Соглашение



жүктеу 1,37 Mb.
бет1/2
Дата15.05.2018
өлшемі1,37 Mb.
#13768
  1   2


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы

КЕЛІСІМ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкіметі, бұдан әрі – Тараптар деп аталады,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында қылмыспен, терроризммен, өзге де қоқан-лоққылық пен қауіп-қатерлерге қарсы біріккен күрес тиімділігін арттыру қажеттілігін назарға ала отырып,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасау, өз мемлекеттеріндегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне жауап беретінін түсіне отырып,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып,


төмендегімен келісті:
1-бап
Тараптар осы Келісімнің 2-бабына сай, бекітілген техникалық талаптарда баяндалған шарттарға сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасайды.
2-бап
Тараптар:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық талаптарын (қоса ұсынылады);

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық тапсырмасын (қоса ұсынылады);

Деректерді есепке алудың бірегей тізімін бекітеді (қоса ұсынылады).


3-бап
Тараптар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі шеңберінде ұлттық деректер қорынан бөлінген, мәліметтер құрылымына негізделген деректерді есепке алу банкін құрайды (ұлттық ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдасуынсыз).

4-бап
Жұмыстарға тапсырыс беруші - Федералдық көші-қон қызметі (Ресей Федералдық көші-қон қызметі) болып табылып, Тараптардың өкілдерін сарапшы және тендерлік комиссия мүшесі ретінде жұмылдыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасау үшін тендерлердің (сайыстар, аукциондар) өтуін ұйымдастырады.

 5-бап


Осы Келісімге Тараптар қол қойған мерзімнен бастап үш ай уақыт аралығында осы Келісімді орындауға жауапты өздерінің өкілетті ұйымдары туралы депозитарийді хабардар етеді.
 6-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесінің қорын қолдану, толтыру тәртібі, ақпаратпен жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ аталған жүйені әзірлеу, құру және дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды қаржыландыру тәртібі бөлек құжаттармен анықталады.
7-бап
Осы Келісім қол қойған мерзімнен бастап уақытша колданады және Келісім күшіне ену үшін, мемлекет ішіндегі қажет рәсімдерді орындау туралы Тараптардың қол қойған үшінші хабарландыруын Депозитарий алған мерзімнен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Мемлекет ішінде рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған уақыттан бастап, 30 күн өткен соң күшіне енеді.


8-бап
Тараптардың өзара келісуі арқылы осы Келісімге тиісті хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Тараптар арасында осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде пайда болатын даулы сұрақтар мүдделі тараптардың кеңес және келіссөз жүргізу жолымен шешіледі.

Даулы сұрақтарды кеңес және келіссөз жүргізу жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар, келісіммен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық сотына сүйенеді.


10-бап
Осы Келісімнен шығатын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын және оның қағидаларына қосылатын басқа да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге Осы Келісім күшіне енгенннен кейін қосылуына жол ашық. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған уақыттан бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
11-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады. Әрбір Тарап осы Келісімнен шыға алады, бірақ өз шешімі туралы депозитарийді 6 айдан кем емес мерзімде жазбаша хабарландыра отырып, осы Келісімнің әрекет ету мерзімінде пайда болған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеуі тиіс.

Санкт-Петербург қаласында 2011 жылдың 11-қазанында бір түпнұсқа данасында орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. Комитет осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке расталған көшірмесін жолдайды.



Совершено в городе Санкт-Петербурге 18 октября 2011 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.


Азербайжан Республикасының Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі үшін













--------

В.Путин







Армения Республикасының Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін













Т.Саркисян

А.Акилов

түсіндірмемен




Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

Түркменістан Үкіметі үшін













М.Мясникович

--------







Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
















--------







Қырғызстан Республикасының Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін




Премьер-министрдің міндетін атқарушы







О.Бабанов

--------







Молдова Республикасының Үкіметі үшін
















--------



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы келісіммен

БЕКІТІЛДІ

2011 жылдың 18-қазанынан



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР


1. ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АЖО



Автоматтандырылған жұмыс орны

ШАЕ ОДБ АЖ



Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша орталық деректер банкінің автоматтандырылған жүйесі

АБЖ



Автоматтандырылған басқару жүйесі

ДҚ



Деректер қоры

ҮМА



Үшінші мемлекет азаматы – ТМД БЕАЖ туралы Келісім қатысушысы болып табылмайтын мемлекет азаматы

ТМД БЕАЖ



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі

АЖ



Ақпараттық жүйе

АЖА



Азаматтығы жоқ адам

ЖЕТ



Жергілікті есептеу торабы

МСПД



Деректер берілетін магистральды торап

ҰӨҰ



Ұлттық өкілетті ұйым

НАА



Нормативті-анықтамалық ақпарат

ЖБЖ



Жалпы бағдарламалық жасақтама

ОЖ



Операциялық жүйе

БАК



Бағдарламалық-аппараттық кешен

ІЭПІЖ



Ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесі

БЖ



Бағдарламалық жасақтама

ТМД



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ДБТ



Деректерді беру торабы

АБЖ



Арнайы бағдарламалық жасақтама

ДҚБЖ



Деректер қорын басқару жүйесі

ТТ



Техникалық тапсырма

КО



Куәландырушы орталық

ЖТТ



Жеке техникалық тапсырма

ЭЦҚ



Электрондық-цифрлі қолтаңба /маманданған және маманданбаған электронды қолтаңба

ДӨО



Деректерді өңдеу орталығы

ҚКЖ



Құрылымдық кабельдік жүйе

2.  ТМД БЕАЖ-ДІҢ АРНАЛУЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Осы құжат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін әзірлеу үшін техникалық талаптарды құрайды, сондай-ақ оны жасауда (1 мен 2 қосымша) техника-экономикалық пен қаржы-экономикалық негіздеуі және ТМД БЕАЖ қорларында жасау мен пайдаға асыру мүмкіндіктерін есепке алады:

Мемлекеттердің білікті ұйымдары – ұжымдық кауіпсіздік туралы Келісімді ұйымдастырушы (ҰҚКҰ) мүшелері арасында заңсыз көші-қон туралы ақпаратпен алмасу жүйелері;

Евразиялық экономикалық бірлестікке мүше елдердің еңбек етіп жатқан мигранттары туралы мемлекетаралық деректер банкі (ЕврАзЭБ ЕММДБ).

Құжат ТМД БЕАЖ-ға қажетті өңдеу сатылары, бақылау мен қабылдау тәртібіне талап етілетін арналу мен қолдану саласын, техникалық және арнайы талаптарды анықтайды.
2.1. Арналуы

ТМД БЕАЖ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың орын ауыстыруы туралы деректерді жинау, сақтау, өңдеу, мүдделі қолданушылардың бөлінген ақпараттық қорларға рұқсаттама, сондай-ақ ҮМА мен АЖА туралы мәліметтердің (деректердің) берілуін, қазіргі заман ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде іздеу-аналитикалық сұраныстарын, еркін аналитикалық және стандартты статистикалық есеп алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі тиіс.



2.2. ТМД БЕАЖ-ді жасау мақсаттары

ТМД БЕАЖ-ді жасау мақсаттары болып табылады:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер территорияларында ҮМА мен АЖА орын ауыстыруын бақылау саласында ұйымдық-басқару шешімдерін қабылдау және дайындау мүддесінде мемлекетаралық ақпараттық алмасудың сапасын көтеру;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытылы есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, деректерді есепке алу тізімі негізінде іске асатын, ақпараттардың автоматтандырылған жиыны, өңделуі, жиналуы, сақталуы, қолданылуы және берілуі.




2.3. Автоматтандыру объектісіне сипаттама

Достастыққа қатысушы мемлекеттер территорияларында терроризмге, ұлтқа қарсы қылмыстылық, заңсыз көші-қон мен қауіпсіздікке, өзге қоқан-лоққылық пен қауіп-қатерлерге қарсы біріккен күрес тиімділігін арттыру, Достастыққа қатысушы мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қатысушы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік биліктің мүдделі ұйымдары, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдардың мекендеу регламентін сақтау, оларды есепке алу, келу және кетуді бақылау бойынша құрылымдық бөлімшелердің біріккен қызметі автоматтандыру объектісі болып табылады.

Жасалып жатқан жүйеде негізгі мүдделі ұйымдар болып мына ұйымдар табылады:

шекаралық бақылау;

ішкі істер, иммиграциялық/миграциялық және паспорттық-визалық бақылау;

кедендік және көліктік бақылау;

баска құзыретті ұйымдар.

3. ТМД БЕАЖ-ҒА ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

3.1. Жалпы талаптар

3.1.1. ТМД БЕАЖ-ды жоспарлау және жүзеге асыру келесі талаптарды ескере отырып, автоматтандырылған жүйеде жүргізілуі керек:



ауқымдылық – бір міндеттерді орындайтын функционалдық блоктарда сандарды арттыру жолымен жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін ұлғайту қабілеттілігі;

айқындылық – ТМД БЕАЖ қорларын арттыруын жеңілдететін және өзара әсерлесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бірегейлендірілген шешімдерді қолдану;

жеткіліктілік – ТМД БЕАЖ құрамдастары дамуының тәуелсіздігі мен міндеттерінің аяқталуының іске асуы;

сенімділік – пайдалану кезінде белгіленген жағдайларда өз міндеттерін кепілді орындау мүмкіншілігі;

бейімділік – пайдалану кезінде өзгеріс болған жағдайларда өз міндеттерін орындау мүмкіншілігі;

үйлестірімділік – типтік жобалық шешімдерді пайдалану, ҰӨҰ кез-келген аймақтық бөлімшеде шешімдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

үнемділік – жасау, пайдалану және жанамалау құнына белгіленген шектеу қою кезінде қажетті міндеттерімен қамтамасыз ету;

қауіпсіздік – рұқсат етілмеген кіріп көру талпынысына қарсы тұру мүмкіндігі, жаңылыс, апат, қасірет нәтижесінде деректерді жоғалтудан қорғаныш.

3.1.2.  ТМД БЕАЖ-дың негізгі архитектурасы ретінде схема бойынша құрамдас бөліктің құрылысы қолданылуы керек:

бірегей әкімшілік етуін, топтастыру жүйесін, кодтауды және нормативті-анықтамалық ақпаратты қамтамасыз ететін ТМД БЕАЖ ДӨО. ДӨО орналасу жерін Тапсырыс беруші анықтайды;

деректерді есепке алу Бірегей тізіміне сәйкес цифрлік қолтаңба орталығы мен үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттерде еңбек ететін мигранттар мен өзге деректерді куәландыратын, қосымшалар серверлері болып саналатын ұлттық тораптар. Тораптың орналасу жерін Келісімге қатысушы мемлекет анықтайды;

ДӨО мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары арасындағы қорғалған байланыс арналары;

деректермен алмасу ақпараттық шлюздері және ДӨО мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары арасындағы бағдары.

3.1.3. ТМД БЕАЖ-ды жасау кезінде жүйенің негізгі құрамының (ішкі жүйелер мен құрамдас бөліктердің) өзара іс-қимылы мен ықпалдасуы қамтамасыз етілуі тиіс.

3.1.4. ТМД БЕАЖ-ды жасау кезінде деректерді есепке алудың бірегей тізімін ұлғайту мүмкіндігі, сондай-ақ өзге ақпараттық жүйелермен ықпалдасуы мен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері қарастырылуы керек.

3.1.5. Бағдарламалық жасақтама кешендері арнайы бөлінген техникалық құралдар мен ақпараттық-есептеу үрдістерін басқарудың бірегей жүйесі шеңберінде қызмет етуі керек.

3.1.6. АЖО кешендері бірегейлендірілген тәсілді құру қағидасынан шыға отырып жасалуы керек.

3.1.7. ТМД БЕАЖ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы және қайта жасалып жатқан ұлттық ақпараттық жүйелері негізінде құрылады.

3.1.8. ТМД БЕАЖ және оны құраушы ұлттық ақпараттық-есептеу жүйелері, қолда бар ақпараттық, бағдарламалық-техникалық, телекоммуникациялық және кадрлық қорларды, сондай-ақ деректермен алмасу үрдістерін ақпараттандыру мен автоматтандыру саласында қазіргі замаңғы жетістіктерді қолдану мүмкіндіктері есебімен, типтік жобалық пен техникалық шешімдерді қолдану негізінде жасалады немесе жетілдіріледі.

3.1.9. Мемлекеттік шекара арқылы өту пунктінде автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық-техникалық кешендерінің типтік жобаларын жасау кезінде тұлғаны куәландыратын, машинамен оқылатын құжаттар көмегімен тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі белгілердің біреуі бола алады.

3.1.10. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде деректерді есепке алудың негізгі дерек көздері немесе тілшілері болып абоненттік орындар мен пункттер бола алады:

шекаралық бақылау ұйымдары (паспорттық-визалық мәліметтер, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы мағлұматтар);

кедендік және көліктік бақылау ұйымдары (жүру маршруттары, келу және кету туралы мағлұматтар);

ішкі істер ұйымдары, көші-қон/иммиграциялық және паспорттық-визалық бақылау (берілген (ұзартылған) визалар, шакырулар, сондай-ақ территорияларда мекендеу регламентінің өзгеруі мен көші-қон заңнамасына қарсы іске асқан бұзушылықтар туралы мәліметтер);

сыртқы істер мен қауіпсіздік ұйымдары (берілген (ұзартылған) визалар мен шакырулар туралы мәліметтер);

өзге білікті ұйымдар.
3.2. ТМД БЕАЖ құрылымына талаптар

3.2.1. ТМД БЕАЖ талдап қорытылған сызбасы суретте (1-сурет) көрсетілген құрамды енгізуі тиіс.

3.2.2. ТМД БЕАЖ технологиялық ішкі жүйелер кешенінің құрамына мыналар енуі тиіс:

деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі;

деректерді кепілдікпен жеткізу ішкі жүйесі;

деректермен алмасу ішкі жүйесі;

деректерді сақтау ішкі жүйесі;

деректердің резервтік көшірме мен қалпына келтіру ішкі жүйесі;

нормативті-анықтамалық ақпараттарды1 енгізудің ішкі жүйесі;

ақпараттық-аналитикалық және іздеу-аналитикалық сұраныстарды орындаудың ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ қолданушылардың бірегей тізбесін енгізудің ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ қолданушыларына әкімшілік ету мен ТМД БЕАЖ қолданушыларының әрекеттерін тексеру;

ЭЦҚ-ні алып жүрудің ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ күйі және басқару мониторингінің ішкі жүйесі;

ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесі;

ОДҚ қолданушылардың өтінімдеріне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ жұмысын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі.


1-сурет. ТМД БЕАЖ құрамы

3.2.3. ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық кешен енгізуі тиіс:

серверлік жабдық;

телекоммуникациялық жабдық (деректер берілетін торап жабдығы);

деректерді сақтау жабдығы;

деректердің резервтік көшірмесі мен қалпына келу жабдығы;

куәландыру орталығының жабдығы;

ақпаратты қорғау жабдығы;

ТМД БЕАЖ объектілерінде кабельдік жүйелердің құрылымдық жинақтары;

ТМД БЕАЖ объектілерінде пайдаланушы қызметкерлердің және қолданушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының жинағы.

3.2.4. Техникалық жобалау сатысында ішкі жүйелер құрамын нақтылау, бір ішкі жүйе шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі ішкі жүйелер арасында ішкі жүйелердің қызметінің қайта бөлінуі рұқсат етіледі.



3.3. Қызмет атқарымына талаптар

ТМД БЕАЖ келесі режимде қызмет атқарымын қамтамасыз ету керек:



штатты режим – ТМД БЕАЖ барлық ішкі жүйелерінің қызмет атқару режимі;

автономдық режим – ақпараттық немесе телекоммуникациялық өзара іс-қимылдың бұзылуымен сипатталатын режим. Бұл жағдайда автономдық қызмет көрсету қамтамасыз етілуі тиіс;

сервистік режим – жаңарту мен қайта үйлесімдеу, техникалық қамтамасыз етуді жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктер мен ішкі жүйелер көшірілетін режим. Сервистік режим ТМД БЕАЖ жұмысының режимдері мен негізгі сервистердің қызметін жалғастыруға қажетті айрықша қиын қызметінің іске асуын қамтамасыз етуі тиіс.

3.4. Сенімділікке талаптар

3.4.1. ТМД БЕАД-ды құру, бағдарламалық-аппараттық құрамдастардың таңдалуы туралы шешімдер, болуы мүмкін келесі тоқтап қалу тізімін ескерулері керек:

қызмет жасауды қамтамасыз ету жүйесінің істен шығуы;

ЖЕТ/ДБТ тораптық инфрақұрылым элементтерінің істен шығуы;

дара серверлердің толық немесе жартылай істен шығуы;

дискілік массивтің толық немесе жартылай істен шығуы;

басқару консольдері мен өзге басқару құралдарының істен шығуы;

архивтеу мен/немесе резервтік көшірме құрал-жабдығының істен шығуы;

бағдарламалық құралдар жұмысының бұзылуы;

деректерді сақтау торабының активті немесе пассивті құрамдастарының істен шығуы;

жүйеде сақталатын ақпараттардың қисынды біртұтастығының бұзылуы (шалыс).

3.4.2. ТМД БЕАЖ ішкі жүйесінің қызмет көрсету техникалық қамтамасыз етуіне сенімділігі техникалық жобалау кезеңінде іске асады және мына жағдайларды қарастыруы керек:

ТМД БЕАЖ-ды пайдаланудың барлық мерзімінде қызмет көрсету мүмкіндігінің сақталуы;

жүйе сенімділігінің қажетті деңгейіне жету үшін ТМД БЕАЖ-дың аса маңызды құрамдастары мен деректерінің резервіленуі;

құрамдас бөлшектердің артығымен болуы және оларды тез арада ауыстыруға мүмкіндік болатын техникалық құралдарды қолдану;

тораптың және өзге құрал-жабдықтардың есептеу қуатын резервілеу;

оның техникалық элементтерінің (ауыстырмалы блоктар мен модульдер) әртүрлі тоқтап қалуларға төзімділігі;

тоқтап қалуға төзімділікті қамтамасыз ететін арнайы БЖ қолдану және қолданылатын құралдарды үйлесімдеу;

электр қуатын өшіру, соның ішінде кенет өшіру кезінде ақпараттың сақталуы;

ТМД БЕАЖ деректерін резервтік көшіру, құрал-жабдықтың шалыс пен тоқтап қалуын диагностілеу және жұмысты бастар алдында құралдарға сынақ өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету.

3.4.3. ТМД БЕАЖ БАК серверлік құрамдастарының құрылымы мен топологиясы ТМД БЕАЖ қолданушыларына ақпараттық қызмет көрсету кезінде тоқтап қалудың бірегей нүктелерінің болмау ұстанымымен анықталуы тиіс.

3.5. ТМД БЕАЖ қолданушылары мен қызметкерлерінің біліктілігіне, сондай-ақ олардың жұмыс тәртібіне талаптар

3.5.1. ТМД БЕАЖ қолданушыларының біліктілігі пәндік саладағы білім деңгейінің ағымдағы талаптарына сай болуы және арнаулы компьютер мен жұмыс істеуге қажетті дағдыларды енгізу керек.

3.5.2. ТМД БЕАЖ жасау туралы жүйелік-техникалық шешімдер «инженер» дәрежесінен төмен емес дәреже бойынша пайдаланушы қызметкерлердің дайындығын ескере отырып таңдалуы керек.

3.5.3. Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында Келісіммен бекітілген, спецификация көлемінде пайдаланушы қызметкерлерді оқыту үшін бағдарлама жасалуы және үйлестірілуі керек. Орындаушымен үйлестірілген оқыту бағдарламасына сәйкес, ТМД БЕАЖ пайдалану кезеңіне дейін Тапсырыс беруші қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етеді.

3.5.4. Оқыту бағдарламасы қызметкерлердің дайындығын келесі бағыттар бойынша жүргізулері керек:

ТМД БЕАЖ АБЖ мен арналуы бойынша қолданбалы ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйені қолдануға пайдаланушыларды оқыту;

Қолданбалы ішкі жүйеде әкімшілдік ету мен икемдеу бойынша мамандарды дайындау;

ТМД БЕАЖ-да қолданылатын есептеу және телекоммуникациялық техникада қызмет көрсету бойынша мамандарды дайындау;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерде әкімшілік ету бойынша мамандарды дайындау.

3.6. Пайдаланушы қызметкерлер жұмысының қауіпсіздігіне талаптар

3.6.1. ТМД БЕАЖ-да қолданылатын құрал-жабдықтар, пайдаланушымен осы құрал-жабдықтың қолдану тәртібін сақтаған жағдайда, оның қолдануын және жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

3.6.2. ТМД БЕАЖ БАК құрылымы пайдаланушы қызметкерлердің электр тоғынан2 зардап шегуінен қорғауға қатысты қазіргі заман талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. ТМД БЕАЖ құрал-жабдығына электр тоғының қосылуы өнеркәсіптік ережелер3 талаптарына сәйкес орындалуы керек.

3.6.3. ТМД БЕАЖ құрал-жабдығын пайдалануға теориялық және тәжірибелік дайындығы жеткілікті қызметкерлер жіберілуі керек. Пайдалану құжаттамасында техникалық қызмет көрсету мен пайдалану кезінде қауіпсіздік бойынша нұсқаулар болуы керек.

3.6.4. Жұмыс орнында құрал-жабдықтардың орналасуы оның қауіпсіздік қызмет көрсетуі мен пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.

3.7. Эргономика мен техникалық эстетикаға талаптар

3.7.1.Конструкторлық және әрлендірушілік шешімдер эргономика мен техникалық эстетиканың4 қазіргі заман талаптарына сай болуы керек.  

3.7.2. Эргономикалық шешімдер ТМД БЕАЖ-дың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен пайдалану ыңғайлығын қамтамасыз етуі керек.

3.7.3. Қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары қазіргі заман санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы тиіс5.

3.7.4. Пайдаланудың климаттық жағдайлары құрал-жабдықты өндірушілердің кеңестеріне сай қоршаған орта шамалары талаптарына сәйкес болуы керек.

3.8. Пайдалануға талаптар

3.8.1. ТМД БЕАЖ-дың негізгі ішкі жүйелері техникалық қызмет көрсетудің максималды автоматтандырылуы мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету есебімен жасалуы керек. ТМД БЕАЖ-да қолданылатын барлық шешімдер, оған қызмет етуші жұмыскерлердің дайындығын ұйымдастыру мүмкіндігі үшін мақұлданған технологияларға негізделуі тиіс.

3.8.2. Құрал-жабдық оның негізгі құрамдас бөліктерінің үзіліссіз (тәулік бойы) қызмет ету есебімен таңдалуы керек.

3.9. Апат жағдайында ақпараттардың сақталуына талаптар

3.9.1. Электр көзі параметрлерінің белгіленген мөлшерден шығуы немесе үзілістен туындаған штат жұмысының бұзылуы, белсенді тораптық құралдар мен есептегіш серверлердің кенеттен істен шығуына әкеліп соқтырмауы керек. Осы жағдайда электр көзі мен үздіксіз қоректендіру көзінде жұмыс уақытының ұзақтығын күту мәселелері туралы хабарды, пайдаланушы қызметкерлердің алу мүмкіндігі кепілді болу керек.

3.9.2. ТМД БЕАЖ-да резервтік көшірме жолымен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін және олардың апат жағдайында қалпына келтіру бойынша құралдар болу керек, сондай-ақ осындай құралдарды толықтыратын (ауыстыратын) үрдістер регламенті сипатталуы керек.

3.9.3. ТМД БЕАЖ-да келесі оқиғалардың орын алуы кезінде ақпараттардың сақталуы қамтамасыз етілуі керек:

ТМД БЕАЖ БАК серверлік құрамдастардың тоқтап қалуы (кластерлік нұсқалар үшін);

активті тораптық құралдар мен серверлерде ұзақ уақыт электр тоғының болмауы;

ақпаратты өңдеу технологиялық тізбегінің ажырауы.

3.10.Стандарттау мен бірыңғайлануға талаптар

3.10.1. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелері жүйенің функционалдық тапсырмаларын іске асыратын стандартты бірыңғайланған әдістерін қолдануы керек:

қазіргі заман транспорт хаттамаларын ұстау: TCP/IP;

әбден тараған құжаттар форматтарын ұстау: HTML, XML және т.б.;

жүйенің сенімділігі мен тоқтап қалу тұрақтылығын арттыру саласында қолдану;

кластерлі шешімдерді қолдану;

ақпаратқа бөлінген рұқсаттаманы ұстау;

әртүрлі аппараттық платформада қызмет ету мүмкіндігі.

3.10.2. ТМД БЕАЖ элементтерінің құрылысы туралы шешімдер бірыңғайлануы тиіс. Бірыңғайлану ішкі жүйелердің бағдарламалық және аппараттық жасақтамасын таңдау кезінде қамтамасыз болуы керек.

3.10.3. ТМД БЕАЖ-ды жасау үрдісінде автоматтандырылған жүйелерді құруға мақұлданған өнеркәсіптік технологиялар қолдануы керек. Құрал-жабдықтың конструкциялық орындалуы, дербес модульдерді ауыстыру мен жаңарту, сондай-ақ жаңа модульдерді қолдану есебінен функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды қарастыратын модульдік құрылымнан артық болуы керек.

3.10.4. ТМД БЕАЖ-ды құру үрдісінде іздестіру-аналитикалық сұраныстары орындалатын ішкі жүйеде есеп беру құжаттарының бірыңғайланған форматы мен іздестіру сұраныстарын бекіту қажет. Жүйемен қалыптастырылатын есептік құжаттарында әрбір есеп түріне берілетін бірыңғайланған мазмұн мен түрі болуы керек.

3.10.5. ТМД БЕАЖ-ды жасау үрдісінде ұлттық типтік анықтамалық пен жіктеуіштер негізінде ТМД БЕАЖ-да қолданылатын анықтамалық пен жіктеуіштердің бірегей жүйесін дайындау керек.

3.10.6. ТМД БЕАЖ және оның ішкі жүйелерінің іске асуы жобалаудың бірегей жүйесін қолданумен жасалуы тиіс. Қолданылатын шешімдер функционалды тапсырмалар, операциялар мен интерфейстердің бірыңғайлануын қамтамасыз етуі тиіс.

3.10.7. Операциялық жүйе есебінде өнеркәсіптік деңгейдегі операциялық жүйе қолдануы керек.

3.10.8. Деректер қорын басқару жүйесі ретінде, жүйенің функционалдық міндеттерін шешу шеңберінде барлық деректер қорына өнеркәсіптік деңгейдің ДҚБЖ қолдануы керек.

3.10.9. ТМД БЕАЖ деректер қорында сақталатын және берілетін ақпараттың құрамы мен көлемін жүйені техникалық жобалау сатысында анықтайды және Тапсырыс берушінің хаттамасымен келісіледі.

3.11. Патент тазалығына талаптар

3.11.1. ТМД БЕАЖ-ды құру жобалық шешімдер жүйені құруға қатысушылардың (ТМД-ға қатысушы мемлекеттер) келісілген шешімдеріне сәйкес патент тазалығы мен жүйені құруды регламенттейтін реттеуші құжаттар талаптарына жауап беруі керек.

3.11.2. ТМД БЕАЖ лицензиялық-бағдарламалық өнімдерді қолданумен жасалуы керек.

3.11.3. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерінде авторлық құқықтардың бұзылуын болдырмайтын бағдарламалық жасақтаманың ортақ және арнайы жиынтығы қолдануы керек. Лицензиялаудың тәртібі мен шарттары бағдарламалық өнімдерді өндірушілердің лицензиялық келісімдерімен анықталады.

3.11.4. Патенттік тазалық талаптарының нақтылануы жүйенің құрамын жасау үшін жүргізілетін жұмыс Келісім шартта көрсетілуі керек. Осы жағдайда әзірлеушілер бағдарламалық жасақтаманы жасау үшін қолданатын аспаптар, ДҚБЖ және үшінші Тараптардың өзге бағдарламалық өнімдеріне лицензияның бар болуы туралы мағлұматтарды келтірулері керек.

3.11.5. Өз еңбектерін қолданған жағдайда ақыл-ой меншігі мен авторлық құқықтарды иеленуге құжаттық куәліктердің бар екендігін көрсету қажет.



3.12. Заңсыз қол жетімділіктен ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке талаптар

3.12.1. ТМД БЕАЖ-дың барлық ішкі жүйелері мен құрамдастарына, барлық жүйеге толығымен ақпараттық қауіпсіздік пен заңсыз қол жетімділіктен ақпаратты қорғауға талаптар ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесінің Жеке техникалық тапсырмасында көрсетілуі керек.

3.12.2. ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесінде Жеке техникалық тапсырмасы жүйені техникалық жобалау кезеңінде жасалып, келісілуі керек.

4. ТМД БЕАЖ ІШКІ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН КЕШЕНДЕРІНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАЛАПТАР

4.1. Деректерді өңдеу және жинақтау ішкі жүйесіне талаптар

4.1.1. ТМД БЕАЖ деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі, жүргізілетін есеп мәліметтерін жинауды автоматтандыру (шоғырландыру), соның ішінде іздестіру сұраныстарының іске асу амалдарының жиынтығын құрайды.

4.1.2. ТМД БЕАЖ арналымына сәйкес, объектілер мен оқиғалар бойынша есеп жүргізуді деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі қамтамасыз етуі тиіс.

4.1.3. Деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі, азаматтарды құжаттандырудың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін, жасалған және келісілген форматты-қисынды бақылау ережелерін ұстанып, деректерді есепке алудың бірегей тізіміне сәйкес ТМД БЕАЖ-ға ақпараттың енуін қамтамасыз етуі тиіс.

4.1.4. Деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі жаңа ақпараттың қосылуын, бұрын енгізілген ақпаратты (жазбаны) жою туралы белгі орнату керек. Деректердің әрбір түзетілуі мен деректердің әрбір жойылуы ДҚ-ға тек қана жаңа жазбалар енгізу және ДҚ-ның ескі жазбаларын жоюсыз, нақты еместігін хабарлау жолымен жүргізілуі тиіс.

4.1.5. ТМД БЕАЖ-да деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесімен қамтамасыз етілген деректердің іс-қимылы ЭЦҚ-ны қолданумен жүргізілуі керек.



4.2. Деректерді кепілді жеткізу ішкі жүйесіне талаптар

ТМД БЕАЖ деректерін кепілді жеткізу ішкі жүйесі, ТМД БЕАЖ ДҚ-ға деректерді кепілді жеткізуге мүмкіндік беретін автоматтандыру әдістерінің жиынтығын, сондай-ақ іздестіру сұраныстарында деректердің толықтығы, тұтастығы мен қарама-қайшы еместігі сақтала отырып орындалатын сұраныстар мен нәтижелерді құрайды.



4.3. Деректермен алмасу ішкі жүйесіне талаптар

4.3.1. ТМД БЕАЖ деректермен алмасу ішкі жүйесі, деректердің толықтығы, тұтастығы мен қарама-қайшы еместігі сақтала отырып, белгіленген регламенттерді қолданып, белгіленген форматта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ АЖ мен ТМД БЕАЖ арасында деректермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық амалдардың жиынтығын құрайды.

4.3.2. Деректермен алмасу ішкі жүйесі әмбебап шлюз ретінде іске асуы керек.

4.4. Деректерді сақтау ішкі жүйесіне талаптар

4.4.1. ТМД БЕАЖ деректерін сақтау ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ деректерін сақтауды автоматтандыру амалдарының жиынтығын құрайды.

4.4.2. Деректерді сақтау ішкі жүйесінде сақталуға тиіс қолданбалы тапсырмалар мәліметтері (ақпараттық-аналитикалық, электронды пошта және т.б.) екі класқа бөлінуі керек: оперативтік және архивтік. Деректердің оперативтік және архивтікке жатқызу белгілері жүйені жобалаудың техникалық кезеңінде анықталуы керек.

4.4.3. Деректерді сақтау ішкі жүйесі келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

қолданбалы тапсырмалардың оперативті деректеріне уақытылы рұқсаттама беру мен сенімді сақтау;

қолданбалы тапсырмалардың архивті деректеріне уақытылы рұқсаттама беру мен сенімді сақтау.



4.5. Деректерді қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесіне талаптар

4.5.1. ТМД БЕАЖ деректерді қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесі ақпараттық жүйенің деректерін қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасауды автоматтандырылған амалдарының жиынтығын құрайды.

4.5.2. Деректерді қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесі келесі кызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі керек:

қолданбалы тапсырмалардың барлық мәліметтерін көшіру мен сақтауды апат кезінде мәліметтерді қисынды бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін ленталық және дискілік тасымалдаушыларда жүзеге асуын;

деректердің біртұтастығы мен қарама-қайшы болмауын сақтай отырып, деректерді қалпына келтіруді;

апаттан кейін сақталған, жұмысқа жарамды немесе жаңа құрал-жабдықта деректердің толық қалпына келуін;

резервтік көшірме жасаудың қосымше құралдарын қосуға рұқсат етуді.

4.5.3. Деректердің резервтік көшірмесі қолданбалы тапсырмалардың жұмысы тоқтатылмай регламентке сәйкес үнемі және автоматты түрде іске асуын.



4.6. Нормативті-анықтамалық ақпаратты енгізу ішкі жүйесіне талаптар

4.6.1. НАА енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ деректер қорының тұрақтануын қамтамасыз ететін сөздіктер, анықтамалар мен жіктеуіштер енгізуді (өңдеу және тираждау) автоматтандыру амалдарының жиынтығын құрайды.

4.6.2. НАА енгізу ішкі жүйесі деректерді үйлесімдеу (қарама-қайшы еместігі) және дұрыс түсіну (бір мағыналылығын түсіндіру), ақпараттың артықтығын жою, ТМД БЕАЖ ДҚ-да ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҰӨҰ негізгі қызметінің ақиқатын дәл бейнелеу мақсатында қажетті мәліметтердің ізденісін, сонымен қатар бөлінген құрамдасын оңтайландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

4.6.3. НАА енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ деректер қорының сөздіктерін, анықтамалықтарын және жіктеуіштерін (жасау, жанамалау, өзектендіру, жаңарту және т.б.) басқаруды, сонымен қатар ТМД БЕАЖ-да олардың жасалуы, енгізілуі мен қолданылуы туралы нормативті және методикалық құжаттармен қамтамасыз етуі тиіс.

НАА енгізу ішкі жүйесі сөздік, анықтамалық және жіктеуіштер құрылымы мен мазмұнында өзгерістердің уақытылы таралмауы (жеткізілмеуі) есебінен деректерді өңдеу үрдісінде қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.

4.6.4. НАА енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ шеңберінде, сонымен қатар ТМД БЕАЖ және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ ақпараттық жүйелері арасында мүлтіксіз түзу ақпараттық алмасуды қамтамасыз етуі керек.

НАА енгізу ішкі жүйесі НАА-ны дұрыс күйде ұстау есебінен ақпаратты өңдеу жылдамдығын және ТМД БЕАЖ АБЖ қолданушыларына НАА-дағы өзгерістерді жеткізу жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.



4.7. ТМД БЕАЖ ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйесі мен іздестіру-аналитикалық сұраныстардың орындалуына талаптар

4.7.1. ТМД БЕАЖ-дың ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйесі АБЖ пәндік қызметтің ақпаратын өңдеуге арналған сатып алынатын және жасалып жатқан бағдарламалық жасақтама кешендерінен тұруы тиіс, сондай-ақ қажет болған жағдайда бағдарламалық-аппараттық құралдар кешендерін қосуы керек.

4.7.2. Ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйе келесі негізгі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі керек:

объектілер және оқиғалар бойынша есептер жүргізу;

қолданушылар құқықтарына сәйкес, көлемде тізім бойынша орыс тілінде рәсімделген, сұраныстарды автоматты сүйеумен іздестіру-аналитикалық сұранысы бойынша анықтамалар/есептер беру;

ТМД БЕАЖ деректеріне жойылған қолданушының, соған орай жергілікті және аймақтық деңгейлерде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша жергілікті деректер банкімен ақпаратпен алмасуға қол жетімділікті қолдау (жаңа акпаратты енгізу, алдында енгізілген жазбаларды жою туралы белгі. Деректердің әрбір түзетілуі мен деректердің жойылуы тек қана жаңа жазбалар енгізу және ескі жазбаларды жоюсыз, нақты еместігін хабарлау жолымен жүргізілуі тиіс.);

арнайы жобаланған және жасалған қолданушының бірыңғайланған АЖО арқылы, пошталық жүйемен жойылған қолданушылармен жіберілетін, орыс немесе латын алфавитін қолдана отырып, тегін, атын, әкесінің атын транслитерлеу қажеттігін алып тастап, сұраныстарды пакеттік, соның ішінде тізімдер бойынша өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ ақпараттық-аналитикалық жүйелермен ұсталатын және берілетін, хаттамалар мен интерфейстер арқылы жұмыс істейтін ТМД БЕАЖ негізгі объектілері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптарында алмаспайтын іздестіру режимін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ ақпараттық-аналитикалық жүйелермен ұсталатын және берілетін, хаттамалар мен интерфейстер арқылы жұмыс істейтін қолданушы үшін қажет болған объектігі толық «досьені» ала отырып, ТМД БЕАЖ негізгі объектілері бойынша анықтамалық режимді қамтамасыз ету;

қолданушыға ұлттық тілде рәсімделген тізім бойынша «сигналдық» хабарламаларды беру мүмкіндігін қолдауды қамтамасыз ету;

кез-келген ерікті жиынтық бойынша немесе әртүрлі құжаттардың кез-келген реквизиттер топтары арасында өзара байланыс арқылы әмбебап іздестіруді қамтамасыз ету:

әрқайсысында үш қателікке дейін болатын тегі, аты, әкесінің аты бойынша;

белгілі мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтердің өзара байланыстығы бойынша;

іздестіру объектілерінің жалғаспалы сипаттамаларының үйлесуі бойынша (белгіленген бағыттарда, белгіленген уақыт аралығында және т.б. шекараны бірге кесіп өтті);

бағдарламалық қамтамасыз ету кешендерінің жұмысына әкімшілік ету;

сұраныс және есепке алу объектісі бойынша статистикалық мәліметтерді өңдеу;



ТМД-ға қатысушы мемлекеттерндің территорияларында үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келіп тіркелуін рәсімдеу кезінде формалдылықты жеңілдету үшін мәліметтерді беру;

ТМД БЕАЖ-да сақталатын деректер массивінде аналитикалық қызметтің өту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ деректер құрылымының қисынды тұтастығын тексеру.

4.7.3. Бағдарламалық-аппараттық құралдар қолданбалы ақпараттық жасақтамада 500 қолданушыдан кем емес бір уақытта жұмысты және кез-келген параметрлерін теру барысында іздестіру сұраныстарының орындалуы 30 секундтан артық емес, ал аналитикалық есеп 30 минуттан артық емес уақытта шектелуі керек.



4.8. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесіне талаптар

4.8.1. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі ақпараттық жүйелер қорына қол жетімді болғанда, ТМД БЕАЖ қолданушыларының тура аутентификациясының біріккен платформасын құру үшін арналған.

4.8.2. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі қолданушылардың тіркелу жазбалары, электрондық пошта адресі, телефон нөмірлері, қолданылатын компьютерлер (қолданушылардың жұмыс орындары) туралы деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс.

4.8.3. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ ұйымдық құрылымына сәйкес қолданушылар туралы ақпаратты икемді іздестіруді жүзеге асыру мақсатында: топтарда олардың мүшелігіне, ұйымдық құрылымда орнына, әртүрлі анықтауыштары (Аты-жөні, лауазымы, телефон нөмірі) ТМД БЕАЖ қолданушылары туралы ақпаратты топтастыруы керек. Сұранысқа байланысты ЕКП сервері қолданушы туралы талап етілетін ақпаратты беруі керек.

4.8.4. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі қолданушылардың біріккен аутентификациясы мен ТМД БЕАЖ-да олардың алатын орындарына сәйкес жүйе қорларына (ТМД БЕАЖ АБЖ, деректер қорына, ішкі электрондық поштаға және т.б.) қолданушылардың қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

4.8.5.  Қолданушылардың Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі мына жүйелермен бірігуі керек:

ТМД БЕАЖ деректер қорларын басқару жүйелерімен;

ТМД БЕАЖ ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесімен;

ТМД БЕАЖ-дың Куәландыру орталығымен (аралық КО).

4.9. Қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесіне талаптар

4.9.1. ТМД БЕАЖ-ды қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесі қолданушыларға әкімшілік ету бөлімінде қамтамасыз ету керек:

қолданушылардың тіркелу ақпараттарын жасау (қолданушының атын, әртүрлі қолданушылар топтарына қолданушының енетінің, қолданушы паролін анықтайтын), сондай-ақ жүйе қорларына (объектілеріне) – косымшаларға, функцияларға, компьютерлерге, каталогтарға, файлдарға, принтерлерге және т.б. қолданушылардың қол жетімділік құқығы мен рұқсат беруді анықтауды;

ТМД БЕАЖ қолданушыларының есепке алу жазбаларының тізімін жүргізуді;

ТМД БЕАЖ қолданушылар рөлдерінің тізімін енгізуді.

4.9.2. қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесі қолданушылар әрекеттері бөлімінде қамтамасыз етуі тиіс:

ТМД БЕАЖ қолданушыларымен деректерді енгізу, деректерді өзгерту, деректерді жою деректерін тіркеуді;

деректерді пакетті түрде енгізу/шығару деректерін тіркеуді;

ТМД БЕАЖ-ға сұраныстармен/пакетті түрде сұраныстармен жүгіну деректерін тіркеуді;

журналдық кестелердің толғандығы және деректерді архивтеу қажеттігі туралы ТМД БЕАЖ әкімгеріне хабарлама беруді;

журналдық кестелерді тазарту мүмкіндігін;

қолданушылар әрекеттерінің журналдағы жазбалары туралы мәліметтерін басып шығаруға жол беру мүмкіндігін;

саралауға қажетті іздестіру ақпараты үшін журналдық кестелерге сұраныстарды қалыптастыру мүмкіндігін;

журналдық кестелерге сұраныстарды қалыптастыру нәтижелерін басып шығаруға жол беру мүмкіндігін.



4.10. Электрондық цифрлік қолтаңба енгізу ішкі жүйесіне талаптар

4.10.1. ТМД БЕАЖ ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ-да ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық құжаттарды өңдеу, сақтау және алмасуды қамтамасыз етуі керек. ТМД БЕАЖ-да ЭЦҚ қолдану жүйені қолданушылардың әрекеттерінің заңды мәнділігін қамтамасыз етеді.

4.10.2. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі ЭЦҚ-ның жабық кілттерін пайдалану арқылы криптографиялық түбегейлі өзгеруді қолдануға негізделуі керек.

4.10.3. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі келесі негізгі қызметтерді орындайтын Куәландыру орталығын қолдануы керек:

қолтаңба кілттерінің сертификаттарын жасау;

ақпараттық жүйелерді қолданушыларының үндеуі бойынша ЭЦҚ жабық кілтін құпияда сақтау кепілдігімен ЭЦҚ кілттерін жасау;

қолтаңба кілттердің сертификат қызметін тоқтату және қайта бастау, сондай-ақ оларды жою;

қолтаңба кілттердің сертификаттарын олардың қызметі туралы ақпаратты қағаз бетінде тасымалдау және (немесе) электрондық құжат түрінде беру.

4.10.4. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі қолданушылардың Бірегей тізбесін енгізу ішкі жүйесімен өзара байланыста болуы керек.

4.11. Ішкі электрондық пошта ішкі жүйесіне талаптар

4.11.1. ТМД БЕАЖ ІЭПІЖ, ТМД БЕАЖ қолданушылары арасында электрондық хабармен алмасуды ұйымдастыру үшін арналған және SMTP хаттамасы бойынша пошталық трафикті(хабар ағынын) өңдеу мен бағдарғылауды қамтамасыз етуі керек.

4.11.2. ІЭПІЖ құрылымы реттелген-орталықтанған ұстаным бойынша жасалуы керек. Ішкі жүйе құрамдастары екі деңгей бойынша бөлінуі керек:

ТМД БЕАЖ қолданушылары жұмыс орнының қолданушылық деңгейіне;

ТМД БЕАЖ ДӨО-да пошталық сақтау мен пошталық сервер деңгейі – пошталық қызмет серверлерінің деңгейіне.

4.11.3. ТМД БЕАЖ қолданушыларының пошталық жәшіктерінің қолайлы саны мен олардың мөлшеріне квоталар бойынша ұсыныстар жүйені техникалық жобалау сатысында енгізілуі керек.

4.11.4 ІЭПІЖ үшін ақпараттық қауіпсіздік пен заңсыз қол жетімділіктен ақпаратты қорғауға талаптар ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесінде жеке техникалық тапсырмаларда көрсетілуі керек.

4.12. Мониторинг пен басқару ішкі жүйесіне талаптар

4.12.1. ТМД БЕАЖ мониторинг пен басқару ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ-дың ақпараттық-есептегіш және телекоммуникациялық құрамдастарын орталықтандырылған, автоматтандырылған бақылау мен күйін басқару үшін арналған.

4.12.2. Мониторинг пен басқару ішкі жүйесі келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

SNMP хаттамасын ұстай алатын қосулы құралдарды автоматты түрде табуын;

тораптың топологиясын карта түрінде көрсетуін;

белсенді тораптық құралды басқаруын;

тораптағы оқиғалардың беталысын талдау мен тораптық құралдардың қызмет көрсету параметрлерінің шектерін құруды;

есептер іздестіру мен бақыланатын объектілер жұмысы туралы мәліметтердің жиналуын;

ақпараттық қорларға қол жетімділік үшін ТМД БЕАЖ қолданушылар құқықтарын басқару, сондай-ақ осы құқықтарын қолдану мониторингін;

пайдаланылатын ақпараттық қорларға талдауды;

ТМД БЕАЖ каталог қызметімен ықпалдасуды;

ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына қызмет көрсететін ішкі жүйемен ықпалдасуды.



4.13. Ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне талаптар

ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйеге талаптары жүйені техникалық жобалау кезеңінде жасалатын ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне арналған Жеке техникалық тапсырмада көрсетілуі керек.



4.14. ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне талаптар

4.14.1. ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне талаптар ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық құралдардың нәтижелі қызмет көрсетуі мен жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін арналған.

4.14.2. ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі келесі негізгі қызметтерді орындауы қажет:

қолданушылардың мәселелерін шешуді, сейкестендіруді, қадағалауды автоматтандыру;

мәселелерді шешу үшін білім қорларын ортақ қолдану мен тәжірибенің жиналуын;

мәселелерді шешу үшін сыртқы білім қорларымен бірігу мүмкіндігін, мәселелерді шешу үшін білім қорларын басқаруды;

сервистік қызмет көрсету жүйесінде болатын деректер негізінде кез-келген есеп беру мүмкіндігін;

сервистік қызмет көрсету мен тапсырмалардың орындалуын бақылау бойынша үрдістерді реттеудің икемді мүмкіндіктерін беру, соның ішінде техникалық қызмет көрсету үшін қабылданған ережелерге сәйкес форма, схема, жүйенің жұмысын, жауаптылық жобаларын, хабарлау ережелері мен әдістерін реттеуді;

қолданушылар мәселелерін шешу үрдісін басқару, қолданушылар сұраныстарының жиналуын, есепке алынуын және бақылауды өтуін автоматтандыру мен оларды өңдеу нәтижелерін;

мәселелерді шешу кезінде нұсқаулықты іздестіру үшін табиғи-тілдік интерфейс пен аналитикалық құралды қызметкерлер мен соңғы қолданушыларға жеткізу («жағдайдың ұқсастығы», «жиналған тәжірибе» негізінде мәселелерді шешу іздестіру мүмкіндігін қамтамасыз ету).

4.14.3. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесінің құрылымы орталықтандырылған ұстаным бойынша жасалуы керек. Ішкі жүйе құрамдастары екі деңгейде бөлінуі керек:

қолданушылық деңгей – ТМД БЕАЖ қолданушыларының жұмыс орындары бойынша бөлінеді;

ішкі жүйе серверінің деңгейі – ішкі жүйенің негізгі қызметін орындайтын БЖ орналасқан сервер деңгейі.

4.14.4. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне негізгі талаптары жүйені техникалық жобалау кезеңінде сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне жасалатын Жеке техникалық тапсырмада көрсетілуі керек.



4.15. ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық кешендерге талаптар

4.15.1. БАК жүйелік-техникалық шешімдері қамтамасыз ету керек:

ауқымдылық (өнімділігін, өңделетін деректер көлемін, есепке алу тапсырмаларының құрамын);

тұрақтанған көлемде қызметтікті қоса ақпараттарды сақтау және өңдеу, серверлік кешен мен ЖЕТ белсенді тораптық құрал-жабдықтың аса көп жүктемеге тұрақтылығы. Техникалық жобалау сатысында сәйкес сипаттамалардың есептерінің жасалуын;

қатардан кездейсоқ шығып қалған жағдайда немесе жеке құрамдастарының жаңылуы кезінде кешеннің жұмысқа қабілеттілігін сақтау қабілетін;

құрамдастары жойылғаннан кейін аса маңызды деректерді кешеннің сақтап қалу қабілетін.

4.15.2. БАК құрылымына келесі құрамдастар енуі керек:

деректерді жинау және өңдеудің автоматтандырылған амалдары;

деректерді кепілді жеткізудің автоматтандырылған құралдары;

деректерді сақтаудың автоматтандырылған құралдары;

деректерді резервтік көшірме жасау мен қайта қалпына келтірудің автоматтандырылған құралдары;

ЭЦҚ-ны алып жүрудің автоматтандырылған құралдары;

қолданушылардың АЖО;

ЖЕТ;


ҚКЖ.

4.15.3. қолданушылардың АЖО-ларында ТМД БЕАЖ-дың әртүрлі ішкі жүйелерінің үзінділерімен жинақталу (үйлесімделу) мүмкіндігі бар болуы керек және оның функционалдық тапсырмаларының орындалуы үшін қолданушыға бірегей жұмыс ортасын беру керек.

4.15.4. Қолданушылардың АЖО-сында ТМД БЕАЖ-дың бірнеше ішкі жүйелерінің бір мезгілде өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мүмкіндігі болу керек.

5 ТМД БЕАЖ-ДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛАПТАР

5.1. Ақпараттық қамтамасыз етуге талаптар

5.1.1.  Техникалық жобалау сатысында жасалған бекітілген деректерді есепке алудың Бірегей тізбесі мен өңдеу алгоритмдеріне сәйкес, деректерді жинау, сақтау және өңдеу ТМД БЕАЖ-дың бөлінген деректер қорында жүргізілуі керек.

5.1.2. Деректердің құрамы мен олардың құрылымы (ұйымдастыру тәсілі) келесі негізгі ұстанымдардан шыға отырып таңдалуы керек:

үшінші мемлекеттер азаматтары мен АЖА-ның, еңбек ететін мигранттардың келу-кету және сыртқы миграция саласында статистикалық мағлұматтар туралы мәліметтері бар деректердің ұлттық сақтау қоймасын жасау;

деректер қорларын жүйелендіру принциптерін қолдану;

деректер қорларының санын оңтайландыру, оптимизация количества баз данных, олардың тиімді сопровождения қамтамасыз ету;

«клиент – сервер» немесе «клиент – қосымшалар сервері – ДҚ сервері» құрылымын қолдану;

беру деңгейін, қосымшалар серверлерінің деңгейін, қорлар серверлерінің деңгейін қосатын көпдеңгейлі құрылымды қолдану;

деректерді сақтау сыйымдылықтарын ауқымдылау.

5.1.3. ТМД БЕАЖ құрамы мен құрылымы есепке алудың келесі түрлерінің енгізілуін қамтамасыз етулері керек:

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер территориясында үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша, сондай-ақ еңбек ететін мигранттар бойынша келіп-кетуге қатыстылар;

көші-қон жағдайлары туралы аналитикалық есепті жасау мақсатында ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер территориялары бойынша азаматтығы жоқ адамдар мен үшінші мемлекеттер азаматтарының көші-қонның (шекараны кесіп өту – келу және кету, мекендеуі, уақытша мен тұрақты тұру, еңбек ісімен шұғылдану және т.б.) негізгі деректердің статистикалық ақпараттарын.

5.1.4. Жүйенің нормативті қорында енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен бір мағыналалығын қамтамасыз ететін және заттық саланың ұғымын дұрыстау мен жүйелендіру үшін арналған анықтамалық пен анықтауыштар мағыналарының сөздіктері болуы керек.

5.1.5. ТМД БЕАЖ деректер қоры біріккен идеология базасы мен біртұтас ақпараттық ортада қызмет ететін, олардың үйлесімділігі мен жиынтығын қамтамасыз ететін деректер қорының жиынтығын құрайды.

5.1.6. ТМД БЕАЖ құрамдастары арасындаға өзара ақпараттық іс-әрекет техникалық жобалау үрдісінде бекітілген, алмасудың әмбебап форматы негізінде орындалатын, деректермен алмасу көмегімен іске асуы керек, сондай-ақ қолданушылардың болуы мүмкін қателіктерін айқындайтын бақылау есептерінің қалыптасуына жағдай тугызуы керек және олардың іс-қимылдарының аудитін жүзеге асыруы тиіс.

5.1.7. ТМД БЕАЖ құрамдастары арасында ақпараттық өзара іс-қимыл келесі негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінің деректер қорлары негізінде, көші-қонның негізгі фактілерінің статистикалық ақпараттарды есепке алу деректер қорының толығуын қамтамасыз етуді;

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту деректеріне қатысты деректер қорларын есепке алудың толығуы мен өзектілігін қамтамасыз етуді;

Жүйенің нормативті қорларын – анықтамалықтар, сөздіктер мен жіктіуіштер жанамалау мен өзектілігін қамтамасыз етуді.

5.1.8. ТМД БЕАЖ-да типтік ДҚБЖ үшін негізгі талаптар болып табылады:

ауқымдылық;

деректердің тұтастығын сақтайтын дамыған құралдардың болуы;

аппараттық-бағдарламалық платформаларды таңдауға өзгермеушілік;

деректерге қол жеткізу құқығын бөлу механизмінің болуы;

құрал-жабдықтардың тоқтап қалуы кезінде деректердің сақталуын қамтамасыз ету.

5.2. Лингвистикалық қамтамасыз етуге талаптар

5.2.1. Бағдарламалық кешендерді жасау кезінде қолданылатын жоғары деңгейлі тілдер жүйенің қызметі мен тапсырмаларының іске асуын қамтамасыз етуі тиіс. Пәндік саладағы тапсырмалардың іске асу талаптарына жауап беретін жоғары деңгейлі, стандартқа сәйкес тілдерді қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.2. Жүйені жасау кезінде деректер қорлары мен құрамдастарын жобалаудың тікелей және қарсы үрдістерінің автоматтандырылуын, сондай-ақ алынған нәтижелерді құжаттандыруды қамтамасыз ететін автоматтандырудың ішкі объектілері мен пәндік саланы сипаттайтын құралдар қолдануы керек.

5.2.3. Қолданушының жүйемен өзара әсерлесу тілі көптеген түрлердің табиғи тілінің көмегімен ұйымдастырылуы керек. Қолданушымен диалогты ұйымдастыру тәсілі төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:

оператор қимылының кездейсоқ қателерін кемітуді;

деректерді енгізудің қисынды бақылауын;

қолданушының БК-ны дара икемдеу мүмкіндігі, қалпына келтірудің сақталуын.

5.3. Бағдарламалық қамтамасыз етуге талаптар

5.3.1. Қолданушылардың АЖО-да орнатылған жалпы жүйелік БЖ-ға талаптар:

5.3.1.1. Арнайы (қолданбалы) бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері келесі талаптарға сай жасалуы және оңтайландырылуы керек:

есепке алу объектілері туралы біріккен әртүрлі мәліметтердің көзбен шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін қолданушылар интерфейстерін үйлестіруге;

бар жүйелерден үмітті интеграция жолымен болашақты жүйелердің жасалу шамасы бойынша қолданыстағы жүйелердің бір-бірімен байланысты біртіндеп өтуін қамтамасыз ететін эволюциялық сабақтастықты;

есепке алудың әртүрлі түрлері бойынша деректерді өңдеу алгоритмдерін іске асыратын бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігіне;

реквизиттердің еркін жиынтығы бойынша ДҚ-да қолданушылардың сұраныстарын өңдеуге;

типтік сұраныстарды жасау және өңдеуге;

тізімдерді қалыптастыру мен басып шығаруға;

статистикалық мәліметтерді қалыптастыру мен басып шығаруға;

сөздіктерді енгізу, бақылау және түзеуге;

қолданушылар әрекетінің аудитын;

әрбір қолданушы үшін белгілі бір ақпараттарға рұқсаттама құқығын орнату арқылы қол жетімділіктен ақпаратты парольды қорғау.

5.3.1.2. Жалпы, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:

ақпаратты қорғау кешендік жүйеге талап етілетін, талаптардың іске асуын қамтамасыз ететін, сертификатталған бағдарламалық тәсілдерді қолдануға;

қолданылатын бағдарламалық тәсілдердің ең аз номенклатурасына;

ауқымдылығы мен жоғары өнімділікке;

үйлесімділікке;

сенімділік пен тоқтап қалуға тұрақтылық;

қатынас құралдарын тіреу механизмдерінің бар болу.

5.3.1.3. Операциялық жүйелер жергілікті бір немесе бірнеше тораптар, сондай-ақ бөлінген территориалдық торап шеңберінде жұмыс станцияларында қолданушылардың жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беруі қажет, жүйе қорларына қол жетімділікті бақылау талаптарына жауап беруі тиіс.

5.3.1.4. ТМД БЕАЖ қолданушыларының АЖО-да операциялық жүйе ретінде сертификатталған ОЖ-ны қолдануы керек.

5.3.2. Серверлерге орнатылатын жалпы жүйелік БЖ-ға талаптар:

жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету деректерді өңдеу мен сақтау көлемдерін көбейту, шешілетін тапсырмалар шеңберін ұлғайтуға жүйе мүмкіншілігін қолдау үшін қолданылатын шешімдердің ауқымдылығы мен модульдігін қамтамасыз етуі керек;

жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету АБЖ қызмет етуі үшін интегралданған бағдарламалық ортасын құру мен қолдану үшін арналған.

5.3.3. Жалпы жүйелік бағдарламалық жасақтама енгізуі қажет:

операциялық жүйелерді;

деректер қорларын басқару жүйелерін;

қосымша серверлерінің бағдарламалық жасақтамасын;

техникалық құралдардың диагностика мен функционалды бақылау жүйелерін;

қызмет көрсету мен мониторинг жүйелері;

ақпараттық қауіпсізідкті қамтамасыз ететін бағдарламалық тәсілдерді;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелердің қызметін іске асыруға қажетті өзге құралдар.

5.3.4. ЖБЖ келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

деректерді басқару;

деректерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

аппаратураның жеке элементтерінің жаңылу мен тоқтап қалу жағдайларында деректерді өңдеу үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

үш түйінді клиент-серверлік құрылымын қолдану;

деректер қорын қайта қалпына келтіру мен толық және жарым-жарты архивтеу;

техникалық құралдарды сынақтау, соның ішінде үздіксіз жабдықтау қайнар көзі мен техникалық және бағдарламалық құралдардың қызмет көрсету диагностикасы мен автоматтандырылған бақылауды;

техникалық және бағдарламалық құралдардың жаңылуы мен тоқтап қалуынан кейін деректер қорлары мен БЖ-ның жұмысқа қабілеттілігінің қалпына келтіру.

5.3.5. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында келесі тапсырмалардың шешімі қамтамасыз етілуі керек:

жүйе жұмысына қауіпсіз аутентификация механизмдерін қолданып бөтен тұлғалар, сондай-ақ қолданушылар мен жүйе қызметкерлері арасынан авторландырылмаған тұлғалар жағынан заңсыз, кездейсоқ немесе қасақана араласу мен оның ақпараттық, бағдарламалық және аппараттық қорларына рұқсат етілмеген (берілген өкілеттікті асыру) қол жетімділіктен қорғау үшін ТМД БЕАЖ қорларына қолданушылардың қол жетімділігін басқаруды;

жүйеде болып жатқан барлық оқиғалар мен оның қауіпсіздігіне қатысы бар мәліметтерді тіркеу, жинақтау, сақтау, өңдеу мен беруді;

жүйе қорларына рұқсат етілмеген қол жетімділікке мүмкіншілігі туралы қауіпсіздік әкімгеріне жылдам хабарлау мен әкімшілік жағынан ТМД БЕАЖ қолданушыларының жұмысын бақылауды;

қолданбалы бағдарламаларды орындау ортасы мен қорғау жүйесінің күрделі қорларының тұтастығын сақтау мен бақылауды;

ТМД БЕАЖ-ға потенциалды қауіпті бағдарламалардың (қауіпті қателер мен зиян келтіретін белгілер болуы мүмкін) авторландырылмаған енуі мен қорғау жүйелерін жеңу тәсілдерінен, сондай-ақ компьютерлік вирустардың енуі және таралуынан қорғау мақсатында тексерілген бағдарламалық жасақтаманың тұйық ортасын қамтамасыз ету.

5.3.6. ТМД БЕАЖ-да қолданылатын ақпаратты қорғайтын бағдарламалық құралдарға сәйкес сертификаттар болуы керек.

5.3.7. Деректерді қайта қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйелерін үйлесімдеу, мониторинг жасау, басқару бағдарламалық жасақтамасы қамтамасыз етуі керек:

таспалық алып жүруші мен кітапханаларды автоматтандырылған басқару;

бір мезгілде бірнеше сессияның орындалуын қолдаумен деректерден резервтік көшірме жасау;

резервтік көшірме жасаудың әртүрлі амалдарын қолдау (толық, инкременталды, дифференциалды);

ДҚБЖ-да қолданылатын деректер қорынан олардың жұмысын тоқтатпай көшірме жасау;

деректердің қисынды көшірмесін жасау бойынша дискілік массивтің мүмкіндіктерімен ықпалдасу.



5.4. Техникалық қамтамасыз етуге талаптар

5.4.1. ТМД БЕАЖ техникалық қамтамасыз етуге негізгі талаптар:

ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық құралдардың кешендері төменде аталғандар үшін жеткілікті есептеп шығару қуатын иемдену керек:

интерактивті қолданушыларға келісуге боларлық әрекет уақытытында қызмет көрсету;

жүктеменің шарықтау шыңы жағдайында жұмыс тұрақтылығы;

едәуір есептеп шығару қуатын талап ететін қолдаңбалы бағдарламалық жасақтама жұмысын қамтамасыз ету.

Типтік жобалық шешімдер ұстанымы ТМД БЕАЖ техникалық құралдар кешені құрылымының негізіне қойылуы керек.

5.4.2. ТМД БЕАЖ техникалық қамтамасыз ету талаптары жүйені техникалық жобалау сатысында толығымен анықталуы керек.



6. ТМД БЕАЖ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

ТМД БЕАЖ-ды жасау кезеңінің құрамы мен мазмұны ТМД БЕАЖ-ды жобалау кезінде бірегей жүйелік тәсілмен, сондай-ақ жүзеге асатын жобалық шешімдердің функционалды-технологиялық аяқталуымен анықталуы тиіс. ТМД БЕАЖ қызметтері (тапсырмалары) нағыз техникалық талаптарға сай жұмыстардың кейінгі кезеңдерін орындау нәтижесінде оларды өсіру принципі бойынша іске асулары керек.

ТМД БЕАЖ-ды жетілдіру мен енгізу жұмыстардың келесі негізгі құрамын кірістіруі керек:

ТМД БЕАЖ-ды жасау, қызметін алып жүру мен ортақ қолдану туралы нормативті құжаттарды жасау (келісімдер, қағидалар, регламенттер және т.б.), соның ішінде мемлекетаралық жүйені жасау мен іске қосу жағдайларында сертификаттауға ережелер мен талаптар, сертификаттайтын ұйымды анықтау сұрақтарын талқыға салу;

ТМД БЕАЖ-ды жасау үшін ТТ жетілдіру (дара ішкі жүйелерді жасау үшін жеке техникалық тапсырмаларды – мысалы, ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне), жүйені жобалауға ТТ, ТМД БЕАЖ-ды жасау үшін Техникалық жоба;

ТМД БЕАЖ АБЖ жетілдіру;

БЖ мен құралды жеткізу, монтаждық және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу;

деректерді беру торабына қосылу бойынша шараларды орындау;

ТМД БЕАЖ-бен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы ақпараттық жүйелерді модернизациялау бойынша жұмыстарын жүргізу;

ТМД БЕАЖ объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша кешенді шаралар өткізу;

ТМД БЕАЖ объектілерін шоғырландыру бойынша кешенді шаралар өткізу;

қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға қызметкерлерді оқыту кешендік бағдарламаны орындау;

ТМД БЕАЖ –ды қабылдау-тапсыру сынағын өткізу;

келісімнің қолданбалы және технологиялық ішкі жүйелерге талаптар мен құрал-жабдықты өндірушілердің стандартты кепілдемелік міндеттеріне сәйкес ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерін алып жүру.
7.  ЖҮЙЕНІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

Қойылған құрал-жабдық пен БЖ-ны қабылдау, жеткізілім комплектілігін тексеру, құрал-жабдықты монтаждау және іске қосуды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу, қабылдау-тапсыру мен кешендік сынауларды жүргізу тәртібі Келісімге сай жүзеге асады.

ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыстарды қабылдауды құрамында төменде аталған мамандары бар комиссия жүргізеді:

Тапсырыс берушінің өкілі;

Орындаушының өкілі;

ТМД БЕАЖ-ды қолданушы;

ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыс тобы;

Орындаушының қосалқы мердігерлерінің өкілдері (қажет болғанда).

ТМД БЕАЖ объектілерінде қабылдау-тапсыру нәтижелері бойынша келесі хаттамалар рәсімделеді:

іске қосу құжаттамасын қабылдау;

қызметтерді орындау;

жалпы бағдарламалық жасақтаманы қабылдау;

арнайы бағдарламалық жасақтаманы қабылдау.

8. ҚҰЖАТТАУҒА ТАЛАПТАР

8.1. Жалпы ережелер

Өңделуге тиіс кешендер мен құжаттар түрлерінің6 тізімі төмендегі кестелерде көрсетілген.

Жеке ЖТТ бойынша жасалатын ішкі жүйелер үшін құжаттар тізімі осы ішкі жүйелерді құру үшін ЖТТ-да келтіріледі.

ТМД БЕАЖ-ды жасаудың барлық сатысында құжаттарды рәсімдеу тәртібі стандарттарға7 сәйкес болуы тиіс.

Орындаушы орындалған жұмыс нәтижелері бойынша ТМД БЕАЖ-дың тұрақты қызмет көрсетуге берілген кездегі оның ағымдық күйін бейнелейтін және іске қосу үшін қажетті құжаттаманың толық жиынтығын беруі керек.

Техникалық жобалау құжаттарының жиынтығы Тапсырыс берушіге басылып шыққан түрде екі данада, сондай-ақ электрондық түрде (компакт дискілерде) беріледі. Берілетін құжаттардың электрондық түрі Adobe Portable Document Format (PDF) 7.0 нұсқасымен үйлесімді болуы керек.

Adobe Portable Document Format (PDF) 7.0 нұсқа форматында құжаттарды оқу үшін еркін таралатын бағдарлама шарттарында болатын Adobe Reader 7.0 БЖ қолдануы керек. Құжаттар мен есептер беру үшін AutoCAD 2000 сай өнімдер қолдануы керек. Бөлінген деректер кеңістігін құрайтын құжаттар мен есептерді беру үшін AutoCAD 2000-ға үйлесімді өнімдер қолданылуы керек.

8.2. Техникалық жобалау сатысында берілетін есепке алу мәліметтеріне талаптар

Техникалық жобалау үрдісі шеңберінде Орындаушымен барлық жүйеге келесі құжаттама жиынтығы жасалуы керек.



1-кесте. ТМД БЕАЖ техникалық жобалау8 сатысында жасалатын құжаттар тізімі




Құжат атауы

Ескерту

1.

ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне жеке техникалық тапсырма




2.

ТМД БЕАЖ сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне жеке техникалық тапсырма




3.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Жалпы ережелер

Жасау мақсаты, АЖ міндеттері мен қолдану саласы, автоматтандыру объектісінің баяндамасы, жүйені жасау тәртіптілігі, АЖ туралы жалпы мәліметтер

4.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Қызмет үрдістері баяндамасы

АЖ арқылы жасалатын қызмет үрдістерінің баяндамасы

5.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Ақпараттық жасақтама баяндамасы

АЖ-ны ақпараттық қамтамасыз ету туралы шешім баяндамасы

6.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Автоматтандырылатын қызметтер баяндамасы

АЖ-ның арнайы (қолданбалы) бағдарламалық жасақтаманың автоматтандырылатын қызметінің баяндамасы

7.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Техникалық шешімдер баяндамасы

АЖ ішкі жүйелері үшін негізгі техникалық шешімдерді, сондай-ақ автоматтандыру объектісін жүйе қыметіне енгізуге дайындау бойынша шараларды, АЖ үшін шешімдердің жалпы архитектурасын сипаттау

8.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі

АЖ қолданушыларының өтінімдеріне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесінің баяндамасы, соның ішінде:

ақпараттық қамтамасыз ету,

автоматтандырылатын қызметтер,

есептер түрлері



9.

Техникалық жоба. Техникалық құралдар кешенінің баяндамасы

АЖ кешендері мен ішкі жүйелерінің құрамына кіретін құрал-жабдықтардың барлық түрлері мен техникалық құрал кешені құрылымының баяндамасы

10.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Жалпы жүйелік бағдарламалық жасақтама

АЖ (ОЖ, ДҚБЖ, e-mail және т.б.) ішкі жүйесінің құрамына кіретін жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымының баяндамасы

11.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама

Арнайы (қолданбалы) бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы құрамында:

жалпы ережелер,

негізгі техникалық шешімдер,

бағдарламалық жасақтаманы жасау әдістері мен құралдары,

автоматтандыру объектісінің ТМД БЕАЖ-ды іске қосу дайындығы бойынша шаралар,

ақпараттарды жіктеу



12.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Деректердің тұжырымдамалық үлгісі

Қарастырылған есептерді жүргізуді қамтамасыз ететін АЖ ДҚ деректерінің тұжырымдамалық үлгілерінің баяндамасы

13.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Деректердің физикалық үлгісі

Қарастырылған есептерді жүргізуді қамтамасыз ететін АЖ ДҚ деректерінің физикалық үлгісінің баяндамасы

14.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Сөздіктер, анықтамалықтар мен жіктеуіштер

АЖ пәндік саласын және онымен қамтамасыз етілетін есептерді баяндайтын сөздіктерді, анықтамалықтарды, жіктеуіштерді сипаттау

15.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Стандартты статистикалық есеп берушілік түрлері

АБЖ-мен қалыптастырылатын стандартты статистикалық есеп берушілік түрлерінің баяндамасы

16.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Іздестіру сұраныстарының түрлері

АБЖ көмегімен қалыптастырылатын және өңделетін іздестіру сұраныстары түрлерінің баяндамасы

17.

Техникалық жобаның ведомосы

АЖ техникалық жобаның мәліметтер (құжаттар) тізімі

2-кесте. ТМД БЕАЖ жобалауды9 жүргізу сатысында жасалатын құжаттар тізімі




Құжат атауы

Ескерту

1.

Спецификация ведомості

Барлық ТМД БЕАЖ үшін

2.

Жүзеге асыру құжаттарының тізімі

Әрбір объект үшін

3.

Паспорт

Сол

4.

Жүйені жобалауға техникалық тапсырма




5.

Жүйенің жалпы сипаттамасы

Сол

6.

Құрылымдық схемасы

Сол

7.

Жалпы жүйелік БЖ мен құрал-жабдықтың спецификациясы

Сол

8.

Қолданушының (әкімгердің) нұсқауы

Сол

9.

Пайдалану бойынша нұсқаулық

Сол


8.3. Техникалық жоба мазмұнына талаптар

Техникалық жобада болуы тиіс:

автоматтандыру объектісі сипатталған техникалық жобаның түсіндірме жазбалары бөліміне енуі тиіс, ТМД БЕАЖ сегменттер құрамдастарын мұраланған ақпараттық-техникалық тексеру нәтижелері;

Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара әсерлесу есебімен ТМД БЕАЖ құрылымы мен құрам дәйектемесі;

ТМД БЕАЖ ақпараттарын қолданушылар мен қамтамасыз етушілердің ТМД БЕАЖ ақпараттық өзара әсерлесудің хаттамалар мен регламенттердің жобалары;

ТМД БЕАЖ ақпараттық қордың деректердің концептуальной және физикалық үлгілері;

деректер қоры бойынша стандарттар жүйесі;

деректердің тұжырымдық және физикалық үлгілері үшін терминология;

ТМД БЕАЖ ұсынған шешімдердің сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін дәлелдейтін есептеулер;

ТМД БЕАЖ-да сақталатын және өңделетін ақпаратттың тұтастығы мен нақтылығаны жетуге ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-да ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптер тізімінің жобасы, ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жобалауды қамтамасыз ететін бүлдірушілер үлгілері (ішкі және сыртқы) мен өзге мағлұматтар;

ТМД БЕАЖ құрамдастарында ақпаратты қорғау механизмі мен қорғау деңгейлері бойынша ұсыныстар;

ғимаратта қол жетімділікті басқару мен бақылау жүйесінің бөлігінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-ды іске қосу мен дамытуды ұйымдастыру және ТМД БЕАЖ-ды кезеңмен ұлғайту бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-ды іске қосу мен дамыту, ұлғайту саласында нормативтік актілердің негізгі ережелері мен құрамы бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-ды дамыту мен іске қосу, ұлғайту бөлігінде ғылыми, әдіснамалық, ұйымдық-штаттық, қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-да деректерді сақтау мерзімдері мен деректердің өзекті жіктеуіші бойынша ТМД БЕАЖ ақпараттық тұтастық моделі бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ үшін «бірыңғай уақыт» сұрағын шешу бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ деректер қорында деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен резервтік көшірме жасау саясаты бойынша ұсыныстар;

арнайы (қолданбалы) бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқаларын басқару бойынша ұсыныстар;

қолданушыларға қызмет көрсету бойынша ұсыныстар;

ТМД БЕАЖ-дың арналу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ ақпараттық жүйелері мен ТМД құрамдастары арасындағы өзара іс-қимыл әдіснамасы, әдістері мен құралдары бойынша ұсыныстар.

Техникалық жобалау құжаттарының жиынтығы басылып шыққан түрде екі данада, сондай-ақ электрондық түрде (компакт дискілерде) берілуі керек. Берілетін құжаттардың электрондық түрі Adobe Portable Document Format (PDF) 7.0 нұсқасына сәйкес болуы керек.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық талаптарға

Қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына10 қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасауға

НЕГІЗ

1. БАСҚАРУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖҮЙЕСІ МЕН ОБЪЕКТІСІНЕ СИПАТТАМА

1.1. Автоматтандыру объектісінің жалпы сипаттамасы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер территорияларында қылмыскерлікпен, терроризммен, өзге де қоқан-лоққылық мен ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлерге қарсы күрес, миграциялық үрдістерді реттеу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ, сондай-ақ жоғарыда аталған мемлекеттердің мемлекеттік биліктің өзге мүдделі ұйымдарымен бірлескен қызметі автоматтандыру объектісі болып табылады.



1.2. Автоматтандыру объектісінің ұйымдық және өндірістік құрылымына, қызмет саласына сипаттама

Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау, қадағалау бойынша қызметтерді, құқық қолдану қызметтерін жүзеге асыру мен белгіленген салада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік саясатын іске асыратын орындаушы биліктің ұйымдары көші-қон саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ болып табылады.



1.3. Қолданыстағы жүйенің өзара іс-қимылы мен оның құрылымдық элементтерінің сипаттамасы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҰӨҰ-ның қолданыстағы жүйесінің өзара іс-қимылы ұлттық ұйымдардың ұйымдық құрылымдарына негізделеді және дипломатиялық пошта арқылы, тәртіп бойынша қағаз түрінде ресми сұранысты жолдау мен ресми жауаптарды алу түрлері бойынша артықшылығы бар.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҰӨҰ–ның серпінді өзара іс-қимылы тек қана қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарына негізделуі мүмкін.

1.4. Объектіні ұйымдастыру мен басқаруда кемшіліктер тізімі мен сипаттамасы  

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ бірлескен қызметін ұйымдастыруда негізгі кемшіліктер болып табылады:

үшінші мемлекеттер азматтары туралы ҰӨҰ-ны қызықтыратын қажетті ақпараттың болмауы;

талап етілетін ақпаратты іздестірудің тиімді механизмінің (орнын анықтау) болмауы;

талап етілетін ақпаратты шұғыл түрде алуға мүмкіндіктің болмауы.

Берілген мемлекеттің ҰӨҰ АЖ-да жоқ болған үшінші мемлекеттер азаматтары туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ-сін қызықтыратын қажетті ақпарат өзге ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ АЖ-да болуы мүмкін. Бірақ қазіргі таңда осындай ақпаратты алудың жалғыз қолданыстағы механизмі болып барлық ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ-ға ресми сұраныстың жазбаша түрде дипломатиялық пошта арқылы жолдануы және ресми жауаптың осылай дипломатиялық пошта арқылы алынуы табылады.

Сұранысты жіберу мен жауапты алу аралығындағы уақыт өте маңызды болуы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметті орындау бойынша сұраныс жіберген Тараптардың ҰӨҰ қызметінің шапшаңдылығы недопустимо төмен болуы мүмкін.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің барлық ҰӨҰ-ға дипломатиялық поштамен ресми сұраныстарды жіберу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады.

1.5. Объектіні тұтастай және оның бөліктері бойынша ұйымдастыру мен басқару жетіспеушілігінен пайда болатын өндірістік шығындарды бағалау

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ бірлескен қызметін ұйымдастыруда негізгі өндірістік шығындар 1.4 бөліміне сай келесі кезеңдерде пайда болады:

бұл ақпараты бар ҰӨҰ-ға ғана емес, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің барлық ҰӨҰ-ға («тәуекелдеп») ақпараттың ресми сұраныстарын жазбаша түрде дайындау.

соған орай дәстүрлі ресми жазбамен алмасу кемшіліктерін назарға алу керек, сұраныстарды жолдау мен жауаптарды алу үшін қызметкерлердің уақыты тиімсіз жұмсалған кезде;

дипломатиялық пошта арқылы ресми сұраныстарды жолдау мен ресми жауаптарды алу.

ТМД-ға қазіргі уақытта 11 мемлекеттің енуін ескере отырып, сарапшылар бағасы бойынша ТМД БЕАЖ арқылы ақпараттар алуға жұмсалатын шығындар көп есе төмендейді.



1.6. ТМД БЕАЖ-ды құруға объектілер дайындығының сипаттамасы

Қазіргі таңда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ-сында ҰӨҰ негізгі қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық қорлардың жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұрумен қоса олардың негізгі қызметі мақсатында қолдануын қамтамасыз ететін мамандандырылған қызметкерлер бар. Сол уақытта жасалынатын ТМД БЕАЖ, деректердің электрондық алмасу көмегімен қарастырылатын қызмет саласында ҰӨҰ өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі керек



2. ТМД БЕАЖ-ДЫ ҚҰРУ ШЕКТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

2.1. ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттары

ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттары болып табылады:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер территорияларында ҮМА мен АЖА орын ауыстыруы шеңберінде ұйымдық-басқармалық шешімдерді дайындау мен қабылдау мүддесінде мемлекетаралық ақпараттық алмасу сапасын көтеру;

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағын кесіп өтетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытылы есепке алуға мүмкіндік беретін ақпараттарды автоматтандырылған түрде алу, өңдеу, жинақтау, сақтау, беру мен қолдану, деректерді есепке алудың бірегей тізімі негізінде іске асу



2.2. ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттарына жету шаралары

ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттарына жету шаралары ретінде белгілі бір мерзімде жасалған және жетілдірілген:

ТМД БЕАЖ қорларын (регламенттер, әдістемелер, жетекшіліктер және т.б.) бірлесе пайдалану мен тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нормативті құжаттар;

ТМД БЕАЖ ДӨО;

ұлттық тораптар;

жүйе қызметін қамтамасыз ететін ТМД БЕАЖ-дың арнайы бағдарламалық жасақтамасы;

ТМД БЕАЖ АЖО;

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары мен қолданушылардың АЖО-сы, ТМД БЕАЖ ДӨО арасындағы қорғалған байланыс арналары;

ТМД БЕАЖ ДӨО мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары арасындлағы ақпараттық шлюздер;

қолданушылардың АЖО-сы, байланыс арналары мен ақпараттық шлюздер ұсынылуы мүмкін.

Сондай-ақ деректермен алмасудың ақпараттық және біріктірілген шлюздері көмегімен келісілген форматта сұраныстар орындалады.

Есепке алу деректерінің бірегей тізімі көлемінде есепке алу объектілері келісілген форматта стандартты статистикалық және еркін аналитикалық есеп-қисаптың жасалуы қамтамасыз етіледі.



2.3. ТМД БЕАЖ-ды құру шектері

2.3.1. ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер ұлттық ақпараттық жүйелердің даму бағыттарын дербес анықтайды.

2.3.2. ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы үшінші мемлекеттер азаматтары мен азматтығы жоқ адамдар туралы деректердің келісілген және шектелген құрамына қатысты жүзеге асады.

2.3.3. ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптарына сұраныстардың орындалуы тек қана келісілген форматта жүзеге асады.



3. ТМД БЕАЖ-БЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

3.1. ТМД БЕАЖ-дың автоматтандырылатын қызметтерінің тізімі

3.1.1. ТМД БЕАЖ ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер территорияларында үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон (шекараны кесіп өтуі – келу және кету, болу, уақытша және тұрақты мекендеуі, еңбек қызметімен айналысу және т.б.) негізгі фактілері туралы есепке алу жүйесіне қолданушылардың қол жетімділігін, жинақтау, өңдеу, сақтауды қамтамасыз етуі керек.

3.1.2.  Көші-қон жағдайы туралы аналитикалық есеп беруді құрастыруды ТМД БЕАЖ қамтамасыз етуі керек.

3.2. ТМД БЕАЖ қызметтерінің іске асу сипаттамалырына талаптар

ТМД БЕАЖ қызметінің іске асуы қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттамаларға және өндірістік стандарттарға11 сәйкес негізделеді.



3.3. Автоматтандыру объектісінің өзіндік ерекшелігін ескеретін ТМД БЕАЖ-ға толық және оның бөліктеріне қосымша талаптар

Регламентке сәйкес Келісімге қатысушылармен мақұлданған көлемде және қалыпта ТМД БЕАЖ дербес деректердің жинақталуын, өңделуін, сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Дербес деректердің компьютерлік өңделуіне талаптарды келесі құжаттар анықтайды:

«Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы» Еуропа Кеңесінің Конвенциясы (Страсбург, 28 қаңтар 1981 ж. өзгерістермен 15 маусым 1999 ж.);

«Дербес деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау және осы деректердің бос обращение туралы» Еуропалық парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 95/46/ЕО директивалары;

«Телекоммуникация саласында жеке өмірге қол сұқпаушылыққа құқықты қорғау мен дербес деректерді өңдеу туралы» Еуропалық парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 97/66/ЕО директивалары.

Ресей Федерациясында дербес деректерді өңдеуге талаптарды анықтайтын нормативті құжаттар болып табылады:

«Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Одағының Конвенциясын бекіту туралы» 2005 жылдың 19 желтоқсаннан № 160-ФЗ Федералдық заңы;

«Дербес деректер туралы» 2006 жылдың 27 шілдеден № 152-ФЗ Федералдық заңы;

«Дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде өңдеу жүргізу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Ережені бекіту туралы» 2007 жылдың 17 қарашадан № 781 Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаулысы.

Ресей Федерациясында компьютерлік өңдеу кезінде ақпаратты қорғауға талаптарды анықтайды:

«Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздік Доктринасын бекіту туралы» 2000 жылдың 9 қыркүйектен № Пр-1895 Ресей Федерациясы Президентінің Қаулысы;

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты қорғау туралы» 2006 жылдың 27 шілдеден № 149-ФЗ Федералдық заңы;

«2010 жылға дейін мемлекеттік биліктің федералдық ұйымдар қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану тұжырымдамасы туралы» 2004 жылдың 27 қыркүйектен № 1244-р Ресей Федерациясы Үкіметінің Әмірі.

Ресей Федерациясында электрондық цифрлі қолтаңбаны қолдану «Электрондық цифрлі қолтаңба туралы» 2002 жылдың 10 қаңтардан № 1-ФЗ Федералдық заңымен регламенттеледі.

4. ТМД БЕАЖ-ДЫҢ КҮТІЛЕТІН ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

4.1. ТМД БЕАЖ-ды жасау нәтижесінде алынатын тиімділіктің негізгі қайнар көздерінің тізімі

Жасалып жатқан жүйені бағалауға мүмкін болатын негізгі көрсеткіштер болып табылады:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;

үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпараттарды алу шапшаңдылығын жоғарылату;

үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпараттатрды алуға шығындарды қысқарту;

өзара әсерлесудің жаңа деңгейі қорында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ мемлекеттік қызметін орындау сапасын жоғарылату.



4.2. ТМД БЕАЖ-ды құру үшін күтілетін шығындарды бағалау

ТМД БЕАЖ-ды жасауға кететін негізгі шығындар бөлінеді:

ТМД БЕАЖ-ды құру, бірлесе қолдану мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру құжаттарын жасауға;

ТМД БЕАЖ-ды (тұтастай жүйелерді және бөлек ішкі жүйелер/құрамдастар) құруға жобалық құжаттаманы жасау;

ғимарат дайындауға;

инженерлік құрал-жабдықтарды сатып алу мен монтаждауға;

есептеу және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың, жүйелік бағдарламалық жасақтаманы (лицензия) сатып алу, монтаждау және жөндеуге;

ақпаратты қорғаудың бағдарламалық амалдары мен құрал-жабдықты сатып алу, монтаждау мен жөндеуге;

ТМД БЕАЖ ҰӨҰ жасау;

қолданушылар мен қызмет көрсететін қызметкерлерді үйрету;

сервистік қызмет көрсету;

ТМД БЕАЖ-ды іске қосуға шығындар.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісіммен

БЕКІТІЛДІ



2011 жылдың 18 қазаннан


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне


ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АЖО



Автоматтандырылған жұмыс орны

АЖ



Автоматтандырылған жүйе

ДҚ



Деректер қоры

ІІБ БАТТ



Ішкі істер бөлімдерінің бірегей ақпараттық телекоммуникациялық торабы

ТМД БЕАЖ



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі

АЖ



Ақпараттық жүйе

ЖЕТ



Жергілікті есептеу торабы

ДБМТ



Деректерді берудің магистральді торабы

ҰӨҰ



Ұлттық өкілетті ұйым

НАА



Нормативті-анықтамалық ақпарат

ЖБЖ



Жалпы бағдарламалық жасақтама

ОЖ



Операциялық жүйе

БАК



Бағдарламалық-аппараттық кешен

ІЭПІЖ



Ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесі

БЖ



Бағдарламалық жасақтама

СҚКІЖ



Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі

ТМД



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ДБТ



Деректерді беру торабы

АБЖ



Арнайы бағдарламалық жасақтама

ДҚБЖ



Деректер қорын басқару жүйесі

ТТ



Техникалық тапсырма

ЖТТ



Жеке техникалық тапсырма

ЭЦП



Электрондық-цифрлі қолтаңба /электрондық қолтаңба

ҚКЖ



Құрылымдық кабельдік жүйе

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық талаптар, жүйенің қолдану саласы мен тағайындалуын, оған қойылатын техникалық және арнайы талаптарды, қажетті жасау кезеңдерін, бақылау мен қабылдау тәртібін анықтайды.

Осы ТТ ТМД БЕАЖ қорларында жасау мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескереді:

ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімін ұйымдастырушы мүше мемлекеттердің білікті ұйымдары арасында заңсыз көші-қон туралы ақпаратпен алмасу жүйесі (ҰҚКҰ);

Евразиялық экономикалық бірлестікке мүше мемлекеттердің еңбектенуші мигранттары туралы мемлекетаралық деректер қоры (бұдан әрі – ЕврАзЭБ ЕММДҚ).

ЕврАзЭБ ЕММДҚ жасау үшін жеке техникалық тапсырма жасалды.



1.1.ТМД БЕАЖ-дың толық атауы мен шартты белгіленуі  

Толық атауы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі.

Тақырып шифры – ТМД БЕАЖ.

1.2. Қолдану саласы

ТМД БЕАЖ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің шекарасын кесіп өтетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды уақытылы енгізу мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде өрістету үшін арналған.



1.3. Тапсырыс берушінің атауы мен оның реквизиттері

Тапсырыс беруші – Ресей ФКҚҚ, Мәскеу қ., Боярский орамы 4-үй.

1.4. Жұмысты қаржыландыру көздері туралы мәліметтер

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін қаржыландыру тәртібі бөлек құжатпен анықталатын болады.



1.5. Тапсырыс берушіге жұмыс нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну тәртібі

Тапсырыс беруші мен жұмысты Орындаушы арасындағы Келісім (бұдан әрі – Келісім) мен осы ТТ-ға (8-бөлім) сәйкес ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыстар нәтижелерін Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынады.



1.6. Өзгерістерді енгізу тәртібі

1.6.1. Жалпы талаптар

Осы ТТ мен өзге жобалық құжаттар (бұдан әрі – өзгерістер) регламентімен белгіленген толықтыру, нақтылау, өзгерістер немесе құжаттаманың кандай да бір элементтерін алу, сондай-ақ жұмыстардың орындалу тәртібі мен графигі ГОСТ 34.602-89 талаптарына сәйкес Тараптардың сенім көрсетілген өкілдерімен қол қойылған жобалық құжаттамаға толықтырулар түрінде рәсімделуі керек және Келісім Тараптарының келісуі бойынша енгізілуі мүмкін.

Өзгерістерді енгізу туралы ресми жазбаша сұраныс үрдістің негізгі құжаты болып табылады. Кез-келген өзгерістер осындай сұранысты қозғаған барлық Тараптар арасында рәсімдегеннен, оны талқылау мен келісуден кейін ғана орындалады.

бірлесіп орындаушының (қосалқы мердігер) жұмыстарына әсер ететін өзгерістер осы қосалқы мердігердің өзгеріс енгізу үрдістерін бастамалауы керек. Орындаушының өкілетті өкілі осы қосалқы мердігерден осындай өзгерістердің әсер етуіне баға алуы керек және жобаның барлық қатысушылары арасында өзгерістер енгізу жолдарын келісулері керек.

1.6.2. Өзгерістер инициациясы

Тапсырыс берушіден өзгерістерді енгізу туралы сұранысы Тапсырыс берушінің өзімен толтырылады және жобаны орындауға өзгерістердің әсер етуін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын және осындай сұранысты алғандығы туралы өзгерістерді тіркеу арнайы журналында тіркейтін Орындаушының өкілетті өкіліне беріледі.

Орындаушы өзгерістің бастамашысы болған жағдайда, осындай сұраныс Орындаушының өкілетті өкілімен толтырылады және жобаның орындалуына өзгерістердің әсер етуін алдын ала бағалау мен осындай өзгерістерді енгізу қажеттігін дәлелдеумен қоса Тапсырыс берушіге жолданады. Бұл үрдіс ұсынылған өзгерістер Орындаушының шарттық міндеттерін қозғаған жағдайда ғана басталады.

Сәйкес өзгерістерді енгізу туралы шартқа келісіп, қол қойғанға дейін бекітілген бастапқы тәртіп пен жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес Тараптар қызметтерін жалғастырады.

1.6.3. Өзгерістерді бағалау

Өзгерістердің әсер етуін бағалау сұранысты бергеннен кейін Орындаушымен мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалады және Тапсырыс берушіге өзгерістер туралы ұсыныстарды берумен аяқталады, онда көрсетіледі:

қабылдау шарттары мен әкелінетін құрамдастарға, жалпы шешімге ықпал ету;

жобаны орындау графигіне ықпал ету;

төлем графигі (төлемдерді түзету) мен құнына ықпал ету;

қорларға (қолданулы немесе қосымша) ықпал ету;

Келісімге қосымша жасау қажеттілігі.

1.6.4. Өзгерістерді бекіту, орындау мен қабылдау, келіспеушілікті шешу

Өзгерістер туралы ұсыныстарды алғаннан кейін Тараптар ұсыныстарда көрсетілген және өзгерістерді енгізуге қатысты барлық сұрақтарды мақұлдаулары және өзгерістерді енгізу туралы келісімге қол қоюлары керек.

Егер Тараптар өзгерістерді енгізуге қатысты сұрақтар бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, өзгерістер жүзеге аспайды.

Өзгерістерді енгізу тәртібін мақұлдау аяқталғаннан соң қажетті құжаттаманы рәсімдеу жүргізіледі. Содан кейін өзгерістер жоба құрамында орындалады және қабылданады. Өзгерістерді енгізу үрдісін орындау кезінде пайда болатын барлық келіспеушіліктер Келісім ережелеріне сәйкес шешіледі.



1.7. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құжаттары, сондай-ақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасы ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін нормативті-құқықтық құжаттар болып табылады.

ТМД БЕАЖ-ды жасауға тендерлерді (сайыстар, аукциондар) дайындау кезінде Тапсырыс беруші нормативті-құқықтық құжаттар тізімін ұсынады.

Техникалық тапсырыс мәтіні бойынша берілген немесе айтылған нормативтік құқықтық актілер өзгерген немесе күші жойылған деп танылған жағдайда, күші жойылған деп танылғанның орнына өзгертілген немесе қайта шығарылған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

1.8. Жобалау мен жасау бойынша жұмыстардың орындалуы үшін негіздеме

Осы ТТ-да алдын ала қарастырылған ТМД БЕАЖ-ды жобалау мен жасау бойынша жұмыстардың орындалуы үшін Келісім негіздеме болып табылады.



2.ТМД БЕАЖ-ДЫҢ АНЫҚТАЛУЫ, АРНАЛУЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

2.1. Анықталуы

ТМД БЕАЖ қолданушыларға жеке тұлғалар туралы нақты ақпаратты алуды, жинақтауды, өндеуді, сақтауды қамтамасыз ететін арнайы мемлекетаралық автоматтандырылған жүйені құрайды.



2.2. Арналуы

ТМД БЕАЖ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың орын ауыстыруына қатысты деректерді жинау, сақтау, өңдеуді, ынталы қолданушылардың ақпараттық қорларға қол жетімділікті, сондай-ақ оларға ҮМА мен АЖА туралы мәліметтерді (деректерді) беруді, қазіргі заманғы ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар негізінде іздестіру-аналитикалық сұраныстарды, еркін аналитикалық және стандартты статистикалық есептер мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі керек.


2.3. ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттары мен міндеттері

ТМД БЕАЖ-ды құру мақсаттары болып табылады:

ТМД БЕАЖ туралы Келісімге қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағы бойынша ҮМА мен АЖА-ның орын ауыстыруын бақылау саласында ұйымдық-басқару шешімдерді дайындау мен қабылдау мүддесінде мемлекетаралық ақпараттық алмасудың сапасын көтеру;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытылы есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау, өңдеу, сақтау, беру мен қолдану деректерді есепке алудың бірегей тізімі негізінде жүзеге асыру.

ТМД БЕАЖ-да келесі тапсырмалар шешілуі керек:

ТМД БЕАЖ-да сақталатын деректерді құру мен құрамын ұлғайту мүмкіндігі және оларды алу жылдамдығын арттыру;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ арасында мемлекетаралық ақпараттық алмасуды автоматтандыру;

шетел азаматтарының ұлттық заңнама талаптарын орындауына бақылау мен қадағалау жасау үшін жағдай туғызу, жасырын көші-қон фактілерін анықтау;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ мемлекетаралық ақпараттық қорлардан үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді талдап қорыту;

іздестіруде жүрген азаматтарды анықтауға көмектесу.



2.4. Автоматтандыру объектісіне сипаттама

Достастыққа қатысушы мемлекеттер территорияларында терроризмге, ұлтқа қарсы қылмыстылық, заңсыз көші-қон мен қауіпсіздікке, өзге қоқан-лоққылық пен қауіп-қатерлерге қарсы біріккен күрес тиімділігін арттыру, Достастыққа қатысушы мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қатысушы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мүдделі ұйымдары, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдардың мекендеу регламентін сақтау, оларды есепке алу, келу және кетуді бақылау бойынша құрылымдық бөлімшелердің біріккен қызметі автоматтандыру объектісі болып табылады.

Жасалып жатқан жүйеде негізгі мүдделі ұйымдар болып мына ұйымдар табылады:

шекаралық бақылау;

ішкі істер, иммиграциялық/көші-қон және паспорттық-визалық бақылау;

кедендік және көліктік бақылау;

баска құзыретті ұйымдар.

3. ТМД БЕАЖ-ҒА ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

3.1. Жалпы талаптар

3.1.1. ТМД БЕАЖ-ды жоспарлау және жүзеге асыру келесі талаптарды ескере отырып, автоматтандырылған жүйеде жүргізілуі керек:



ауқымдылық – бір міндеттерді орындайтын функционалдық блоктарда сандарды арттыру жолымен ТМД БЕАЖ-дың функционалдық мүмкіндіктерін ұлғайту қабілеттілігі;

айқындылық – арттыруды жеңілдететін және өзара әсерлесуді қамтамасыз ететін бірегейлендірілген шешімдерді;

жеткіліктілік – ТМД БЕАЖ құрамдастары дамуының тәуелсіздігі мен міндеттерінің аяқталуының іске асуы;

сенімділік – пайдалану кезінде белгіленген жағдайларда өз міндеттерін орындау мүмкіншілігі;

бейімділік – пайдалану кезінде өзгеріс болған жағдайларда өз міндеттерін орындау мүмкіншілігі;

үйлестірімділік – типтік жобалық шешімдерді пайдалану, ҰӨҰ кез-келген аймақтық бөлімшеде шешімдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

үнемділік – жасау, пайдалану және жанамалау құнына белгіленген шектеу қою кезінде қажетті міндеттерімен қамтамасыз ету;

қауіпсіздік – рұқсат етілмеген кіріп көру талпынысына қарсы тұру мүмкіндігі, жаңылыс, апат, қасірет нәтижесінде деректерді жоғалтудан қорғаныш.
3.1.2. ТМД БЕАЖ-дың негізгі архитектурасы ретінде көп деңгейлі схема бойынша құрамдас бөліктің құрылысы қолданылуы керек.

3.1.3. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерін жасау кезінде жүйенің ықпалдасу үрдістері мен оның негізгі құрамының өзара іс-қимылы қарастырылуы керек.

Паспорттары ұрланған (жоғалған) және мемлекетаралық пен халықаралық ізденісте жүрген тұлғалар туралы ақпараттық деректер қорымен ТМД БЕАЖ байланыста болуы керек.

3.1.4. Бағдарламалық жасақтама кешендері арнайы бөлінген техникалық құралдар мен ақпараттық-есептеу үрдістерін басқарудың бірегей жүйесі шеңберінде қызмет етуі керек.

3.1.5. АЖО кешендері бірегейлендірілген тәсілді құру қағидасынан шыға отырып жасалуы керек.

3.1.6. ТМД БЕАЖ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы және жасалып жатқан ұлттық ақпараттық жүйелері негізінде құрылады.

3.1.7. ТМД БЕАЖ-ды құрудың алғашқы кезеңдерінде бірегей есепке алудың ұлттық жүйелері (сегменттері) – тілшілер (абоненттер), деректерді есепке алудың ведомстволық, ведомствоаралық, территориалдық, аймақтық, ұлттық банкілері (массивтері) немесе оларды жүргізу ұйымдары құрылымдық автономдық блоктар ретінде қызмет етеді. Осы блоктардың ішкі құрамдастары арасындағы байланыс пен өзара іс-қимыл мемлекет ішіндегі жергілікті тораптардың құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендерімен қамтамасыз етіледі. Есепке алу ақпаратының сыртқы қолданушыларының өзара іс-қимылы дәстүрлі байланыс құралдарын (сымдық, радио, радиорелелік, көшірмелік және т.б.) қолданумен іске асады.

ТМД БЕАЖ-дың құрамын, құрылымын, құрылыс негіздерін, регламентін, қызмет көрсету мен қаржыландыру тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық қорды қалыптастыру шамасы бойынша деректерді есепке алудың бөлінген банктері шеңберінде оны құраушылардың бірігуі жүзеге асады. Есепке алу ақпараттарын қолданушы субъекттер мен деректерді есепке алу банкінің орталық торабының ұлттық тораптармен (сегменттермен) ақпараттық-коммуникациялық ұштасу жүргізіледі. Ұштасу мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық телекоммуникациялық жүйелерді қолданумен жүргізіледі.

3.1.8. ТМД БЕАЖ және оны құраушылар қолда бар ақпараттық, бағдарламалық-техникалық, телекоммуникациялық және кадрлық қорларды, сондай-ақ деректермен алмасу үрдістерін ақпараттандыру мен автоматтандыру саласында қазіргі замаңғы жетістіктерді қолдану мүмкіндіктері есебімен, типтік жобалық пен техникалық шешімдерді қолдану негізінде жасалады немесе жетілдіріледі.

3.1.9. ТМД БЕАЖ-ды қалыптастыру стандартталған техникалық пен бағдарламалық құралдарын (кешендерін), сондай-ақ ішкі алмасу және сыртқы ортамен өзара іс-қимыл үшін стандартты хаттама мен регламенттер, бірегей формат пен есепке алу деректерінің жіктеуіштерін қолданумен бірыңғайланған ақпараттық қорларды (ресурстерді) қолдану негізінде жүзеге асады.

3.1.10. ТМД БЕАЖ-дың арнайы аппараттық-бағдарламалық жасақтамасы қолданудың нақты шарттарына икемді реттеу мүмкіндігімен технологиялық өзара байланысқан модуль (массивтер, деректер қоры, пакеттер, электрондық кестелер, файлдар) ретінде жасалады. Бұл ретте деректерді есепке алудың бір жолғы алғашқы енгізілуі, олардың спецификацияларын үйлестіру және өңдеу кешенділігі қамтамасыз етіледі.

3.1.11. Мемлекеттік шекара арқылы өту пунктінде автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық-техникалық кешендерінің типтік жобаларын жасау кезінде тұлғаны куәландыратын, машинамен оқылатын құжаттар көмегімен тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі белгілердің біреуі бола алады.

3.1.12.  ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде деректерді есепке алудың негізгі дерек көздері немесе тілшілері болып абоненттік орындар мен пункттер бола алады:

шекаралық бақылау ұйымдары (паспорттық-визалық мәліметтер, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы мағлұматтар);

кедендік және көліктік бақылау ұйымдары (жүру маршруттары, келу және кету туралы мағлұматтар);

ішкі істер ұйымдары, көші-қон/иммиграциялық және паспорттық-визалық бақылау (берілген (ұзартылған) визалар, шақырулар, сондай-ақ территорияларда мекендеу регламентінің өзгеруі мен көші-қон заңнамасына қарсы іске асқан бұзушылықтар туралы мәліметтер);

сыртқы істер мен қауіпсіздік ұйымдары (берілген (ұзартылған) визалар мен шакырулар туралы мәліметтер);

өзге білікті ұйымдар.



3.2. ТМД БЕАЖ шектерін анықтауға талаптар

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасында орындалатын жұмыстардың құнына әсер ету мен жүйенің шекаралық сегменттерінің қызмет жасау және жұмысқа қабілеттілігіне жауапты аймақты анықтауға қатысты бөлімде жүйені қолданушылардың автоматтандырылған жұмыс орындары мен ұлттық ақпараттық жүйелердің болуына байланысты ТМД БЕАЖ шектерін анықтауға талаптар жасалуы керек.



3.3. Жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу жүйесі ретінде ТМД БЕАЖ-ға талаптар

ТМД БЕАЖ түпкі ойы бойынша жеке тұлғаларға қатысты оқиғалар мен фактілер, оның дербес деректерді өңдеу жүйелеріне оны жатқызатын жеке тұлғалар туралы деректерді есепке алу жүйесі болып табылады Дербес деректерді өңдеу категориясын, қорғаныш дәрежесін, осындай анықтау1 үрдістерін анықтайтын талаптар ТМД БЕАЖ-ды жасаудың техникалық жобасында жасалуы керек.



3.4. ТМД БЕАЖ-дың тағайындалу көрсеткіштері

Тағайындалу көрсеткіштері ретінде жүйенің өз тағайындалуына сәйкестігін сипаттайтын келесі шамалар қолданылады:

бұл енгізілетін ауытқулар осы ТТ талаптарына қайшы келмесе және түбегейлі өзгерістер болып табылмау шарттары орындалған жағдайда, ұжымдық-функционалдық құрылымда өзгерістерге тәуелсіз барлық құрамдас бөліктерінің қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ-ға арналған құжаттамада жазылған, іске қосудың барлық мерзімінде шарттар мен регламенттерді орындау кезінде аппараттық-бағдарламалық құрал-жабдықтардың штаттық жұмысының архитектуралық және жобалық шешімдерін қамтамасыз ету.



3.5. ТМД БЕАЖ құрылымына талаптар

3.5.1. ТМД БЕАЖ технологиялық ішкі жүйелер кешенінің құрамына мыналар енуі тиіс:

деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі;

деректерді кепілдікпен жеткізу ішкі жүйесі;

деректермен алмасу ішкі жүйесі;

нормативті-анықтамалық ақпараттарды енгізудің ішкі жүйесі (НАА);

ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйесі және іздеу-аналитикалық сұраныстарды орындау;

деректерді сақтау ішкі жүйесі;

деректердің резервтік көшірме мен қалпына келтіру ішкі жүйесі;

мемлекетаралық электрондық пошта ішкі жүйесі;

мониторинг пен басқару ішкі жүйесі;

ОДҚ қолданушылардың өтінімдеріне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі;

қолданушылардың бірегей тізбесін енгізудің ішкі жүйесі;

қолданушыларға әкімшілік ету мен қолданушылардың әрекеттерін тексеру;

электрондық цифрлік қолтаңба енгізу ішкі жүйесі (ЭЦҚ);

ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ объектілерінде пайдаланушы қызметкерлердің және қолданушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының жинағы;

ТМД БЕАЖ объектілерінде кабельдік жүйелердің құрылымдық жинақтары.

3.5.2. Техникалық жобалау сатысында ішкі жүйелер құрамын нақтылау, бір ішкі жүйе шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі ішкі жүйелер арасында ішкі жүйелердің қызметінің қайта бөлінуі рұқсат етіледі.



3.6. Қызмет атқарымына талаптар

ТМД БЕАЖ келесі режимде қызмет атқарымын қамтамасыз ету керек:



штатты режим – ТМД БЕАЖ барлық ішкі жүйелерінің қызмет атқару режимі;

автономдық режим – ақпараттық немесе телекоммуникациялық өзара іс-қимылдың бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда автономдық қызмет көрсету қамтамасыз етілуі тиіс;

сервистік режим – бұл режимге жаңарту мен қайта үйлесімдеу, техникалық қамтамасыз етуді жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктер мен ішкі жүйелер көшіріледі. Сервистік режим ТМД БЕАЖ жұмысының режимдері мен негізгі сервистердің қызметін жалғастыруға қажетті айрықша қиын қызметінің іске асуын қамтамасыз етуі тиіс.

3.7. Сенімділікке талаптар

3.7.1. ТМД БЕАД-ды құру, бағдарламалық-аппараттық құрамдастардың таңдалуы туралы шешімдер, болуы мүмкін келесі тоқтап қалу тізімін ескерулері керек:

ЖЕТ/ДБТ тораптық инфрақұрылым элементтерінің істен шығуы;

дара серверлердің толық немесе жартылай істен шығуы;

дискілік массивтің толық немесе жартылай істен шығуы;

консольдер мен өзге басқару құралдарының істен шығуы;

резервтік көшірме жасау құрал-жабдығының істен шығуы;

бағдарламалық құралдар жұмысының бұзылуы;

деректерді сақтау торабының активті немесе пассивті құрамдастарының істен шығуы;

жүйеде сақталатын ақпараттардың қисынды біртұтастығының бұзылуы (шалыс).

3.7.2. ТМД БЕАЖ ішкі жүйесінің қызмет көрсету техникалық қамтамасыз етуіне сенімділігі техникалық жобалау кезеңінде іске асады және мына жағдайларды қарастыруы керек:

ТМД БЕАЖ-ды пайдаланудың барлық мерзімінде қызмет көрсету мүмкіндігінің сақталуы;

сенімділіктің қажетті деңгейіне жету үшін ТМД БЕАЖ-дың аса маңызды құрамдастары мен деректерінің резервіленуі;

құрамдас бөлшектердің артығымен болуы және оларды тез арада ауыстыруға мүмкіндік болатын техникалық құралдарды қолдану;

тораптың және өзге құрал-жабдықтардың есептеу қуатын резервілеу;

оның техникалық элементтерінің (ауыстырмалы блоктар мен модульдер) әртүрлі тоқтап қалуларға төзімділігі;

тоқтап қалуға төзімділікті қамтамасыз ететін арнайы БЖ қолдану және қолданылатын құралдарды үйлесімдеу;

электр қуатын өшіру, соның ішінде кенет өшіру кезінде ақпараттың сақталуы;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелер деректерін резервтік көшіру, құрал-жабдықтың шалысуы мен тоқтап қалу, диагностілеу және жұмысты бастар алдында құралдарға сынақ өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету .

3.7.3. ДҚБЖ серверлері мен ТМД БЕАЖ БАК серверлік құрамдастарының құрылымы мен топологиясы ТМД БЕАЖ қолданушыларына ақпараттық қызмет көрсету кезінде тоқтап қалудың бірегей нүктелерінің болмау ұстанымымен анықталуы тиіс.

3.7.4. ТМД БЕАЖ-дың аппараттық-бағдарламалық кешендерінің сенімділігі тұтастай жүйе тапсырмаларының орындалуын екі күннен артық емес бір рет тоқтап қалу уақытын қамтамасыз етуі керек.

3.7.5. Белсенді тораптық құрал-жабдықтың сенімділігі шұғыл жөндеу мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін екі күннен артық емес мерзімді қамтамасыз етуі тиіс.

3.7.6.  Шұғыл жөндеу мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін екі күннен артық емес мерзімді ДҚБЖ серверлерінің сенімділігі қамтамасыз етуі тиіс.

3.7.7.  Ұйымдық және техникалық шаралар кешендерін қолдану арқылы ТМД БЕАЖ қызмет көрсету сенімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.

3.7.8. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелердің қызмет көрсету сенімділігін ұжымдық қамтамасыз ету жетуі керек:

іске қосудың регламенттелген режимін, ТМД БЕАЖ-ды іске қосу үрдістері мен тәртіптерін анықтайтын нормативті-технологиялық құжаттартарды жасау;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерін іске қосуды жүргізетін қажетті мамандыққа мамандарды дайындау.

3.8. ТМД БЕАЖ қолданушылары мен қызметкерлерінің біліктілігіне, сондай-ақ олардың жұмыс тәртібіне талаптар

3.8.1. ТМД БЕАЖ қолданушыларының біліктілігі пәндік саладағы білім деңгейінің ағымдағы талаптарына сай болуы және арнаулы компьютер мен жұмыс істеуге қажетті дағдыларды енгізу керек.

3.8.2. ТМД БЕАЖ жасау туралы жүйелік-техникалық шешімдер «инженер» дәрежесінен төмен емес дәреже бойынша пайдаланушы қызметкерлердің дайындығын ескере отырып таңдалуы керек.

3.8.3. Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында Келісіммен бекітілген, спецификация көлемінде пайдаланушы қызметкерлерді оқыту үшін бағдарлама жасалуы және үйлестірілуі керек. Орындаушымен үйлестірілген оқыту бағдарламасына сәйкес, ТМД БЕАЖ пайдалану кезеңіне дейін Тапсырыс беруші қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етеді..

3.8.4. Оқыту бағдарламасы қызметкерлердің дайындығын келесі бағыттар бойынша жүргізулері керек:

ТМД БЕАЖ АБЖ мен арналуы бойынша қолданбалы ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйені қолдану;

Қолданбалы ішкі жүйеде әкімшілдік ету мен икемдеу;

ТМД БЕАЖ-да қолданылатын есептеу және телекоммуникациялық техникада қызмет көрсету;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерде әкімшілік ету.

3.9. Пайдаланушы қызметкерлер жұмысының қауіпсіздігіне талаптар

3.9.1. ТМД БЕАЖ-да қолданылатын құрал-жабдықтар, пайдаланушымен осы құрал-жабдықтың қолдану тәртібін сақтаған жағдайда, оның қолдануын және жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

3.9.2. ТМД БЕАЖ аппараттық-бағдарламалық құралдардың құрылымы ГОСТ 12.2.003 пен ГОСТ 12.2.007 талаптарына сәйкес пайдаланушы қызметкерлердің электр тоғынан зардап шегуінен қорғау керек. ТМД БЕАЖ құрал-жабдығының электр тоғына қосылуы «Электр орнату құрылғыларына ережелер» талаптарына сәйкес орындалуы керек.

3.9.3. ТМД БЕАЖ құрал-жабдығын пайдалануға теориялық және тәжірибелік дайындығы жеткілікті қызметкерлер жіберілуі керек. Пайдалану құжаттамасында техникалық қызмет көрсету мен пайдалану кезінде қауіпсіздік бойынша нұсқаулар болуы керек.

3.9.4. Жұмыс орнында құрал-жабдықтардың орналасуы оның қауіпсіздік қызмет көрсетуі мен пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.

3.10. Эргономика мен техникалық эстетикаға талаптар

3.10.1. Конструкторлық және әрлендірушілік шешімдер эргономика мен техникалық эстетиканың талаптарына, ГОСТ 12.2.032-78, ГОСТ 12.2.033-78, ГОСТ 22614-77, ГОСТ 21786-76, сондай-ақ ГОСТ 24750-81 бойынша эргономикалық талаптарға сай болуы керек.

3.10.2. Эргономикалық шешімдер ТМД БЕАЖ-дың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен пайдалану ыңғайлығын қамтамасыз етуі керек.

3.10.3. Қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары СанПиН 2.2.2-2.4.1340-03 сәйкес болуы тиіс.

3.10.4. климаттық жағдайлары құрал-жабдықты өндірушілердің кеңестеріне сай қоршаған орта шамалары талаптарына сәйкес болуы керек.

3.11. Пайдалануға талаптар

3.11.1. ТМД БЕАЖ-дың негізгі ішкі жүйелері техникалық қызмет көрсетудің максималды автоматтандырылуы мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету есебімен жасалуы керек. ТМД БЕАЖ-да қолданылатын шешімдер, Тапсырыс берушіге қызмет етуші жұмыскерлердің дайындығын ұйымдастыру мүмкіндігі үшін мақұлданған технологияларға негізделуі тиіс.

3.11.2. Құрал-жабдық оның негізгі құрамдас бөліктерінің үзіліссіз (тәулік бойы) қызмет ету есебімен таңдалуы керек.

3.12. Апат жағдайында ақпараттардың сақталуына талаптар

3.12.1. Электр көзі параметрлерінің белгіленген мөлшерден шығуы немесе үзілістен туындаған штат жұмысының бұзылуы, белсенді тораптық құралдар мен есептегіш серверлердің кенеттен істен шығуына әкеліп соқтырмауы керек. Осы жағдайда электр көзі мен үздіксіз қоректендіру көзінде жұмыс уақытының ұзақтығын күту мәселелері туралы хабарды, пайдаланушы қызметкерлердің алу мүмкіндігі кепілді болу керек.

3.12.2. ТМД БЕАЖ-да резервтік көшірме жолымен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін және олардың апат жағдайында қалпына келтіру бойынша құралдар болу керек, сондай-ақ осындай құралдарды толықтыратын (ауыстыратын) үрдістер регламенті сипатталуы керек.

3.12.3. ТМД БЕАЖ-да келесі оқиғалардың орын алуы кезінде ақпараттардың сақталуы қамтамасыз етілуі керек:

ТМД БЕАЖ БАК серверлік құрамдастардың тоқтап қалуы (кластерлік нұсқалар үшін);

активті тораптық құралдар мен серверлерде ұзақ уақыт электр тоғының болмауы;

ақпаратты өңдеу технологиялық тізбегінің ажырауы.

3.13. Стандарттау мен бірыңғайлануға талаптар

3.13.1. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелері жүйенің функционалдық тапсырмаларын іске асыратын стандартты бірыңғайланған әдістерін қолдануы керек:

қазіргі заман транспорт хаттамаларын ұстау: TCP/IP;

әбден тараған құжаттар форматтарын ұстау: HTML, XML және т.б.;

жүйенің сенімділігі мен тоқтап қалу тұрақтылығын арттыру саласында қолдану;

ҰӨҰ ақпараттық инфрақұрылыммен өзара байланыстағы кластерлі шешімдерді қолдану;

ақпаратқа бөлінген рұқсаттаманы ұстау;

әртүрлі аппараттық платформада қызмет ету мүмкіндігі.

3.13.2. ТМД БЕАЖ элементтерінің құрылысы туралы барлық шешімдер бірыңғайлануы тиіс. Бірыңғайлану ішкі жүйелердің бағдарламалық және аппараттық жасақтамасын таңдау кезінде қамтамасыз болуы керек.

3.13.3. ТМД БЕАЖ-ды жасау үрдісінде автоматтандырылған жүйелерді құруға мақұлданған өнеркәсіптік технологиялар қолдануы керек. Құрал-жабдықтың конструкциялық орындалуы, дербес модульдерді ауыстыру мен жаңарту, сондай-ақ жаңа модульдерді қолдану есебінен функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды қарастыратын модульдік құрылымнан артық болуы керек.

3.13.4. ТМД БЕАЖ-ды құру үрдісінде іздестіру-аналитикалық сұраныстары орындалатын ішкі жүйеде есеп беру құжаттарының бірыңғайланған форматы мен іздестіру сұраныстарын бекіту қажет. Жүйемен қалыптастырылатын есептік құжаттарында әрбір есеп түріне берілетін бірыңғайланған мазмұн мен түрі болуы керек.

3.13.5. ТМД БЕАЖ құрама есеп беруді жасау мақсатында өзге ішкі жүйелерге формаларды экспорттау мен импорттау мүмкіндігіне ие болуы, есеп беру формаларының бірыңғайланған форматын ұстап тұруы керек.

3.13.6. Ұлттық типтік анықтамалық пен жіктеуіштер негізінде ТМД БЕАЖ-да қолданылатын анықтамалық пен жіктеуіштердің бірегей жүйесін дайындау керек.

3.13.7. ТМД БЕАЖ және оның ішкі жүйелерінің іске асуы жобалаудың бірегей жүйесін қолданумен жасалуы тиіс. Қолданылатын шешімдер функционалды тапсырмалар, операциялар мен интерфейстердің бірыңғайлануын қамтамасыз етуі тиіс.

3.13.8. Типтік жобалық шешімдер жасалатын БАК-ты тираждауды жүйе құрамдастарының құрамы мен икемдеуді өзгерту жолымен қосымша жобалаусыз қамтамасыз етуі керек. Жеке типтік жобалық шешімдерге талаптар техникалық жобалау сатысында нақтылануы керек және Тапсырыс берушімен хаттамамен келісілуі керек.

3.13.9. Деректер қорын басқару жүйесі ретінде, жүйенің функционалдық міндеттерін шешу шеңберінде барлық деректер қорына бірегей типтік ДҚБЖ қолдануы керек.

Базалықтан өзге ДҚБЖ-ны қолдану ерекше алдын-ала келісілген жағдайда рұқсат етіледі және Тапсырыс берушімен хаттама арқылы келісілуі қажет.

3.13.10. Серверлердің операциялық жүйесі ретінде сондай бірегей типтік операциялық жүйе қолдануы керек.

3.13.11. Сақталатын және берілетін ақпараттың құрамы мен көлемін жүйені жүзеге асыруды енгізу сатысында анықталады және Тапсырыс берушінің хаттамасымен келісіледі.

3.13.12. ІІБ БАТТ қолданушыларына ТМД БЕАЖ-бен штатты тәртіпте өзара әсерлесу мүмкіндігі берілуі керек.

3.14. Патент тазалығына талаптар

3.14.1. ТМД БЕАЖ-ды құру жобалық шешімдер жүйені құруға қатысушылардың келісілген шешімдеріне сәйкес патент тазалығы мен жүйені құруды регламенттейтін реттеуші құжаттар талаптарына жауап беруі керек.

3.14.2. ТМД БЕАЖ лицензиялық-бағдарламалық өнімдерді қолданумен жасалуы керек.

3.14.3. ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерінде авторлық құқықтардың бұзылуын болдырмайтын бағдарламалық жасақтаманың ортақ және арнайы жиынтығы қолдануы керек. Лицензиялаудың тәртібі мен шарттары бағдарламалық өнімдерді өндірушілердің лицензиялық келісім шарттарымен анықталады.

3.14.4. Патенттік тазалық талаптарының нақтылануы жүйенің құрамын жасау үшін жүргізілетін жұмыс Келісім шартта көрсетілуі керек. Осы жағдайда әзірлеушілер бағдарламалық жасақтаманы жасау үшін қолданатын аспаптар, ДҚБЖ және үшінші Тараптардың өзге бағдарламалық өнімдеріне лицензияның бар болуы туралы мағлұматтарды келтірулері керек.

3.14.5. Өз еңбектерін қолданған жағдайда ақыл-ой меншігі мен авторлық құқықтарды иеленуге құжаттық куәліктердің бар екендігін көрсету қажет.



3.15. Заңсыз қол жетімділіктен ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке талаптар

ТМД БЕАЖ-дың барлық ішкі жүйелері мен құрамдастарына, барлық жүйеге толығымен ақпараттық қауіпсіздік пен заңсыз қол жетімділіктен ақпаратты қорғауға талаптар ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесінің Жеке техникалық тапсырмасында көрсетілуі керек.


4. ТМД БЕАЖ ІШКІ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН КЕШЕНДЕРІНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАЛАПТАР

4.1. Деректерді өңдеу және жинақтау ішкі жүйесіне талаптар

4.1.1. ТМД БЕАЖ деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі, жүргізілетін есеп мәліметтерін жинауды автоматтандыру (шоғырландыру), іздестіру сұраныстарының іске асу амалдарының жиынтығын құрайды.

4.1.2. ТМД БЕАЖ арналымына сәйкес, объектілер мен оқиғалар бойынша есеп жүргізуді деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі қамтамасыз етуі тиіс.

4.1.3. Деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі, азаматтарды құжаттандырудың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін, жасалған және келісілген форматты-қисынды бақылау ережелерін ұстанып, деректерді есепке алудың бірегей тізіміне сәйкес ТМД БЕАЖ-ға ақпараттың енуін қамтамасыз етуі тиіс.

4.1.4. Деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі жаңа ақпараттың қосылуын, бұрын енгізілген ақпаратты (жазбаны) жою туралы белгі орнату керек. Деректердің әрбір түзетілуі мен деректердің әрбір жойылуы ДҚ-ға тек қана жаңа жазбалар енгізу және ДҚ-ның ескі жазбаларын жоюсыз, нақты еместігін хабарлау жолымен жүргізілуі тиіс.

4.1.5. ТМД БЕАЖ-да деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесімен қамтамасыз етілген деректердің барлық іс-қимылы ЭЦҚ-ны қолданумен жүргізілуі керек.



4.2. Деректерді кепілді жеткізу ішкі жүйесіне талаптар

ТМД БЕАЖ деректерін кепілді жеткізу ішкі жүйесі, ТМД БЕАЖ ДҚ-ға деректерді кепілді жеткізуге мүмкіндік беретін автоматтандыру әдістерінің жиынтығын, сондай-ақ іздестіру сұраныстарында деректердің толықтығы, тұтастығы мен қарама-қайшы еместігі сақтала отырып орындалатын сұраныстар мен нәтижелерді құрайды.



4.3. Деректермен алмасу ішкі жүйесіне талаптар

ТМД БЕАЖ деректермен алмасу ішкі жүйесі, деректердің толықтығы, тұтастығы мен қарама-қайшы еместігі сақтала отырып, белгіленген регламенттерді қолданып, белгіленген форматта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ АЖ мен ТМД БЕАЖ арасында деректермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандыру амалдардың жиынтығын құрайды.



4.4. Нормативті-анықтамалық ақпаратты енгізу ішкі жүйесіне талаптар

4.4.1. Нормативті-анықтамалық ақпаратты (НАА) енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ деректер қорының тұрақтануын қамтамасыз ететін сөздіктер, анықтамалар мен жіктеуіштер енгізуді (өңдеу және тираждау) автоматтандыру амалдарының жиынтығын құрайды.

4.4.2. Нормативті-анықтамалық ақпаратты (НАА) енгізу ішкі жүйесі деректерді үйлесімдеу (қарама-қайшы еместігі) және дұрыс түсіну (бір мағыналылығын түсіндіру), ақпараттың артықтығын жою, ТМД БЕАЖ ДҚ-да ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ҰӨҰ негізгі қызметінің ақиқатын дәл бейнелеу мақсатында қажетті мәліметтердің ізденісін қамтамасыз етуі тиіс.

4.4.3. НАА енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ деректер қорының сөздіктерін, анықтамалықтарын және жіктеуіштерін (жасау, жанамалау, өзектендіру, жаңарту және т.б.) басқаруды, сонымен қатар ТМД БЕАЖ-да олардың жасалуы, енгізілуі мен қолданылуы кезінде нормативті және методикалық құжаттармен қамтамасыз етуі тиіс.

НАА енгізу ішкі жүйесі сөздік, анықтамалық және жіктеуіштер құрылымы мен мазмұнында өзгерістердің уақытылы таралмауы (жеткізілмеуі) есебінен деректерді өңдеу үрдісінде қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек..

4.4.4. НАА енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ шеңберінде, сонымен қатар ТМД БЕАЖ және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ ақпараттық жүйелері арасында мүлтіксіз түзу ақпараттық алмасуды қамтамасыз етуі керек.

НАА енгізу ішкі жүйесі НАА-ны дұрыс күйде ұстау есебінен ақпаратты өңдеу жылдамдығын және ТМД БЕАЖ АБЖ қолданушыларына НАА-дағы өзгерістерді жеткізу жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.



4.5. ТМД БЕАЖ ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйесі мен іздестіру-аналитикалық сұраныстардың орындалуына талаптар

4.5.1. ТМД БЕАЖ-дың ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйесі АБЖ пәндік қызметтің ақпаратын өңдеуге арналған сатып алынатын және жасалып жатқан бағдарламалық жасақтама кешендерінен тұруы тиіс, сондай-ақ қажет болған жағдайда бағдарламалық-аппараттық құралдар кешендерін қосуы керек.

4.5.2. Ақпараттық-аналитикалық ішкі жүйе келесі негізгі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі керек:

объектілер және оқиғалар бойынша есептер жүргізу;

қолданушылар құқықтарына сәйкес, көлемде тізім бойынша орыс тілінде рәсімделген, сұраныстарды автоматты сүйеумен іздестіру-аналитикалық сұранысы бойынша анықтамалар/есептер беру;

ТМД БЕАЖ деректеріне жойылған қолданушының, соған орай жергілікті және аймақтық деңгейлерде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша жергілікті деректер банкімен ақпаратпен алмасуға қол жетімділікті қолдау (жаңа акпаратты енгізу, алдында енгізілген жазбаларды жою туралы белгі. Деректердің әрбір түзетілуі мен деректердің жойылуы тек қана жаңа жазбалар енгізу және ескі жазбаларды жоюсыз, нақты еместігін хабарлау жолымен жүргізілуі тиіс.);

арнайы жобаланған және жасалған қолданушының бірыңғайланған АЖО арқылы, пошталық жүйемен жойылған қолданушылармен жіберілетін, орыс немесе латын алфавитін қолдана отырып, тегін, атын, әкесінің атын транслитерлеу қажеттігін алып тастап, сұраныстарды пакеттік, соның ішінде тізімдер бойынша өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ ақпараттық-аналитикалық жүйелермен ұсталатын және берілетін, хаттамалар мен интерфейстер арқылы жұмыс істейтін қолданушы үшін қажет болған объектігі толық «досьені» ала отырып, ТМД БЕАЖ негізгі объектілері бойынша анықтамалық режимді қамтамасыз ету;

қолданушыға ұлттық тілде рәсімделген тізім бойынша «сигналдық» хабарламаларды беру мүмкіндігін қолдауды қамтамасыз ету;

кез-келген ерікті жиынтық бойынша немесе әртүрлі құжаттардың кез-келген реквизиттер топтары арасында өзара байланыс арқылы әмбебап іздестіруді қамтамасыз ету:



әрқайсысында үш қателікке дейін болатын тегі, аты, әкесінің аты бойынша;

белгілі мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтердің өзара байланыстығы бойынша;

іздестіру объектілерінің жалғаспалы сипаттамаларының үйлесуі бойынша (белгіленген бағыттарда, белгіленген уақыт аралығында және т.б. шекараны бірге кесіп өтті);

бағдарламалық қамтамасыз ету кешендерінің жұмысына әкімшілік ету;

сұраныс және есепке алу объектісі бойынша статистикалық мәліметтерді өңдеу;



ТМД-ға қатысушы мемлекеттерндің территорияларында үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келіп тіркелуін рәсімдеу кезінде формалдылықты жеңілдету үшін мәліметтерді беру;

ТМД БЕАЖ-да сақталатын деректер массивінде аналитикалық қызметтің өту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ деректер құрылымының қисынды тұтастығын тексеру.

4.5.3. Бағдарламалық жасақтама кешендерін жасау мен жаңарту бірегей жүйелік-техникалық платформада жасалып жатқан жаңа буынның паспорттық-визалық құжаттарын жасау, рәсімдеу мен бақылау ұлттық жүйелермен бірлесе жасалатын, сондай-ақ ҰӨҰ ұқсас тапсырмалар шешімдерінің өзгешелігін ескере отырып және ұстанымның бірегейлігін есепке алумен жүзеге асуы керек.

4.5.4. Бағдарламалық-аппараттық құралдар қолданбалы ақпараттық жасақтамада 500 қолданушыдан кем емес бір уақытта жұмысты және кез-келген параметрлерін теру барысында іздестіру сұраныстарының орындалуы 30 секундтан артық емес, ал аналитикалық есеп 30 минуттан артық емес уақытта шектелуі керек.
4.6. ТМД БЕАЖ деректерін сақтау ішкі жүйесіне талаптар

4.6.1. ТМД БЕАЖ деректерін сақтау ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ барлық деңгей деректерін сақтауды автоматтандыру амалдарының жиынтығын құрайды.

4.6.2. Деректерді сақтау ішкі жүйесінде сақталуға тиіс қолданбалы тапсырмалар мәліметтері (ақпараттық-аналитикалық, электронды пошта және т.б.) екі класқа бөлінуі керек: оперативтік және архивтік. Архивтік деректерге айына бір реттен артық емес жолданатын деректер жатады. Барлық қалған деректер оперативтік ретінде жіктелуі керек.

4.6.3. Деректерді сақтау ішкі жүйесі екі қызметтің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

қолданбалы тапсырмалардың оперативті деректеріне уақытылы рұқсаттама беру мен сенімді сақтау. 3.7 т. көрсетілген тоқтап қалу жағдайында деректерді бұзылудан қорғау қамтамасыз етілсе сақтау сенімді болып табылады. Ішкі жүйе құрылымы жүйе толығымен жойылған жағдайда ғана деректердің қисынды бұзылуына әкеліп соқтыруы керек. Деректерге қол жетімділік уақытылы болып саналады, егер күту уакытының (time-out) өтіп кету салдарынан қолданбалы тапсырмалармен бастамаланған, енгізу-беру операцияларына қызмет көрсетуде тоқтап қалу болмаса;

қолданбалы тапсырмалардың архивті деректеріне уақытылы рұқсаттама беру мен сенімді сақтау. Оперативті деректерге қарағанда архивтік деректерге сирек жүгіну себебінен, архивтік деректерді сақтау оперативті деректерге қарағанда арзаңырақ тасымалдаушыларда жүзеге асуы керек. 3.7 т. көрсетілген тоқтап қалу жағдайында деректерді бұзылудан қорғау қамтамасыз етілсе сақтау сенімді болып табылады. Деректерге қол жетімділік уақытылы болып саналады, егер күту уакытының өтіп кету салдарынан қолданбалы тапсырмалармен бастамаланған, енгізу-беру операцияларына қызмет көрсетуде тоқтап қалу болмаса.

4.6.4. БАК-тың барлық деңгейлері үшін деректерді сақтауды автоматтандыру амалдары бір дискілік массив шеңберінде деректерді архивті және жылдам сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.

4.7. ТМД БЕАЖ деректерін қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесіне талаптар

4.7.1. ТМД БЕАЖ деректерін қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесі АЖ барлық деңгей деректерін қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасауды автоматтандырылған амалдарының жиынтығын құрайды.

4.7.2. Деректерді қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйесінің амалдары келесі кызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі керек:

қолданбалы тапсырмалардың барлық мәліметтерін көшіру мен сақтауды мәліметтерді қисынды бұзылудан немесе 3.7т. көрсетілген оқиғалардан апат кезінде қорғауды қамтамасыз ететін ленталық және дискілік тасымалдаушыларда жүзеге асуын;

деректердің біртұтастығы мен қарама-қайшы болмауын сақтай отырып, деректерді қалпына келтіруді;

апаттан кейін сақталған, жұмысқа жарамды немесе жаңа құрал-жабдықта деректердің толық қалпына келуін;

резервтік көшірме жасаудың қосымше құралдарын қосуға рұқсат етуді.

4.7.3. Деректердің резервтік көшірмесі қолданбалы тапсырмалардың жұмысы тоқтатылмай автоматты түрде және күнде іске асуын.



4.8. ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне талаптар

4.8.1. ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне келесі негізгі қызметтерді орындауы тиіс:

қолданушылардың мәселелерін шешуді, сәйкестендіруді, қадағалауды автоматтандыру;

келелі мәселелер мен оның шешімдерін қадағалау және индекстеу;

мәселелерді шешуде жиналған тәжірибеде білім қорларын ортақ қолдану мен жинақтауын;

мәселелерді шешу үшін сыртқы білім қорларымен бірігу мүмкіндігін, мәселелерді шешу үшін білім қорларын басқаруды;

сервистік қызмет көрсету жүйесінде болатын деректер негізінде кез-келген есеп беру мүмкіндігін;

сервистік қызмет көрсету мен тапсырмалардың орындалуын бақылау бойынша үрдістерді реттеудің икемді мүмкіндіктерін беру, соның ішінде техникалық қызмет көрсету үшін қабылданған ережелерге сәйкес форма, схема, жүйенің жұмысын, жауаптылық жобаларын, хабарлау ережелері мен әдістерін реттеуді;

қолданушылар мәселелерін шешу үрдісін басқару, қолданушылар сұраныстарының жиналуын, есепке алынуын және бақылауды өтуін автоматтандыру мен оларды өңдеу нәтижелерін;

сервистік қызмет операторларына web-интерфейсты қолданумен келелі мәселелер мен оларды шешу амалдары туралы жиналған ақпаратқа қол жетімділікке мүмкіндік беру;

мәселелерді шешу кезінде нұсқаулықты іздестіру үшін табиғи-тілдік интерфейс пен өздігінен үйрететін аналитикалық құралды қызметкерлер мен соңғы қолданушыларға жеткізу («жағдайдың ұқсастығы», «жиналған тәжірибе» негізінде мәселелерді шешу іздестіру мүмкіндігін қамтамасыз ету).

4.8.2. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесінің құрылымы орталықтандырылған ұстаным бойынша жасалуы керек. Ішкі жүйе құрамдастары екі деңгейде бөлінуі керек:



қолданушылық деңгей – ТМД БЕАЖ қолданушыларының жұмыс орындары бойынша бөлінеді;

ішкі жүйе серверінің деңгейі – ішкі жүйенің негізгі қызметін орындайтын БЖ орналасқан сервер деңгейі.

4.8.3. Серверлік деңгейде ішкі жүйе келесі қасиеттерге ие болуы керек:

«ұқсас жағдай» қорында шешімдерді іздеуді қамтамасыз ету;

«жиналған тәжірибе» қорында шешімдерді іздеуді қамтамасыз ету;

LDAP хаттамасын ұстап тұру;

есептер жасау сайманын икемдеуді қамтамасыз ету;

қолданушы үшін «табиғи» тілде білім қорына сұраныстарды ұстап тұру;

техникалық жобалау сатысында талап етілетін құрамы қалыптастырылуы тиіс қолданушыларды хабарландырудың әртүрлі тәсілдерін ұстап тұру;

қайтарылатын байланысты алу мақсатында қолданушылар сұрауы үшін мүмкіндіктердің болуы;

клиенттік деңгейде ашық қолданбалы бағдарламалық интерфейс(API), сондай-ақ WebAPI болуы;

қолданушылар тапсырмаларын автоматты түрде бөлу жолымен қолданушылардың қиын жағдайда жүгінуі кезінде жүйенің шалысты жеңу мен ауқымдылықты қамтамасыз ету;

қолданушының орыстандырылған интерфейсін ұстау;

СҚКІЖ-да қызмет көрсетуге өтінішті орналастыратын қолданушының сәйкестендіру амалдарын ұстау.

4.8.4. Қолданушылық деңгейде ішкі жүйе келесі қасиеттерді қамтамасыз етуі тиіс:

қолданушылардың жүйемен клиенттік қосымшалар, сондай-ақ web-интерфейсті қолдану арқылы толық функционалды жұмыс істеу мүмкіндігі. Рұқсат етілетін клиенттік қосымшалар тізімі техникалық жобалау сатысында қалыптастырылуы керек;

келелі мәселелерді дистанциялық (қалталы компьютерлер/тез әрекет жасаушы құрылғылар үшін интерфейстердің болуы) шешу үшін қызмет көрсетуші қызметкерлердің тез әрекет жасаушы құрылғылармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі.

4.8.5. Техникалық жобалау сатысында Орындаушы сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесінің қолданушысын сәйкестендіру амалдары ретінде ЭЦҚ-ны қолдану сұрақтарын қарастыруы керек.

4.8.6. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне негізгі талаптар жеке техникалық тапсырмада көрсетілген.



4.9. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесіне талаптар

4.9.1. Қолданушылардың Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі ақпараттық жүйелер қорына қол жетімді болғанда, ТМД БЕАЖ қолданушыларының тура аутентификациясының біріккен платформасын құру үшін арналған.

4.9.2. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі қолданушылардың тіркелу жазбалары, электрондық пошта адресі, телефон нөмірлері, қолданылатын компьютерлер (қолданушылардың жұмыс орындары) туралы деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс.

4.9.3. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ ұйымдық құрылымына сәйкес қолданушылар туралы ақпаратты икемді іздестіруді жүзеге асыру мақсатында: топтарда олардың мүшелігіне, ұйымдық құрылымда орнына, әртүрлі анықтауыштары (Аты-жөні, лауазымы, телефон нөмірі) ТМД БЕАЖ қолданушылары туралы ақпаратты топтастыруы керек. Сұранысқа байланысты ЕКП сервері қолданушы туралы талап етілетін ақпаратты беруі керек..

4.9.4. ТМД БЕАЖ қолданушыларының Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі қолданушылардың біріккен аутентификациясы мен жүйеде олардың алатын орындарына сәйкес жүйе қорларына (ТМД БЕАЖ АБЖ, деректер қорына, ішкі электрондық поштаға және т.б.) қолданушылардың қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

4.9.5. Қолданушылардың Бірегей тізбесін жүргізу ішкі жүйесі мына жүйелермен бірігуі керек:

ТМД БЕАЖ деректер қорларын басқару жүйелерімен;

ТМД БЕАЖ ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесімен;

ТМД БЕАЖ-дың Куәландыру орталығымен.

4.10. Қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесіне талаптар

4.10.1. қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесі қолданушыларға әкімшілік ету бөлімінде қамтамасыз ету керек:

қолданушылардың тіркелу ақпараттарын жасау (қолданушының атын, әртүрлі қолданушылар топтарына қолданушының енетінің, қолданушы паролін анықтайтын), сондай-ақ ТМД БЕАЖ қорларына (объектілеріне) – косымшаларға, функцияларға, компьютерлерге, каталогтарға, файлдарға, принтерлерге және т.б. қолданушылардың қол жетімділік құқығы мен рұқсат беруді анықтауды;

ТМД БЕАЖ қолданушыларының есепке алу жазбаларының тізімін жүргізуді;

ТМД БЕАЖ қолданушылар рөлдерінің тізімін енгізуді.

4.10.2. қолданушылар мен қолданушылар әрекеттерінің тексерісіне әкімшілік ету ішкі жүйесі қолданушылар әрекеттері бөлімінде қамтамасыз етуі тиіс:

ТМД БЕАЖ қолданушыларымен деректерді енгізу, деректерді өзгерту, деректерді жою2 деректерін тіркеуді;

деректерді пакетті түрде енгізу/шығару деректерін тіркеуді;

ТМД БЕАЖ-ға сұраныстар/пакетті түрде сұраныстармен жүгіну деректерін тіркеуді;

журналдық кестелердің толғандығы және деректерді архивтеу қажеттігі туралы ТМД БЕАЖ әкімгеріне хабарлама беруді;

журналдық кестелерді тазарту мүмкіндігін;

қолданушылар әрекеттерінің журналдағы жазбалары туралы мәліметтерін басып шығаруға жол беру мүмкіндігін;

саралауға қажетті іздестіру ақпараты үшін журналдық кестелерге сұраныстарды қалыптастыру мүмкіндігін;

журналдық кестелерге сұраныстарды қалыптастыру нәтижелерін басып шығаруға жол беру мүмкіндігін.



4.11. Электрондық цифрлік қолтаңба енгізу ішкі жүйесіне талаптар

4.11.1. Электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) енгізу ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ-да ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық құжаттарды өңдеу, сақтау және алмасуды қамтамасыз етуі керек. ТМД БЕАЖ-да ЭЦҚ-ны қолдану жүйе қолданушыларының әрекеттерінің заңды мәнділігін қамтамасыз етеді.

4.11.2. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі ЭЦҚ-ның жабық кілттерін пайдалану арқылы криптографиялық түбегейлі өзгеруді қолдануға негізделуі керек.

4.11.3. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі Куәландыру орталығы орындайтын келесі негізгі қызметтерді қолдануы керек:

қолтаңба кілттерінің сертификаттарын жасау;

ақпараттық жүйелерді қолданушыларының үндеуі бойынша электрондық цифрлік қолтаңба жабық кілтін құпияда сақтау кепілдігімен электрондық цифрлік қолтаңба кілттерін жасау;

қолтаңба кілттердің сертификат қызметін тоқтату және қайта бастау, сондай-ақ оларды жою;

қолтаңба кілттердің сертификаттарын олардың қызметі туралы ақпаратты қағаз бетінде тасымалдау және (немесе) электрондық құжат түрінде беру.

4.11.4. ЭЦҚ енгізу ішкі жүйесі қолданушылардың Бірегей тізбесін енгізу ішкі жүйесімен өзара байланыста болуы керек.
4.12. ТМД БЕАЖ мемлекетаралық электрондық пошта ішкі жүйесіне талаптар

4.12.1. ТМД БЕАЖ мемлекетаралық электрондық пошта ішкі жүйесі (пошталық жүйе) ТМД БЕАЖ қолданушылары арасында электрондық хабарламалармен алмасуды ұйымдастыруға арналған және SMTP хаттамасы бойынша пошталық трафикті (хабарлама ағымын) өңдеу мен өту желісін қамтамасыз етуі тиіс.

4.12.2. . ТМД БЕАЖ мемлекетаралық электрондық пошта ішкі жүйесінің архитектурасы орталықтандырылған ұстаным бойынша жасалуы керек, құрамдастары екі деңгей бойынша бөлінуі керек:

қолданушылық – ТМД БЕАЖ қолданушыларының жұмыс орындары бойынша бөлінеді;

пошталық қызмет серверінің деңгейі – ТМД БЕАЖ орталық сегментінде пошталық сервер мен пошталық сақтау қорына бөлінеді.

4.12.3. Мемлекетаралық электрондық пошта ішкі жүйесі қолданушылық деңгейде қамтамасыз етуі тиіс:

РОРЗ немесе IMAP4 хаттамасы бойынша хабарламаларды қабылдау;

SMTP хаттамасы бойынша хабарламаларды жіберу;

пошталық хабарламалардың таңдаулы және көп мекенжайға жіберілуін іске асыруды;

қолданушының жұмыс орнында жіберуді жариялау фактісі бойынша хабарламаның кепілді жеткізілуін;

өте ұсақ бөлшектерді (құжаттың жоғары сапалы светокөшірмесі, транспорт құралының, мигранттың жоғары сапалы суреті және сол сияқты)тануға мүмкіндік беретін кескін сапасының төмендемеуімен өту қабілеті (dial-up) төмен фотоматериалдарды байланыс арнасы арқылы көп қолданушыларға бір уақытта беру мүмкіндігі.

Электрондық пошта ішкі жүйесінің интерфейстері қамтамасыз етуі керек:

Қатысушы мемлекеттердің ұлттық тілдерінде, сондай-ақ латын алфавитін қолдану арқылы айқын уақыт көлемінде бір уақытта 20 қолданушыдан кем емес жазысу жолымен сөйлесуді қамтамасыз ету;

құпиялылық және өзге, соның ішінде ғаламдық пошталық жүйелермен ақпараттық алмасу болмауы керек.

4.12.4. Серверлік деңгейде пошталық жүйе қамтамасыз етуі тиіс:

ТМД БЕАЖ қолданушыларының пошталық жәшіктер арасында пошталық хабарламалардың өту желісін;

ТМД БЕАЖ қолданушылары туралы мекенжай ақпараттарын іздестіруге байланысты тапсырма бөлімінде ТМД БЕАЖ каталог қызметімен (LDAP) ықпалдасуын;

серверде пошталық ақпаратты сақтауды басқаруды;

ЭЦҚ-ны қосқанда СКЗИ амалдарымен ықпалдасуды.

4.12.5. Қолданушының серверлік деңгейінде пошталық жүйе қамтамасыз етуі тиіс:

ТМД БЕАЖ қолданушыларының пошталық жәшіктер арасында пошталық хабарламалардың өту желісін;

ТМД БЕАЖ қолданушылары туралы мекенжай ақпараттарын іздестіруге байланысты тапсырма бөлімінде ТМД БЕАЖ каталог қызметімен (LDAP) ықпалдасуын;

серверде пошталық ақпаратты сақтауды басқаруды.

4.12.6. Орындаушы техникалық жобалау сатысында ТМД БЕАЖ қолданушыларының пошталық жәшіктерінің оңтайлы саны мен олардың мөлшеріне квоталар бойынша ұсыныстарды орындауы керек.

4.12.7. ІЭПІЖ үшін рұқсат етілмеген қол жетімділіктен ақпаратты қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікке талаптар ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне жеке техникалық талаптарда келтірілуі керек.

4.13. ТМД БЕАЖ мониторинг пен басқару ішкі жүйесіне талаптар

4.13.1. ТМД БЕАЖ мониторинг пен басқару ішкі жүйесі ТМД БЕАЖ-дың ақпараттық-есептегіш және телекоммуникациялық құрамдастарының қорлары мен сапасын басқару және автоматтандырылған бақылау үшін арналған.

4.13.2. ТМД БЕАЖ мониторинг пен басқару ішкі жүйесінде ТМД БЕАЖ-дың ақпараттық және есептеу қорларын орталықтандырылған басқару ұстанымы іске асуы керек.

4.13.3. Мониторинг пен басқару құралдары келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

SNMP хаттамасымен байланысты тоқтатпайтын қосылған құралдарды автоматты түрде табуды;

тораптың топологиясын карта түрінде көрсетуін;

белсенді тораптық құрал-жабдықтарды басқаруды;

тораптағы оқиғалардың беталысын талдау мен тораптық құралдардың қызмет көрсету параметрлерінің шектерін орнатуды;

есептерді іздестіру мен бақыланатын объектілер жұмысы туралы деректердің жиналуын;

ақпараттық қорларға қол жетімділікке ТМД БЕАЖ қолданушыларының құқықтарын басқару, сонымен қатар осы құқықтарды қолдануға мониторинг жасау;

қолданылатын ақпараттық қорларға сараптама;

ТМД БЕАЖ каталог қызметімен бірігуді;

ТМД БЕАЖ қолданушыларының сұраныстарына қызмет көрсету ішкі жүйесімен ықпалдасу.

4.13.4. ТМД БЕАЖ мониторинг пен басқару ішкі жүйесінің тораптық құралдар мен аппараттық-бағдарламалық кешендерін басқару амалдары келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:



жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау