Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.     8-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ



жүктеу 26,45 Mb.
бет56/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

 



8-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

 

28-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 

228-бап. Төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:



дара кәсіпкерлер;

мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент - заңды тұлғалар;

қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568, 569-баптарына сәйкес жүргізіледі.

 

229-бап. Салық салу объектілері



Мыналар:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

 

 

29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ



 

230-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

1. Мыналар:

1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) осы Кодекстің 241-бабында белгіленген жағдайда бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізілу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымы Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-2. Мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:

бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен жасалған келісімшарт болса;

бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;

бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;

бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;

бейрезидент заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыс бейрезидент заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды таниды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде салық салынатын айналым болып табылады.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және ақшаны, оның ішінде шетел валютасындағы ақшаны қоспағанда, мүлік жатқызылады.

 

231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым



1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді



1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

тауарды сатуды;

кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;

тауарды өтеусіз беруді;

жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;

кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) тауар экспортын;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліптөлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;

3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

5) 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтаруды білдіреді.

2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;

2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;

3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;

4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықта рын беруді;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;

2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметті;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.

3. Мыналар:

1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;

1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Кеден одағынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта (келісімшартта) белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткізу бойынша айналымға енгізіледі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) егер мұндай әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;

8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншігіне беруі;

9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;

11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;

2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;

13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;

14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



16) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

17) 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 18) - 22) тармақшалармен толықтырылды 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



18) тармақша 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

18) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясы;

19) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның тек қана осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;

20) осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен осы тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйым алған ақшаны осындай коммерциялық емес ұйымнан алуы;

21) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді

22) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



22-1) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың, трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен нысаналы аударымға бағытталған төлемдерді алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



23) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



24) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



25) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы;

2016.30.11. № 26-VІ ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау