Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістерге;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) мемлекет атынан алушының:
мемлекет атынан алушы жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен;
жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірістеріне;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірісіне азайтуға құқығы бар.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
3. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетін:
1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 134-баптың 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2017 ж. 1 сәуірге дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түріндегі, сондай-ақ депозитте орналастырылған ақшалай қаражат бойынша, оның ішінде соларға байланысты сыйақылар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кету түріндегі кірісі, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi;
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекітіледi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдісі бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
7. Салық төлеуші бөлек әдіс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;
2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кітапхана қызметі жатады.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетін:
1) салық кезеңінде мүгедектер саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын;
2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 135-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
135-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған акционерлік қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
жылдық жиынтық кірісінде алған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістер, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ол ғылым саласындағы мынадай:
ғылыми-техникалық;
инновациялық;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |