Салық есебінің тіркелімдері
Бухгалтерлік есеп шоттары бойынша ведомостар, айналымдар
Салық есебінің шоттары бойынша ведомостар, айналымдар
Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
Салық есептілігі
Қаржылық есептілік
Сурет 3– Бухгалтерлік жəне салық есебін жүргізу
Ескерту - [30] мəлімет негізінде автормен құрастырылған
Ұйымның есеп саясаты ұйымның қаржылық есеп беруін және бухгалтерлік есепке алу жүйесін реттейтін құжат болып табылады. Қаржылық есеп беру бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық (өндірістік) және салықтық есептің өзара үйлесімді іс-әрекетінсіз жасалмайды. Әрбір есеп телімі есепті жасауда қолданылатын бастапқы ақпаратты дайындау үшін белгілі бір ережелерді талап етеді.
Сонымен, есеп саясаты ұйымның нормативтік құжаттарының жиынтығымен ұсынылатын арнайы ішкі фирмалық құжат болып табылады. Ол кәсіпорынның өзі баламалық негізде әзірлеген немесе халықаралық, ұлттық стандарттармен ұсынылған негіздерге сәйкес қабылданған қағидалардан, тәсілдерден, ережелер мен іс-тәжірибелік нүсқаулардан тұрады.
Есеп саясатын әзірлеуде және қолдануда ұйым басшылығы қаржылық есептің Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша Басқарма шығарған Пайымдауларға және әрбір қолданылатын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес келетін есеп саясатын таңдайды және қолданады.
Қолданыс нәтижесі маңызды болмайтын мұндай саясатты қолдану қажет емес екендігін ескеру керек. Қаржылық Есептің немесе Пайымдаулардың Халықаралық Стандарттары жоқ болғанда БАСШЫЛЫҚ есеп саясатының белгілі бір ережелерін әзірлегенде өзінің пайымдауларын пайдаланады, соның нәтижесінде қаржылық есепте мына ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етуі керек:
1) экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктері үшін орынды болатын;
2) есептік сенімділігі бар;
а) ұйымның ақшалай қаражатының қозғалысын және қызмет нәтижесін, қаржылық жағдайын, нәтижесін сенімді ұсынатын;
б) оқиғалар мен операциялардың тек қана заңды нысанын ғана емес, сонымен катар экономикалық мазмұнын көрсететін;
в) алдын ала ойланған пікірден еркін, бейтарап болып табылатын;
г) сақтықпен берілген;
д)барлық маңызды аспектілерде толық болып табылатын.
Сонымен қатар мына дерек көздері назарға алынады:
а) Қаржылық есептің және Пайымдаулардың ү-қсас мәселелері бойынша Халықаралық Стандарттардың талаптары және басшылығы;
б) каржылық есепті ұсыну және дайындау түжырымдамасында берілген анықтамалар, тану критерийлері, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығындарды бағалау тұжырымдамалары;
в) қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есепке алу мәселелері бойынша жоғарыда аталған дерек көздеріне қарама-қайшы келмейтін нормативтік құқықтық актілер;
г)өкілетті органдардың әдістемелік ұcыныстары;
д) басқа да ақпарат көздері, мысалы, есепті жүргізу тәжірибесінің саласында қалыптасқан қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есепке алу жөніндегі баспа басылымдары [2].
Есеп саясаты, егер стандарт немесе пайымдаулар статьялардың басқа саясатқа сәйкес келетін категорияларға бөлінуін талап етпейтін немесе рұқсат етпейтін болса ғана ұқсас мәмілелер, басқа да оқиғалар мен жағдайлар үшін дәйекті қолданылуы тиіс.
Салықтық және статистикалық органдарға, сондай-ақ кредиторларға келетін болсақ, пайдаланушылардың бұл категориясы есеп саясатын қалыптастыру және бекіту үрдісіне араласа алмайды, өйткені қаржылық есеп атқаратын негізінен ұйымның қаржылық жағдайын бағалау және қадағалау мақсатында пайдаланады.
Кейбір жеке меншік иелері немесе инвесторлар басшылықтың өкілеттілігі және ұйымның капиталындағы инвестордың немесе жеке
меншік иесінің қаражат үлесіне тәуелді басшылық еркіндігін нақты шектей алады. Егер жеке меншік иесі «шашылған ұсақ үлесі» бар акционерлер болатын болса, онда есеп саясатын ұйым басшылығы тағайындаған комиссия қалыптастырады, ал акционерлердің жалпы жиналысы оны бекітеді. Егер акционерлердің арасында құнды қағаздардың негізгі бөлігіне ие акционерлер болатын болса, онда олар есеп саясатын бекіту үрдісін анықтап ғана қоймай, оны қалыптастыру үрдісіне де араласа алады.
Егер ұйымның жеке меншік иесі акциялардың (немесе үлестің) 100%-на ие болатын болса, онда ол есеп саясатын қалыптастыру үрдісін толықтай өз бақылауына ала алады. Бұл ұйым басшылығының мүдделері жиі жеке меншік иелерінің мүдделерімен бір жерден шықпайтынына негізделген Және осыған сәйкес екеуінің ұйым үшін анықталған міндеттері мен мақсаттары маңызды айрықша болады.
Бұл инвесторларға да қатысты, кейде ұйымның барлық қызметі инвестормен жасалған шарттың нақты мазмұнына немесе оның қаражатының мөлшеріне тәуелді болады. Ұйым басшылығы бухгалтерлік есепте есеп саясатының жеке меншік иесімен әзірленген және бекітілген, негізін заңнамалық және нормативтік актілердің негізінде әзірленген ережелер, бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік қүжаттар құрайтын ережелерден шығатын шаруашылық қызмет фактілерінің көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс [3].
Кесте 2– Бухгалтерлік жəне салық есебін салыстыру
|
Бухгалтерлік есеп,
мың теңге
|
Салық есебі,
мың теңге
|
Активтер Негізгі құралдар
Дебиторлық берешек
Кезең соңындағы теңгерім
|
105
300
405
|
90
300
390
|
Міндеттеме жəне капитал Жарғылық капитал
Үлестірілмеген пайда Кезең соңындағы теңгерім
|
120
285
405
|
120
270
390
|
Ескерту - [36] мəлімет негізінде автормен құрастырылған
|
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, қүндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есепшоттарын қолдану ідістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді [4].
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік қүжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті қүжаттар тізімін бекітуі
керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін қүжаттардың қатарына мыналар
жатады:
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- Бухгалтерлік есеп жүмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жүмысын жоспары;
- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп қүрудағы қүжат
нысандары;
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- Актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі (реті)
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
- Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
- Бухгалтер л ік есепті үйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
- Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік
есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын тандауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әcep етеді:
- меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа
тізімдік саны және тағы басқа);
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың әкономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі [5].
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік
есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды [7].
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- жалға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |