Тақырыбы: Екі таңбалы сандардың оқу, жазу, салыстыру және жіктеу.
Мақсаты: Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр» және «сантиметр»- дің ара қатынасын түсінуге жағдай жасау. Сынық сызықпен танысу, геометриялық фигураларды дұрыс атай білу. бір амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу дағдыларын пысықтау, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге құштарлығын ояту.
Көрнекілік: см лента, сызғыш, кесте .
Қолданылатын технология: дамыта оқыту.
Әдісі: ізденісті - проблемалық, сарамандық жұмыс, топаралық жарыс.
Түрі: жаңа білім игеру сабағы.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағдай жасау.
- Балалар, біз не көріп тұрмыз? (Күнді)
- Дұрыс, ол бұлт арасынан шыққысы келіп тұр. Бұлтта жаңбырдың суы бар. Ол жауып болғанда күннің көзі ашылады. Кәне жаңбырды жауғызып, күнді құтқарайық..
3 саусақ, алақан, жоғарыда,
Партада тықылдату, алақанмен партаға соғу, аяқпен топырлау, шапалақтау, 3 саусақпен шапалақтау. Қолды жоғары созайық, күннің көзін ашайық.
ІІ. Жаңа сабақ.
1) Сарамандық жұмыс.
Кесінділерді өлшу (Барлық балаға ДМ жолақшаларын үлестіру)
А) Оқулықтың 8 бетіндегі екі кесіндіні өлшейік.
Осы екі кесіндінің ұзындықтарын қосыңдар
1дм+1 см =1дм1см
Ә) І топқа - Кітаптың мұқабасын өлшеу, дм - ге айналдыру.
- Адамдар әр жерде нені өлшеп жүр? Қандай заттардың ұзындығын өлшеп жатады?
(жауаптарын тыңдау)
В) ІІ - топқа - Тақтаны өлшеу. Сантиметрмен өлшеген тиімді ме?
- Әлде дециметрмен өлшеген тиімді ме?
- 1 м - де неше дм бар, см ше?
- Ұзындықты метрмен де өлшейді.
1м =10дм = 100см
2) Кестемен жұмыс.
Хормен оқу. жаттау
Есіңе сақта!
1дм = 10см
1м= 10дм
1м = 100см
ІІІ. Сергіту сәті. 1, 2, 3
Демаламыз жинап күш
Бестік баға аламыз
Қуанып үйге қайтамыз.
ҮІ Түсінгендерін тексеру.
№3
Әжейде 5м
Сатып алдв-3м
Шешуі:5+3
Жауабы: 8м
Әжейде -8м бау
Анама берді–3м
Шешуі:8-3=5м
Жауабы: 5м=50дм
№4
Ондықтармен бірліктерді атажәне жаз:35-3онд 5бірл, 46-?,28-?,63-?
№6
1 онд. 3 бірл. = 13 бірл.
2 онд.9 бірл. =29 бірл
9 онд 2 бірл. = 92 бірл.
ҮІІ сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не білдік?
ҮІІІ Үйге тапсыру.
1. № 5 21 бет
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы
қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Шығарманың бейнелеу өнерінің қай түріне жататындығын дұрыс анықтау үшін, осы шығармадағы басты әсерлегіш құрал не екендігін анықтап алу қажет. Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы түсіндіремін.
Кескіндеме.
Кескіндеме – бұл бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме туындылары бояулармен салынды. Мұндағы басты әсерлегіш құрал түс болып табылады. Кескіндеменің тағы бір атауы – сұңғат.
Суретші-сұңғатшы жұмысында қолданылатын бояулар. Сұңғат шығармалары әр алуан бояулармен орындалады. Сұңғатшы көбінесе акварель, майлы бояу, гуашь және акрил бояуларымен жұмыс істейді.
Суретші акварельмен суре салған кезде оның шығармалары мөлдір, кең тынысты болып шығады.
Гуашь та акварель тәрізді сумен ерітіледі. Гуашьтың акварельден айырмашылығы, ол қою түсті бояу. Гуашьпен орындалған жұмыстардың бояуы қалың әрі масатыдай құлпырған әсер береді. Гуашь және акварель бояуымен жұмыс істегенді өздерің сияқты кішкентай суретшілер жақсы көреді.
Суретшілер картиналарды көбінесе майлы бояумен салады. Майлы бояудың гуашь пен акварельден бір айырмашылығы сумен емес арнайы еріткіштермен ерітіледі. Майлы бояуды кенепке жаққан кезде тығыз әрі қалың дақ қалдырады.
Суретшілердің туындыларынан бұл дақтардың ізін байқап, адамдарды, табиғатты бейнелеген кезде дақтарды қалай түсіргенін көре аласың.
Майлы бояулар XV ғасырда нидерландық ағайынды суретшілер Ван Эйктер жетілдіре бастаған кезден кеңінен тарай бастады. Олар құрғақ түрлі түсті ұнтақтарды әр түрлі өсімдік майларымен араластыра отырып, ең дұрысы ұнтақтарды жаңғақ немесе зығыр майымен араластыру деп тапты. Сонда бояулар берік болады және кепкен соң үгітіліп, түсіп қалмайды.
Ал пастель, құрғақ түрлі түсті борлар сол осал құрал түрінде қалды. Олармен салынған жұмыстардың түстері әдемі болады. Пастелььді көбелектің қанатымен салыстырады. Онымен орындалған жұмыстар өте нәзік келеді, сондықтан да оларға аса ұқыпты болу қажет.
Сонымен қатар майлы пастель пайда болды. Оның түсі айшықты және онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол құрғақ пастель тәрізді үгітілмейді. Сондықтан да балалар өз суреттерін осы пастельмен салғанды ұнатады.
Ал ең алғашқы берік бояу – ол жұмыртқа темперасы. Мұнда бояу ұнтағы жұмыртқаның сары уызымен араластыр ыл ады.
Темпера бояулары сумен ерітіледі. Кепкеннен кейін олар өте берік болады. Ол акварель мен гуашь бояулары сияқты сумен шайылмайды. Темпера майлы бояудан да берік. Бұл бояу қанша уақыт өтсе де өңін бермейді, не жиырылып, жарылмайды.
Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: музыка
Сабақтың тақырыбы: Күй шебері Тәттімбет.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбеттің шығармашылығымен таныстыру.
Білімділік: Шертпе күй дәстүрімен таныстыру.
Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.
Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.
Тәрбиелік: Халқын, елін суюге баулу.
Ән үйрену-орындау: «Алғашқы қоңырау» Әні: Ж Еңсепов, сөзі: Н Нұрқабылов..
Көрнекілік: Қазақстан суретшілерінің табиғат туралы суреттері.
1Ән ұран—орындауға
2Алғашқы қоңырау—үйренуге.
3. «Сарыжайлау» күйі—тыңдауға.
Сабақ барысы:
А) Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы.
1. Құрманғазының күйлері екі ішекті бірдей қолды сермеп, қағып төгіп ойнайды. Сондықтан оларды «төкпе» күй дейді. Домбырада «төкпе» күйлермен қатар «шертпе» күйлер де орындалады. Ол дегеніміз, екі ішекті теріп ,саусақтың ұшымен шертіп қана ойналады. Сондықтан оларды «шертпе күй деп атайды. Енді біз «шертпе» күйдің шебері атанған Тәттімбетпен танысымыз. Ол Х1Х ғасырдың басында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Тәттімбет әрі күйші, әрі шешен адам болған. ( Сабақ барысында-Тәттімбет туралы «Ел аузындағы аңыз әңгімелер» қоса айтылады.)
Музыка тыңдайық:
2. «Сарыжайлау» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Тәттімбеттің бұл күйі Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында тыңдалады. Композитордың күймен табиғатты қалай бейнелегеніне назар аударамыз. Сабақта табиғат суреттері қоса көрсетіледі.
Ән орындайық: «Алғашқы қоңырау» Әнін жазған Жасарал. Еңсепов , (Қайталау)
Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні орташа. Алдымен жай
екпінде орындап үйреніп, кейін жылдамдық қосуға болады. Ән көңілді, әрі жігерлі орындалады. Әннің қайырмасы өте мәнерлі болып келеді. Бұл сабақта әннің жатталғандығы, жекелеп орындау барысымен тексеріледі.
Сабақты қорытындылау: Тәттімбет шығармашылығы толығырақ айтылады.
Төкпе күймен шертпе күйдің айырмашылығы неде?
Шертпе күйдің шебері кім?
Тәттімбеттің қандай күйлерін білеміз?
Үйге тапсырма: Құрманғазы жайлы қосымша мәліметтер жинау. «Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.
Бағалау:
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: музыка
Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы Дәулеткерей.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы күйші-композиторы Дәулеткерейдің шығармашылығымен таныстыру.
Білімділік: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен танысу.
Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.
Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.
Тәрбиелік: Халқын, елін суюге баулу.
Ән үйрену-орындау: «Қошақаным қайда екен?» Әні:Ә.Бейсеуов, сөзі:С. Асанов..
Сабақ түрі: Сахналау сабағы.
1 «Алғашқы қоңырау»—орындауға
2 «Қошақаным қайда екен?»—үйренуге.
3. «Қосалқа» күйі---тыңдауға.
Сабақ барысы:
А) Оқушыларға күні бұрын дайындалған мәтіндер таратылып беріледі.
1. Сахналауға үш оқушы қатысады. Бірі-жүргізуші. Екіншісі-Дәулеткерей. Үшіншісі-Құрманғазы.
Жүргізуші: Дәулеткрей ел билеп тұрғанында, Прнайы сәлем беруге Құрманғазы іздеп келеді.
Дәулеткерей: Бұған дейін атағыңды көп естігенмін, Құрманғазы төрге шық, қонағым бол.
Жүргізуші: Аман саулық сұрасып шай ішіп болады.
Құрманғазы: Сіздің домбыраңыздың дауысын сағынып арнайы іздеп келдім, кезекті домбыраға берейік.
Жүргізуші: Дәулеткрей қолына домбырасын алып бір күй тартады.
Құрманғазы: Мына күйіңіз «Бұлбұлша» сайрап тұр ғой, бұл не деген күй ?
Дәулеткерей: Әй Құрманғазы, не деген сезімтал едің. Айтпай-ақ таптың ау. Бұл күйдің аты «Бұлбұл».
Жүргізуші: Ендігі кезек Құрманғазыға келеді. Ол біршеше күй тартады.
Дәулеткерей: Оу, Құрманғазы күйлерің не деген жігерлі еді. Көз алдыма аттың дүбірін, Қазақтың кең даласын елестеткендей бодым.
Жүргізуші: Осы кезде үйге келіні Саржан кіреді.
Құрманғазы: Саржан келініңіздің былқылдаған жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасына бір күй шығарыңызшы дейді.
Жүргізуші: Сол кезде Дәулеткерей отыра қалып келініне арнап бір күй тартады. Ол күй ел арасында «Қосалқа» деп аталып кетеді.
Музыка тыңдайық:
1«Қосалқа» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Тәттімбеттің бұл күйі Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында тыңдалады. Күй тыңдау барысында, қыздар би қимылдарын жасап, ал ұлдар ұрмалы аспаптардың ырғағына қосылады.
Ән орындайық: «Қошақаным қайда екен?» Әнін жазғанӘ.Бейсеуов,
Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні орташа.
Сабақты қорытындылау: Тәттімбет шығармашылығы толығырақ айтылады.
Екі күйші қалай кездеседі?
Дәулеткерейдің қандай күйлерін білеміз ?
Дәулеткерей қандай күйші ?
Үйге тапсырма: Дәулеткерей жайлы қосымша оқу. «Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.
Бағалау:
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
-2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
-ізгілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер.
Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып Б.Жақыптың«Біз бақытты баламыз!»әнін айту.
Дәйексөз ТақтағаА.Пивеннің «Өзіңді тыңдағанда ғана өзгені білесің»деген нақыл сөз жазылады.
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірақ түсіндіру мақсатында әңгіме оқу ұсынылады.Әңгімеде өздері сияқты балалардың жазғы демалыс кезінде жасаған қамқорлық істері жайлы айтылады.«Балапан»әңгімесін оқу және жақсы істер жасауға талпындыру үшін мынадай сұрақтар қою:
*Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?
*Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар?
Түйіндеу:-Балалар, «Өзін-өзі тану»пәнінен үйренген адамгершілік құндылықтарын өмір жағдайларында пайдаланып,адамдарға және айналаға жасаған жақсылықтарыңа қуанып тұрмын.
Ойын «Мен қандай баламын?»ойыны ұйымдастырылады.
Шығармашылық жұмыс «Біз осылай өсеміз»тақырыбына әңгіме құрастыру.
Дәптермен жұмыс «Менің жазғы демалысым»тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Қорытындылау Шеңбер құрып тұрып,шеңберді бойлай кезектесіп,жазғы демалыстағы өздеріңнің жақсы істерің туралы айтамыз.
Жүректен жүрекке Шеңбер құрып «Біз осылай өсеміз»әнін айту.
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ;
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАЙ БІЛУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ;
ҰСТАМДЫЛЫҚҚА,САБЫРЛЫЛЫҚҚА,РИЗАШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.
Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.
Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып «Кел,балалар күлейік» атты өлең шумақтарын қосылып айту.
Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың жағымды көңіл –күй,ұстамджы болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдап,өміріндегі мәнін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс «Бос қайық».Аңыз әңгіме. Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.
*Аңызда адамның қандай көңіл-күйі сөз болды?
* Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?
Жаңа ақпарат Жаңа ақпаратты талдау оқушылардың тақырыпқа байланысты өзкөзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.Жақсы іс,жағымды әрекет,ізгі ниет,жылы сөз,жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге бағдар беру.
Тапсырма «Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап,қандай көңіл-күйде тұрғанын әңгімелеп беру».
Қорытынды -Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл-күйімізді басқара білейік»деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.
Дәптермен жұмыс Ребусты шешу.(Шешуі: «Орынсыз ашу- от шашу»)
Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып,өз көңіл-күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.Мыс: «Менің көңіл-күйім көтеріңкі,өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі».
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: «Шыбынжұт саңырауқұлағын құрастыру. Дайындау реті
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін
дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын т. б.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек, ойын құралдары, ереже т. б.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қоршаған орта, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Сәлеметсіз бе?! Есенсіз бе?! Амансыз ба?! Біздің сыныбымызға қош келіпсіз!
ә) Мұғалім: балалар, қазір болатын сабағымыз - еңбекке баулу. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Сабағымыз бүгін ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды «Үндеме, бірақ қайтала» деген ойынмен бастайық.
Мақсаты: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шарты: мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орында отырып құралдарын көрсетуі тиіс.
II. Жалпы білімді тексеру
а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтары:
1. Қағаз дегеніміз не?
2. Қағаздың қасиеттерін ата.
3. Қағаздың түрлерін ата.
ә) «Жануарды таны» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.
Жасаған көбелектері туралы сұрау.
б) Сергіту сәті.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық
а) Қызығушылығын ояту: «Кім тез табады?»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шарты: суретте берілген көбелектерді санау, ерекше көбелекті табу.
ә) Ой қозғау: саңырауқұлақ туралы не білеміз?
б) Ақпараттық мәлімет.
IV. Жаңа білімді түсіндіру
а) Қауіпсіздік ережелері:
Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
б) Сергіту сәті.
в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.
VI. Жаңа білімді қорыту
а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.
VII. Бағалау
Оқушыларды мадақтау, нұсқаулар айту.
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: еңбекке баулу
Тақырыбы: Малта тастан мозайка құрастыру
Мақсаты:. Малта тастардан және басқа да материалдардан мозаика құрастыруға үйрету; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; еңбектене білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу
2.Сынып тазалығын тексеру
3.Оқу құралдарын түгендеу
4.Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Өткенді қорыту.Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру. Бұғы пішінін жасау , мүсіндер туралы әңгімелеу. Табиғи материалдардан тағы не дайындап жасауға болады?
ІІІ . Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу
Суреттермен жұмыс Суреттегі мысық мозаикасы неден жасалынған деп ойлайсың?
Мозаиканың негізі ермексаз екенін естен шығарма.
Ү Практикалық жұмыс
Тастардан мысық мозаикасын құрастыру
1. Ұсақ тастар, ермексаз дайындау;
2. Ермексазды мысық пішініне келтіру
3. Сәйкесінше тастармен мозаикалау
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 2-4 суреттердегі малта тастардың орналасуына көңіл бөліп қарап , салыстыру.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Суретке қарап әңгімелеу. Сұрақтарға жауап алу.
ҮІІІ Үйге тапсырма:14-16 бет оқу. Бағалау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: еңбекке баулу
Сабатың тақырыбы: Бұғы пішінін жасау. Жіп.
Сабатың мақсаты. Оқушыларды жіп иіру, жіптен тоқылатын заттар және олардың түрлерімен, сапасымен таныстыру.
Жіпті қандай жағдайда қалай таңдау керектігін үйрету. Зейін қою, есте сақтау қабіліттерін дамыта түсу. Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке және көркемді, сәнді заттарға көңіл аудара білуге тәрбиелеу.
Көрнекілгі: жіп түрлері, тоқыма бұйымдар, фабрика суреті, тоқымаға арналған сымдар.
Сабақтың барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Еңбек сабағының қауіпсіздік және басқа да ережелерін ескерту.
ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау.
1. Мақта жайында не білеміз ?
Қазақстанның оңтүстігінде өседі. Оны қолмен немесе комбайынмен
жинайды. Мақтадан жіп жасайды, жіптен мата тоқиды.
2. Алғашқы адамдардың киімдері жайлы не білеміз?
Олар мата дегенді білмеген , киімдерін теріден тігіп киген.
3. Инені қайдан алған ?
Аңдардың сүйегінен жасаған.
4. Маталар неден жасалады ?
5. Маталардың түрлерін білесіңдер ме?
6. Мата не үшін қажет ?
Бүгінгі күнде матанаң қанша түрі бар екенін айту қиын , күн сайын шеберлер , мамандар неше түрін шығаруда.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жіп туралы мағлұмат.
Жіп иіру.
Жіп жасау үшін біз оны иіруіміз қажет. Тоқыма фабрикаларында жіпті машиналар иіреді. Ол мақта, кендір, жүн жіптерді өзі иіреді.
Иіру машиналарында қызмет ететін адамдарды жіп иіруші дейді.
Ал жіпті өз қолымызбен де иіруге болады. Онда ерте заманда фабрикалар болмағанның өзінде жіптің неше түрлерін ҰРШЫҚПЕН -АҚ иірген екен. Ауылда әліде болса әжелеріміз осы ұршығын тастаған емес.
Жіп – қолөнерге қолайлы материал. Одан киім, кілем немесе гобелен секілді бұйымдарды тоқуға немесе тігуге болады. Жіп түрлерін және ұршықты көрсету.
Жіппен тоқылған заттардың ерекшеліктері, сан түрлі өзгеріс жасау. Тоқыма заттардан көрме көрсету.
ІҮ. Қорытынды:
Схема арқылы қайталатып шығу.
Өздерінің үйлерінде тоқыма пайдалана ма ?
Ү. Үйге тапсырма: Жіп туралы мағлұмат.
ҮІ. Бағалау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С.
Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Пәні: еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Шеберлерден үйренейік
Мақсаты: мыжылған қағаздан қысқы ағаш жасауға үйрету, ой-өрісін кеңейту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қағаз түрлері.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу
2.Сынып тазалығын тексеру
3.Оқу құралдарын түгендеу
4.Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Өткенді пысықтау.
Қағаз бүктеу, желімдеу ерекшеліктерін еске түсіру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын мақсатын қою.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Қысқы табиғат көрінісі жайлы әңгімелеп, елестету.
Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі
1. Ақ және көк қағазды алып мыжғылау
2. Дайын қағаздың жартысынан бұтақтар жасау
3. Умаждалған көк қағаздың бетіне қысқы ағаштың бейнесін құрастыру
4. Жұлдызшалармен әшекейлеу «Қарлы дала» композициясы құрастырылады
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.
«Қарлы дала» тақырыбына әңгіме құрып, өз еңбегі жайлы сипаттау.
ҮІІ. Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Түсініп оқу,бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |