Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26) жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
28) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 232-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
232-бап. Салық салынбайтын айналым
Мыналар:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.
Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:
1) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент - сенім білдірушіден алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды өткізуге сенім білдірілген адамның өткізуі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 233-1-баппен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 233-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 234-бап өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
234-бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
235-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.
3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;
2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.
236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны
1. Мынадай орын:
1) егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткізу орны болып танылады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мынадай орын:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады.
2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетілетін орын;
Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бейрезидент болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
персоналды беруге;
жылжымалы мүлікті (көлік құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға беруге);
агенттің тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулерді жүзеге асыру үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан адамдар тарту жөніндегі қызмет көрсетулерге;
байланыс қызметі көрсетулеріне;
сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы баптың осы тармағының 1) - 4) тармақшаларында және 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны болып танылады.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу басқа негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, осындай көмекші өткізу орны негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.
4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;
жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде бір тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі реті бойынша біріншісі болып айқындалады.
237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:
1) егер шарт талаптарына сәйкес тауарды алушыға (сатып алушыға) немесе ол көрсеткен тұлғаға тауардың тұрған жерінде берілуге тиіс болса - тауарды алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған тұлғаның, оның ішінде мұндай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне мұндай тауарды берудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күні;
2) егер шарт талаптарына сәйкес жеткізушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе:
жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
тауар жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;
3) қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, мұндай тауарды беру фактісін растайтын шарттың, құжаттың тараптары болып табылатын жеткізуші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) қол қойған күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |