Ү. Бекіту: 1. Ю, я дыбыстары қандай дыбыстар? Олар қандай әріптердің қосындысынан тұрады? 2. Өздік диктант: жи+у= ...., ки+у=...., жыми+у=...., бұрти+у=...., тымпи+у=...., жай+у=...., есей+у=...., үлкей+у=...., түй+у=... .
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 43-жаттығу, 15-бет түсіндіру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: дауысты дауыссыз дыбыстар
мақсаты: Оқушылардың 2-сыныпта дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 43-жаттығудағы ойды аяқтап, шағын әңгіме жазу. Оқушылардан сұрап, ең үздік әңгімені бөліп көрсету. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып дала, бүйрек, шаңғы сөздерін талдау.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 44-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңде ұлан қандай болу керек делінген? Сендер тағы қандай болу керек деп ойлайсыңдар? ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Д д Д д Д д Дариға
44-жаттығудағы Біз жалқаулықты сүймейміз сөйлемді кестеге салып талдау.
45-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Сабағын, алабың, талабың сөздеріндегі түбірдің соңғы дыбыстарының өзгеруін сұрау, түсіндіру. 46-жаттығу. Жақшадағы сөздерге сұрақ қоя отырып, қажеттісін таңдау, көшіріп жазу. Түбірдегі соңғы дыбыстың өзгерісін түсіндіру. 47-жаттығу. 1. Леп, рахмет, лақ, радио, рет, ренжу, лашын, лалагүл. 2. Ілгіш, ылди, ілесу, ірімшік, ірі, ылғи, ырыс, ырылдау. 50-жаттығу 1. Ребустың жауабы: рауғаш. Рауғаш- көбінесе тау беткейлерінде өсетін көпжылдық қышқылтым дәмді өсімдік. 2. Тауға барғанда бұл өсімдікті көргендерін бар ма? Ол адамға пайдалы екенін естен шығармаңдар.
в) Сергіту жаттығуы Оқушыларға жұмбақтар жасыру:
1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, қане тапшы. (Радио)
2. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,
Адамша естіледі айтқан сөзі.
Дауысы анық болып шыққанымен,
Көрінбес бас, аяғы, екі көзі. (Радио)
3.Тастан-тасқа секіреді
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
Ү. Бекіту:1. Қандай жағдайда түбірдің соңындағы дыбыс өзгереді? Мысал келтір. 2. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен терме диктантын ұйымдастыру.
Ана
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда. (Т. Бейсенбеков)
Бұл диктанттан оқушылар Р және Л әріптері бар сөздерді көшіріп жазулары тиіс. Мысалы: ақыл, артық, расында, алыста, ал, ылғи.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 49-жаттығу, 17-бет түсіндіру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Сөз таптары
Мақсаты: Сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 49-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып, 51-жаттығудағы сөздерді талдау. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай? Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша? Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 52-жаттығудағы сызба бойынша оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтап, мысалдар келтіру.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ж ж Ж ж Жадыра
53-жаттығу «Адасқан сөз» ойынын ойнату. Ойынның шарты: әр топтағы сөздердің ішінде біреуі артық. Сол артық сөздерді көп тапқан оқушылар жеңеді.1. Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді. 2. Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір. 3. Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу. 4. Ұшырады, жазды, келмекші, ойланды, аң. Ол сөздер неліктен артық болды?
54-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сұрақтар бойынша сөйлем құрау. 55-жаттығудағы сөздерді сөз таптарына топтап жазу. Бұл жаттығуды оқушылардың түсінгендерін анықтау мақсатымен өздеріне орындатып, ауызша талдау.
в) Сергіту жаттығуы.
Ү. Бекіту: 1. 57-жаттығудағы сөздерді ретпен жинастыру. 2. Сөз таптарына не жатады? Зат есім дегеніміз не? Сын есім, етістік дегеніміз не? Әр сөз табы қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ.Үйге тапсырма:56-жаттығу, 19-бет түсіндіру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Зат есім.
Мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау;
оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;
ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: ребус, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 56-жаттығуда сөздерден сөйлем құрастыру. Оқушылардан ауызша сұрау, талдау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу
´´´´´
Достарыңызбен бөлісу: |