Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Инсерт» әдісін толтыру
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
VIІІ. Үй тапсырмасы.
Қызғалдақ құрағын аяқтап келу.
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,
Балалар мен жасөспірімдер орталығы
«Шебер» үйірмесінің мұғалімі:
Досмағанбетова Алмагүл Тұрғазықызы
Сабақтың тақырыбы: Түйме қадау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға түйме қадау тәсілдерін үйрету, шығу тарихынан мәлімет
беру.
Дамытушылық. Еңбектену арқылы ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Аралас сабағы
Көрнекілік: түйме қадау тәсілдерінің суреттері
Керекті құрал- жабдықтар: Ине, жіп, қайшы, оймақ, мата, түймелер.
САБАҚТЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) оқушыны түгендеу
Б) оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырманы тексеру
«Алтын қақпа» ойыны арқылы
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру:
Сөзжұмбақ шешу арқылы
|
|
|
|
Т
|
Ү
|
Й
|
М
|
Е
|
|
|
|
|
Ү
|
К
|
І
|
|
|
|
Қ
|
О
|
Ш
|
Қ
|
А
|
Р
|
М
|
Ү
|
Й
|
І
|
З
|
|
|
О
|
Й
|
М
|
А
|
Қ
|
|
1. Киім қадайтын құрал
|
И
|
Н
|
Е
|
|
2. Ормандағы түңгі құс
3. Оюдың бір түрі
4. Тігін құралы
5. Іс тігетін құрал
ІV. Жаңа сабақтың мақсаты
Оқушыларға түйме қадау тәсілдерін меңгерте отырып, шығу тарихынан мәлімет
беру.
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім сөзі:
Түймені кім бірінші ойлап тапты және ол қандай болды?
Түйменің таңғажайып тарихы ежелден басталады екен. Ежелгі адамдар түйменің орнына киімнің шетін түйіндеп байлап жүретін болған. Сүйектен, өсімдіктердің тікенектерінен түйреуіш жасап, түйреп жүрген. Ежелгі Египетте киімнің екінші шетінен тесік жасап, сол арқылы баулық өткізіп, байлап жүретін болған.
Түймеге ұқсас ежелгі заттар Үндістанда табылған. Олар ежелгі заманда әшекей ретінде қолданылған. Осыған ұқсас заттар қола дәуірінің естелігі ретінде Қытайда да табылған. Ұлу қабыршақтарынан жасалған түймелер Үнді өркениетінің естеліктері ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарда әшекей ретінде қолданылған. Олардың кейбіреуі геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді.
Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?
Франция түйме өндіруден алдына жан салмаған. Олар түймені фарфордан жасады. 18 ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарған. 19 ғасырдың басында Европада папье - машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. Ал күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды. Сондай - ақ киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы тіпті ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды.
Кімдер түйме жинайды?
Қазіргі кезде түйме киімді қапсыруға арналған бұйым ретінде қолданылады. Ол әр түрлі пішінге ие. Оны тесіктері немесе құлақшасы арқылы киімге қадайды. Көбінесе екі немесе төрт саңылаулы түймелер кеңінен қолданылады. Түйме жинаумен айналысуды филобутонистер клубы бар. Клубтың 5000 мүшесі бар. Италияда да 20 мүшесі бар филобутонистер клубы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Түйме әлемінде 1930 жылдан бастап әлі ешкім жаңалық ашқан жоқ. Олай дейтін себебі, АҚШ - та тұңғыш рет сол жылдары пластмассадан түйме жасалды. Пластмасса түймелер қазірге дейін қолданысқа ие. Көп жағдайда түйменің орнын кнопка мен замок басса да, түйме өз маңызын жойған жоқ деп ойлаймын.
Түймені анам неге оң қолымен, әкем сол қолымен тағады?
Сондай - ақ ерлерде түйме киімнің оң жағына, ал әйелдерде сол жағына қадалады. Мұның да өзіндік сыры бар.
Біріншіден, бұл әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолы. Екіншіден, тарихқа сүйенсек, ертеде әйелдер оң қолымен баланы көтеріп жүріп, сол қолымен түрлі шаруаларды атқара беретін болған. Сол себепті әйелдерде түйме сол жақта орналасқан деген болжам бар.
Ал ерлер болса ат үстінде жүргенде үнемі сол қолымен аттың тізгінін ұстаған. Ал оң қолымен қару - жарағын ұстап жауға шапқан. Ал жайшылықта қаруын қынабына салып жүрген. Сол қолы ат тізгінінен босамаған. Сондықтан ерлердің түймесі оң жақта орналасқан деген жорамал да шындыққа жанасады.
Негізгі бөлім
Киімдердің түрлеріне қарай, қадалатын түймелердің түрі, түсі, пішіні де әртүрлі болады. Түймені қадаудың бірнеше жолдары бар. Жұқа киімдерге түймелер жақындата тығылса, ал сырт киімдердің түймесі матадан қашықтау ғып қадалады.
Сырт киімдерге қадалатын түймелер мықты болуы үшін, киімнің ішкі астар жағына кішкене түймелер, болмаса мата қиындыларын салып қадайды.
Түймелер қолданылуына қарай әр түрлі болады. Оларды асыл тастан, сүйектен, ағаштан, пластмассадан металдан жасайды. Түймелердің түрі, түсі, пішіні әр түрлі. Түймені қадау үшін инені матаның тыс жағынан шаншып аламыз. Себебі жіптің түйіні түйменің астында қалады. Жоғарыда айтылғандай, жіпті бостау етіп қадаймыз. Түйме көлемінің, түрінің бұйымға байланысты болады. Түймені бір қатарға қадаймыз. Екі қатарғада қадаймыз. Киімді түймемен немесе моншақтармен әшекейлейміз.
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
Сиқырлы сандар арқылы
Т Ү Й М Е Қ А Д А У
Түймені кім бірінші ойлап тапты және ол қандай болды?
Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?
Кімдер түйме жинайды?
Түйменің орнын қалай белгілейміз?
Түйменің түсі неге байланысты болады?
Жіптің түйіні матаның қай жағында қалады?
Түймелерді неден жасайды?
Түйменің орнын қалай анықтаймыз?
Мата түріне қарай түймелердің орналасуын ата?
Әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолын ата?
Сарамандық жұмыс
Құрал-жабдықтарды дайындау
Қауіпсіздік ережені еске түсіру
Түймені қадау үшін жіпті, матаны таңдау
Жіпті бостау етіп қадаймыз
Түймені қадау үщін, инені матаның тыс жағынан шаншып аламыз
Түйме көлемі бұйымға байланысты болады
Достарыңызбен бөлісу: |