Салыстырма кесте



жүктеу 1,23 Mb.
бет2/9
Дата20.05.2018
өлшемі1,23 Mb.
#15194
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8.

491-1 бап

Жоқ.

491-1-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату кезінде діни жоралар мен рәсімдер бойынша Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу

Ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайларынан) тыс жерлерде неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату кезінде діни жоралар мен рәсімдерді атқаруда жасалған Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу

жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы түзету арқылы ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс «неке қию» жорасын жүргізген тұлғалардың, соның ішінде діни қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы енгізіледі.

Дәстүрлі емес діни топтардың мүшелерінің арасында неке, көбіне жеке тәртіпте, заңсыз діни жоралар мен рәсімдер (неке қию) арқылы орындалады. Бұл өз кезегінде топ мүшелерінің тарапынан некені біржақты бұзу жағдайларының таралуы және олардың жауаптылықтан бұлтаруының (жетімдер мен алимент төленбейтін ажырасқан әйелдер санынң артуы) негізгі факторы болып табылады.

Діни жоралар мен рәсімдер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату кезінде Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңнамасын бұзғаны үшін көзделген айыппұл санкцияларының мөлшерін белгілеу үшін қолданыстағы заңнамада көзделген санкциялар назарға алынды.


9.

729-баптың 1-бөлігі

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.



729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491, 491-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.



ҚР ӘҚБтК 491-1-бабына сәйкес істерді қарау бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретін көздейтін норма енгізіледі.

10.

804-баптың

1-бөлігінің

1) тармақшасы


804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160(екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ...


804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160(екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 434-2, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары, үшінші және он үшінші бөліктері),...


Қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаға сәйкес заңсыз миссионерлік қызметке байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Дін істері басқармасының қызметкерлері толтырады.

Сонымен бірге, аудандық деңгейде мұндай басқармалар жоқ, бұл шалғай аудандарда және елді мекендерде қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар фактілері бойынша дер кезінде материалдар жинауға және әкімшілік хаттамалар толтыруға белгілі бір қиындықтар туғызады.

Осыған байланысты, ішкі істер органдарына ҚР ӘҚбК 434-2-бабының және 1-бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын, 490-баптың 3 және 13-бөліктерінің бұзылуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру өкілеттілігін беру ұсынылады, бұл жергілікті полиция органдарын діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасына барынша тартуға мүмкіндік береді.



11.

804-баптың

1-бөлігінің

55) тармақшасы


804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

...

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);



804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

...

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және он үшінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);



ҚР ӘҚбК баптарын келісу үшін


3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі

12.

16-баптың

1-бөлігінің

19) тармақшасы


16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті

1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:

1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын;

2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын;

3) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;

4) сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын;

5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын;

6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын;

7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын;

8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын;

9) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын;

10) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты;

11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібін;

12) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын;

13) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған әйелдер, кәмелетке толмағандар жазасын өтеуге арналған органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;

14) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын;

15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;

16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;

17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені;

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекітеді.



16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті

1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:



19) Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің нысаналы бағыттағы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.

Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауына сәйкес:

«Бас бостандығынан айыру орындарында сотталған адамдарды теологиялық тұрғыдан оңалту қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс.».

«Бұл іске үкіметтік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет».

«Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада «бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) ескерілуге тиіс.».

Мемлекеттік бағдарламаның жобасында «қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталған адамдарды радикалдық идеологияға иммунитет қалыптастыруға және дерадикализацияға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысымен және қарсы үгіт-насихат жұмысымен қамту» көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде қолда бар штат саны есебінен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі топ құрылды.

Аталмыш жұмысты жүзеге асыру үшін құқықтық регламент жоқ.

Жалпы айтқанда, ағымдағы жылғы 6 ай ішінде теологтар, дінтанушылар, ҚМДБ өкілдері тарапынан ҚАЖ мекемелерінде шамамен 1,5 мың рет болып, 1,5 мың ретке жуық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылған.




4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы


13.

31-баптың

1-тармағының 30) және 31) тармақшалары



жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау