Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж мөлшерлемелері



жүктеу 16,95 Mb.
бет79/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97

610-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж мөлшерлемелері


Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 10 АЕК;

құны 30 АЕК-ге дейiн:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 1 АЕКз;

басқа адамдарға – 3 АЕК;

құны 30 АЕК-ден жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 5 АЕК;

басқа адамдарға – 7 АЕК;

егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 АЕК;

2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 1 АЕК;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 0,5 АЕК;

басқа адамдарға – 0,7 АЕК;

3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 7 АЕК;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 2 АЕК;

басқа адамдарға – 5 АЕК;

4) мүліктік жалдау (жалға беру), қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 5 АЕК;

5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергені үшiн – берiлген әр куәлiкке 1 АЕК;

8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi бергені үшiн – 1 АЕК;

9) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:

жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн – 1 АЕК;

14) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн – 0,5 АЕК;

15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):

жеке тұлғалар үшін – 0,05 АЕК;

заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

жеке тұлғалар үшін – 0,03 АЕК;

заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

19) телнұсқа бергенi үшiн – 1 АЕК;

20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн – 2 АЕК; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн – 7 АЕК;

22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

23) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 0,5 АЕК;

24) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 0,1 АЕК;

25) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

26) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн – 0,2 АЕК.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау