Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы «___»____________№ _____
бұйрығына 1-қосымша
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған кезде белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде заңды тұлғаларға - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге осы стандарттың қосымшасына сәйкес өтінім;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
3) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен ол болган кезде расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, көрсетілетін қызметті алушымен осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
5) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
6) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын (сертификаттар және декларациялар) құжаттарының көшірмелері;
7) интернет-ресурсты құрумен, тіркеумен, іске қосумен және қолдаумен байланысты құжаттардың (шарт, техникалық тапсырма) көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 207/211/212- бкабинет мекенжайы бойынша не Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-48-60, 75-48-62 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-43-27 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мыналардың интернет-ресурсында орналастырылған:
Министрлік - www.mid.gov.kz;
Комитет - www.comprom.gov.kz;
Көрсетілетін қызметті беруші - www.kaznexinvest.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 91-90-40 (ішкі, 1001, 1043, 1044). Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша
Нысан
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Кімге:______________________________________________________________
(экспортты дамыту және оны ілгерілету саласындағы Ұлттық даму институтының атауы)
Кімнен: ____________________________________________________________
(ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып, толық атауы)
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні _______________________
(куәлік №, кім және қашан берген)
Өндірістік персоналдың саны ___________________________________ адам
Қызмет түрі __________________________________________________
Тел/факс: ____________________________________________________
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған шығындар:
Шығындардың атауы
|
Шығындар жұмсалған келісімшарттың №
|
Жеткізушіден қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні
|
ҚҚС-сыз шығын сомасы
|
төлем валютасында
|
теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделетін жалпы сомасы:
_____________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазумен жазылған сомасы)
2. Экспортталатын өнім немесе қызмет туралы мәліметтер:
КО СЭҚ ТН 10 белгісі деңгейінде тауар позициясын көрсете отырып, өнім атауы:____________________________________________________________
Импорттаушы ел және импорттаушы ұйымның атауы:
__________________________________________________________________
Экспорттық келісімшарттың атауы мен деректемелері:________________
Өнімнің жүзеге асырылған экспортының көлемі немесе ақшалай көріністе:_______________ теңге.
Соңғы екі жыл ішінде өнімді немесе қызметті өткізудің жалпы көлеміндегі өнімді немесе қызметті экспорттау үлесі: ____%.
3. Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5._____________________________________________________________
Уәкілетті тұлға: ___________________
Қолы __________________________
Өтінімді берген күні ___________________________________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы «___»____________№ _____
бұйрығына 2-қосымша
«Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған кезде белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде заңды тұлғаларға - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеуге берілетін осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
3) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен ол болган кезде расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, көрсетілетін қызметті алушымен осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
5) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
6) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын (сертификаттар және декларациялар) құжаттарының көшірмелері;
7) маркетингтік зерттеулердің жүргізілуіне байланысты құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 207/211/212- бкабинет мекенжайы бойынша не Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-48-60, 75-48-62 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-43-27 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мыналардың интернет-ресурсында орналастырылған:
Министрлік - www.mid.gov.kz;
Комитет - www.comprom.gov.kz;
Көрсетілетін қызметті беруші - www.kaznexinvest.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 91-90-40 (ішкі, 1001, 1043, 1044). Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Кімге:______________________________________________________________
(экспортты дамыту және оны ілгерілету саласындағы Ұлттық даму институтының атауы)
Кімнен: ____________________________________________________________
(ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып, толық атауы)
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні _______________________
(куәлік №, кім және қашан берген)
Өндірістік персоналдың саны ___________________________________ адам
Қызмет түрі __________________________________________________
Тел/факс: ____________________________________________________
1. Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге арналған шығындар: