Салыстырма кесте


-1-бап. Ресми алдын ала ескерту



жүктеу 1,23 Mb.
бет6/9
Дата20.05.2018
өлшемі1,23 Mb.
#15194
1   2   3   4   5   6   7   8   9

26-1-бап. Ресми алдын ала ескерту

Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда жариялау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ішкі істер органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан кейін және тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.

Ресми алдын алу ескертуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы ішкі істер аумақтық органдарының бастықтары қол қояды.

Ресми алдын ала ескерту тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы және оларды жасаған жағдайда жауаптылық туралы нақты жеке тұлғаға жолдануға тиіс.

Ішкі істер органдары жарияланған ресми алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді.


9. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы

21.

1-бап

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

3) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;

5) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

6) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат ғимараты (құрылысжайы) – құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды жасау үшін арнайы тұрғызылған немесе қайта бейінделген ғимарат, құрылысжай, ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;

2) құлшылық ету орны – дiнге сенушiлер өзінің құрметін білдіру үшін, сондай-ақ діни жораларды, рәсімдер мен салт жораларды жасау үшін пайдаланатын ғимараттар, табиғи объектілер, аумақтар;

3) діни қызмет – дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі;



4) мінажат ету – діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құлшылық ету жасалатын діни мағынасы бар орындарға дінге сенушілердің баруы;

5) діни қызметші – діни бірлестік басшысының бұйрығы негізінде рухани, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

6) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

7) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;



8) деструктивті діни ағым – адамның қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, имандылық негiздерді, рухани және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді әлсіретуге және (немесе) бұзуға қабілетті діни көзқарастар, идеялар, сондай ақ ілімнің жиынтығы;

9) діни мазмұндағы ақпараттық материал – мәтіндік сілтемелерді қоса алғанда, кез келген жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат;

10) діни радикализм – тұлғаның өзге адамдарға діни ұйғарымдар мен догмаларды сөзсіз орындауды таңуды үндеулермен және іс-әрекеттермен сүйемелдейтін, діни көзқарастар мен сенім-нанымдарға ұшқары, ымырасыздықпен ұстанушылық;

11) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;



12) құдайға құлшылық ету діни қызметшілер діни ілімнің талаптары бойынша жасайтын діни жоралар мен рәсімдер жиынтығы;

13) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;




Қазіргі редакцияға сәйкес ғибадат үйі (ғимараты) деген ғимараттың ішінде орналасқан орын, үй-жай, сондай-ақ ашық жерлер немесе уақытша тұрғызылған құрылыстар. Сондықтан практикада діни ғимарат деп тиісті нысаналы мақсаты жоқ тұрғын үйлердегі және басқа да объектілердегі үй-жайлар қолданылады.

Бұдан басқа, бұл ұғым пайдаланылатын «құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар» деген сөздер бөлігінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес келтіріліп отыр.

Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдарды нақтылау қажетті заң практикасы болып табылады.

Діни өмірдің маңызды компоненттерінің бірі құдайдың немесе тылсым қасиеттері бар объектілердің ерекше мүмкіндіктерін мойындау, сыйлау, адалдық таныту, табынудың пішін ретінде діни табыну болып табылады.

Заңның 7-бабының 1-тармағында діни бірлестіктер құлшылық ету орындарын ұстауға құқылы деп көзделген. Алайда, Заңның өзінде «құлшылық ету орны» деген ұғымы жоқ.

Осыған байланысты, олқылықты жою үшін аталмыш ұғым енгізіледі.

Діни бірлестіктер құлшылық ету орындарын ұстауға, қажылық жасау тәртібін айқындауға құқылы. Алайда, Заңның өзінде «қажылық» деген ұғым жоқ. Осыған байланысты, олқылықты жою үшін аталмыш ұғым енгізіледі.

Діни қызметшілердің дін таратушы ретінде тіркелу жайлы талап қазіргі таңда заңнамалық түрде бекітілмеген.

Демек, діни қызметшілер қолдарында тек діни бірлестіктің оларды «миссионерлік іс-қимылға» қайшы келетін діни қызметкер ретінде мойындайтын аңықтама (бұйрық) бар болғанда Қазақстанда миссионерлік іс-әрекетті жүзеге асыруға құқығы бар.

Діни қызметшілердің құқықтық орнын заңды түрде аңықтап алу ұсынылады. Осы лауазымды заңсыз түрде (мысалы, әскери қызметтен бас тартқанда) қолдануға жол бермейтін міндетті сипаттарын еңгізу керек.

Мемлекетке радикалды діни идеяларға қарсы төтеп бере алатын білікті, білімді діни қызметкерлер керек.

Ресей Федерациясының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Федералды заңның 24-баптың 1,2,3,4- тармақтарына сәйкес діни ұйымдар олардың жарғыларында белгіленген жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартына отыратыны көрсетілген.

Еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу Ресей Федерацияның заңнамасына сәйкес діни ұйым мен қызметкер арасында еңбек шартымен бекітіледі

Еңбек шарты бойынша діни ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтар Ресей Федерациясының еңбек турады заңнамаға сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Өзбекстан Республикасының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» заңның 24-бабына сәйкес діни ұйым азаматтарды жұмысқа алуға құқығы бар.

Еңбек жағдайлары діни ұйым мен қызметкер арасында келісім бойынша бекітіледі және жазбаша түрде келісімге отыратын еңбек шартында аңықталған. Сол ретте діни қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жағдайларын аңықтайтын тіркейтін құжаттар тіркелінеді

«Қырғыз Республикасындағы ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» заңында «діни қызметкер» термині тиісті діни ұйыммен рухани, имамдық, діндар басшылық, уағызшылық қызмет етуге уәкілетті тұлға ретінде қарастырылынады

Сондай-ақ, осы заңның 24-бабында діни және миссионерлік ұйымдарда, және де олар құрған кәсіпорындарда, мекемелерде, қайырымдылық ұйымдарда еңбек шартымен жұмыс істейтін азаматтар Қырғыз Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрекетін жүзеге асырады.

«Деструктивті діни ағым» заңнамалық анықтау мақсатында.

Заңнамада және де көрсетілген Заңда «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині қолданылады.

Алайда, бұл Заңда осы термин мағынасы ашылмаған, сол себептен құқық қорғаушы ұйымдардың және де діндарлардың сынын туғыздырады.

Осы термин әдебиетте және сарапшылар ортасында кең ұғымға ие болды. Бірыңғай қабылданған ұғым жоқ.

Діни радикализм белгілі бір діни сенімдер мен басқаларға оларды зорлап міндеттеумен себепті ең келісімсіз көзқарастар мен іс-әрекеттерді ұстаушылықпен байланысты одан да кең түсініктемесіне ие.

Тәжікістан, Қырғызстан мен Өзбекістан заңнамаларында олар мазмұнының түсіндіруісіз тек жалпы контекстте атап өтілген. Бұлаңықтама тек Әзірбайжан Республикасының «Діни экстремизммен күрес туралы» заңында көрсетілген.

Діни радикализм ұғымы қатысушылардың іс-әрекеттері басқа тұлғаларға әсері тиетін тек қоғамдық құбылысты қамтиды.

Діни радикализмның әсерімен байланысты немесе одан пайда болатын қоғамдық зиян Қылмыстық Кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің, «Экстремизмге іс-қимыл туралы» және «Діни қызмет мен діни бірлестіктер туралы» заңдардың нормаларымен қамтылады.

Осылайша, толық түрінде радикализм «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның «діни экстремизм» ұғым бөлігінде 1-бабының аңықтауымен қамтылады:

«жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;».

Діни экстремизм үшін жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 174-бабымен жузеге асырылады.

Діни кызмет пен діни бірлестіктер заңнаманы бұзу үшін жаза ҚР ӘҚБҚ 489, 490 баптарымен жүзеге асырылады.

Заңңын 1- бабында «құдайға құлшылық ету» деген ұғымы жоқ.

Бұл жағдай құқықтық практикада (сотта), аталған түсініктемелердің әр түрлі талқылауларың туғыздырады, бұл облыстар, Астана мен Алматы ққ. әкімшіліктерінің діни басқармаларының өкілдерімен көрсетілетін қуыным талаптарын қабылданбауына әкеледі.

Осыған байланысты, сондай-ақ көрсетілген түсініктемелер бірыңғай талқылау үшін еңгізіледі.



22.

3-бап

3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

 Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

 4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.

9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.




3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

3. Дін ұстану немесе наным еркіндігін жүзеге асыру тек заңмен ғана және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын және имандылығын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана шектелуге жатады.

4. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

6. Дінді оқып-үйрену діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), үй-жайларында, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында олардың жарғыларына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда дінді оқып-үйрену облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

7. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, дінге көзқарасы себептері бойынша жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзуға немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауын қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

8. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

9. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге құқылы емес.

10. Ешкімнің өз діни нанымдарының себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

11. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, балаларды ата-анасының немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқықтарына қысым жасайтын және жауапкершілігін шектейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, діни радикализмнің көрініс табуына жол бермейді және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасайды.

12. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

13. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сондай-ақ олардың діни ілімді таратуына, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

15. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

16. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлеп тартуға, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) діни бірлестіктен шығуына, ұстанатын діннен бас тартуына кедергі келтіруге бағытталған, оның ішінде материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолын қолданатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

17. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

18. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне көрінеу іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін шешімдерді қабылдауға және әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

19. Діни бірлестіктің басшысы он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

20. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі. Халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда шетелде оқып-үйренуге болады.

Рухани (діни) білім беру ұйымдары өз қызметтерін оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі туралы қоғамды хабардар ете отырып, ашық түрде жүзеге асырады.

21. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және таратуға жол берілмейді.

Сыртқы атрибуттарды, киім заттарын қоса алғанда, деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілерді уәкілетті органның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде бекітеді.



Заңның осы бабының 2-1-тармағы 1996 жылдың 16 желтоқсанындағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабы бойынша 27.09.1993 ж. БҰҰ №22 (48) Адам құқықтары комитетінің ортақ тәртіптік ескертулерінің 8-тармағымен сәйкестендірілген.

Қызмет үшін тексеруді қалыптастыру «шет тілдерінің курсы», құрылымға нұқсан келтіретін идеология белсенді түрде таралды.

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» РФ ФЗ 3-бабының 5-тармағында көрсетілгендей, діни бірлестіктерге кәмелетке толмағандарды тартуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға олардың еркінен тыс және ата-анасының, не ата-анасының орнын басушылардың келісімінсіз дінді оқытуға тыйым салынады.

Өзбекстан Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер бостандығы» туралы Заңының 6-бабына сәйкес діни ілімді жеке оқытуға тыйым салынады. Бұл ережелерді бұзу Заң негізінде жауапкершілікке тартылуға алып келеді.

Қырғызстан Республикасның «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес, дінтанулық пәндерді білімнің барлық дәрежелерінде жеке-жеке оқытуға тыйым салынады.

Түркменстанның «Діни сенім және діни бірлестіктер» туралы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, діни ілім жеке жүйеде оқытуға тыйым салынады және Түркменстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады деп көрсетілген.

Тәжікстан Республикасының «Ар ұждан және діни бірлестіктер» заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі және мектептік, сондай-ақ азаматтардың үйлері мен пәтерлерінде діни ұйымдардың ағартушылық және насихат жұмыстарына тыйым салынады.

Өзбекстандағы Наманган облысында Үкімет «Чаткал» шипажайында ислам туралы дәрісті тоқтатты: онда тәлім берген имам жазаланды. Наманган облысындағы Папалық аймақта Чодак қыстағындағы «Саидджалалходжа» мешітінде 44 жастағы хатиб имам Ахмаджон Эшматов, сәуір айының басында сот алдына келді. Оны елдің кәсіподақ Федерациясының жүйесіне енетін «Чаткал» шипажайында ешбір рұқсатнама мен лицензиясыз уағыз оқығандығы үшін айыптады. Ақырында Папалық аймақтың соты имамды Өзбекстанның әкімшілік Кодексінің «Діни ілімді оқыту жүйесінің тәртібін бұзу» 241 бабына сәйкес кінәлі деп тапты және жалақынаң 10 минималды мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарды (230 АҚШ доллары).

Заңның осы бабының 7-тармағы 1996 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабы бойынша 27.09.1993 ж. БҰҰ №22 (48) Адам құқықтары комитетінің ортақ тәртіптік ескертулерінің 2-тармағымен сәйкестендірілген.

Әдетте тәжірибеде діни ғұрыптарды толық көлемде орындамайтын азаматтар немесе атеисттер «сенбеушілік», «күнәһарлық» жазғыруларымен жәбірленуге тап болып жатады, бұл да бір діни төзімсіздіктің көрінісі. Адамдардың радикализациялануының бірден-бір себебі, азаматтардың сенбеу, күпірілік ету және діни қағидаларды сақтамау мәселесінде кінәлі болып қалудан қорқу. Бұл қосымша көптеген батыс елдерінің діни сенімге бостандық беру кепілі, сондай-ақ өзін бірде-бір дінге қоспау туралы тәжірибесіне сәйкес келеді.

Әлемдік тәжірибеде діни сенім бостандығы өз діні мен нанымын, сондай-ақ атеистік көзқарасқарасын ұстану еркіндігін үнсіз келісім бойынша қосады. (ТР Заңы 4-бабының 10-тармағы «Ар-ұждан және діни бірлестіктер туралы» діншілдігіне немесе сенбеушілігіне, дінді мойындамаушылығына байланысты кінәлауға тыйым салынады).

Заңның 3-бабының 6-тармағына сәйкес «оларды тарату» сөзі алынып тасталған. Бұл өзгерістер әрекет етуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 490-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық ісінде (бұрын әрекет еткен ҚР ӘҚБК 375-бабының 3-бөлігіне тең) заңсыз миссионерлік іспен айналысқан адамдар (сәйкес тіркеусіз) өз іс-әрекеттерін мойындамай, өздерінің жеке діни және басқа да сенімдерін заңға сәйкес тартқандықтарын жеткізген (Заңның 3 бабының 6 тармағы негізінде).

Радикалды діни ұйымдардың қоғам арасында деструктивті идеологиясын тарату әрекеті негізінен идеологтар мен әрекет етуші объектілермен байланыс процесінде діни көзқарасты таратумен жүзеге асады.

Тәжікстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес «Ар-ұждан бостандағы және діни бірлестіктер» туралы заң діншіл және дінге сенбейтін азаматтар арасында, түрлі діндер мен конфессиялардың діни бірлестіктері арасында, сондай-ақ олардың ерушілері арасында, төзімділік пен құрметтеу қатынасының орнауына септігін тигізеді, сонымен қатар дін бірлестітердің қызметі аясында діни фанатизм мен экстремизмнің пайда болуын алдын алады.

Қырғыз Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни ұйымдар туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекет дінге сенбейтін және дінге сенуші азаматтардың, әртүрлі дінді ұстанушы діни конфессиялар арасындағы сондай-ақ олардың ізбасарларының арасында өзара төзімділік пен құрметтесу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, сондай ақ, әрекеттері, қарама-қарсы тұру мен шиеленісті күшейтетін, діни өшпенділікті қоздыратын діни радикализм мен экстремистік әрекеттерге жол берілмейді.


Мемлекет басшысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 01-7.9 тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен қаржыландырылатын қызметкерлер үшін (осы баптың 6-1 тармағы) құқық нормасы енгізіледі.
Осы түзету (аталған баптың 14-тармағы) ҚР ҰҚК АТО 2017 жылғы 13 мамырдағы № 19 хаттамасының екінші сұрақтың 3-тармағына іске асыру шеңберінде енгізілді (Қазақстан Республикасының азаматтарының арасынан деструктивті діни ағымдардың идеологтары мен уағыздаушыларының қызметін бейтараптандыру бойынша жұмыс тиімділігі көтерілу бойынша жағдайлар мен шаралар туралы).

Заңсыз миссионерлік әрекет жасау кезінде ұсталған діни бірлестік жақтаушылары «Діни қызмет және діни бірлестіктер » Заңның 3-бабының 6-тармағына сәйкес әркім діни немесе басқа сенімді ұстауға, оларды тартуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес миссионерлік қызмет жүргізуге құқылы. Яғни, заңсыз миссонерлік қызметті жақтаушылар «діни нанымдрды тарату» деп түсіндіруге тырысады.

Мәжбүрлі түрде еліктірумен байланысты діни немесе басқа қызметті жүзеге асыру, және (немесе) діни бірлестіктерден шығуға кедергі болу, дін жолынан бас тарту, ҚР азаматтарының материалды және басқа тәуелділілігін пайдалану, азаматтағы жоқ және шет ел азаматтарын немесе алдап-арбау 1966 жылғы 16 желтоқсанындағы БҰҰ-ң Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 8-бабының 2-тармағына сәйкес келмейді. Зайырлы қоғамның даму қызығушылығына сәйкес келмейтін, діни қызметке балаларды еліктіу тәжірибесі қалыптасуда. Қазақстанда балалар тәрбиесі мен оқуы зайырлы бағытта жүргізіледі.

РФ ФЗ «Ар-ұждан және діни бірлестіктер» заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес, жастарды діни ұйымдарға еліктіруге тыйым салынады, сондай-ақ олардың келісімінсіз және ата-анасының немесе басқа да жауапты адамдардың рұқсатынсыз жастарға дінді үйретуге тыйым салынады. Жастар деп, кемелетке толмаған, он төрт жасқа толмаған азаматтар есептелінеді (РФ Азаматтық кодексінің 28-бабы).

Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 145-бабына сәйкес, кемелетке толмағандарды діни ұйымдарға еліктіру, олардың және ата-анасының және жбасқа да жауаптылардың еркінен тыс оларға дінді оқыту, 50-ден 75-ке дейін жалақының минималды мөлшері, айыппұлмен жазаланады немесе 2 жылдан 3 жылға дейін түзеу жұмыстарымен немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылумен жазаланады.

ӘР «Діни сенім бостандығы» Заңына сәйкес әркім жеке-дара, немсе топпен дінді ұстана алады, өз дінінің таралуына септігін тигізе алады. Ата-ана немесе оларды алмастырушы адамдар тек келісім негізінде балаларын өз діни бойынша тәрбиелей алады. ӘР Қылмыстық кодекснің 167.1-бабына сәйкес көрсетіледі, кемелетке толмаған жасты қандай да бір дінге(діни ағымға) еліктіру, сондай-ақ оның еркінен тыс діни рәсімдер мен ғұрыптарға еліктіру, діни ұйымдарға қатысуға еліктіру немесе ерушілер қатарынан шығару 7-ден 9 мың манатқа дейін айыппұл салынады немес 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

ӘР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 299.0.3-бабына сәйкес, діни тұлғалар және діни ұйым мүшелері тарарпынан балалар мен жастарға арнайы жинлыстар жүргізу, діни рәсімдермен байланысты емсе еңбектік ұйымдардың, әдеби және басқа үйірмелердің және топтардың физикалық тұлғаларына 100-ден 300 манат, лауазымдық тұлғаларға 200-ден 500-ге дейін манат айыппұл тағайындалады.

Беларусь Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер» Заңына сәйкес, кәмелетке толмағандарды діни ұйымдарға еліктіру, кәмелетке толмағандардың еркінен тыс және олардың ата-анасының немесе ата-анасының орнын басушы тұлғалардың рұқсатынсыз дінге оқыту келісілген заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Жастар сәйкес діни білім негізінің базасы болмағандықтан радикалды бағыттағы шетелдік оқу орындарының зардабына тап болады. Бұл норма ҚР азаматтарының діни біліміді шет елдерде алуына рұқсат етеді. Шет елдерде діни білім алу процесін бірыңғайлау қажет.

Тәжікстан Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер туралы» Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес діни білімді шет елдерде алу, сондай-ақ шетелдің жоғарғы оқу орындарында діни білім алу тек Тәжікстан Республикасында діни білім алған соң ғана рұқсат етіледі және дін істері және білім аясынлағы мемлекеттік уәкілетті орган тарпынан жазбаша келісім алынған соң рұқсат етіледі.

Араб әлемі елдерінде (мысалға САӘ, Сирия) заңсыз оқыған азаматтардың көпшілігінде діни біліктіліктің негізі болмағандығын айта кетсе болады. Осыған байланыста, олардың көбісі радикалды діни топтардың зардабына ұрынды.

Түркия және Малазия тәжірибесіне сәйкес, бұл елдердің азаматтары араб елдерінде ЖОО-ғы діни білімдерін отанында базалық ілімді алған соң жалғастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Түркия мен Малазияның араб елдерінің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен ресми діни мемарандумның арқасында, азаматтар ешбір кедергісіз бакалаврге түсе алады. Ал біздің азаматтар, шетелдік оқу орындары отандық білім орындарының дипломын қабылдамағандықтан, бакалавр алды дәрежесін бірнеше жыл өтуге мәжбүр. Осындай жағдай, өз алдына, біздің азаматтардың радикалды ағымдардың қайырымдылық ұйымдарының алдында осал қылады.

Осындай норманы қабылдау қазіргі кезде қажеттілік болып табылады. Бұндай қадам статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ел тұрғындарының көпшілігі тіркелген ДБ діни көзқарастар мен позицияларды қолдайды, бұл норманың қабылдауына ҚР көптеген азаматтарының қолдауы индикатор әбден бола алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан тіркелген ДБ, сонымен қатар, ҚМДБ әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен келісім мемарандумына қол қойды. Осыған байланысты, діни мекемелердің түлектері Қазақстандағы оқудан соң заңды негізде оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Шетелдерде діни білім алу процесін жүйелеу қажет.

ӘР азаматтардың шетелде діни білім алу ережесі «Діни сенім бостандығы» заңымен реттеледі.

Азаматтарды шетелге білім алу мақсатымен жіберу діни орталық немесе діни басқарма (Кавказ Мұсылмандары басқармасы) арқылы, кейін атқарушы орган (Мемлекеттік діни бірлестіктермен жұмыс комитеті) келісімімен іске асады.

Шетелдік мемлекеттердегі рухани (діни) оқу орындарында ҚР діни ұйымдарында тіркелген деген жолдамасыз оқуға тыйым салынады, ол қажетті және азаматтардың радикалды діни топтардың қатарына кіріп кету жағдайларынан маңызды шара.

Осы норма Қазақстан азаматтарының шет елдерде рухани (діни) білім алу тәртібін реттеуге мүмкіндік береді.

Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы көріністерге тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан енгізу үшін осы норма енгізіледі.



24.

4-баптың

1) тармақшасы




4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;


4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


Заңның 4-бабы уәкілетті органның құзыретін анықтайды. 4-бабтың 1-тармақшысына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік діни бірлестіктермен өзара байланысын жүргізуде саясатын қалыптастыруда және оны жүзеге асыруда ат салысады.

Сонымен қоса, Заңның талдамалы тақырыбы тек қана мемлекеттің діни бірлестіктермен байланысы ғана емес, жалпылай дін саласындағы қызмет болып табылады.

Осыған орай, уәкілетті орган мемлекеттік орган ретінде діни қызмет саласын мемлекеттік реттеуді іске асырушы түрінде діни қызмет саласында мемлекеттің саясатын қалыптастыруда құзыретті болуы тиіс.


25.

4-баптың

10-2) тармақшасы



4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Жоқ


4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

10-2) жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың «деструктивті діни ағымдар жақтаушыларының санының өзгеруі» нысаналы индикаторын есептеу әдістемесін бекітеді;




26.

4-баптың

11) тармақшасы




4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;



4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын айқындау, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайларды орналастыруға келісу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;




Аталмыш норманың осы заңның 5-бабтың 7-тармақшасымен сәйкестіндірілді.


27.

4-баптың

14), 15) тар-мақшалары




4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Жоқ.


4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

14) сыртқы атрибуттарды, киім заттарын қоса алғанда, деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілерді әзірлейді;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.




28.

5-бап


5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;


10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.




5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәлелелері бойынша:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеуді және талдауды жүргізеді;

2) өңірде әрекет ететін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмысын жүргiзедi;

8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайларынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

9) ғибадат ғимараттарын (құрылысжайларын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ ғимараттарын (құрылысжайларын) ғибадат ғимараттары (құрылысжайлары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

10) діни бірлестіктерді құру кезінде бастамашы азаматтардың тізімдеріне, сондай-ақ қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде қатысушылардың (мүшелердің) тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеуді және талдауды жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.

3. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкiмi:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.




ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға түзетулер енгізу туралы толықтыруларды нөмірлей отыра, 1-тармақтың 5-бабына, 2 және 3-баптармен толықтырулар енгізілді.

Заң діни бiрлестiктер құруға азаматтар-бастамашылары тізімдерін тексеруді жүргізу үшін қамтамасыз етеді. Қайта тіркеу қайта тіркеу қатысушылар (мүшелер) тізімдерін сараптама, діни ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар тіркеу құрылды. Осыған байланысты, норма облыстардың, қалалардың және астананың тиісті сараптама жергілікті атқарушы органдарды құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге енгізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың құқықтық реттеу құзыреті жөніндегі халықаралық тәжірибесіне сіүене, әсіресе діни бірлестіктерді қайта тіркеу тұрғысынан, атап айтқанда, қатысушылардың тексеру тізімдері анықталмады. Алайда, кейбір елдерде діни бірлестіктерді тіркеу азаматтары-бастамашыларының және құрылтайшылардың тізімін тексеру тәжірибесі іске асуда. Мысалы, Бельгияда, ДБ тіркеу Әділет министрлігінің құзыретінде болып табылады. Тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттар пакетін жолдайды: жарғы, ережелер, тегін, атын, туған жылын, тұрғылықты жерін, үй және жұмыс телефонын, жеке қолын, және сол форматтағы басқарушы органдардың; мекен жайын растайтын діни бірлестіктер ұйымын құрған азаматтар-бастамашылардың тізімі; заңды тұлғалардың және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.



РФ «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес діни бірлестіктердің қызметін федералдық мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тіркеудің федералдық органы немесе оның аумақтық органы және олардың лауазымды тұлғалары қызметінде Ресей Федерациясының заңдарында белгіленген тәртіпте құқылы:

- діни ұйымының осы тармақтың үшінші абзацымен қарастырылған жағдайларда ғана сұратылатын және қабылдап алынатын қаржылық-шаруашылық қызметі жайлы мәліметтерді қамтитын құжаттарды санамағанда діни бірлестіктен оның қызметі жайлы құжаттарын сұратуға және алуға;

- діни ұйымды, соның ішінде қолданыстағы Федералды заңмен қарастырылған тексеру өткізген кезде егер діни ұйым халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтардан, азаматтығы жок тұлғалардан қолма-қол ақша мен басқа да мүліктерді алған кезінде мемлекеттік органдардан немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан діни ұйымның өз қызметі барысында Ресей Федерациясының діни ұйымдар туралы заңын бұзғаны жайлы және (немесе) экстремизм (терроризм)) сипаттары бар болғаны туралы ақпарат түскен жағдайда қаржылық-шаруашылық қызметі жайлы мәліметтер қамтитын құжаттарды сұратуға және алуға.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы 31-бабының 1-тармағының 30) және 31 тармақшаларына сәйкестендіру.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы 35-бабының 1-тармағының 25) және 26) тармақшаларына сәйкес келтірілген.


29.

6-баптың

1-тармағының

3) тармақшасы


6-бап. Дінтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;


6-бап. Дінтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

3) жеке тұлғалардың миссионерлер тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші, сондай-ақ діни бірлестіктердің өздерінің филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы өтініші;


Қазіргі Заңның 6-баптың 2-тармағы бойынша дінтану сараптамасының нысанына құрылтай құжаттары жатады.

Бірақ филиалдар мен діни бірлестіктердің өкілдігінің күйі діни сараптамаға жіберілмейді.

Филиалдар мен өкілдіктердің күйлерінде діни қызмет пен дін оқуының негіздері болғандықтан, олар діни сараптамадан өту керек.


30.

6-баптың

3-тармағы





6-бап. Дінтану сараптамасы

3. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.



6-бап. Дінтану сараптамасы

3. Дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар, қажет болған жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.



Дінтану» мамандығы жиынтық болып саналып, ол түрлі аспектті діни мағлұматтарды біріктіреді.

Дінтанулық сараптама дін мен басқа да білім өрісінің өзара байланысың ескеріп, зерттеуі мен кең өрісін ұсынып,қиын мәселелердің шешуің талап етеді.

Осыған байланысты, діни сараптама жасауда, басқа да саланың мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді.


31.

6-баптың

3-тармағы





6-бап. Дінтану сараптамасы

Жоқ.



6-бап. Дінтану сараптамасы

5. Дінтану сараптамасының теріс қортындысын алған діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға жол берілмейді, олар пайдаланылмауға тиіс және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айналымнан алынып тастауға жатады.


Құзырлы орган діни құралдарға дінтану сараптаманы қамтамасыз етеді.

жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау