2. Сағат саны: 45 мин.
3.Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Тақырыпты білу жалпы патология курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста минералды, аралас дистрофияларды және қан айналым бұзылыстарын білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және
олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: № 1 қосымшада
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2,5 мин (5,5%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 13,5 мин (31%)
Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруымүмкін.
Мамандар адамды қатты эмоционалды толқуларға ұшырататын кез келген жағдай күйзелістің пайда болуына себеп болуы мүмкін деп есептейді, Күйзеліс баланың дүниеге келуі, күйеуге шығу (үйлену) сияқты оң эмоцияларды, сол сияқты баланың қаза болуы, жақын адамның қайтыс болуы сияқты кері эмоцияларды тудыруы мүмкін екендігін есепке алу қажет. Күйзеліске ықпал ететін жағдай болар-болмас сипатта да болуы мүмкін (көп уақыт кезек күту немесе жолда кідіріп қалу). Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін.
Күйзеліс – ауру емес, бұл қорғаныс механизмі, бірақ мұндай қорғаныс тұрақты болса, онда адам ауруларға осал болып келеді.
Жалпы күйзеліс әр адамға қажет, олай болмаса ол талапсыз адам болады. Күйзеліс – бұл өзіндік энергия көзі. Бастысы оның ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Адам ағзасының жауы – ұзаққа созылған күйзеліс. Ол орасан – шамамен 90%. Ұзақ күйзеліс ағзаның қорғаныс қабілетін азайтады, қант диабетінің, ісіктің, туберкулездің даму қаупін арттырады, егер әйел жүкті болса, оның ішіндегі балаға зиян тиеді, яғни барлық зардаптарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Барлық мәселе мынада, ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағза адреналин мен энкефалинді шығармайды, сол үшін С және В витаминдерінің, цинктің, магний мен басқа да минералдардың запастарын асыра жұмсайды. Бұл өз кезегінде нервті жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді, ақыл-ой және дене белсенділігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |