СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері


САЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



жүктеу 1,39 Mb.
бет3/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
диплом салык

1 САЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Салық есебінің мазмұны мен мәні

Салықтар туралы көзқарас салықтар пайда болған көне замандардан бүгінгі күнге дейін әртүрлі болғанына қарамастан, салықтардың түпкі ұғымы бір.Салық жайында ұлы адамдардың пікірлеріне тоқталайық:

Мысалы, американдықтардың айтуынша, салықтар–қоғамның өркениетке жету құралы десе, Ал Бенджамин Франклин өмірде 2 күмәнсіз нəрсе бар: өлім мен салық деген. Ал белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санаса,. бұл жөнінде Ф. Аквинский алықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны ретінде қарастырады. Классикалық экономикалық теория негізін қалаушылырдың бірі А. Смит салық – салық оны төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі екендігін көрсеткен.

Сонымен қатар, салық-бұл жүктеме, сондықтан да мемлекет заң түрінде оның мөлшерін және төлеу тәртібін мұқият қарастыруы қажет болып табылады. Еліміздің салықты жинау құны,мемлекеттің өмір сүру қажеттілігінен және оның жалпы қоғам мен жеке тұлғалардың мүддесін қорғауынан келіп шығады,-деп классикалық салық салу теорияның негізін салушылардың бірі Адам Смитт айтқандай, салық біздің еліміз үшін де, мемлекетіміздің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың қайнар көзі болып табылады. Ж. В. Сэйдің негізгі көзқарасы бойынша салық – ол пайдалы сый деп тұжырымдаған С. Сисмонди салық құрбандық болғанымен, сонымен бірге ол жақсы іс деп атқаны белгілі.

К. Маркс салықты ананың сүтіне теңеген, өйткені балаға сүт қаншалықты қажет болса мемлекетке де салық соншалықты қажеттігін айтып , Мемлекет өмір сүруінің негізі салықта жатыр -десе, ал Ф. Энгельс болса, салықты мемле кеттің үш белгісінің біріне теңеген. Салықтың маңыздылығы туралы экономикалық теория ойшылдарының пікірлері осындай.

1818 жылы Тургенев аталған ғылыми зерттеуінде салық туралы мынадай анықтама береді: Салық мемлекеттің немесе халықтың алға қойған мақсатына жетуінің құралы, халық өздерінің ортақ мақсатына жетуі үшін мемлекетке салық төлейді, салық та өзі берілген, ортақ мақсатқа жұмсалған қаржы- деп тұжырымдаса, Соколовтың көзқарасы бойынша Салық жеке қожайын-дардан өз шығынын өтеу үшін немесе мемлекеттің белгілі бір экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін және салық төлеушілерге ешқандай арнайы балама берілмейтін алым. Ал, қазақстандық белгілі экономист, мемлекет қайраткері Г. М. Қарағұсова: Салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын жəне қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады.



Әрбір мемлекет үшін салықтар - бюджет түсімдерінің негізгі көздерінің бірі. Салықтың мәні болып міндетті жарна ретінде жалпы ішкі өнім нақты құнының бір бөлігін қоғам пайдасына қарай мемлекеттің өз игілігіне алуы танылады. Салық салу барысында компаниялар резидент және резидент емес болып бөлінеді. Корпорациялардың пайдасына салық салудың импутациялық жүйесі – корпорациялардың пайдасына қос салық салынуын жою мақсатымен енгізілген.

Қазақстанда салықтық түсімдердің мәнді үлесі заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан келеді. Айыппұлдар мен өсім-пұлдарды есептеуге дейінгі түрде артық төлемеу үшін салықтарды дұрыс есептеу мен төлемдік ережені сақтау және салықтық есепті уақытында ұсыну керек.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі маңызды салық түрінің бірі - корпоративтік табыс салығы. Экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ [1].

Қазіргі таңда салық есебін жүргізудің нысанын таңдау жөнінде көптеген пікірлер бар, оларды ірілендірсек, келесідей бірнеше бағыттарға бөлуге болады.

Басқару есебі бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі. Ол өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау сұрақтарын қарастырып, өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды меңгертуге, өндірістің зиянсыздығын талдау және басқарушылық шешімдер қабылдауға негізделген.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болады. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) кұру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды кұрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Кәсіпорын үшін ең маныздысы - өндірістік есепті дұрыс ұйымдастыру. Өндірістік, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру көбінесе өндірістің типіне байланысты. Өндірістің 3 типі бар: жеке - өндіріс, бұл типінде өнім жеке экземплярлардан (дана) және қайталанып отыратын тапсырыстармен жасалады.

Бұл тип күрделі машина жасау, кеме жасау, уникальды станоктар жасауға арналған. Оған төмендегідей ерекшеліктер тән: субъектінің өндірістік бағдарламасы бұйымдар мен детальдардың көп түрлілігімен ерекшеленеді, дайындау жұмыстарының шығындары да көп, өндіріс циклі да ұзақ. Жеке өндірісте өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда тапсырыстық әдіс қолданылады.

Сериялық өндіріс біртекті өнім түрлерін дайындау және шығарумен ерекшеленеді. Қайталанатын процесс серияны құрайды. Оған төмендегідей ерекшеліктер тән: шығарылатын өнімнің шектелген номенклатурасы, маманданған машиналар мен құралдарды пайдалану шектелген. Сериялық өндіріс көбінесе металл өндеу саласында қолданылады.

Сериялардың өлшемдеріне тәуелді өндірістің үш түрі анықталған: ірі сериялы өндіріс (өнім жыл ағымында үзіліссіз дайындалады), сериялы (өндірістік линиялар мен цехтар технололгиялық маманданған), ұсақ сериялы (өнім ұсақ аз сериялармен шығады). Сериялық өндірісте өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік және передельдік әдістері қолданылады.

Көпшілік өндіріс – үздіксіз ұзақ уақыт ағымында бір түрлі өнім шығаратын өндіріс типі. Мұнда шығарылатын өнімнің көлемі де, ассортименті де көп, өндірістің ырғақтылығы жоғары. Көпшілік өндіріс жеңіл өнеркәсіпте және экономиканың барлық салаларында қолданылады. Мұнда өндріс шығындары және өзіндік құн калькуляциясы нормативтік әдіспен есептеледі. өндірісті ұйымдастыру тек қана өндірістік есепке ғана емес, алғашқы және сараптамалық есепке де әсер етеді.

Ірі сериялы және көпшілік өндірістерде өнім шығару мен енбек ақыны есептеуді бағытты қағаздарды өнім шығару рапорттарымен бірге өңдесе, жеке және ұсақ сериялы өндірісте – кесімді жұмысқа нарядтармен анықтайды.

Кез-келген өндіріс шығындарды анықтаумен байланысты. Шығындар дегеніміз – активтердің азаюы (материалдық ақшалай қоры) немесе міндеттемелердің көбеюі (кредиттік қарыз). Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша актив субъектпен бақылау жасалатын, келешекте табыс әкеледі деп күтілетін ресурс ретінде анықталған.

Шығындар – ағымдағы кезеңде табыс алуға жұмсалған ресурс, БЕ стандарты бойынша шығындар – есептік кезеңде активтерді пайдаланудан немесе олардың шығуынан болған табыстың азаюы деп көрсетіледі.

Өндірістік кәсіпорын - әртүрлі өндірістер мен шауашылықтардан тұратын (негізгі, көмекші, қосалқы, тәжірибелік) күрделі механизм. Кәсіпорынның жеке есептеу мақсатында, өндіретін өнімнен тәуелді түрде, барлық өндірістер негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі өндіріске кәсіпорынның негізгі қызметі бағытталған өнім өндіретін өндірісті айтамыз, оған жартылай фабрикаттар да кіреді.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнім өндіруіне қатыспайды, бірақ әртүрлі жұмыстар атқарып (жөндеу – механикалық, электротранспорттық, су, газбен жабдықтау) қызмет көрсетеді.

Қосымша цехтар негізгі өндірістің қалдықтарын жоюмен айналысады.

Қосалқы цехтар өндірістегі негізгі материалдарды пайдаланбай өнім шығарады, ол өнімдер негізгі және көмекші өндірісте де пайдаланылады (ыдыс және орау материалдары).

Тәжірибелік цехтар жаңа үлгілерді, тәжірибелік жұмыстарды жасайды.

Сонымен қатар, кәсіпорынның қызмет көрсетуші шаруашылықтары (әлеуметтік сфера) да болады. Олар жұмысшылардың, ұжымның тұрмыстық қажеттіліктерін өтейді (тұрғын – үй коммуналдық шарушылық). Бұл ұйымдар басқа жақтарға да қызмет көрсете алады.

Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т. б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанда қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналды. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінін қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдық өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.

Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отаңдық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспорды жасаудың тәртібін еске салады. Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық талдау басқарушы есепте, нақты шығындардың сметалықтан ауытқуларын талдау кезінде пайдаланады.

Кәсіпорындағы салық және басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі-бухгалтерлік есептің жеке жүйесі ретінде кадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі. Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып- білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көрсететін кез келген кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін.


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау