Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Квадрат теңдеулер.
|
Мектеп: А
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәтін есептерді шығару.
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.4.2.1 мәтін есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді.
Оқушылардың басым бөлігі:мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шығару жолдарын талдайды.
Кейбір оқушылар:мәтінді есептерді шешуде,квадрат теңдеудің көмегімен шығармашылық есептерді шешеді.
|
Бағалау критерийі
| |
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаты: есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын түсіндіреді; мәтінді есептердің шығару алгоритмін тұжырымдайды.
Пәндік лексика мен терминология: квадрат теңдеу, алгоритм, қанағаттандыратын шешім, өрнек, түбір, бір айнымалысы бар теңдеу, екі айнымалысы бар теңдеу.
Диалогқа/ жазылымға қатысты тірек сөздер
квадрат теңдеу дегеніміз..., квадрат теңдеулердің түрлерін айтыңыз..., квадрат теңдеулердің шешу тәсілдерін айту.Мәтінді есептердін шығару алгоритмін тұжырымдаңыз.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Қазақстан тәуелсіздігімен Астана» идеясы бойынша оқушылардың бойына патриоттық , адамгершілік,өзара сыйластық және қарым-қатынасты дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
математикалық сауаттылыққа байланысты есептер беріледі.
|
Алдыңғы білім
|
Квадрат теңдеуді шешеді, квадрат теңдеулерді шешу әдістерін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:«Шаттық шеңбер» әдісі.
Оқушылар шеңбер жасап тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызу
«Мозайка» әдісімен түрлі-түсті суреттерді таңдау арқылы топқа бөлу
«Допы лақтыру әдісі» . ширату жаттығу арқылы өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою үшін осы әдісті қолданамын.Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды .Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды.Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса,допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға,тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
1.Квадрат теңдеу дегеніміз не?
2. ах2 +вх+с=0 теңдеуінің в немесе с нөлге тең болса, қандай түрлері болады?
3.Квадрат теңдеуінің шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
4. Виет теореманы айт.
5. Мәтінді есептерді қандай теңдеулермен шешеміз?
ОМ анықтау.
|
Қағаздар
Доп
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақты меңгеру барысында«Борт журналы»әдісі тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретеді.Оқушылар берілген тақырыпты оқиды , сол арқылы келесі сұрақтарға жауап жазады:
Оқулықтан тақырып бойынша не білдім? Нені білемін?
|
Осы тақырып бойынша қандай жаңалықтар білдім ?
|
|
|
Оқушылар «Bilimland» ақпараттық порталынан тақырыптың түйіндемесі бар конспектімен танысады.
(Т)1-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылардың топтық білімді жинақтауда, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал етеді.
Астанадағы бірінші құрлысшы 60 кірпішті екіншісіне қарағанда 3 сағат ерте жасап бітірді.Егер екеуі бірігіп 30 кірпіш бір сағатта жасайтыны белгілі болса, онда екінші құрлысшы 90 кірпішті неше сағатта жасап бітіреді?
Дескриптор:
есептің мәтінде берілген шамаларды арасындағы тәуелділікті анықтайды;
бастапқы шаманы әріппен белгілейді;
квадрат теңдеу арқылы құрастырады;
түбірін табады;
табылған түбірлерді қайсысы қанағаттандыратын тексереді.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс арқылы бағалау.Бұл әдіс басқаны бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау мақсатында білімдерін жетілдіреді.
(Т) 2-тапсырма: «Бірлесе үйрену» әдісі әрбір оқушы өз үлесін қосып,басқаларға өзінің білгенімен,идеяларымен,түсініктерімен бөліседі.
Дүкен мен үйдің арасы 900м болады. Әкесінің адымы баласының адымынан 25см артық болғандықтан ол үйден дүкенге дейін баласынан 600 кем аттайды. Баласы дүкенге дейін неше адым аттайтынын анықтаңыз.
Дескриптор:
мәтінді есептің алгоритмін қолданады;
квадрат теңдеуді құрастырады;
есепті қанағаттандыратын шешімін табады.
ҚБ: «Жұлдызшалар» арқылы бағалау. Бұл әдіс оқушының материалды меңгергенін немесе толық түсінбегенін анықтап, ойын еркін білдіруге негіздейді.
«Жасыл түс»-жақсы.
«Сары түс»-сұрағым бар.
«Қызыл түс»-түсінбедім.
(Ө) 3-тапсырма: «Аялдама» әдісін пайдаланып оқушылардың ортақ қажеттіліктерін анықтау үшін тапсырма бере отырып ынтымақтастық ортаны құру.
Бірінші сан екінші саннан 10-ға артық және олардың көбейтіндісі 56-ға тең. Осы сандарды табыңдар.
Дескриптор:
Қ.Б. Оқушылар өз жұмыстарын саралау, басқалармен салыстыру мақсатында «Бас бармақ» әдісін пайдалана отырып өздеріне бағалайды.
|
«Борт журналы»
https://bilimland.kz/kk
слайд «Астана қаласындағы құрлыс алаңы»
Жанасбаева Ұ.Б
Мат.сауат
2 бөлім
Оқулық Алгебра 8-сынып
Әбілқасымова А.Е
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды: «Индекс карточкалары» Екі беті бар карточкалар.
1-беті: өтілген тақырып бойынша негізгі идеяларды атап өтіп,
оларды жинақта.
2-беті: өтілген тақырып бойынша нені түсінбегеніңді анықтап,
сұрақтарыңды жаз.
Рефлексия: «Талқылау бойынша серіктестер» әдісі
-не нәрсе оңай болды?
-не нәрсе қиын болды?
-нені білгіңіз келеді?
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
.1-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріп, ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қояды. Бұл әдіс арқылы сөзбен қолдау көрсете отырып, ынталандырады.
2-тапсырмада саралаудың
«Бағалау» тәсілі үнемі
бағаланады, қажеттіліктеріне қарай түзетіліп отырады және
оқушыны оқытуға қарай жылжытады.
3-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді,сондықтан оларға жеке тапсырмалар беріледі.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Бұл әдіс өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау мақсатында білімдерін жетілдіреді.
«Жұлдызшалар» арқылы бағалау. Бұл әдіс оқушының материалды меңгергенін немесе толық түсінбегенін анықтап, ойын еркін білдіруіне негізделген.
«Бас бармақ» әдісін пайдалана отырып оқушылар өз-өздеріне баға береді.
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.
|
Қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |