СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері


Арнайы салық тәртіптемесінің өзгешеліктері



жүктеу 1,39 Mb.
бет4/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
диплом салык

1.2 Арнайы салық тәртіптемесінің өзгешеліктері
Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған, бастысы шағын бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл үшін жыл сайын салықтық заңнаманың нормалары жетілдіріледі.  Салық төлеушілердің салықтық есептілікті құастыру және оңайлату мақсатында салық төлеушілердің әртүрлі категориялары үшін арнайы салықтық режимдердің бірнеше түрлері қарастырылған.

Қазақстанда кәсіпкерлерге салық салу режимін дербес таңдау құқығы берілген. Кәсіпкер қандай форматты таңдаса да, мейлі ол жеке кәсіпкерлік (ЖК) немесе ЖШС болсын, салықтарды есептеу режимін өзі анықтауы керек. Жалпы, салық салудың алты режимі бар: ЖБР (жалпыға бірдей белгіленген режим) – кіріс пен шығыс арасындағы айырмадан төленетін салық. Оңайлатылған режим (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі) – түскен табыс сомасынан төленетін салық.

Салық кодексіне сәйкес арнаулы салықтық режимдер келесі түрлерге бөлінеді:

1) төмендегілерден тұратын, шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі: патент негізінде арнаулы салық режимі; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

Арнаулы салықтық режимдерді шағын бизнес субъектілері үшін қолдану бойынша сұрақтар жиірек туындағандықтан, олар жөнінде нақтырақ айтып өтейік. Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Салық Кодексінің 427 бабының 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады. Төмендегі суретте арнайы салық режимінің тараптары берілген.



Сурет 1 – Арайы салық режимі тараптары

Ескерту: 24 дерек көзінен алынды


Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;

2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;

3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болатынын білу қажет. Осы тарап бойынша жіктелімдерді төмендегі суреттен көруге болады:

Сурет 2 – Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнайы салық режимі

Ескерту: 24 дерек көзінен алынды
Өнім өндіру және өткізу жоспарының орпындалуы субьект қызметінің сипатталуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Субьект тұтынушылармен жасасқан шаруашылық шарттарын орындау ретінде өз өнімін өткізеді, жұмыс істейді және қызмет көрсетеді.

Өнімнің бір бөлігін ол өзінің өнімді сату жөніндегі сауда жүйесі арқылы өткізе алады. Субьектінің ең маңызды міндеті- өнімнің саны, номенклатурасы, жеткізу мерзімдері, сапасы және басқа талаптары бойынша шарт міндеттерін орындау. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Өнім – кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіретіндіктен, қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Шығарылған дайын өнім өндіріс сомасынан айналым саласына ауысады. Бұл процесс алғашқы құжаттарда көрсетіледі – қабылдау – тапсыру накладнойларында, акттерінде, ведомстарында, жоспар – карталарында орындалады. Дайын өнім бұйрық – накладной негізінде босатылады.

Қоймаға бұйрықты сәйкес қызмет сатып алушылармен шарт жағдайлары негізінде толтырады. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «өнім шығару мәліметін» арнайы типтік үлгіде қолданады. Мәлімет бойынша бір айдағы өнімді кірістіруге болады.

Дайын өнімді шығаруда – төлем талабы жабдықтаушының банкке төлеушінің есеп айрысу шотынан шот – фактураға сәйкес түсірілген өнімнің құнын аударуға бұйрық. Дайын өнім есебінде кезеңдік және үздіксіз жүйелер қолданылуы мүмкін. Кезеңдік есеп жүйесін қолдану барысында жыл ішінде шығару есебін нақтылап жүргізбейді. Дайын өнімнің нақты шығарылған партиясы кезең сайын жүргізілетін түгендену нәтижесінің негізінде анықталады.

Өнімді шығарудағы мәліметтің негізінде ай ішіндегі өндірілген өнімнің әртүрлілігі талданады.

Шығарылылатын дайын өнім – техникалық шарттарға, стандарттардың талаптарына сай болуы керек. Алдын – ала өнімді өндіруге рұқсат қағаз алынады, рұқсат қағазда міндетті түрде шығаруға рұқсат мөр болады.

Кәсіпорындар өнімді жасасқан шарттарға сәйкес өткізеді. Солардың негізінде өнім өткізу бөлімінде өнімді сатып алушыларға босатуға немесе жөнелтуге бұйрық накладнойы жазылады,өнімді қоймадан босатқаннан кейін оларды есеп айрысу төлеу құжаттарын жазу үшін бухгалтерияға береді. Бухгалтерияға сондай – ақ, көлік ілесектеріде келіп түседі, оларда теміржол тарифінің немесе су жолының фрахтының сомасы көретіледі. Бұл құжаттар негізінде бухгалтерияда төлемдік талап – тарифтік жазылады, сатып алушы акцептелген соң оларды инкассо үшін банкке немесе төлем жасау үшін сатып алушыға береді. Сатып алушы түсіріп алған өнім төлемдік талап – тапсырманы төлегеннен кейін меншігі болады.

Шығарылған өнімге сату бағасын қоямыз; сату бағасы - өнімнің сол бойынша ең соңғы тұтынушыға салынатын бағасы.

өнімді бағалау есептік бағаны тағдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен өнім кірістірледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін.

Шығарылған өнімді тағы да бір ретте штрихтық кодтауға жіберу, сатып алу бағалары формула бойынша ғана есептеледі. Ал кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды.

Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады. Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады.

Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): «кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және шағын бизнесбірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. ­Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды. Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау