«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазгеология) республиканың аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халықтың өмір сүруіне арналған қолайлы жағдайлар және болашақ ұрпақ қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базаларын жасау, сондай-ақ Каспий шельфінің қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы
№ 684 қаулысымен құрылды.
Қазгеология қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:
республиканың минералдық-шикізат базасын молықтыру;
геологиялық-барлау жұмыстары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен бағалауды қоса алғанда, жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу;
геология саласына ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу;
алынатын геологиялық ақпарат деректерінің банкін сақтау, өңдеу, жүйелендіру.
Қазгеология Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен «Қазгеология» АҚ 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) Қазгеологияның Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы «Қазхром» ТНК марганец рудаларын геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді;
2) 2012 жылғы 11 шілдедегі № 177-и шартпен Қазгеологияның акциялар пакеті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілді.
2012 жыл ішінде іс жүзіндегі орташа сан 51 бірлікті құрады.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚИ) республиканың аса ірі қорғаныстық-өнеркәсіптік кәсіпорындарында бірыңғай қаржы, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін холдингілік құрылым болып табылады және ҚР Қорғаныс министрлігінің сенімгерлікпен басқаруында болады.
ҚИ миссиясы – ішкі қажеттілік пен экспортты қамтамасыз ету үшін қорғаныстық, қосарлы және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету.
ҚИ құрылымына 3 деңгейдегі 34 компания кіреді. ҚИ халық тұтынатын тауарлар шығаруды қоса алғанда, мұнай-газ, темір жол, энергетика, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендер үшін, сондай-ақ радиоэлектроника мен басқа да секторлар саласындағы өнімдер шығару мен қызметтер көрсетуге маманданады.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) мамыр айында Астана қаласында KADEX-2012 халықаралық көрмесі өткізілді, оның қорытындылары бойынша ҚИ әлемдік жетекші компаниялармен 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды;
2) ҚИ «Moody’s» «Ва2» деңгейіндегі кредиттік рейтинг алды.
ҚИ – ҚР-дағы халықаралық рейтингі бар бірден бір машина жасау компаниясы. Алынған рейтингтің арқасында, бірінші облигациялық бағдарламаның шеңберінде ҚИ-дың ішкі облигациялар нарығына (KASE) шығуы жүзеге асырылды (шамамен 13 млрд. теңге тартылды). Бұл ҚИ кәсіпорындарының «қымбат» кредиттерін қайта қаржыландыруға, кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік берді және қызмет рентабельділігін ұлғайтуға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады;
3) ҚИ «KPMG Tax and Advisory» ЖШС компаниясымен корпоративтік басқару деңгейін диагностикалаудан өтті, соның нәтижелері бойынша 44% корпоративтік басқару рейтингін алды;
4) ҚИ-дың жаңа редакциядағы Жарғысы бекітілді;
5) 2012 жылғы маусымда Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Eurocopter компаниясымен (Франция, Германия) бірлескен тікұшақтар құрастыру зауытының ашылуы болды;
6) Қарашада «Мұнаймаш» АҚ мұнай өнеркәсібі бұйымдарын механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту жобасы пайдалануға енгізілді.
Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша іс жүзіндегі орташа сан 5 084 бірлікті құрады, оның ішінде 4 531 бірлік өндірістік персоналдікі.
«Тасымалдау» сегменті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Павлодар әуежайы» АҚ, «Досжан темір жолы» АҚ-ны қамтиды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚТЖ) құрылымына 5 деңгейдегі 83 компания кіреді.
ҚТЖ қызметінің негізгі мақсаты экономика мен халықтың багажды, жүк багажын, жүктерді, почта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдауға деген қажеттіліктерін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.
Мынадай елеулі оқиғаларды атаймыз:
1) 2012 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тарифтер 15%, оның ішінде магистралдық темір жол қызметтеріне 9,6% артты;
2) 2012 жылғы 10 шілдеде Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларына Reg S/144A форматында 30 жыл өтеу мерзімімен 800 млн. АҚШ доллары сомасына еурооблигациялардың жаңа шығарылымын орналастыруды жүргізді. Бұл шығарылым кеңестіктен кейінгі кеңістікте корпоративтік эмитенттердің арасында өтеудің рекордтық ұзақтығын көрсетті, сондай-ақ 2008 жылдан бастап Қазақстан өңірінен және Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдерінің ішінен 30 жыл өтеу мерзімімен жасалған шығарылым көлемі бойынша аса ірі мәміле болып табылады;
3) «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» және «Жетіген – Қорғас» екі темір жол желісінің құрылысы аяқталды;
4) «Patentes Talgo» технологиясына сәйкес жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталды, ол жылына 150 жолаушылар вагоны болжамды көлемді иеленеді;
5) «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» екі темір жол желісінің құрылысы басталды.
2012 жыл ішінде іс жүзіндегі орташа сан 151 297 бірлікті құрады.
«Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – Эйр Астана) қызметінің негізі азаматтық авиацияның әуе кемелерімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау болып табылады. Қор (51%) және «BAESystemsKazakhstanLtd.» (49%) Эйр Астананың акционерлері болып табылады.
Халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдар нарығындағы Эйр Астананың үлесі есепті кезеңде шамамен 36% (2010-2011жж. – 36%), ішкі бағыттар бойынша – 77% (2010-2011жж. – 77%) құрады.
Есепті кезеңде негізгі оқиғалар мыналар болды:
1) операциялық лизинг шарттарында 2 әуе кемесін (бұдан әрі - ӘК) қоса алғанда, жаңа 6 ӘК жеткізу (2 Embraer 190 түрінде) және 4 меншікті ӘК (1 Embraer 190 түрінде, 1 Airbus 320 түрінде және
2 Airbus 321 түрінде);
2) әуе компанияларының ішкі рейстерінде авиабилеттердің бағасын орта есеппен 16% арттыруға ықпал еткен және авиациялық жанар-жағар май материалдарының орташа құнының өсуін 2011 жылғы 109,3 мың теңгеден 2012 жылы 153,6 мың теңгеге дейін 41% ішінара өтеген отын жинауды енгізу;
3) 7 халықаралық Алматы–Қазан, Астана–Баку, Астана–Санкт-Петербург, Астана–Ташкент, Астана–Омск, Астана–Пекин, Алматы–Гонконг) және 2 ішкі (Астана–Актау, Астана–Шымкент) рейстің ашылуы;
4) ӘК техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге EASA 145-бөлік лицензиясының расталуы;
5) Boeing 757/767 және Airbus 319/320/321 бүкіл паркінің Еуропалық одақ тізімінің В қосымшасына енгізу, ол Еуропалық одақ елдеріне рейстер орындау мүмкіндігін береді;
6) Эйр Астана Шығыс Еуропаның және ТМД-ның 4 жұлдызды SKYTRAX рейтингі бар жалғыз тасымалдушысы болып қалып отыр, сондай-ақ «Орталық Азия мен Үнді субконтинентінің үздік авиакомпаниясы» деп танылды.
2012 жыл ішінде іс жүзіндегі орташа сан 3 750 бірлікті құрады.
«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Павлодар әуежайы» АҚ негізінен әуежай қызметі жөніндегі қызметті көрсетеді, оның ішінде әуе кемелерін, жолаушыларды қабылдауды, ұшыруды және оларға қызмет көрсетуді, багажды, жүктерді, почтаны өңдеуді, оларды қарап-тексеру мен бақылауды, иондауыш сәуле шығару көздерімен және радиоактивтік заттармен жұмыс істеуді жүргізеді; ұшуларды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша, ұшулардың қауіпсіздігін медицциналық қамтамасыз ету бойынша, әуе кемелерін, объектілерді және әуежай қызметтерін жанар-жағар май материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету бойынша, олардың сапасын бақылау, сондай-ақ авиация және автомобиль көлігі үшін жанар-жағар май материалдарын сатып алу, сақтау, сату, оның ішінде көтерме-бөлшек саудада сату бойынша жұмыс жүргізеді.
«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ және «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ іс жүзінде әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдайды және оларға қызмет көрсетеді.
Әуежайлар табиғи монополия субъектілері болып табылады және табиғи монополия субъектілерінің жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі.
2012 жылы әуежайлардың кінәсі бойынша авиациялық және төтенше оқиғалар тіркелген жоқ.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғаларды атаймыз:
1) «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ теңгеріміне Қор Жарғылық капиталға салым ретінде аэроайлақ кешенін берді;
2) «Павлодар әуежайы» АҚ аэроайлық ғимаратына қайта жөндеуді жүзеге асырды, әуежайдың арнайы техникасы мен инфрақұрылымын жаңартты;
3) «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ көлемі 5000 текше м тік резервуарды пайдалануға енгізді.
2012 жыл ішінде «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ-ның орташа саны 464 бірлікті, «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ – 437 бірлікті, «Павлодар әуежайы» АҚ – 241 бірлікті құрады.
«Энергетика» сегментінде Қордың мынадай компаниялары топтастырылған: осы сегменттегі ең іріліре іболып табылатын «КEGOC» АҚ (бұдан әрі – КEGOC) және «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Самұрық-Энерго), «КОРЭМ» АҚ (бұдан әрі – КОРЭМ), «Ш.Шөкин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ» АҚ (бұдан әрі – КазҒЗИ) және «Қарағандыгипрошахт и К» ЖШС (бұдан әрі – Қарағандыгипрошахт), «Шығыс Қазақстан өңірлік компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ШҚ ӨК) кіреді.
KEGOC Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) жүйелік операторы болып табылады. Электр энергиясын беру, желіге босатуды және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлеу, электр энергиясының өндірілуін/тұтынылуын теңгерімдеу жөніндегі және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясының шекаралас мемлекеттердің энергия жүйелеріне ток ауысудың шарттық шамаларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетеді, меншік нысанына қарамастан, ҚР БЭЖ объектілерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады.
KEGOC көрсететін қызметтер табиғи монополия саласына жатады. KEGOC құрылымына Атқарушы Дирекция, бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан жүйеаралық электр желілерінің 9 филиалы, Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы, Алматы қаласындағы өкілдік, «Энергоинформ» АҚ (100%) – қызметінің негізгі түрі ҚР БЭЖ ақпараттық-телекоммуникациялық кешенінің лайықты жұмыс істеуін және оны тиімді дамытуды қамтамасыз ету, және «Батыс Транзит» АҚ (20%) – «Солтүмстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр беру желісін салу.
2012 жылғы мынадай елеулі оқиғаларды атаймыз:
1) Ұзындығы 227,8 км «ОРУ 220кВ Мойнақ ГЭС - КС 220кВ Робот» 220 кВ жоғары вольтты электр беру желілерін жұмысқа енгізумен және КС 220кВ Робот кеңейтумен Korea Electric Power Corporation және Hyundai Corporation (Корея) консорциумының «Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасын іске асыру аяқталды. Салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы актісіне қол қойылды;
2) Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстанның ҰЭЖ қосумен «Алма» КС 500/220 кВ құрылысын салу» жобасының І кезеңі шеңберінде «Алма» 500 кВ кіші станциясы пайдалануға енгізілді, сондай-ақ жобаның басқа құрауыштарын іске асыру жалғасуда.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа сан 4 715 бірлікті құрады.
Самұрық-Энерго мен оның еншілес кәсіпорындары қызметінің негізгі түрлері көмірдің, көмірсутегілердің және су ресурстарының негізінде электр және жылу энергиясы мен ыстық су өндіру және халыққа әрі өнеркәсіптік кәсіпорындарға сату, электр энергиясын тасымалдау және желідегі электрді техникалық бөлу, су және жылу электр станцияларын салу, көмір өндіру және сату, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалдау болып табылады.
Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру нарығындағы үлес 2012 жылы 15,5%,
2011 жылы – 15,5% құрады, көмір өндіру 2012 жылы – 38,0%, 2011 жылы –38,0% құрады.
2012 жылғы 29 тамыздан бастап Қор Самұрық-Энергоның 100% акционеріне айналды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1103 қаулысымен Самұрық-Энерго «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі акцияларының 5,28% Қорға берілді.
Самұрық-Энерго активтерінің құрылымы 4 деңгейдегі 37 компаниядан тұрады.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) 27 наурызда Сеулде Самұрық-Энерго Басқармасының төрағасы, Samsung C&T Corporation Президенті және Бас атқарушы директоры Балқаш жылу электр станциясын салу инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын сатып алу-сату туралы келісімге» қол қойды;
2) 17 сәуірде Самұрық-Энерго жарғылық капиталының 75%-1 акция құрайтын 755 691 дана санындағы «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын Samsung корпорациясына сату бойынша мәмілені аяқтады. Иеліктен шығарылған акциялардың жалпы құны 7 556 910 000 теңгені құрайды;
3) 7 мамырда «Шығыс Қазақстан электр желісін бөлу компаниясы» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-тан Самұрық-Энергоға сенімгерлікпен басқаруға берілді;
4) Мойнақ ГЭС-інің 2-ші гиджроагрегаты пайдалануға енгізілді;
5) Самұрық-Энергоның жалпы сомасы 101,6 млрд. теңге жай акцияларын төлеу есебінен «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50% Самұрық-Энергоның жарғылық капиталына берілді;
6) Самұрық-Энерго мен КЕРСО (Корей Республикасы) арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
7) Корей Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапарының шеңберінде қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС бірінші модулінің құрылысын бастау ресми салтанаты болды. «Астана – Үлкен кенті» телекөпірі форматында өткізілген ресми салтанатқа Қазақстан Президенті мен Корей Президенті қатысты;
8) 20 қарашада Standard & Poor’s халықаралық рейтингілік компаниясы Самұрық-Энергоға «ВВ+» деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша «kzAA-» рейтингін берді. Рейтингілер бойынша болжам – «Тұрақты»;
9) 26 қарашада Fitch Ratings халықаралық рейтингілік компаниясы Самұрық-Энерго компаниясына шетелдік және ұлттық валютада эмитент дефолтының тиісінше "BBB" және "BBB+" ұзақ мерзімді рейтингін (РДЭ) және шетелдік валютада «Ғ3» қысқа мерзімді РДЭ берді. Сондай-ақ Fitch те компанияға «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін берді. Ұзақ мерзімді рейтингілер жөніндегі болжам – «тұрақты»;
10) Самұрық-Энерго Корпоративтік менеджмент жүйесінің ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне алғашқы қадағалау аудитінен табысты өтті;
11) Самұрық-Энерго Ирландия қор биржасында және КАSЕ-де на $500 млн. бес жылдық еврооблигация орналастырды, кірістілігі жылдық 3,75% мөлшерінде анықталды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 13 735 бірлікті құрады.
ҚазЭҒЗИ электр энергетикасы саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулер мен әзірленімдер, электр энергетикасы саласын қажет етілетін және бәсекеге қабілетті инновациялық ғылыми әзірленімдермен қамтамасыз ету, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерінің тиімді коммерциялануын қамтамасыз ету, отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы технологиялардың трансфертін енгізу, стратегиялық және жедел басқару жөніндегі тиімді жүйені жасау бойынша қызметтер көрсетеді.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 57 бірлікті құрады.
КОРЭМ қызметінің негізгі түрлері орталықтандырылған алаңда электр энергиясымен сауда-саттықтар жүргізуге дайындықты қамтамасыз ету болып табылады, ал Қарағандыгипрошахт тау-кен өндірістерін жобалауды, ғимараттар мен құрылыстарды қала салу және сәулеттік жобалауды, сондай-ақ көмір және тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін табиғат қорғауды жобалауды және нормалауды жүзеге асырады, ШҚ ӨЭК қызметінің негізгі түрі электр энергиясын тарату және бөлу болып табылады.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 22 651 бірлікті құрады.
«Телекоммуникациялар» сегменті «Қазақтелеком» АҚ және «Казпочта» АҚ компанияларын қамтиды.
«Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – Қазақтелеком) Қазақстан Республикасы байланысының аса ірі операторы бола отырып, ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең спектрін ұсынады, оның ішінде тіркелген телефония, ұтқыр байланыс, деректер беру және Интернет, операторларға қызметтер, ақылы телевизия қызметтері және АТ-сервистер. Қазақтелекомның құрылымына 3 деңгейдегі 11 компания кіреді; компанияның өңірлерде филиалдық желісі бар және жай акцияларының 51% тиесілі Қордың тобына кіреді.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС жарғылық капиталындағы «Қазақтелеком» АҚ үлесін сату жөніндегі мәмілені жабу жүзеге асырылды;
2) Акционер электрондық сатып алуының ақпараттық жүйесін пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасалды;
3) 314 198 порт сыймдылығын енгізуді қамтамасыз ететін барлық көп пәтерлі сектордың 36% және коттедждер құрылысының 45% қамтитын қол жетімділік желісі тартылды;
4) 2012 – 2021 жылдары Астана және Алматы қалаларында 352 базалық станциялардың желісі салынады, LTE технологиясы бойынша Интернет желісіне кең жолақты ұтқыр қол жетімділік қызметтерін сату басталды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 29 237 бірлікті құрады.
«Қазпочта» АҚ (бұдан әрі – Казпочта) Почтаның ұлттық операторы болып табылады.
Қазпочта почта саласында хаттар мен сәлемдемелерді, жеделдетілген және курьерлік почтаны жөнелту жөніндегі қызметтерді көрсетеді, почталық ақша аударымдарын аударады, баспа басылымдарын таратады. Қазпочта қаржы-банктік қызметтер саласында валюталық-айырбастау операциялары, депозиттер, төлемдер қабылдау, есептік-кассалық қызмет көрсету, инкассация және ақша және құндылықтар тасымалдау сияқты қызметтерді, бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтерді, электрондық ақша аударымдарын, трансфер-агенттік қызметтерді және т.б. көрсетеді.
Агенттік қызметтер саласында екінші деңгейдегі банктер беретін тұтыну кредиттеріне қызмет көрсету дамуға ие болды.
Қазпочтаның облыстарда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде кең филиалдық желісі бар, активтерінің құрылымы 2 деңгейдегі 3 компанияны құрайды.
2012 жылғы мынадай елеулі оқиғаларды атап өтеміз:
1) қызметтердің реттелетін түрлеріне тарифтер артты;
2) сапаны басқару саласында «Күміс деңгей» сертификаты берілді;
3) жекелеген стратегиялық жылжымайтын мүлік объектілерін иеліктен шығаруға ҚР Үкіметінің рұқсаты алынды;
4) заңды тұлғалар үшін интернет-банк жобасы және: «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлемдер төлеу», «Сақтандырудың агенттік қызметтері» деген қаржы қызметтерінің жаңа түрлері енгізілді;
5) 2 мамандандырылғын өндірістік объект құрылды:
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 17 651 бірлікті құрады.
«Қаржы институттары және даму институттары» сегменті осы сегменттегі ірі компаниялар болып табылатын мынадай компанияларды қамтиды: «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Темір Банк» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Казэкспортгарант» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Астана-Финанс» АҚ, Sekerbank T.A.S.
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру, және Қазақстан экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тарту мақсатында 2001 жылғы мамырда құрылды.
2011 жылдан бастап ҚДБ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сенімгерлік басқаруда. ҚДБ құрылымына 2 деңгейдегі 2 компания кіреді.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) ҚДБ Директорлар кеңесі ҚДБ-ның 2022 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын бекітті;
2) 2,2 млрд. долларға жуық сомада ҚДБ-ның қатысуымен жобалардың шамамен 4,7 млрд. доллары жалпы құнымен 7 жоба мақұлданды («Қарағанды энерго орталығы» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС 3-фаза, «Қазтеміртранс» АҚ, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС
1 фаза, 2 қарыз, «Шардара ГЭС» ЖШС, «Транстелеком» АҚ).
3) Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік әдеп кодексі қабылданды, миссиясы, негіз құрайтын мақсаттары мен қызмет түрлері бекітілді;
4) бағалы қағаздардың жаңа түрін – ислам бағалы қағаздарын шығарған кеңестік кезеңнен кейінгі алғашқы эмитент болды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 332 бірлікті құрады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) – кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау арқылы Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шараларының ұлттық институты, негізгі операторы және интеграторы. Дамудың құрылымына барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында орналасқан 16 өңірлік филиалдары бар, активтерінің құрылымы 5 компанияны құрайды.
Есепті кезеңде Даму мынадай бағдарламаларды іске асыруды жалғастырды:
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;
Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау.
2012 жылғы мынадай елеулі оқиғаларды атап өтеміз:
1) Екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты шарттастырып орналастыру бағдарламаларының шеңберінде 78,1 млрд. теңге сомасына 2,126 мың қарыз алушы қаржыландырылды, бұл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – «БЖК 2020») ескергенде 11 338 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді;
2) «БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2 823 жоба мақлданды, кредиттердің жалпы сомасы 508 млрд. теңге 2 335 субсидиялау шарттары жасалды.
«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» 1-бағытының шеңберінде 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 277 субсидиялау жобасы және 135 кепілдік беру жобасы мақұлданды, пайыздық ставкаларды субсидиялаудың 1 877 шартына және 114 кредиттерге кепілдік беру шартына қол қойылды;
«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» 2-бағыты бойынша 223 жоба мақұлданды, 186 субсидиялау шартына қол қойылды.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту» 3-бағыты бойынша 188 жоба мақұлданды,
158 субсидиялау шартына қол қойылды.
«БЖК 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» 4-бағытының шеңберінде
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
Жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау жобасы бойынша («Бизнес-Кеңесші» жобасы) оқу курстарынан32 961 адам өтті;
ШОБ топ-менеджментін оқыту жобасы бойынша - 420 тыңдаушы курстттан өтіп, сертификаттар алды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 268 бірлікті құрады.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде құрылыс объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу және жылжымайтын мүлік пулын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Жылжымайтын мүлік қорының құрамына 2 компания кіреді.
Жылжымайтын мүлік қоры қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруда мемлекетке жәрдемдесу;
тұрғын үй құрылысына инвестиция салу;
қызметтің тиімділігін арттыру.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) дағдарысқа қарсы бағдарламаның шеңберінде аяқталмаған құрылысты сатып алу үшін берілген кредиттік желі бойынша игерілген 98,4 млрд. теңгенің 45,1 млрд. теңгесі мерзімінен бұрын өтелді, оның 30,5 млрд. теңгесі 2012 жылы;
2) дағдарысқа қарсы бағдарламаның шеңберінде пайдалануға иенгізілген мынадай 3 объекті бойынша 874 үлескердің проблемалары шешілді: «Хан тәңірі» ТК (соңғы үш кезегі), «Тұран» ТК, «Бөгенбай батыр» ТК. 2012 жылы құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту 74% құрады (жоспардағы 65% орнына);
3) ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бекітілді;
4) «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасының шеңберінде бірлесіп инвестициялаудың алғашқы шарттары мыналармен: Алматы облысындағы «Асыл арман» КТК құрылысын салу бойынша «ЭлитстройПроект» ЖШС-мен және Ақтөбе қаласындағы «ЮнисСити» КТК бойынша – «ОксиБилд» ЖШС-мен жасалды;
5) корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жүргізілді, оған сәйкес Компанияның рейтингі 2011 жылғы 49,1%-дан 2012 жылы 57,8% дейін артты.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 94 бірлікті құрады.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (далее – ҚКМ) 2011 жылдан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сенімгерлікпен басқаруында.
ҚКМ қызметінің негізгі түрлері тікелей инвестициялар мен қаржы құралдарына инвестициялар қорларын құру және қатысу болып табылады. ККМ құрылымына 3 деңгейдегі 19 компания кіреді.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 94 бірлікті құрады.
«Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) перспективалық ұйымдардың жобаларына инвестициялар тартуды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдеседі, экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндірістер құру бойынша жеке меншік секторға қаржылық көмек көрсетеді.
2011 жылдан бастап ҚИҚ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сенімгерлікпен басқаруында. ҚИҚ құрылымына 4 деңгейдегі 48 компания кіреді.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) Директорлар кеңесі ҚИҚ-тың 10 жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын бекітті, оның шеңберінде ҚИҚ ұлттық даму институттарын сауықтыру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында активтерді қайта құрылымдау және стресті қоржынды басқару саласында кәсіби басқарушы компанияға айналуға тиіс;
2) 2012 жылғы маусымда ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен өткізілген кеңестің қорытындылары бойынша ҚДБ стресті қоржынын ҚИҚ теңгеріміне беру тұжырымдамалық түрде мақұлданды. Осы жұмыстың шеңберінде ҚИҚ Директорлар кеңесі Агенттік келісім жасасу жолымен ҚДБ проблемалық кредиттерімен жұмыс жүргізуге бағытталған ҚДБ және ҚИҚ арасында мәміле жасасу мақұлданды. ҚИҚ стресті қоржынын беру шеңберінде пилоттық жоба («Азия Керамик» ЖШС) мақұлданды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 37 бірлікті құрады.
«Қазэкспортгарант» АҚ (бұдан әрі – ҚазЭкспортГарант)
Қайта сақтандыру нарығында 2011 жылы 0,65% және 2012 жылы 0,64% үлесті алады.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) Қазақстанда алғаш рет темір жол машиналарын жасау өнімдерінің экспортын жүзеге асырды, ҚазЭкспортГарант қаржы-сақтандыру қолдауымен – Тәжікстан Республикасына екі локомотив жеткізу іске асырылды (2012 жылғы наурыз);
2) Қазақстанда алғаш рет әлемдік Экспорттық-кредиттік агенттіктері қауымдастығы – Прага клубының (Берн одағының жанындағы) көктемгі сессиясы өткізілді. Ұйымдастырушылар – ҚазЭкспортГарант Берн одағының хатшылығы (2012 жылғы мамыр);
3) ҚазЭкспортГарант алғаш рет Түрікменстанның ірі экспорттық мәмілесі – «Ашгабат-Гарагум-Дашогуз автожолын қайта жөндеу» жобасы бойынша саяси тәуекелдерден сақтандыруға қолдау жасады (2012 жылғы шілде).
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 33 бірлікті құрады.
ҚР Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Қор
2009 жылы «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Қазақстанның Халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі – ЕДБ) айтарлықтай үлесін сатып алды. Бұл шаралар банктерге қосымша өтімділік беруге және олардың төлем қабілетін қамтамасыз етуге бағытталды.
ЕДБ-дағы мынадай елеулі оқиғаларды атаймыз:
1) 2009 жылғы 22 сәуірде «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның ірі акционері «АЛМЭКС» холдингілік тобы» АҚ және «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Қор жасасқан опциондық келісімнің шарттарында «Қазақстанның Халық банкі» АҚ өзінің опционды орындау құқығын ішінара іске асырды және өзінің артықшылық берілген 190.000.000 акциясын сатып алуды жүзеге асырды. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ шығару күніндегі әділ құнмен артықшылық берілген акцияларын сатқаннан кейін Қор опцион бойынша артықшылық берілген акцияларды сатып алуға арналған тиісті міндеттемелерін тануды тоқтатты;
2) 2012 жылғы 24 желтоқсанда БТА банк 11,1 млрд. АҚШ доллары сомасына қаржы міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарын табысты іске асырды. Алматы қаласының мамандандырылған қаржы соты 2012 жылғы 28 желтоқсанда тиісті шешім шығарды.
«Корпоративтік орталық және жобалар» сегментіне «Самұрық-Қазына» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Самұрық-Қазына Келісім-шарт» ЖШС, «Самұрық-Қазына Финанс» ЖШС, «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС кіреді.
Есепті кезеңде Қор түріктің Шекербанкінің 339.787.080 санындағы акцияларын «БТА Секьюритис» АҚ-тан («БТА Банк» АҚ еншілес ұйымы) сатып алу шартын жасады, бұл 33,98% құрайды. 2012 жылғы 16 наурызда Қор Шекербанктің 222.148.406 акциясын сатып алды, бұл Қордың түріктің Шекербанкіне қатысу үлесінің 22,2% құрайды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 149 бірлікті құрады.
«Самұрық-Қазына Финанс» ЖШС (бұдан әрі – СҚ Финанс) Қордың банк секторындағы мемлекеттік бағдарламаларының операторы функцияларын іске асыру үшін Қордың жүз пайыз қатысуымен 2011 жылғы мамырда құрылды.
СҚ Финанс негізгі мақсаты – Қордың қаржы ұйымдарындағы қаржы активтерін тиімді басқаруға қол жеткізу, шығу стратегиясын әзірлеу және өзі үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз етумен Қор активтерін сатуға дайындау. СҚ-Финанстың 2012 жылға арналған міндеттеріне «Астана-Финанс» АҚ және «БТА Банк» АҚ міндеттемелерін қайта құрылымдау үдерісін үйлестіру, сондай-ақ «Альянс Банк» АҚ мен «Темірбанк» АҚ біріктіру шеңберіндегі жұмыс кіреді.
СҚ Финанс қызметінің негізгі түрлері – Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі қаржы ұйымдарындағы акциялар мен қатысу үлестерін басқару және дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 22 бірлікті құрады.
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС (бұдан әрі – СҚ Инвест) 2007 жылғы шілдеде тіркелді, компанияның құрылтайшысы «Самұрық» холдингі» АҚ болды.
СҚ Инвест қызметінің негізгі түрлері:
капиталға инвестицияларды және активтерді, оның ішінде Қордың инвестициялық саясатына сәйкес қор қаражаты есебінен қамтитын Қордың инвестициялық қызметін жүзеге асыру жөніндегі қызметтер көрсету арқылы Қордың инвестициялық қызметіне қатысу;
инвестициялық-консультациялық қызметтер көрсету;
жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, оның ішінде қаржыландыру көздерін бағалау және бірлескен жобалық қаржыландыру.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) СҚ-Инвестің жаңа редакциядағы Жарғысы бекітілді.
2) СҚ-Инвестің жарғылық капиталы қосымша жарна жолымен 756,8 млн. теңге сомасына ұлғайды;
3) «Біріккен химия компаниясы» ЖШС-мен Құрылтай шарты жасалды, оған сәйкес «Химплюс» ЖШС құрылды. «Химплюс» ЖШС жарғылық капиталы СҚ-Инвест пен «Біріккен химия компаниясы» ЖШС ақша түрінде тиісінше 19,8 млн. теңге және 19 750,2 млн. теңге (салым үлесі тиісінше 0,1% және 99,9%) салымдарын біріктіру жолымен жасалады.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 53 бірлікті құрады.
«Самұрық-Қазына Келісім-шарт» ЖШС (бұдан әрі – СҚ Келісім-шарт) CDMA (ТСНП) технологиясын пайдалана отырып, 50 адамнан астам халқы бар телефондандырылмаған ауылдық елді мекендерді телефондандыру және ауылдық байланысты ілеспелі жаңғырту жөніндегі, ауылдық байланыс телекоммуникациялары желілерін жаңғырту және дамыту жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асыру мақсатында 2007 жылғы шілдеде «Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған «Телеком-ИнвестСамұрық» ЖШС-ның құқық мирасқоры болып табылады.
Самұрық-Қазына Келісімшарт қызметінің негізгі түрлері қазақстандық қамту мониторингі, Қор тобы клмпаниялары сатып алуының ашық рәсімдерін енгізу және Қордың мүддесінде таза кіріс алу болып табылады.
Есепті кезеңде мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) Басқарманың 2012 жылғы 13 қыркүйектегі №37/12 шешіміне сәйкес СҚ Келісім-шарт «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының электрондық сатып алу жүйесінің Бірыңғай операторы болып белгіленді;
2) «Қазақтелеком» АҚ-пен және «Шығыстелеком» ЖШС-мен СҚ Келісім-шарт теңгеріміндегі талшықтық-оптикалық байланыс желісінің жабдықтарын «Қазақтелеком» АҚ беру туралы шарт жасалды. Осы іс-шараны 2013 жылғы 1-тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 64 бірлікті құрады.
«Самұрық-Казына Фармация» ЖШС (бұдан әрі – СҚ Фармация) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету және тең құқықты әріптестік шарттарында жеке меншік және мемлекеттік секторлардың күшін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы №134 қаулысымен құрылды.
2012 жыл ішіндегі іс жүзіндегі орташа саны 74 бірлікті құрады.
Операциялық қызмет нәтижелері және күрделі шығындар
Шоғырландырылған қаржы көрсеткіштері
Атауы
|
Өлш. бірлігі
|
2012
жыл
|
2011
жыл
|
Өзгеру
(+/-)
|
Өзгеру, %-бен
|
Шоғырландырылған таза пайда
|
млрд. теңге
|
1 135,4
|
350,6
|
784,8
|
223,8
|
Негізгі компания акционерінің үлесіне шоғырландырылған таза пайда
|
млрд. теңге
|
1 065,1
|
330,0
|
735,1
|
222,7
|
EBITDA margin1
|
%
|
18,2
|
16,2
|
2,0
|
|
ROA2
|
%
|
7,9
|
2,7
|
5,2
|
|
ROE3
|
%
|
17,3
|
6,3
|
11,0
|
|
Жиынтық кіріс туралы есептің негізгі баптары
Атауы
|
2012 жыл
|
2012 жыл, млрд.
|
2011 жыл
|
2011 жыл, млрд.
|
Өзге-ріс, млрд. теңге-мен
|
Өзге-ріс, %-бен
|
Сатудан кірістерге %-бен
|
Операциялық қызметке арнал-ған шығыстарға %-бен
|
Сатудан кірістерге %-бен
|
Операциялық қызметке арнал-ған шығыстарға %-бен
|
Сатудан кірістер және пайыздық кірістер
|
100
|
120
|
4 911,0
|
100
|
105
|
4 400,4
|
511
|
12
|
Операциялық қызметке арналған шығыстар
|
83
|
100
|
4 097,7
|
95
|
100
|
4 198,0
|
-100
|
-2
|
Сатудың өзіндік құны және пайыздық шығыстар
|
73
|
87
|
3 568,7
|
73
|
76
|
3 191,9
|
377
|
12
|
Жалпы кіріс
|
28
|
33
|
1 370,1
|
28
|
29
|
1 232,9
|
137
|
11
|
Жалпы әкімшілік шығыстар
|
9
|
10
|
420,6
|
10
|
10
|
437,7
|
-17
|
-4
|
Тасымалдау және өткізу жөніндегі шығыстар
|
8
|
9
|
377,2
|
8
|
9
|
367,2
|
10
|
3
|
Активтердің құнсыздануын қалпына келтіру
|
4
|
4
|
179,8
|
6
|
7
|
285,5
|
-106
|
-37
|
Активтердің құнсыздануынан болатын шығындар
|
8
|
10
|
416,5
|
12
|
12
|
517,6
|
-101
|
-20
|
Операциялық қызметтен кірістер (шығындар)
|
17
|
21
|
841,2
|
5
|
5
|
226,7
|
615
|
271
|
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес
|
11
|
13
|
538,8
|
14
|
15
|
611,2
|
-72
|
-12
|
Табыс салығы бойынша шығыстар
|
5
|
6
|
250,7
|
8
|
9
|
367,2
|
-117
|
-32
|
Тоқтатылған операциялардан пайда/(шығын)
|
4
|
5
|
202,4
|
1
|
1
|
29,2
|
173
|
593
|
Таза пайда
|
23
|
28
|
1 135,4
|
8
|
8
|
350,6
|
785
|
224
|
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың ішінде 784,8 млрд.теңге сомасында таза пайданы өзгерту өзіндік құнға, сондай-ақ қауымдасқан және бірлескен компаниялардың кірістеріндегі үлеске теріс әсерін тигізді. Бұл ретте 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жыл ішінде негізгі қызметтен алынатын кірістердегі жалпы және әкімшілік шығыстардың (ЖӘШ) үлесін азайту таза пайданың өсуіне оң әсерін тигізді. Тасымалдау және сату бойынша шығыстар және активтердің құнсыздануынан болатын шығындардың өзгерістеріне әсер ету 2011 жылмен салыстырғандағы қаржылық нәтижелерден төмен, бұл ретте олар операциялық қызметке арналған шығыстар үлестерінде төмендеді.
Төменде 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы таза пайданың өзгеруінің негізгі факторлары келтіріледі.
Факторлар
|
Өзгерістер, млрд. теңге
|
Таза пайда (2012 жылы 1 135,4 млрд. теңге; 2011 жылы 350,6 млрд. теңге)
|
784,8
|
оның ішінде:
|
|
Банктік қызметтен өзге операциялық кірістер, негізінен БТА Банк қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдаудан алынатын кіріс есебінен
|
1 083,3
|
Банктік қызметтен өзге операциялық кірістер, негізінен БТА Банктің базалық сомасы бойынша қалпына келтіруге арналған облигацияларды танудан болатын шығыстар есебінен
|
-605,9
|
түсімдердің, негізінен, мұнай өнімдері (120 млрд.теңге), шикі мұнай (127 млрд.теңге), «Самұрық-Қазына Фармация» (24,8 млрд.теңге) медикаменттері, электр энергиясы (оның ішінде «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы» АҚ шоғырландыруға қосу (22,2 млрд.теңге), «Қазақстан инжиниринг» АҚ азаматтық мақсаттағы өнімдері және екі жақты мақсаттағы арнайы өнімдері (18,1 млрд.теңге), сондай-ақ жүк және жолаушы теміржол тасымалдары қызметтері (ҚТЖ) (95 млрд.теңге), авиатасымалдар (17 млрд.теңге) сату көлемінің өсуі нәтижесінде 510,7 млрд.теңгеге өсуі
|
57,7
|
ЕДБ-сыз операциялық тиімділіктің, негізінен ЖӘШ (негізінен, іске асырылатын қызметтер мен жұмыстарға тарифтердің өсуінен (60 млрд.-тан астам теңге) оңтайландыру, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмекті (33,3 млрд.теңге) азайту нәтижесінде өсуі.
|
72,0
|
ЕДБ-сыз, негізінен ҚМГ БӨ (29,4 млрд.теңге) негізгі құралдарының құнсыздануынан активтердің құнсыздануын Kazakhmys PLC (86,1 млрд.теңге) үлестік бағалы қағаздарының бастапқы және әділ құны арасындағы айырмашылықты тану, сондай-ақ ҚДБ (27,6 млрд.теңге) активтерінің құнсыздануын қалпына келтіру нәтижесінде соңғы 2 жыл ішінде мұнай өндіру көлемін азайтуға байланысты ұлғайту.
|
-89,7
|
«Қазкоммерцбанк» АҚ (60,7 млрд.теңге) үлестік бағалы қағаздарының бастапқы және әділ құны арасындағы айырмашылықты тану нәтижесінде негізінен БТА Банктің (157,3 млрд.теңге) активтердің құнсыздануын азайту
|
85,0
|
ЕДБ-сыз, негізінен 2012 жылы «Қазақтелеком» ААҚ GSM Қазақстан» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын 200 млрд.теңгеге сату, сондай-ақ тоқтатылған қызмет ретінде жіктелген үлестік кірісті 31,1 млрд.теңгеге азайту нәтижесінде тоқтатылған операциялардан алынатын кірістердің өсуі
|
169,9
|
Түсімнің ұлғаюына байланысты ЕДБ-сыз табыс салығы бойынша шығыстардың ұлғаюы
|
-22,7
|
2011 жылы танылған шығындарды ауыстыру бойынша БТА Банк салық активтерінің сомасын қалпына келтіруге байланысты ЕДБ табыс салығы бойынша шығыстарды азайту
|
139,2
|
ЕДБ-сыз, негізінен, мынадай қауымдасқан және бірлескен компаниялардан үлестік кірісті азайту:
- «ТеңізШевройл» ЖШС 35,6 млрд.теңгеге;
- Маңғыстау Инвестментс Б.В. 16,2 млрд.теңгеге;
- ПетроҚазақстанИнк. 14,0 млрд.теңгеге;
- «Катко» БК 10,4 млрд.теңгеге.
|
-70,2
|
Қаржылық кірістерді азайту, негізінен екінші деңгейдегі банктерде депозиттер бойынша пайыздық ставкалардың азайтылуына байланысты
|
-11,4
|
қаржылық шығындарды, негізінен ҚТЖ-да еурооблигациялар мен қарыздар бойынша борыштық міндеттемелердің өсуі нәтижесінде ұлғайту
|
-14,3
|
Бағамдық айырмашылық бойынша ЕДБ-сыз шығындарды ұлғайту
|
-15,5
|
Өзге
|
7,4
|
Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында Қор ірі компаниялармен бірлесіп өзіндік құнды да, сондай-ақ диагностика және бизнес-үдерістерді және тағы басқаларды талдауды да оңтайландыруға бағытталған 2012 жылға дейінгі шығындарды қысқартудың орта мерзімді бағдарламасы әзірленген. Алғашқы нақты нәтижелерді Қор 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында алуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, 2012 жылдың басында Қордың бастамасы бойынша Компаниялар Қор тобы компаниялары корпоративтік орталықтарының ЖӘШ 4,8 млрд.теңгеге, ал санын - 1,9 мың адамға қысқарту бойынша шаралар қабылдады.
Сондай-ақ Қор тобында компаниялардың активтерінің, оның ішінде бейінді емес активтердің құрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚМГ, ҚАӨ, ҚТЖ және Самұрық-Энерго іс-шаралардың тиісті жоспарларын қабылдап, іске асыруда.
2011 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде «EBITDA margin», «ROA» және «ROE» қаржылық көрсеткіштерін (ҚНК) жақсартуға жоғарыда сипатталған шоғырландырылған таза пайданың өзгеруінің факторлары әсерін тигізді.
ЕДБ-сыз шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер
Қор туралы заңға сәйкес екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қор тобына кірмейді, осыған байланысты төменде ЕДБ-ны есепке алмағандағы шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер туралы ақпарат келтіріледі.
ЕДБ-сыз қаржылық көрсеткіштерді шоғырландыру және есептеу кезінде мынадай жол берулер қабылданды:
«БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ деректері шоғырландыруға енгізілмеген;
мыналар алынып тасталды: 1) осы ЕДБ-дан («БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ) стандартты емес кірістер - своптарды дисконттаудан, облигацияларды айырбастаудан - своптарды дисконттаудан, облигацияларды айырбастаудан түскен кіріс; 2) «БТА Банк» АҚ және «Альянс Банк» АҚ инвестициялардың құнсыздануынан болатын шығын, шығын сомасы бөлінбеген пайда арқылы тікелей жүргізілген (акционерге өзге де бөлулермен ұқсастығы бойынша); 3) кредиттік мекемелердегі, «БТА Банк» АҚ-дағы қаражаттың құнсыздануынан шығынды қалпына келтіруден түскен кіріс бөлінбеген пайда арқылы тікелей жүргізілді (акционердің өзге де салымдармен ұқсастығы бойынша, өйткені
2011 жылы шығын акционерге өзге де бөлу ретінде көрсетілді);
2009-2010 жылдардағы үлестік әдіс бойынша «Қазақстанның халық банкі» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ деректерін шоғырландыру жүзеге асырылған жоқ;
«Қазақстанның халық банкі» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары бойынша опциондарды тану және қайта бағалау алынып тасталды;
«Қазақстанның халық банкі» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ капитал арқылы нарық бойынша инвестицияларын қайта бағалау алынып тасталды (өзге жиынтық кіріс);
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ-дағы инвестициялар өзге қысқа мерзімді активтерге жатқызылған;
жиынтық кіріс туралы есептен «Қазкоммерцбанк» АҚ-дағы инвестициялардың құнсыздануынан болған шығын алынып тасталды және бөлінбеген пайда арқылы тікелей жүргізілді (акционерге өзге де бөлулермен ұқсастығы бойынша);
осы ЕДБ-ден барлық кірістер мен шығыстар, сондай-ақ Топтың басқа да компанияларының активтері мен міндеттемелері сыртқы ретінде шоғырландыруда қалды (ЕДБ-мен шоғырландыру үшін элиминирленді);
«Шекербанктің» үлестік кірісі алынып тасталды;
Жиынтық кіріс туралы есептен «Шекербанк»-тегі инвестициялардың құнсыздануынан шығынды қалпына келтіруден түскен кіріс алынып тасталды және бөлінбеген пайда арқылы тікелей жүргізілді (акционердің өзге де салымдарымен ұқсастығы бойынша, өйткені 2011 жылы шығын акционерге өзге бөлу ретінде көрсетілді).
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2011 жыл
|
Өзгеріс, (+/-)
|
Өзгеріс, %-бен
|
ЕДБ-сыз шоғырландырылған таза пайда
|
млрд. теңге
|
791,4
|
718,4
|
73,0
|
10
|
ЕДБ-сыз негізгі компанияның акционерінің үлесіне шоғырландырылған таза пайда
|
млрд. теңге
|
628,4
|
630,0
|
-1,6
|
0
|
ЕДБ-сыз EBITDA margin
|
%
|
19,3
|
17,8
|
1,5
|
|
ЕДБ-сыз ROA
|
%
|
6,2
|
6,0
|
0,2
|
|
ЕДБ-сыз ROE
|
%
|
12,6
|
11,4
|
1,2
|
|
Төменде келтірілген кестеде ЕДБ-ны есепке алмай, жиынтық кірістің негізгі баптары көрсетілген.
Атауы
|
2012 жыл
|
2012 жыл, млрд.
|
2011 жыл
|
2011 жыл, млрд.
|
Өзгеріс, млрд. теңгемен
|
Өзгеріс, %-бен
|
Сатудан кірістерге %-бен
|
Опер. Қызметке арналған шығыстарға %-бен
|
Сатудан алынатын кірістерге %
|
Опер. Қызметке арналған шығыстарға %
|
Сатудан алынатын кірістер және пайыздық кірістер
|
100
|
110
|
4 694,9
|
100
|
109
|
4 179,8
|
515,1
|
12
|
Операциялық қызметке арналған шығыстар
|
92
|
100
|
4 306,0
|
92
|
100
|
3 828,1
|
478
|
12
|
Сатудың өзіндік құны және пайыздық шығыстар
|
73
|
79
|
3 418,4
|
72
|
79
|
3 025,4
|
393
|
13
|
Жалпы кіріс
|
28
|
30
|
1 304,4
|
28
|
31
|
1 178,8
|
125,6
|
11
|
Жалпы әкімшілік шығыстар
|
7
|
8
|
334
|
8
|
9
|
344,1
|
-10,1
|
-3
|
Тасымалдау және өткізу жөніндегі шығыстар
|
8
|
9
|
377,2
|
9
|
10
|
367,2
|
10
|
3
|
Активтердің құнсыздануын қалпына келтіру
|
1
|
1
|
56,7
|
2
|
2
|
89,5
|
-32,8
|
-37
|
Активтердің құнсыздануынан болатын залалдар
|
5
|
6
|
238,8
|
4
|
5
|
181,9
|
56,9
|
31
|
Өзге де операциялық пайда, нетто
|
0
|
0
|
5,6
|
0
|
0
|
1
|
4,6
|
441
|
Операциялық қызметтен кірістер (шығындар)
|
9
|
10
|
416,7
|
9
|
10
|
376,2
|
40,6
|
11
|
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірісіндегі үлесі
|
11
|
12
|
534
|
14
|
16
|
604,1
|
-70,2
|
-12
|
Табыс салығы бойынша шығыстар
|
5
|
6
|
247,7
|
5
|
6
|
225,7
|
22,0
|
10
|
Тоқтатылған қызметтен пайда /(шығын)
|
4
|
5
|
202,4
|
1
|
1
|
32,5
|
169,9
|
523
|
ЕДБ-сыз таза пайда
|
17
|
18
|
791,4
|
17
|
19
|
718,4
|
73,0
|
10
|
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы таза пайданы 73,0 млрд.теңге сомаға өзгерту, негізінен, ЖӘШ үлестерін, сатудан түсетін кірістердегі және операциялық қызметке арналған шығыстардағы сату және тасымалдауға арналған шығыстардың азаюына оң ықпалын тигізді, сондай-ақ активтердің құнсыздану, табыс салығы сомасының өсуіне, сондай-ақ қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың активтері мен үлестік кірісінің қалпына келтірілуін төмендетуге теріс әсерін тигізді.
Төменде 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ЕДБ-сыз таза пайданың өзгеруінің негізгі факторлары келтіріледі.
Факторлар
|
Өзгерістер, млрд. теңге
|
ЕДБ-сыз таза пайда (2012 жылы 791,4 млрд. теңге; 2011 жылы 718,4 млрд. теңге)
|
73,0
|
Оның ішінде мыналарға байланысты:
|
|
Таза пайда (2012 жылы 1 135,4 млрд. теңге; 2011 жылы 350,6 млрд. теңге)
|
784,8
|
Банктік қызметтен өзге де операциялық кірістер, негізінен БТА Банк қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдаудан кірістің есебінен
|
-1 083,3
|
Банктік қызметтен өзге де операциялық кірістер, негізінен БТА Банктің базалық сомасы бойынша қалпына келтіруге арналған облигацияларды танудан болатын шығыстар есебінен
|
605,9
|
активтердің құнсыздануын төмендету, «Қазкоммерцбанк» АҚ(60,7 млрд.теңге) үлестік бағалы қағаздарының бастапқы және әділ құны арасындағы айырмашылықты тану нәтижесінде негізінен БТА Банк (157,3 млрд.теңге)
|
-85,0
|
2011 жылы танылған шығындарды ауыстыру бойынша БТА Банк салық активтерінің сомасын қалпына келтіруге байланысты ЕДБ табыс салығының шығыстарын азайту
|
-139,2
|
ЕДБ-мен байланысты өзге де факторлар
|
-10,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |