Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ,үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Абай кім? Ол туралы не білесің? Абайдың Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? деген сұрағына Әбіш не деп жауап берді? Оған Абай не деп жауап берді? Саған кімнің жауабы ұнады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: 1.үлестірмелі қималар арқылы қорыту. 2. Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің? Абай жолы романы арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы кім? (М. Әуезов)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Сөзжұмбақты шеш, мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. «Шоқан» (шамдай, ортақ,ақыл, мақтанба, ойнаған). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойла. Шоқан туралы не білесіңдер? ( Ш. Уәлиханов-ғалым, саяхатшы. 1835-1865. Таза пікірлі, ақ жүрек, ұлтын сүюші адам. Қазақ халқының сөзін сөйлеп, халқының тұрмысын, тарихын зерттеген)
2. Оқулықпен жұмыс. Суреттер топтамасын пайдаланып Сапарғали Бегалин туралы әңгімелеу. ( Сапарғали Бегалин- балалар жазушысы,1895-1983. «Шоқан асулары, Сәтжан және әңгімелер топтамасы т.б. кітаптар жазған. Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы бар.)» Мәтінді түсініп, іштей, тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.( Күзек, жылқының беті, шалғын, ожар.)
ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Теріп оқу.) Шыңғыстың егіншілерге берген төлемі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы. Осы жағдайға өз көзқарасыңды айт. б) Ұлттық әдеп туралы айтылған жолдарын тауып оқып,есіңе сақта. (Қазақта бір қағида бар ғой – аға алдынан шықпайтын). Әр бөлімге ат қой. ( Жылқышылардың озбырлығы. Шоқанның арашаға түсуі. Шыңғыс сұлтанның шешімі. т.б. өз еріктеріңмен)
Дәптермен жұмыс. Жер қорушының берген батасын тауып, дәптеріңе жаз. (Алдияр тақсыр, мәртебеңіз өсе берсін. Төре балаңыздың әмсе жолы болсын, тәңірісі пана болсын.) ҮІІ. Қорыту: Әңгіме кім туралы? Олар қайда барды ? Не көрді? Өрескел, өктемдік, содырлық сөздеріне мағыналас қатарын тауып көр. Шоқан жайлы сипаттап әңгімеле.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны. Бағалау
№ 66. Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы. Мұхтар Шаханов
Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білуге дағдыландыру; түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтелдер жинағы (кітапша)
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сапарғали Бегалиннің «Мейрім» әңгімесі кім туралы? Олар қайда барды ? Не көрді? Жылқышылар қандай озбырлық жасады? Шоқан не үшін арашаға түсті? Шыңғыс сұлтан қандай шешім жасады?
ІІІ.Өткенді пысықтау: Қалай ойлайсың жылқышылардың іс-әрекеті дұрыс па? Шоқанның ше? Шыңғыстың шешімі ұнады ма? Сен осындай жағдайға кезіксең не істер едің? Сенің пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, нағыз дос қандай болу керек?
Ү. Жаңа сабақ. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Іштей, тізбектей оқу. Бала ақын Мұхтар нағашысының үйіне кімді ертіп апарды? Досы не істеді? Олар кімнен қорықты? Әжесінің мінезі қандай еді? Көзәйнекті сындырған кім еді, оны кім мойнына алды? Неге? Кім сыбыр етті, не деп? Балаларды жазалады ма? Неге жазаламады? Кім араша түсті?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Нағашы атасының сөзін тауып оқы. 2. Өлеңдегі оқиғаны қара сөзбен әңгімелеп көр. ҮІІ Бекіту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Өлең кімдер туралы екен? Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын., достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.
№ 67. Тақырыбы: Ақ шаш . В.Сухомлинский (орыс жазушысы)
Ана. Ғали Орманов
Мақсаты: Оқушылардың мәтінді және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету; оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, «Балдырған, Мөлдір бұлақ»журналдары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.«Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бала ақын нағашысының үйіне кімді ертіп апарды? Досы не істеді? Олар кімнен қорықты? Әжесінің мінезі қандай еді? Көзәйнекті сындырған кім еді, оны кім мойнына алды? Неге? Кім сыбыр етті, не деп? Балаларды жазалады ма? Неге жазаламады? Кім араша түсті?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Өлең кімдер туралы екен? Досының істегені дұрыс па? Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің? Пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен анаңды абыржытасың ба? Сенің анаң қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Миша анасының басынан не тауып алды? Ол нешеу еді? Біраз күннен кейін ол нешеу болды? Анасы неге олай болды деп жауап берді? Миша неге үнсіз қалды? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың? «Ана» өлеңін мәнерлеп оқы. Қызыл түспен ерекшеленген сөзді теріп оқы. (Мәпелейсің. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Жан анам). Осы сөздерді пайдаланып өз анаңа, апаңа, әжеңе ақ тілегіңді білдіріп хат жаз.
ҮІ Түсінгендерін тексеру: 1. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр. 2. Екі шығарманы салыстыр. Қалай ойлайсың өлең мәтіндегі әңгімеге жауап болады ма?
ҮІІ Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтін кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба?
ҮІІІ.Үйге тапсырма: Оқу мазмұны, осы оқиғаға ұқсас әңгімелерді балалар журналынан жинап кел, Өлеңді жаттап ал. Бағалау
№ 68. Тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы айта келе, мәтінді түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» өлеңін жатқа сұрау. В.Сухомлинскийдің « Ақ шаш» әңгімесі кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?
ІІІ Өткенді пысықтау: «Бала тілі - бал» тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сендердің аталарың бар ма? Ол қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) - белгілі балалар жазушысы. «Менің атым Қожа,Әжесінің баласы» т.с.с. кітаптар жазған.2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Ол не істеді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты? ( « Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» )
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: І.Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр: 3.атаның әңгімесі; 1.трамвайдан түскенде; атаның немересі; 2.бейтаныс баланың көмегі; 4.ата мен немересінің әңгімесі. ІІ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл, нақыл сөздерді жазып ал.
(«Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес» Жасың ұзақ болсын, шырағым! «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.»)
ҮІІ. Қорыту. 1.Суретпен жұмыс: Суреттен не көріп тұрсың? Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Өзің қандай сурет салар едің? 2. Мән беріп оқы. Нақты мысал келтір.
«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір-бірімен байланысты болады.»
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
№ 69. Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин
Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, іззетті болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: оқулық, кітапшалар, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Тақыр бас бала не істеп еді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтінде қандай ақыл,нақыл сөздер айтылады? Өзіңнің қосарың бар ма? «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?
Ү .Жаңа сабақ: Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз? (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек). Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді? Кәкітай не деді? Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге Әуез қария толқып кетті?
ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау: 1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішектідомбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен) ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
№ 70 . Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин
Мақсаты: Оқушыларға Сәкен аға жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.
Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: Сәкен суреті, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» атты әңгімесінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің? Абай жайлы тағы қандай тақырыптар өттік? (Бала Абай. Бала Абай мен Барлас. Бала Мұхтар мен Абай.Абай шаңырағы) Бұл тақырыптардан біз не білдік?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары жайлы әңгімелеу. ( Сәкен Сейфуллин (1894-1938) көрнекті ақын, Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» поэмасын, «Тар жол тарғақ кешу,Қызыл сұңқарлар т.с.с.» жазған. Астана қаласында мұражайы бар). 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жыл мезгілдері туралы жазылған жолдарды тауып оқы. (Күзгі қара суық). Іңкәрбектің тұрмысына қатысты мәтелді тап. ( «Кісідегінің кілті - аспанда») мән бер, түсіндір. Сәкеннің үй шаруасына көмегі жайлы, ұқыптылығы жайлы әңгімеле.( Үстін таза ұстайды. Бұлаққа Рахима, Халима, Салима деген қарындастарын жуындырып, шашын өретін)
Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтіннен Сәкеннің анасының сөзін тауып оқы. Бала Сәкенге мінездеме бер.
ҮІ. Қорыту: 1.Суретпен жұмыс. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді? Әңгімеле. 2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой. 3. Қосымша тапсырмалар беру.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқы, мазмұнын айту. 2.Күйшілер, өнер адамдары жайлы біліп кел. Бағалау.
№ 71. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Өз тілімді мақтан етемін»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Шығарма жазуда мына жоспарға назар аудар.
Мазмұндау жоспары:
Тіл, сөйлеу, дегенді қалай түсінесің, тіл не үшін қажет. (айту, пікірлесу, сөйлесу, дәлелдеу, ойын жеткізу, сәлемдесу т.т.)
Адамдар сөйлемесе қалай болар еді деп ойлайсың?
Ана тіліңді неліктен жақсы көресің?
Ана тілің туралы көптеген мақал- мәтелдер, өлеңдер бар. Білсең жазып, мәнін түсіндір.
Ойыңды қорытындыла.
Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ана тіліңе сенің құрметің?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев
Мақсаты: Күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова өмірімен,өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығына баулу.
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәжит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесі кім жайлы? Сәкен қандай жағдайға араласты? Неге? Сәкен үй шаруасында қандай көмек көрсететін? Сәкеннің ұқыптылығын қайдан білуге болады? Анасы Сәкенге не деді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкенге мінездеме беріп көр. Сен қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Өзің қандай аспаптарда ойнай аласың?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Қандай өнер түрлерін білесің? Қандай күйшілерді, күйлерді білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды? ( Өнерін жалғастыратын ұл болмады деп налыды. Өз мұрасын жалғастыратын адамның табылғанына қуанды.) Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? ( Көп жаса,қызым, көп жаса! ) Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсың? 2. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімеле.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім болған? Дина ше? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту, өнер туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.
Тақырыбы: Әнші Әміре Мұзафар Әлімбаев
Мақсаты: Әміре Қашаубаев өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығын арттыру.
Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: арнайы суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды,неге қуанды? Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім ? Дина ше? Өзің қандай аспапта ойнағың келеді? Әсемдік дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? «Кім жылдам?» Топқа бөлініп өнер туралы мақал –мәтелдерді айтудан жарысу.
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтіндегі аты аталған өнер адамдары жайлы не білесің? Лениногорск қаласымен өнер адамдарын байланыстырған қандай оқиға? 2. Сызбамен жұмыс. Берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.
Аспанды қақ жарғандай
Тасыған қар суындай
Сеңдей соғылысады
|
бір сәтте қаптап, ағылып
топырлайды, бір-біріне жол бермейді
күшті, қатты
|
Мәтінге сүйені, сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата. (әлуетті үн саңқ етті. Әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай.) Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?
ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс. Зер салып қара. Мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі сөздерді пайдаланып әңгімеле.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктерге қарап біліп кел.Бағалау.
Тақырыбы: Рәсім. Медеу Сәрсеке
Мақсаты: Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жайлы әңгімелей отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыры отырып, ұлттық рәсімді сыйлауға, сақтауға баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: : Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды? Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?
ІІІ Білімдерін тексеру: Көкшіл түспен берілген «Құлақтанбаған, құлақтының» деген сөздердің мағынасы қандай екен? Мәтінді тағы қалай атауға болады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жаяу Мұса және Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы естігенің бар ма?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлімдерге бөліп түсініп оқу. Сөздік жұмыс. Рәсім – әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі. Сызбамен жұмыс. Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің? Неге осылай аталғанын дәлелде.Әр бөлімге өзің қандай ат қояр едің? Сызбаны толтыр.
№
|
Бөлімдердің атауы
|
Бөлімдер
|
Өзің қандай ат қояр едің?
|
1
|
Ашулы көк қаршыға
|
І
|
. . .
|
2
|
Қарт әншінің батасы
|
ІІ
|
. . .
|
3
|
Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт
|
ІІІ
|
. . .
|
4
|
Сәлемдесу- адамгершілік белгісі
|
ІҮ
|
. . .
|
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтін неге «Рәсім» деп аталды деп ойлайсың? 2. Суретпен жұмыс. Сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді? Тақырып ойлап тауып, әңгімеле.
ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Қандай рәсімдерді білесің? Ойланып жауап бер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны, Жаяу Мұса туралы деректер жина. Бағалау.
Тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Мақсаты: Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған Әбілхан Қастеев өмірімен таныстыру. ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әдемілікті бағалай білуге баулу.
Түрі: аралас сабак.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілік: суреттер, ұлттық энциклопедия кітабы.
Сабақтың барасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Медеу Сәрсекенің « Рәсім» атты әңгімесі кімдер жайлы? Қаныш қайда барды? Жаяу Мұсаға не болған екен? Ол неге қуанды? Имантай қария Қаныштың құсты алмағанын неге жөн көрді? Біләл болыстың тілегін Жаяу Мұса неге қабыл алмады деп ойлайсың? Бұдан Имантай қария қандай түйін жасады.
ІІІ. Білімдерін тексеру: Үйден қандай деректер таптыңдар Жаяу Мұса туралы? Өзің білетін ырым, рәсімдер жайлы айт.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бейнелеу өнері сабағынан қандай суретшілер жайлы білдік? (Леонардо да Винчи, В.Васнецов, О. Таңсықбаев,Ү. Әжиев,Ә. Қастеев. т.б.)
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Ұлттық энциклопедия кітабы жайлы не білесің? Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен? ( « Түркісіб, мектепте, Амангелді, Жамбылдың портреті, Жас Абай» т.б.)
ҮІІ Бекіту: Әңгіме кім туралы екен? Ол кім? ( Ол- ұлттық бейнелеу өнерінің негізін саған, аса талантты суретшілерінің бірі.)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны, Ә. Қастеев туралы деректер жина. Бағалау
№ 76. Сабақтың тақырыбы: Ақ құс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Мақсаты: Әннің, вальстің серісі Шәмші Қалдаяқов жайлы айта келе, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқов суреті, ән кітабы.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен оның қандай суреттерін білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің? Сөзжұмбақ шешу «Шәмші».(шебердің, шәкірт, сүйкімді,пішер, жетпіс). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. (өнер білім)
Ү. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу.2.Сөздік жұмыс. (Тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі) 3. Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді? Мәтіннен табиғаттың аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарын тауып оқы. Осы көріністі елестетіп көр. Қандай сурет салар едің?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Мәтінді басқаша қалай атауға болады? Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің?
ҮІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Сурет жайлы не айтар едің? Суретке қарап «Шәмші әнінің құдіреті» деген әңгіме құрастыр. Ойлан: «Аққұстың қуанышты әні» «Аққұстың мұңды әні» деген тақырыптарға қандай сурет салар едің?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сурет салу. Бағалау
№ 77. Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Жәнібек Кәрменов
Мақсаты: Әнде өнердің бір түрі екендігі жайлы айта келіп, бала Ермектің өмірімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге, әнге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.
Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Оразбек Бодықовтың « Ақ құс туралы аңыз» әңгімесінде кім жайлы әңгімелейді? Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ.Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, іштей оқу,тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? (әкесі Бекмұхамед). Қалайша? Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс. 1. Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы, көңіліңе тоқы. 2. «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы мәтінді Оразбек Бодықовтың «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесімен салыстырып көр.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Дәптермен жұмыс. Мәтіннен сызбада берілген сөздерге қатысты сөздерді тауып жаз.
шалғын
. . .(көгілдір)
ну
балғын
|
. . .(жайқалған)
таулар
. . .(орман)
. . .(шөпке)
|
. . .(қалың)
сыңсыған
. . . (тұнық)
қалықтаған
|
қарағай
. . .(ақ қайыңды аралайды)
аспан
. . .(құс суреті)
|
Сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құр. Мәтінге ат қой.
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың балалық шағы жайлы не білесің? Ол қандай әнді айтты. Оның көзіне не елестеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бір әнді тыңдап, жазған кім екенін біліп, көз алдыңа не елестегенін айт. Бағалау
№ 78 . Тақырыбы: Құстар айтысы. (Үнді ертегісі)
Мақсаты: Оқушыларға достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; Жақсыдан үйрен» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау,сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; үлкенді сыйлау, құрметтеу, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу
Түрі: қайталау сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, тест материалы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? Қалайша? Ермектің әкесі ән туралы не айтты.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ.Мақсат қою: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегілерді оқығанды жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Ертегіде не жайлы екен? Торға нелер түсті? Олар не істеді? Неге олар ұшып кетті. Аңшының есіне не түсті? Неге олар жанжалдасты? Ертегі немен аяқталды? Өзіңнің көзқарасың.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөліктің жігін ажырат. («Ынтымақ» басынан немесе «Біз жемге қызығамыз ...»; «Ала ауыздық» Аспанда тор ішінде ...). Оқы. Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың? 2. Бөлімнің аты қалай аталады? Бұл бөлімнен не білдік? Бөлімнің басында берілген түйін сөздерді есіңе түсір.
Осы бөлімнен оқыған мәтіндерді осы тақырыптар төңірегіне топтастыр.
2.Негізгі ойы түйін сөздерге құрылған мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді жатқа айт.
ҮІІ. Білімді қорыту: Тест. І.)
1. (Б – Ы.Алтынсарин. Баланың айласы.), 2. (В-Азықсыз аш), 3.(Ә- бұл нағыз адамның өзі), 4. (А-К. Оразалин. Абай шаңырағы), 5. (Ә-Қойды күзде бағатын қоныс), 6. (А- Мәуленге), 7.(Б-Ы.Алтынсарин. Баланың айласы), 8. (В-Құстар айтысы), 9. (Б-Сахараның ақ күмбезіне), 10. (Б - Құрманғазы).
ІІ.) Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай мақал-мәтел білесің? (Ынтымақ болмай, іс оңбас.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Ат жаманы жолда қалдырар, жолдас жаманы қолда қалдырар. т.б. ) ҮІІІ. Қорытындылау: Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен не істедік? Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Сонымен, осы бөлімнен неге үйрендік екен?
ІХ. Үйге тапсырма: ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау
№ 79. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Мейірім»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлету, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау .Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақты күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқанмын. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, жылаған баланың дауысын естідім. Құлағы салпиған күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім. Қыз бала қатты қорыққан екен. Өксігін баса алмай, солқ-солқ етеді. Қолынан ұстап, жетелеп келемін. Ол үйінің маңына жақындаған кезде қуанып кетті. Рахмет айтып, жүгіре жөнелді. (А. Хамзин)
Мазмұндау жоспары:
Уақиға қай мезгілде болған еді? Бала нені естіді? Қыз бала неге жылап тұр екен? Бала күшікті не істеді? Қыздың қорқынышы. Бала қандай жақсылық істеді?
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Мейірім» деп аталыпты? Қалай ойлайсың баланың орнында сен болсаң не істер едің?
Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі
№ 80.
Тақырыбы: Жазғытұры. Абай
Жазғытұрым Ілияс Жансүгіров
Мақсаты: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» атты бөліммен таныстырып, Абайдың «Жазғытұры» өлеңін және Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, еркін әсерлей сөйлеуге, салыстырып ойын жеткізе білуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: табиғат жайлы суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы жайлы түсінік беру. Жыл мезгілдері жайлы түсінігін нығайту мақсатында суретпен жұмыс. Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген? Оны неден байқадың? Әңгіме құр.
ІІІ. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Өлеңді түсініп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. Өлеңге сүйеніп, ақын тілімен сипаттап айт:
а) Көктемгі табиғат. б) Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі.
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңді мына тақырып бойынша екіге бөл:
1. Көктем шықты. (Ой, балалар,...) 2. Ауыл жайлауға көшті. (Ауыл көшті қыстаудан, ...)
Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Масатыдай» сөзінің мағыналас қатарын тап. «Ата анаңдай елжірер күннің көзі» дегенді түсіндіріп көр. Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған? (Жылы –жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты, Қаңқыл –қаңқыл қаз кепті, жер қарайды- жаз кепті. ...)
Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай бөлімді бастадық, не өттік? Бұл өлеңдерді кімдер жазған? Өлеңдерде не жайында айтылған? Түсініп оқы.
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп кел. Бағалау.
№ 81. Тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі), Көктем Қабыкен Мұқышев
Мақсаты: Ертегіні түсініп оқып, өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегіні жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған? Бұлғын не деді? Қалай ойлайсың басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? Сенің пікірің? Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп, іштей, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңде не жайлы айтылған екен? «Жуып жердің омырауын» тіркесінің мағынасын түсіндір. «Дегдіді» сөзіне мағыналас сөздерді тап. (кепті). Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
Ертегідегі оқиға мен өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Аңның әрқайсысының жауабын талдап көр. Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін сал. 2. Ертегіге сүйеніп, сызбаны толтыр.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік? 1.Ертегі саған ұнады ма? Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің? 2.Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Осы өлең бойынша сурет салып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, әңгімелеу, жаттау. Бағалау.
№ 82. Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов
Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Достарыңызбен бөлісу: |