Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн ұзарту кезiнде:
1) алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi;
2) салық төлеушi алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын аванстық төлемнiң болжамды сомасын негiзге ала отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын төлейдi.
Көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемдердiң алдыңғы салық кезеңiне арналған корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiмен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.
10. 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
11. Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ егер бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығын есептеген жағдайда, келесi екi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептейдi.
Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ келесi екi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi және одан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып есептейдi.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 51-2-бабында көрсетілген салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды.
142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі
1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.
3. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, бейрезиденттердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, бейрезиденттiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Кодекстің 99-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген дивидендтер жатады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
7) резидент банкке, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
9) репо операциялары бойынша сыйақы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.
2011 ж. 1 шілдеден бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 68-бабына сәйкес 143-баптың 2-тармағы екінші бөлікпен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 69-бабына сәйкес 143-баптың 2-тармағы үшінші бөлікпен толықтырылды
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
2. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап
Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
16-тарау. САЛЫҚ мөлшерлемелері, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
147-бап. Салық мөлшерлемелері
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 4 бабына сәйкес 147-баптың 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінің қолданылуы тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |