"Қазақтелеком" АҚ "Қазақтелеком" АҚ
Басқарма шешімімен Директорлар кеңесінің шешімімен
мақұлданған бекітілген
2008 жылғы 22 қыркүйектегі №5/174 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 2-хаттама
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Іскерлік әдеп кодексі
Астана, 2008
МАЗМҰНЫ
1-бөлім. «Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексінің негізгі ережелері
1. Жалпы ережелер
2. Іскерлік әдеп кодексінің мақсаты мен міндеті
3. Іскерлік әдеп қағидаттары
4. Мүдделер қақтығысына жол бермеудің басты қағидаттары
5. Құндылықтар
2-бөлім. Іскерлік әдеп нормалары
6. Ішкі өзара қарым-қатынас
– Қоғамның міндеттері
– Қоғамның басшылығы мен қызметкерлеріне ортақ міндеттер
– Қоғам басшылығының міндеттері
– Қоғам қызметкерлерінің міндеттері
– Корпоративтік хатшымен өзара іс-қимыл
7. Сыртқы қарым-қатынас:
– Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас
– Акционерлермен қарым-қатынас
– Еншілес, тәуелді және байланыстағы ұйымдармен қарым-қатынас
– Инвесторлармен, клиенттермен, іскерлік әріптестермен, бәсекелестермен қарым-қатынас
– Әлеуметтік қарым-қатынас
8. Құпия ақпарат
9. Мүлікті қорғау және пайдалану
3-бөлім. Жауапкершілік
4-бөлім. Қорытындысы
Қосымша: «Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексін қабылдау және сақтау туралы міндеттеме
1. «Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексінің
басты ережелері
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің іскерлік әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қоғамның қызметкерлермен, клиенттермен (байланыс қызметтерін пайдаланушылармен), жеткізушілермен, іскерлік әріптестермен, акционерлермен, мүдделі тұлғалармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмысы қағидаттарын анықтайды, сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) қызметкерлерінің мінез-құлқының негізгі тәртібі мен нормаларын белгілейді.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы заңнамасы ережелеріне, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жалпыға мәлім іскерлік мінез-құлық стандарттары мен нормаларын ескере отырып әзірленген.
2. Іскерлік әдеп кодексінің міндеті мен мақсаты
3. Кодекс мақсаты Қоғамның корпоративтік басқару тиімділігін арттыру және қызметкерлермен, клиенттермен (байланыс қызметтерін пайдаланушылармен), жеткізушілермен, іскерлік әріптестермен, акционерлермен, мүделлі тұлғалармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен ортақ қабылданған іскерлік мінез-құлық стандарттары және нормаларын қолдану арқылы өзара табысты іс-қимылға бағытталған қарым-қатынасын жетілдіру, жүйелеу мен реттеу.
4. Кодекс міндеттері өндірістің тиімділігін арттыруға, Қоғамның қазақстандық телекоммуникация қызметтері рыногында оң бет-бейнесін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін Қоғамның және қызметкерлердің, клиенттердің (байланыс қызметтерін пайдаланушылардың), жеткізушілердің, іскерлік әріптестердің, акционерлердің, мүдделі тұлғалардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың мүдделері теңдігіне қол жеткізуге бағытталған тиісті жағдайлар туғызу.
3. Іскерлік әдеп қағидаттары
5. Қоғамның Іскерлік әдеп қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңнаманың сақталуы;
2) әділеттілік;
3) айқындылық;
4) жауапкершілік.
4. Мүдделер қақтығысына жол бермеудің басты қағидаттары
6. Мүдделер қақтығысына жол бермеу үшін Қоғам мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) басқару органдарының лауазымды тұлғаларының олардың құзырына кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауы кезінде жеке мүддеге жол бермеу, мүдделер қақтығысы орын алған уақытта шешім қабылдауды қатаң түрде заңнама сәйкес жүзеге асыру;
2) Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздерінің жеке немесе материалдық мүдделеріне ықпал ететін немесе етуі мүмкін шешім қабылдауға қатыспаулары я болмаса басқа да іс-қимылдар жасамаулары тиіс;
3) Қоғамның ішкі құжаттарында Қоғам органдарының міндеттері мен функциялары, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылы тәртібі көрсетілген нақты нұсқауларды.
5. Құндылықтар
7. Қоғамның қызметінің қалыптасуына негіз болатын басты корпоративтік құндылықтар өз қызметінде Заңнама, Кодекс талаптарына, ортақ қабылданған этикалық стандарттар мен іскерлік этика нормаларына толықтай сәйкестікті, оның қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін, олардың жұмысының тиімділігін, шыншылдығын, адалдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін, сенімділігін және ақпараттық жағынан ашықтығын, патриот болуын, өзара көмекке әзірлігін, бір-бірлеріне деген сыйластығын, сондай-ақ, барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын танып, құрметтеу мен осындай тұлғалармен ынтымақтаса жұмыс істеуге ұмтылуды қамтамасыз ету болып табылады.
2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫ
6. Ішкі өзара қарым-қатынас
8. Қоғамның іскерлік әдеп нормаларын сақтауы бойынша басты міндеттемелеріне мыналар жатады:
1) адамның қадір-қасиетін, құқығы мен жеке бас бостандығын құрметтеу, әрбір қызметкерге өзінің әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндік бере отырып, оларға сенім білдіру;
2) жұмыс орнында кемсітушілік пен қысым көрсетудің кез келген нысандарының, жалпы адамзатқа ортақ моральдық-этикалық құндылықтар тұрғысынан намысқа тиетін немесе орынсыз, жат мінез көрсету фактілерінің орын алуын болдырмау;
3) қызметкерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындау;
4) әрбір қызметкерге өз міндеттерін атқаруы үшін тиісті уәкілеттіктер беру;
5) жеке, достық және отбасылық-туыстық қарым-қатынастардың тең мүмкіндіктер беру қағидаттарының сақталуын іске асыруға араласуына, олардың қызметкердің тиімді шешімдер қабылдауға ықпалын тигізуіне жол бермеу;
6) құпия ақпараттан тұратын мәліметтерді таратпау;
7) мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орындалатын жұмыстың сапасын арттыруды қамтамасыз ету және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында қызметкерлердің кәсіби жағынан дамуына жағдай жасау;
9) қызметкерлердің қосқан үлесін өз деңгейінде бағалау, ішкі құжаттарға сәйкес Қоғамның мақсаттарын негізге ала отырып, олардың жұмыста жеткен жетістіктері үшін көтермелеуді қарастыру.
9. Қоғам басшылығы мен қызметкерлері үшін жалпы міндеттер:
1) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, Кодексті, әдеп стандарттары және көпшілік қабылдаған іскерлік әдеп нормаларын сақтау, Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің, Басқарманың шешімдерін, Қоғам қызметіне қатысты өкімдік және басқа да құжаттарды орындау;
2) бекітілген байланыс саласындағы көшбасшы телекоммуникациялық компания ретінде Қоғам имиджіне сәйкес келу;
3) Қоғам мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау, Қоғамның стратегиялық мақсаттарға жетуіне өзінің еңбек үлесін қосу, өз жұмысының сапасына және нәтижелеріне жеке жауапты болу;
4) дау-жанжалдарды болдырмай, Қоғам мен акционерлердің мүддесіне қажетті қамқорлықпен және сақтықпен іс-әрекет жасай отырып, кәсіби функцияларды дұрыс және адал орындау;
5) осы Кодекске қосымшаға сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік әдеп кодексін қабылдау мен сақтау туралы Міндеттеме бойынша мәртебесі мен атқаратын лауазымына қарамастан, осы Кодекспен белгіленген міндеттемелерді орындауға жауапты болу;
6) сыпайы және әдепті болу, шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жай-күйі, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, діні және өзге де сенімі, тұратын орны себептері бойынша немесе Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес кез келген басқа да жағдайлар бойынша кемсітудің болуына жол бермей, әріптестерінің және өзге де тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
7) сыпайлық таныту, мүдделілік пен қызмет бабын жеке мақсаттарына пайдалануды болғызбай, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде Қоғам мүделлерін басшылыққа алу, Қоғамның материалдық және материалдық емес активтерін/игіліктерін иемденіп алуды орынсыз деп санау;
8) Қоғаммен байланысты немесе өзге де мәселелермен байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы кез келген жеке коммерциялық немесе басқа да мүдделілік туралы (тікелей немесе жанама) белгіленген тәртіпте Қоғам басшылығына тез арада хабарлау;
9) мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрмет білдіру;
10) дау-жанжал жағдайларының туындауын болдырмай, өз жұмысыңа деген қарым-қатынаспен және мінез-құлықпен ұжымда берік позитивті моральдық-психологиялық ахуалды және Қоғамның корпоративтік рухын қалыптастыруға ықпал ету;
11) заңнамалар мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарымен көзделген құпиялылық нормаларын сақтай отырып, бір-біріне дұрыс ақпаратты уақытында беру;
12) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм мен төрешілдіктің пайда болуына жол бермеу, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау және белгіленген мерзімде жауап беру.
10. Қоғам басшылығының міндеттері:
1) осы Кодекстің талаптарына сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау, Қоғамда белгіленген және осы Кодексте көрсетілген әдеп нормаларына шынайы берілгендікті жеке үлгімен көрсету;
2) тәлімгерлікті дамыту, ортақ мақсаттарға, құндылықтар мен қағидаттарға біріккен команда ретінде ұжымның бірлігіне ықпал ету;
3) шешілетін мәселеге қиысыны бар жеке қатыстылығы туралы уақытында хабарлау және оң шешілу кезінде жеке мүдделілігі болатын мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыспау;
4) қарамағындағы қызметкерлеріне деген қарым-қатынаста дәлелсіз айыптауларға, дөрекі фактілерге, адамшылық беделді кемсітуге, әдепсіздікке жол бермеу;
5) құқыққа қайшы теріс қылықтарды немесе көпшілік қабылдаған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келмейтін әрекеттерді жасауға қарамағындағы қызметкерлерді мәжбүрлемеуге;
6) сыйлықтарды (сыйларды) алудың, құқыққа қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алудың (ұсынудың) әдепсіз тәжірибесін үзілді-кесілді қабыл алмай, өз фунционалдық міндеттерін адал орындау;
7) қызметкерлермен, клиенттермен (байланыс қызметтерін пайдаланушылармен), жеткізушілермен, іскер серіктестермен, акционерлермен, мүдделі тұлғалармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Қоғам мүддесіне сай іс-қимыл жасау;
8) шешімдер қабылдау кезінде анықтық пен дәлме-дәлдік қағидаттарын басшылыққа алу;
9) алға қойылған міндеттердің іске асырылуына, жетекшілік ететін қызметкерлердің осы Кодекстің нормаларын сақтауына жауапты болу.
11. Қоғам қызметкерлерінің міндеттері:
1) жаңа технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді зерделеу және оны меңгеру жолымен, алға қойылған міндеттерді орындау барысында (қажет жағдайда) әріптестердің кәсіби көмегіне жүгіне отырып, кәсіби біліктілікті арттыру;
2) клиенттермен, серіктестермен, акционерлермен, жеткізушілермен, бизнестегі бәсекелестермен және өзге де тұлғалармен жұмыс істеу кезінде мүдделердің дау-жанжалына жол бермеу;
3) өз жұмысы мен алған білімінің оң тәжірибесін әріптестерімен бөлісу;
4) Қоғамның ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында ұжымдағы мінез-құлық тәртібін, телефон сөйлесулерін жүргізу мәдениетін, киім киюде іскерлік стильдің нормаларын ұстану.
12. Корпоративтік хатшымен өзара әрекеттесу:
1) осы Кодекстің ережелеріне қатысты әдеп және басқа да сипаттағы мәселелер бойынша, сондай-ақ Қоғамның басшылары мен қызметкерлерінің құқық бұзушылық және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерінің фактілері бойынша тиісті шаралар қолдану үшін Корпоративтік хатшыға өтініш білдіруге құқылы. Бұл ретте арызбен өтініш білдірген қызметкерлердің құқығына шек қойылмау керек;
2) мүдделі тұлғалар Корпоративтік хатшы арқылы Директорлар кеңесіне Басқарманың заңсыз және әдепсіз іс-қимылдары туралы хабарлауға құқылы. Мұндай хабарлау жағдайында олардың құқықтарына шек қойылмайды.
13. Әдеп сипатындағы теріс жағдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқыққа қайшы іс-қимылдардың фактілерін қарау барысында тек тексерілген фактілер мен дұрыс ақпаратқа сүйену керек.
14. Осы Кодекске сәйкес әдеп нормаларын бұзудың барлық фактілері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқыққа қайшы іс- қимылдардың фактілері Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қаралу керек.
7. Сыртқы қарым-қатынастар
15. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау кезінде Қоғам:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың актілерін, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарды, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын және Қоғам қызметін реттемелейтін өзге де ішкі құжаттарды, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережесін сақтайды;
2) мемлекеттік басқару органдары тарапымен қатар, Қоғам басшылары мен қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқыққа қайшы іс- қимылдардың пайда болу мүмкіндігін болдырмауға барлық күшін салады;
3) серіктестік, құрмет және сындарлы даму қағидаттарын басшылыққа алады.
16. Қоғам акционерлерімен өзара қарым-қатынас жасағанда:
1) Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын және Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін, айқындық, есептілік және жауапкершілік қағидаттарын, сондай-ақ өз акционерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидаттарын басшылыққа алады;
2) акционерлердің және басқа да мүдделі тұлғалардың құқығын мойындайды және құрметтейді және өз қызметін дамыту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында олармен бірлесіп жұмыс істеуге тырысады;
3) акционерлерге және мүдделі тұлғаларға заңнамаларда көзделген жағдайларда, олардың құқықтары бұзылғаны үшін өтемақы алу мүмкіндігін береді.
17. Қоғам еншілес, тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынасты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдар жарғыларының, Корпоративтік басқару кодексінің және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
18. Қоғамның инвесторларымен, клиенттерімен, іскер әріптестерімен, бәсекелестерімен өзара қарым-қатынас жасағанда:
1) өз міндеттемелерін орындайды және өзінің әріптестерінен міндеттемелерін іске асыруды күтеді;
2) өз қызметін тұрақты кеңейтуге және әріптестермен өзара қарым-қатынас жасауға мүдделі;
3) құрметке, сенімге, адалдыққа және әділдікке негізделген ұзақ мерзімді және өзара пайдалы ынтымақтастыққа тырысады;
4) халықаралық телекоммуникация қызметтерін көрсету саласында қабылданған стандарттарды сақтайды;
5) клиенттердің қажеттілігіне қарай бағдарлайды және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына кепілдік береді.
19. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасағанда Қоғам қызметкерлері клиенттердің өтінімдерін қараған кезде төрешілдік пен көпке созушылықты ң болуына жол бермей, Қоғамға деген сенімді нығайтуға, оның жағымды беделін қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс
20. Әлеуметтік қатынастарда:
1) Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағатталған мемлекеттік әлеуметтік бастамаларды дамытады және қолдайды;
2) әлеуметтік бағыттылық іс-шараларын қаржыландырудың айқын механизмдерін қолданады;
3) Қазақстанда және әлемде болып жатқан қоғамдық үдерістерге әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы да, өзінің бастамашылық жобаларын іске асыру жолымен де қатысуды өзінің азаматтық борышы деп санайды;
4) қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қолдайды және өз қызметінің қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалар талаптарына сәйкестікте болуына тырысады.
21. Қоғам жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста жоғары этикалық стандарттарға тырысады, қоғаммен байланыс бойынша өздерінің ақпараттық, жарнамалық немесе басқа материалдарында дұрыс емес қате ақпарат таратуға, басшылардың сөзін жариялауда фактілерді жасыруға немесе бұрмалауға жол бермейді.
8. Құпия ақпарат
22. Қоғам қызметкерлеріне Қоғамның меншігі болып табылатын құпиялы ақпаратқа, кейбір жағдайларда – белгіленген өкілеттіктер шегінде үшінші тұлғаларға тиесілі ақпаратқа (қаржылық мәліметтер, клиенттер және олардың байланыс деректері, басқа да деректері туралы ақпарат) қол жеткізуге рұқсат беріледі.
23. Қоғам қызметкерлері құпиялы ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге және оны пайдакүнемдік және басқа жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге міндетті. Құпиялы ақпаратты жеке пайда табу үшін пайдалану Қоғамның корпоративтік әдебін және Коммерциялық құпиясы туралы ережені бұзғандық болып табылады.
24. ҚР заңнамалары мен Қоғамның ішкі құжаттары талаптарына сәйкес басшыларға және қызметкерлерге коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын құпияны жариялауға тыйым салынады.
25. Қоғам басшылары мен қызметкерлері Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген және құпиялы ақпаратпен жұмыс істегенде қауіпсіздік тәртібін қамтамасыз ететін ережелерді және іс-жосықтарды сақтауы тиіс.
9. Мүлікті қорғау және пайдалану
26. Қоғам қызметкерлері Қоғамның мүлкін және ресурстарын қорғауды және оның сақталуын, сондай-ақ олардың тиісті дәрежеде және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғам қызметкерлері Қоғам ресурстарын селқос, заңсыз немесе тиімсіз пайдалануға жол бермеу үшін барлық шараларды қолданады.
3-ТАРАУ. ЖАУАПКЕРШІЛІК
27. Осы Кодекс Қоғамның барлық басшылары мен қызметкерлері сақтауына міндетті болып табылады. Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін Қоғамның кез келген қызметкеріне, айналысатын лауазымына қарамастан, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен тиісті тәртіптік жазалау түрлері қолданылуы мүмкін.
28. Кодекс ашық құжат болып табылады және Қоғам оны қызметкерлер, акционерлер, клиенттер, әріптестер және басқа мүдделі тұлғалар арасында еркін таратады.
4-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
29. «Қазақтелеком» АҚ іскерлік әдеп кодексін Қоғамның Директорлар кеңесі бекітеді.
30. Осы Кодекске қажеттілігіне қарай белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен
Іскерлік әдеп кодексіне қосымша
2008 жылғы «_____» _________ № ____ хаттама
«Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексін қабылдау және сақтау туралы
МІНДЕТТЕМЕ
Мен, ____________________________________________________________________________,
(Аты-жөні, лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы)
«Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), корпоративтік іскерлік әдепке және мізез-құлыққа қатысты «Қазақтелеком» АҚ саясатымен, қағидаттарымен және құндылықтарымен таныса келіп, Кодексте белгіленген нормалармен келісетінімді білдіремін және Кодекстің талаптарын орындауға және кәсіби қызметімде оларды басшылыққа алуға өзіме міндеттеме аламын.
Мен Кодекстің ережелерін бұзғаным үшін жеке жауапкершілік аламын, сондай-ақ оны толығымен орындауға міндеттенемін.
Қызметкердің қолы ____________________________________
Күні ______________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |