикалық бюджет қаражаты –
    2,0 млрд. теңге (Жаңа кіші станциясы: іске асыру мерзімі – 2012-2016 жылдар; NPV – 2,9 млрд. теңге; IRR – 10%; жобаның өтімділік кезеңі – 20 жыл. Мамыр кіші станциясы: жобаны іске асыру мерзімі –
    2010-2014 жылдар; NPV – 2,9 млрд. теңге; IRR – 10%; жобаның өтімділік кезеңі – 20 жыл. Алтай кіші станциясы: жобаны іске асыру мерзімі – 2009-2012 жылдар; NPV – 2,9 млрд. теңге; IRR – 10%; жобаның өтімділік кезеңі – 20 жыл).

Күрделі шығындарды негізгі қаржыландыру көздері:

  • 42,3 млрд. теңге – меншік қаражат (37,0 млрд. теңге – Самұрық-Энерго; 4,4 млрд. теңге – KEGOC; 0,9 млрд. теңге – ШҚ РЭК);

  • 25,5 млрд. теңге – Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарғылық капиталға жарналар (19,5 млрд. теңге – Самұрық-Энерго; 6,0 млрд. теңге – KEGOC);

  • 23,2 млрд. теңге – қарыз қаражаты (9,0 млрд. теңге – Самұрық-Энерго; 14,2 млрд. теңге – KEGOC).



3.5 «Телекоммуникация» сегменті
Өндірістік көрсеткіштер
Сегменттің өндірістік көрсеткіштерінің негізгі өзгеріс факторлары мынадай:


Көрсеткіш


Өлшем бірлігі

2012 жыл

2011 жыл

2011 ж. қарағанда 2012 дылы, %-бен

Факторлар

Тіркелген желілер саны

мың желі

4047,6

3948,6

103

Жаңа абоненттер санының өсуі

Абоненттердің саны – Ұтқыр байланыс (Дауысты байланыс)

мың бірлік

1126,0

1383,7

81

Белсенді абоненттер санының кемуі бәсекелес GSM операторлары қызметінің белсенді маркетингтік қызметі салдарынан адалдықтың төмендеуіне байланысты. Жаңа абоненттер тарту үшін жаңа тарифтік жоспарлар енгізілді, жарнама іс-шаралары жоспарланып отыр.

КЖҚ абоненттерінің саны

мың порт

1203,9

973,4

124

Пайдаланушылар санының өсуі Megaline тарифтік жоспарлары (Drive, Turbo, Hit) бойынша жеке тұлғалар сегментіне қызметтерді белсенді түрде алға жылжытудың арқасында.

Почта қызметтерінің көлемі

млн. бірлік

312

272

115

Сәлемдемелер, жылдамдатылған почта, арнайы байланыс беру бойынша қызметтер көлемінің өсуі

Қаржы қызметтерінің көлемі

млрд. теңге

731

795

109

Коммуналдық және өзге де төлемдерді қабылдау, жеке тұлғаларға ақша төлеу, ақша аударымы және басқалар бойынша қызметтер көлемінің өсуі.

Агенттік қызметтердің көлемі

млрд. теңге

0,2

0,4

177

Екінші деңгейдегі банктердің кредит беру көлемінің өсуі.

Төменде 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы осы сегмент бойынша таза пайда өзгерістерінің негізгі факторлары келтіріледі.




Факторлар 

Өзгеріс, млрд.теңге

Таза пайда (2012 жылы 223 млрд.теңге; 2011 жылы 51 млрд.теңге)

172,0

тоқтатылған қызметтен кіріс («Қазақтелеком» ААҚ-ның «GSM Қазақстан» ЖШС-ға қатысу үлесін сатуы)

169,0

«МТС» ЖШС ұзақ мерзімді дебиторлық берешегіне резервті ауыстыру нәтижесінде Қазақтелекомның активтерінің құнсыздануын қалпына келтіру (8,0 млрд теңге)

8,4

«Ситибанк Қазақстан» АҚ-мен жаңа кредит келісімдер жасасу және олар бойынша таңдауды жүзеге асыру нәтижесінде банктердің кредиттері бойынша шығыстардың өсуі (Cisco жеткізілімін қаржыландыру)

-5,4

Болашақта сегмент компаниясы өз жұмысын мынаған бағыттайды:



  1. Жылдамдығы жоғары кең жолақты қол жеткізу (КЖҚ) қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруды арттыру және Қазақтелеком беретін телекоммуникациялық сервистерді кеңейту;

  2. CDMA-450 сымсыз технологиясы негізінде ауылдық телекоммуникация желісін жылдам әрі тиімді дамыту және байланыс қызметтеріне елдің ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру;

  3. шекара еелдердің жетекші телекоммуникациялық операторларымен бар тораптарды кеңейту;

  4. энергия үнімдейтін технологияларды пайдалана отырып және жоғары бас тарту орнықтылығы мен резервтеу деңгейімен желілік, есептеу жабдығы кешенін және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді беретін Интернет Дата Орталықтар базасында инновациялық сервистерді дамыту;

  5. кешенді әріптестік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу арқылы, оның ішінде жетекші АТ- провайдерлердің (Microsoft, IBM, SAP және HP) қатысуымен корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтерді дамыту;

  6. өнім қоржынын әртараптандыру, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету және қазіргі заманғы және инновациялық өнімдерді шығару есебінен «Почта қызметтері» профильдік бизнесін кеңейту;

  7. меншік қаржы қызметтерін сатуға агенттік кірістер алудан өтуді жүзеге асыру арқылы қаржы қызметтерінің толыққанды бизнесін қалыптастыру;

  8. компанияның ІТ-инфрақұрылымын дамыту және сенімділік және сапа брендісін дамыту.

Осы сегмент бойынша күрделі шығындар 2012 жылы 66,7 млрд. теңгені, оның ішінде өндірістік активтерді және өзге де негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстауға - 16,2 млрд. теңге және дамытуға – 50,5 млрд.теңгені құрады. Күрделі шығындар, негізінен мынадай жобаларға бағытталған:

  1. «2012-2015 жылдары CDMA/EVDO ауылдық байланысты жаңғырту және дамыту» жобасы сымсыз байланыс желілерін өрістету есебінен ауылдық елдімекендерде телекоммуникация қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. 2012 жылы жоба бойынша игеру 5,1 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2012 – 2015 жылдар; NPV – 1,98 млрд. теңге; IRR – 27; PBP өтімділік кезеңі –
    4,7 жыл; пайдалылық индексі – 1,2).

  2. «FTTH (Fiber to the Home) желілерін салу» жобасы Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында және Қазақстан Республикасының басқа қалаларында GPON телекоммуникациялық жабдығын орнату арқылы телекоммуникация қызметінің нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған. 2012 жылы игеру 14,8 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2011 – 2014 жылдар; NPV – 19,52 млрд. теңге; IRR – 36,38; PBP өтімділік кезеңі – 5,1 жыл; пайдалылық индексі – 1,27).

  3. «Қазақстан Республикасында ІP TV қызметтерін енгізу және дамыту» жобасы ақылы телевиденияні енгізуге және топтамалық телекоммуникациялық шешімдердің ұсынуға бағытталған. 2012 жылы игеру 1,36 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2011 – 2014 жылдар; NPV – 4,26 млрд. теңге; IRR – 27; PBP өтімділік кезеңі – 6,8 жыл; пайдалылық индексі – 1,35).

  4. «Телекоммуникациялардың жергілікті желілерін жаңғырту» жобасы Қазақстан Республикасында деректерді беру желілерін пайдаланушылардың санын ұлғайту есебінен телекоммуникациялар қызметіне қазіргі бар және әлеуетті сұранысты қанағаттандыру жолымен кірісті ұлғайтуға бағытталған. 2012 жылы игеру 6,8 млрд. теңгені құрады (іске асыру мерзімі 2011 – 2014 жылдар; NPV – 16,9 млрд. теңге; IRR – 80; PBP өтімділік кезеңі – 3,6 жыл; пайдалылық индексі – 1,88).

  5. «Деректерді ұтқыр байланыс арқылы беру қызметтері үшін Астана және Алматы қалаларында Long Term Evolution желілері салу» жобасы жоғары сапалы көрсеткіштермен ұтқыр кең жолақты қол жеткізу қызметін енгізуге бағытталған. 2012 жылы 9,0 млрд. теңге игерілді (іске асыру мерзімі
    2012 – 2021 жылдар; NPV – 13,06 млрд. теңге; IRR – 16,67 ; PBP өтімділік кезеңі – 11 жыл; пайдалылық индексі – 1,2).

Күрделі шығындарды негізгі қаржыландыру көздері:

  • меншік қаражат – 50,2 млрд. теңге;

  • Қордың меншік қаражатынан жарғылық капиталға жарналар – 0,18 млрд. теңге;

  • қарыз қаражаты – 16,4 млрд. теңге.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау