Жер бетінің бедері



жүктеу 13,59 Kb.
Дата04.03.2023
өлшемі13,59 Kb.
#41587

1 ДӘРІС. КІРІСПЕ

Курстың міндеті – студенттерді бедер мен континенттік түзілімдерінің негізгі белгілерімен таныстыру, соңынан геологиялық барлау және іздеу жұмыстарын жүргізерде оларды табиғи жағдайда айыра білу.


“Геоморфология мен антропоген геологиясы” – жалпы Жер туралы ғылымдар кешенінің біршама жас саласы. “Геоморфология ” – жер бедері туралы ғылым. Ол жер бетіндегі бедер пішіндерінің морфологиясын (құрылысын), морфометриясын (өлшемдерін), морфогениясын (жаралуын), жасын және қалыптасу тарихы мен қазіргі динамикасын зерттейді.
Жер бетінің бедері - пішіндерінің жиынтығы. Оларға ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Осы себептен бедер пішіндерін құрайтын таужыныстардың құрамы мен қасиеттерін және оған әсер ететін геологиялық процестерді білмей тұрып, оны зерттеуге болмайды.
Геоморфологияның бас міндеттері:
1. Бедерді жан жағынан зерттеу, бақыланған пішіндерін сараптау, бедер пішіндерінің морфологиялық жиынтықтарын және олардың бір-бірімен, геологиялық құрылысымен, континентальды түзілімдерімен байланысын анықтау.
2. Бедер жаратылуына әсер ететін эндогенді және экзогенді процестерін және геологиялық пен географиялық факторларын анықтау.
- Бедердің даму тарихын зерттеу.
-Бедердің практикалық маңызын бағалау, оның дамуын болжау, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар жайлы қосымша ақпарат жинау
Жер бедерін зерттеу, негізінен үш бағытта жүргізіледі:
1. Морфологиялық – бедер пішінінің сыртқы (морфография) белгілерін зерттеу.
2. Морфометриялық – бедер пішіндерінің өлшемдерінің сипатын анықтау
3. Тарихи-генетикалық – бедер тегін (генезисін), даму тарихын, оның заңдылықтарын анықтау
Практикалық маңызы:
а) геологиялық карта түсіру мен кенорындарын іздеу жұмыстарында қолдану табады.
Мысалы: антиклин көтерілімді морфометриялық әдістермен болжап, мұнай мен газ көздерін, сонымен қатар құрылысқа қажет құм, саз, шымтезек, боксит кенорындарын іздеуге көмектеседі. Жер бедерінде темір телпектер, кен шоғырланған жарылымдар оңай байқалады.
б) қазіргі геологиялық зерттеулер кешенінде құрылымдық-геоморфологиялық талдау әдісі де кіреді. Бұл әдіс тереңдегі құрылымдар мен кенорындарды болжауға және табуға көмектеседі.
в) гидрогеология мен инженерлік геологияға, құрылыстың барлық түріне, құбыр және көлік жолдарын салуға қажет.
г) сейсмикалық қауіпті және неотектоникалық белсенділігі жоғары аймақтарда құрылыс жүргізгенде ерекше өте маңызды орын алады.
д) сондай-ақ олар картография-геодезия жұмыстарына және топырақтану мен геоботаникалық зерттеулерге де қажет материал береді.
жүктеу 13,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау