Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.
Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.
Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;
3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:
шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);
Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде:
1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.
Салық органы тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін растайды;
2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.
Салық органы тұлға осы Кодекстің 189-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, тұлғаға резиденттігін растаудан бас тартады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оның телнұсқасын береді.
5. Егер резидент шет мемлекеттегі табыстарға салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол шет мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерінің өз табыстарына салық салуға қатысты қолданылуының заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгіне алады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 226-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
226-бап. Өзара келiсу рәсiмi
1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы, егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің іс-әрекеті осындай халықаралық шарт ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады деп есептесе, халықаралық шарт ережелерін қолдану туралы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген жағдаяттар және осы жағдаяттарды растайтын дәлелдер көрсетілуге тиіс.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осындай өтінішке Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алған (алуға жататын) табыстары және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
2) заңды тұлғалар үшін - резидент заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) және мажоритарлық акционерлері көрсетілген құрылтай құжаттарының не сауда тізілімінен көшірме үзіндінің;
3) осы Кодекстің 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркеуге міндетті.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
3. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етуді талап етуге құқылы.
4. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi, егер халықаралық шартта өзге мерзiмдер белгiленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келмейтiн салық міндеттемесі туындаған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi аяқталғанға дейін табыс етуге тиiс.
5. Уәкілетті орган:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге өтініш берген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда, өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша шешімді тапсырыс хатпен почта арқылы жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы жасалған бұзушылықтарды жойса, олар осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде оны қарайды.
7. Резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешімдердің бірін шығарады.
8. Уәкілетті орган:
1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексіз ақпарат берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті қарау барысында осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда, өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.
9. Өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
10. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуді:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексіз ақпарат беруі фактісі анықталған;
3) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда тоқтатады.
11. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының табыстарына салық салу мәселесі бойынша уәкілетті органның сұрау салуына соңғы жауап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жібереді.
12. Тұлға уәкілетті органға Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен резиденттік мәртебесін айқындау мәселесі бойынша жүгінуге құқылы.
Мұндай тұлға уәкілетті органға өтінішті осы Кодекстің осы бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттармен қоса табыс етеді.
Осы тармақтың мақсатында осы баптың 1 - 11-тармақтарында көзделген өзара келісу рәсімін жүргізу тәртібі қолданылады.
13. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімді уәкілетті орган осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген, оған байланысты аталған мемлекеттің бейрезиденті осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған хабарламалардың бірін салық төлеушіге жіберген салық органына жазбаша түрде жібереді.
Өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарының орындауы үшін міндетті.
227-бап. Салық жинаудағы көмек
1. Уәкілетті орган орындалмаған салық міндеттемесін орындау мақсатында халықаралық шарт ережелеріне сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық талабын жіберу жолымен шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдем сұрауға құқылы. Салық талабы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ бейрезиденттің тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарынан салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда осы Кодексте белгіленген мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық ықтимал шаралары қолданылғаннан кейін ғана шет мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі.
2. Шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдемдесуге сұрау салу келіп түскен кезде уәкілетті органның резиденттің шет мемлекетте туындаған салықтық міндеттемесінің атқарылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ретте уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің шет мемлекеттегі көздерден алынатын табыстарынан салық төлеудің заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің салықтық міндеттемелерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен атқаруын қамтамасыз етеді. Резидент салық төлеуші салық сомасын уәкілетті органның талабы бойынша халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес жіберілген салық жинауға жәрдемдесу туралы сұрау салуда көрсетілген шет мемлекеттің құзыретті органының шотына аударады.
4. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын өзара түсіністік принциптері негізінде қарайды.
5. Егер халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, осы баптың ережелері осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін қолданылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 227-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 227-1-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар резидентке - табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төленген кезде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық агентінің мұндай кірістерге осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін, егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған болса, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым;
клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алу арқылы клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте есепке жазылған (төленген) кірістердің және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуға тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық агенті резидент түпкілікті (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түрінде табыс алған кезең үшін салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің табыстарынан табыс салығы ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін резиденттер үшін көзделген салық мөлшерлемесі қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегі азайту сомасында төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап тапсыруға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |