ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Достық
- ардың ісі. (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар.)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Ұстамды, шыдамды адам деп қандай адамдарды айтамыз? Саған ондай адамдар ұнай ма?
ҮІ.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс. Мысалды жалғастырып, түсініп оқу. Шөже мен Қарлығаштың әңгімесін мәтіннен тауып оқы. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінді рөлге бөліп оқу. Шөже торғайға қандай мінездеме бересің? Қарлығашқа ше? Қалай ойлайсың, осындай мінезді адамдар болама? Жеңілтек мінезден пайда бар ма?
ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай мінез болған жақсы екен? Неге мысал деп аталған деп ойлайсың? Өзіңе не алдың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мысалды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.
№ 122. Тақырыбы: Мазмұндама «Балаларын шомылдырған аю»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі:жазбаша бақылау.Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Күн өте ыстық еді. Аңшы өзен бойымен жағалап бара жатты. Ағаш арасынан бір нәрсе салдыр- гүлдір етті. Аңшы қорқып, ағаш басына шықты. Қараса, аю келе жатыр екен. Жанында екі қонжығы бар. Балалары енесіне еркелеп келеді. Аю өзеннің жанына келіп, балаларының біреуін жауырынынан тістеді де, суға сүңгітіп алды. Қонжық аяқтарын тырбаңдатып жұлқынады, барылдап бақырады. Бірақ енесі оны босатпады, тағы бір-екі рет суға сүңгітіп алды. Мұны көрген екінші баласы орманға қарай қаша жөнелді. Бірақ енесі мұны ұстап алып, суға сүңгітіп шығарды. Салқын суға шомылып шыққаннан кейін, аюдың балалары сергіп кетті. Олар қатты-қатты сілкінді де, енелерімен бірге орманға кірді. Аңшы балаларын тәрбиелеп жүрген аюға қызыға қарады.
Мазмұндау жоспары:
1.Аңшы қайда келе жатыр еді? 2. Аю балаларын қалай шомылдырды? 3.Суға шомылған қонжықтардың көңіл-күйі қандай болды? 4.Аңшы неге қызықты?
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Аю балаларын қалай шомылдырады екен? Сен шомылғанда не істейсің?
Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.
№ 123. Тақырыбы: Аңыздар. Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры.
Мақсаты: Оқушылардың аңызды түсініп оқып, Қожанасыр хикаяларымен таныстыру, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; оқушыларды әділеттілікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, сурет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткенді сұрау: Мысал дегеніміз не? (Мысал ауызша жеткен халық шығармаларының бірі. ...) . Шөже мен Қарлығаштың әңгімесінде не жайлы айтылады. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы мысал әңгімеден қандай үлгі алдың? Өмірде қандай адам болған дұрыс деп санайсың? (сабырлы, байсалды, ұстамды, жақсы мен жаманды ажырата білетін салмақты адам болу. ...)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық .Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Аңызды түсініп, жалғастырып оқу. Аңыз не жайлы екен? Қожанасыр қайда келді? Ол не көрді? Бай неге кедейді ұрды? Қожанасыр кедейді таяқтан қалай құтқарды? Қожанасыр не істеді? Байдың борышы қалай қайтты? Бай жеңілді ме, әлде жеңді ме? Сенің ойың?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Суретке зер сал. Суретке қарап аңызды әңгімеле. Суретте аңыз әңгіменің қай мезгілі суреттелген?
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта не жайлы әңгімеледік? Әділеттілік деген не? Жақсы мен жаманды ажырата білу деген ше? Мұндағы жақсы қайсы, жаман қайсы?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу. Бағалау
№ 124. Сабақтың тақырыбы: Алдардың айласы (аңыз)
Мақсаты: Оқушылардың аңызды түсініп оқып, Алдардың хикаяларымен таныстыру, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікірін айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; оқушыларды ақылдылыққа, қиыннан жол табуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аңыз не жайлы екен? Қожанасыр қайда келді? Ол не көрді? Бай неге кедейді ұрды? Қожанасыр кедейді таяқтан қалай құтқарды? Қожанасыр не істеді? Байдың борышы қалай қайтты? Бай жеңілді ме?
ІІІ. Пысықтау: Бай неге кедейді кінәлады? Кедейдің кінәсі бар ма еді? Қожанасыр не істеді? Байдың істегені дұрыс па? Әділетті болу дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Алдаркөсе жайлы қандай аңыздар әңгімелер білесің? Сенің ойыңша Алдаркөсе қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: Аңызды түсініп оқу. Қасқыр хан қандай адам еді? Оның ойына не түсті? Кімді шақыртты? Алдар болса оған қандай әңгіме айтып берді? Сөйтіп, Қасқыр хан әңгімеден жеңілді ме? Жеңілген Қасқыр хан Алдарға не істеді?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Алдар көсе қандай кейіпкер деп ойлайсың? Аңызды өз сөзіңмен әңгімелеп көр.
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Саған не ұнады? Алдардың тапқырлығы неде?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 125. Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің баласы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жиренше шешен мен Әз Жәнібек жайлы айта келіп, қазақ халқының өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қасқыр хан қандай адам еді? Оның ойына не түсті? Кімді шақыртты? Алдар болса оған қандай әңгіме айтып берді? Сөйтіп, Қасқыр хан Алдардан қалай жеңілді ? Жеңілген Қасқыр хан Алдарға не істеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Алдаркөсе жайлы тағы қандай әңгіме оқыдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Жиренше шешен жайлы не білесің?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен Әз Жәнібектің және Жиренше шешеннің сөзін тауып оқы. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің? Халықта тағы қандай сөз бар? ( Шешеннің сөзі- мерген, Шебердің көзі – мерген; Асыл тастан шығар, Өнер жастан шығар; Ұстаздан шәкірт озар; ...).Оны қалай түсінесің?
Таудан аққан тас бұлақ
Құймай қоймас теңізге.
Жақсы әкеден туған ұл,
Қанша жаман десең де,
Тартпай қалмас негізге,-
ҮІІ. Қорытындылау: Бүгін қандай тақырып өттік? Ондағы оқиға арқылы өз пікіріңді дәлелде. ҮІІІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 126. Тақырыбы: Әке мен бала.
Мақсаты:. Оқушыларды түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; үлкенді сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу. Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әз Жәнібек пен Жиренше шешен не жайлы әңгімелесті. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сенің әкең саған қандай ақыл айтады? Сен оны тыңдайсың ба?
Ү.Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты? Сен ол мақалды қалай түсінесің?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтіндегі нақыл сөзді тауып оқы. «Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер». Мәтіннің осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелде.
ҮІІ.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай шешен сөздер білесің? ( Көп білсең де, Көптен артық білмейсің; Тәрбие- тәлімнен; Бала, баланың ісі шала; ...)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.
№ 127. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Абылай хан
(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)
Мақсаты: 1. Оқушыларға сөз шебері жас бала Жақсы Жанайдар, Абылай хан және Бұхар хан жайлы айта отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; шыншылдыққа,батылдыққа және сөз мағынасының астарын таба білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.
Көрнекілігі: Абылай хан суреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Әке мен бала» әңгімесінде әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Әке балаға сыншы» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Абылай хан туралы не білесің? Оның суретіне қарап мінездеме беріп көрші? Ол қандай адам деп ойлайсың?
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Жанайдар қай заманда өмір сүрген? Бұхар ханы Абылайға не үшін елші жіберген? Абылай Бұхар ханның сөзінің мәнісін түсіндіріп беруді кімге тапсырды? (Күлік Жәнке батыр биге кісі жіберген. Жәнке батыр оған , он төрт жастағы Күнту баласы Жанайдарды жібереді.) Сол сөздің мәнісі не екен? (тұз). Абылай Бұхар ханның өтінішін қалай орындады? Бұхар ханы қырық биге қандай қандай сұрақ берді? Олардың жауабына Бұхар ханның риза болмағанын қайдан байқадың? Жанайдар Абылайды неліктен Бұхар ханынан артық деп бағалады? Абылайдың отырған жерін неге артық деді? Бұхар ханы бала жауабына риза болғанын неден байқадың? (қырық биге сыйлағаны жалғыз балаға бергеніне тең болыпты)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтін неге «Абылай хан» деп аталған? «Май қатығы не?» деген жұмбақты Жанайдардың шешкен жауабын тауып оқы, жаттап ал. Басқа да жұмбақтарды тап, мағынасына мән бер.
ҮІІ. Қорыту:Бүгінгі сабақтан кімдер жайлы білдік? Жанайдарды неге үйге отырғызбайды екен? Сендер өздеріңе қандай әсер алдыңдар? Сендердің араларыңда осындай балалар бар ма? ҮІІІ. Үйге тапсырма: .Мәтінді оқы, түсінгеніңді әңгімеле. Бағалау
№ 128. Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Жақсы Жанайдар»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша өздік жұмыс. Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Мазмұндау жоспары:
1.Жанайдар кім, ол қай кезде өмір сүрген? 2.Оның шешендік өнері, қандай мәселелерді ол шешті? 3.Бала қалай « Жақсы Жанайдар» атанған? 4.«Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деген не?
Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Кім жайлы жаздық? Жанайдардың тапқырлығы саған ұнай ма? Өзіңе қандай әсер алдың?
Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.
№ 129. Сабақтың тақырыбы: Төле бидің төрелігі
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың төбе биі Төле бидің балалық шағымен таныстырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлану, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:Суреттер,дидактикалық материалдар.Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қазақ халқының атақты үш арысы кімдер? ( Төле би, Қазбек би, Әйтеке би). 2 класта олар жайлы не біліп едік? Есіңе түсір.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен Төле бидің сөзін тауып оқып, оның мағынасын түсіндір. Талас кімдердің арасында болды? (үйсін мен арғын). Екі жақтың билері бас қосқан кеңеске кім бірге келген? Бала Төле неше жаста еді? Он бес жасар бала Төле көңілі толмай не деді?
- Атақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы, ағалар.
Өзегі талса, ел біткен,
Өзен бойын жағалар, - деп, сөз бастай бергенде кім оның сөзіне қарсы үн қатты? Төрдегі би қандай мақал айтты? («Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без»). Сен осы мақалды қалай түсінесің? Бала Төленің билігінің дұрыстығын білген Төрдегі би не деді? (Балам, ағалық билікті саған бердім,- деді.) Төле би қандай төрелік білдірді? (Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, - деп, билік айтты.). Төрдегі би бала Төлеге қандай бата берді?
Ел баласы екенсің,
Ақ маңдайлы арысым.
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол!- » деп бала Төлеге бата берген екен.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Үлкен бидің Төле биге берген батасын оқып, мәнісін түсіндір. Саған осы әңгімеден не ұнады?
Ү.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Төле би қандай адам? БалаТөлеге ұқсағың келеді ме? ҮІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 130. Сабақтың тақырыбы: Қазбек бидің толғауы
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың Қазбек биі даналығымен таныстырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымында үйсін мен арғын тайпаларының белгілі бектері таласыпты. Осы екі жақтың билері бас қосқан кеңеске кім бірге келген еді? Бала Төле неше жаста еді? Он бес жасар бала Төле көңілі толмай не деді? Оған төрде отырған би не деді? Төленің сөзі орынды болғанын білген Төре би қандай бата берді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, сендердің араларыңда осындай сөзге шешен балалар бар ма? Бар болса, оны қалай байқадың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қазақ халқының атақты үш арысы кімдер? ( Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі сабағымызда қаз дауысты Қазбек би жайлы білеміз. Қазбек би ата орта жүзден шыққан. Бірде Қазбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, шақырып алып. Бертіс би:
Ағаңның алдынан шығудан сақтан деп ескертеді. Сонда Қазыбек :
Бір бала бар- Атаға жете туады.
Бір бала бар – Атадан өте туады.
Бір бала бар – Кері кете туады! - деп жауап береді.
Ағайынды екеуі күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді. Сабамақ боп жатқанда Қазбектің туған інісі Бөдене келіп арашашы болады. Бөдене екеуіне қылыш жұмсайын дегенде , інісін тоқтатып:
Шырағым, бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме! - дейді.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазбектің сөзіндегі өлеңнің әр жолының кімге қатысты екендігін түсіндір. Дәптермен жұмыс. Қазбектің інісіне деген тоқтауын жаз.
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Қазбек би қандай кемеңгерлік көрсетті?
Сен ол кісінің тапқырлығын қалай деп бағалар едің? Өзіңе не алдың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Оқу, үзінді өлеңді жаттау, бағалау
№ 131. Сабақтың тақырыбы. Бала Әйтекенің билігі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың Әйтеке биінің балалық шағымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қазбек бидің айтқан сөзін жатқа айту. Қазбек би қандай бала болып өсіп келе жатыр еді? Оған кім күш көрсетті? Оны байқап қалған кім еді? Ол оларға не жұмсамақ болды? Қазбек би оны қалай тоқтатты.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үш төбе би туралы не білдік? Әр атаның не айтқанын, қандай ақылды
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Әйтеке би туралы 2 кластан не біліп едік? Ол қалай бата беріп еді?
« Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Әумин!»
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен бала Әйтекенің сөзін тауып оқу. Мәтіннен Қосуақ бидің Әйтекеге берген бағасы айтылған жолдарды тауып, дауыстап оқу. Мәтіндегі «жолсоқтылау болып» тіркесін басқа сөздермен алмастырып көр.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ауылға кімдер келді? Олар неге кепті? Ауыл шетінен оларды кім кездестірді? Олар кімді іздеп келеді екен? Бала Әйтеке оларға қалай амандасты? Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (- Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар.) Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды? Неге таңқалды? Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар. Атасы Ақша биге тартып, ай маңдай ұл боп өсіп келеді.Тіл-көзден аман жүрсе, әлі талай әділ сөз айтар кезі алда! – депті.)
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Әйтеке би балалық шағынан қандай бала болып өсіпті? Сен өзің осы әңгімеден қандай әсер алдың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау
№ 132. Сабақтың тақырыбы: Әнет баба әңгімелері
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың даналық, тапқырлық сөздің иесі болған Әнет баба жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бала Әйтекенің билігі» әңгімесінде ауылға кімдер келді? Олар неге кепті? Ауыл шетінен оларды кім кездестірді? Олар кімді іздеп келеді екен? Бала Әйтеке оларға қалай амандасты? Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (-Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар) Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды? Неге таңқалды? Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар. Атасы
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар » қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қалай ойлайсың, осы шешен сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер не үшін керек? Әнет баба туралы естігендерің бар ма? Әкім деген кім?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Түсініп оқу. Әр азат жолды оқып, өз сөзімен әңгімелеу. Әңгіме түйінін табу. Әнет баба Қазыбек биге қандай өсиет қалдырды? Қазбек «Әкім» сөзін қалай шешті? «Ә» дегені- әділ бол, «К» дегені – күншіл болма, көпшіл бол, «І» дегені – ілтипатты бол, «М» дегені – менмен болма, мейірман бол, - деген.)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Әкім» сөзінің әр әрпіне әдемі сөздер ойластырып жаз. (әсем бол, көңілді бол, ізгілікті бол, мейірімді бол. т.). Әнет бабаның Қазбек биге өсиет айтқысы келмеу себебін түсіндір. ( жасы келіп қартайған, қасынан жан тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың? – деп ...)
ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Әнет баба неге өсиет айтқысы келмеді? Қазбек би неге кетпей қойды? Ол қандай бата алды? Оның шешуі қандай еді? Мәтіндегі тағылым сөзінің мағыналас қатарын тап. (сабақ, өсиет, үлгі т.с.с.)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқып, әңгімелеу. Бағалау.
№ 133. Тақырыбы: Мазмұндама «Арыстан мен қозы»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Арыстан мен қозы
Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына оның жанына жақын барып, үсті- басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің шешем екен деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына аңқиып тұрып қалды. Ал, қозы болса, одан әрі еркінсіп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.
Айбатты арыстан жас қозысының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкаппар ұлылықпен, әрі іштей бір, жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.
(Леонардо да Винчи)
Мазмұндау жоспары:
Тордың ішіне нені тастады? 2.Қозы арыстаннан қорықты ма? 3.Арыстанның көңіл- күйі. 4. Арыстан қозыны неге жемеді?
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Арыстан неге қозыға тиіспеді? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
№ 134. Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел жаттап, жұмбақ шешейік
Мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтел, жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, жүйелі оқуға үйрету; рухани дүниесін байыту, көркемдік –эстетикалық талғамын арттыру; тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы, тапқырлыққа, шешендікке баулу.
Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену. әңгімелеу. Түрі: қорыту.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қалай ойлайсың, осы шешен сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер не үшін керек? Ал жұмбақ ше? Мақал –мәтелдердің қандай түрлерін білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мақал – мәтелдер мынадай түрлерге бөлінеді:
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер. 2.Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер. 3.Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер. 4. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер. 5.Жақсылық-жамандық, достық-қастық туралы мақал-мәтелдер. 5.Тіл өнері туралы мақал-мәтелдер. 6.Адам қасиеттері туралы. 7.Еңбек туралы
Мақал – мәтелдерді шешендікке, ақылдылыққа, тапқырлылыққа және тіл байлығының жетілуіне тигізетін пайдасы өте көп. Ақыл – ойдың ұшқыр биіктігін, әр сөздің жете түсінсең түп нұсқасын жете білуге баулиды. Ой- өрістің кеңеюіне, рухани дүниенің баюы және көркемдік талғамның кеңеюіне жеткізеді.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 1.Үлестірме қима қағаздармен жұмыс. Әр оқушы өз тапсырмасын жеке орындайды. Мақал-мәтелдер жазылған, оқып мәнін түсіндіру. 2. Ойын: алма ағашындағы алманы кәрзеңкеге жинау. (Онда жұмбақ шешу.) Кім көп жинаса жеңіс соныкі болады. Дәптермен жұмыс. Өзіңе керекті мақал-мәтелдерді дәптеріңе жазып ал.
Ү. Бекіту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Шешен, ақылды, тапқыр, сөз шебері болу үшін не істесек болады? Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен?
ҮІ Үйге тапсырма: Әр жанрдан 1-1 мақал-мәтелдер жаттап кел. Бағалау.
№ 135-136. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Өз біліміңді тексер
Сабақтың мақсаты: «Сарқылмас қазына» деп аталған тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; рухани дүниесін байыту, көркемдік –эстетикалық талғамын арттыру; тапқырлыққа, шешендікке баулу.
Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Сарқылмас қазына» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?
ІІІ. Өткенді қайталау:
Бөлім неге «Сарқылмас қазына» деп аталған. 2.Халық шығармаларының қандай түрлерімен таныстың? (жырлар, ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар) 3.Дәптеріңе халық шығармаларына не жататынын жазып ал. 4. Мына өлеңде не туралы жырланатынын айт.
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай,
Төбелі жұлдыздай,
Жүні құндыздай,
Жалы жібектей,
Көзі моншақтай.
5.Төрт түлік малды халық неге сонша құрметтеген деп ойлайсың? Олардың пайдасы туралы әңгімеле. 6.Осы бөлімдегі оқыған ертегілеріңді мына топтар бойынша жіктеп көр:
а) Хайуанаттар жөніндегі ертегілер; «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»ә) Шыншыл ертегілер; «Ажалдан құтқарған асыл сөз» б) Қиял-ғажайып ертегілер. «Алтын балта»
7. « Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса, сақа тұт.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға тұт» деген жолдар мәтіннің қай түріне жататынын анықта:
Мақал-мәтел ме? -Шешендік сөз бе? ( шешендік сөз) 8. Білетін шешендік сөздеріңді жатқа айт. 9.Өмірде болған адамдардың басына құрылған мәтінді ата. (Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры; Алдардың айласы; Жиреншенің баласы; Әке мен бала) Осы бөлімнен кімдер туралы аңыз оқығаныңды айт.
ІҮ. Білімін тексеру: Тест.
1. В- Бесік жырына; 2. Ә - Құлын; 3. А - сиыр; 4. Б - қой; 5.Ә - ешкіге; 6.В – қанағат еткендіктен; 7. Ә - масамен; 8. Б - жұмбақ; 9.Б – Ажалдан құтқарған асыл сөз.; 10.А – Әке мен бала; Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Сарқылмас қазына » тарауынан не білдік, неге үйрендік?
ҮІ.Үйге тапсырма: «Жазғы демалыста» тапсырма беру.
Математиам және логика
№1 .Тақырыбы: Ой қозғау
Мақсаты: Оқушыға мың көлеміндегі сандарды санау, оқу, жазу, салыстыру туралы түсінігін пысықтау, амалдарды орындауға үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Мақсат қою кезеңі: Ондықтармен жүздіктермен мыңдықтармен санау. Ауызша жұмыс: Келесі сандарды оқы: 17, 602, 96, 300, 985, 1000. Бұл сандарда барлығы неше бірлік, неше ондық және неше жүздік бар. Әрбір разрядта неше бірлік бар?
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Толықтыр:
Таңда:
Құрастыр:
Өздік жұмыс: ( 3 топқа бөлініп)
Сандарды жаз: жиырма төрт, жетпіс үш, жүз он алты, бес жүз қырық төрт,жеті жүз сегіз. (24,73,116,544, 708)
Берілген сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсет:
78, 96, 234, 459, 627, 961. ( 78 = 70+8; 96 = 90+6; 234= 200+30+4; т.с.с.)
Салыстыр:
29 * 92 16 см * 32см 1кг * 356г
451 * 469 293 см * 300 см 1ц * 200 кг
302 * 328 28 см * 40 дм 1т * 695 кг
2. Өз беттерінше: № 9
а).Кесінділерді өлше. Ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының мәндерінің қосындысына тең кесінді сыз. (1см + 6см = 7см)
ә) № 6. Бірдей қосылғыштары бар қосындыларды жазып, олардың мәнін тап:
6 +6+6 9+9 2+2+3
Тақырыбы: Теңдеу құрау
Мақсаты: Теңдеу құру, санды және әріпті өрнек құру оны оқуға үйрету; қосу мен азайту амалдарының орындалу тәртібінің ережесін қайталау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.
ІІІ.
12-6
10-х
Х+5
Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар
ІҮ..
№ 1 Топтау және оқу.
Өрнек; санды өрнек; әріпті өрнек; қосынды; айырма; теңдеу; теңдік; теңсіздік.есептеп тап
42 +35 а+2 6+с 72 > 50
Х + 30 = 90 78 – 64 65 + 30 = 95 5 – Х = 3
№ 2. Кестелерді толтыр: «Кім жылдам?» Жылдамдыққа есептеу.
Қосылғыш
|
54
|
70
|
|
Қосылғыш
|
20
|
|
48
|
Қосындының мәні
|
|
90
|
96
|
Азайғыш
|
400
|
72
|
|
Азайтқыш
|
28
|
|
85
|
Айырманың мәні
|
|
60
|
170
|
(74,20,48) (372,12, 85)
Өздігінен орындау.
№ 3 Өрнек құрып, оның мәнін табу.
600 және 350 сандарының қосындысынан 80- ді азайт; (600+350)-80 = 950-80= 870)
326 және 89 сандарының айырмасын 257-ге арттыр. (326-89)+257= 237+257= 494)
№ 4. Берілген өрнектердің мәнін тап:
а+ 29, мұндағы с = 78,109,352
Үйге: Теңдеу шығару
Тақырыбы:Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Мақсаты: Есеп шығару ретін қайталау, қосындыны және қалдықты табуға, санды азайту (арттыру), қосылғышты (азайғышты, азайтқышты) табуға арналған есептер шығаруды үйрету; есептеу, ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, кері есеп құрастыру біліктігін дамыту; математикалық тілде сөйлеу, қатар қою және салыстыра білуге дағдыландыру .
Түрі: аралас .
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару . ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 6. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
Достарыңызбен бөлісу: |