- 4-сынып Әдебиеттік оқу.
- Сабақтың тақырыбы:
- Сейітқұл Оспанов.
- “Шыбын мен Көбелек”
Нәтиже - Оқушыларды Сейітқұл Оспановтың
- « Шыбын мен Көбелек » атты
- мысалымен таныстырып, баланың
- жеке қабілеті мен белсенділігіне
- сүйене, мысалдағы түйінді ойды
- ашуға жағдай жасау; өз бетінше
- шығармашылықпен жұмыс істеуге
- баулу,байланыстырып сөйлеу,ойын
- қорыту, тұжырым жасай білу
- қабілеттерін дамыту.
- 1. Оқушылар топпен жұмыс
- жасайды.
- 2. Ынтымақтастық
- атмосферасы қалыптасады.
- 3. Ойларын еркін, шынайы
- жеткізеді.
- 4.Сахналауды үйренеді;
- Топтың ережесін еске түсіру
- ІҮ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
- 1.Көлбең-көлбең етеді
- Гүлден ұшып жетеді
- Гүл шырынын сорады
- Соған риза болады .
- 2.Шидім ,шидім, шидім құс
- Ши басына қонған құс
- Қарқырауық қара құс,
- Хан басына қонған құс.
- -Ендеше балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
- Сейітқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек» атты мысалымен танысамыз.
- Миға шабуыл.
- -Шыбын жайлы не білесіңдер?
- - Көбелек туралы не білесің?
- Қызылорда облысы.
- Арал ауданы
- Жалын, Зерде мектеп баспасы, Парасат журналында жұмыс жасаған
- 1955ж. 30-наурызда туған.
- «Ағаш ат» «Құлдар көтерілісі» кітабы ,2003ж 1- қараша «Әдемі ару» повесі жарық көрді.
- Ү. Оқулықпен жұмыс.
- а) «Шыбын мен Көбелек» мысалды мәнерлеп дауыстап оқыту.
- -«Шыбын мен Көбелек» туралы әңгімелеп , айту. ә) Мазмұнын аша білу. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту..
- ҮІ. Дәптермен жұмыс.
- Күннің жадын, тақырыпты жаздыру. Сөздік жұмыс.
- Көз шырымын алу – ұйықтау.
- Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы.
- Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті.
- Сұғанақ – ұры.
- Сапалақ – шыбын қорығыш құрал.
- Шылғи өтірік – мүлде өтірік.
- ҮІІ. Топтық жұмыс.«Кім мықты?сайысы.
- Ітоп“Ойшылдар”–Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру.
- Венн диограммасы арқылы салыстыру. Постер қорғау.
- ІІ топ. “Жазушылар” – “Егер мен шыбын болсам......”тақырыбында эссе жазу. Осы мәтінге байланысты мақал –мәтел айту.
- ІІІ топ.“Өнерпаздар” –«Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп,
- сахналап көрсету.
- ІҮтоп . “Білімділер”–Шығармашылық деңгейлік сұрақтар
- Мәртебесі орташа сұрақтар
| - Мәртебесі жоғары сұрақтар
| - Шыбын мен көбелек неге келіспей қалды?
| | - 2. Шыбын не деп мақтанды? Көбелек оған не деді?
| | - Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар?
| | - ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
- Әр топ постер қорғау. Ұйқас сөздерді пайдаланып көбелек туралы 1шумақ өлең құрастырады. ....... ....... көркімін, ....... ....... жүремін ....... ....... астында ....... ....... кешемін.
- -Бүгін сіздерге сабақ ұнады ма?
- -Шыбын мен көбелек туралы не білдік?
- -Балалар бұл шығармадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
- -Өмірде өзіміз жаман әдеттерден қандай болуымыз қажет?
- -Қайсысы бізге зиян келтіреді?
- -Қалай сақтану керек деп ойлайсыңдар?
- -Бұл шығарманың қай түріне жатады?
- -Бұл конверттің ішінде сұрақтар бар.
- Сол сұрақтарға жауаптарыңды алдыңызда берілген өз конвертіңізге бүгінгі сабақ ұнады ма?-деген сұрақ парақшаға өз ойларыңды жазып саласыңдар .
- ІХ. Бағалау Топ басшысы топты бағалау.
| | | | | | | | | - Топта қосымша сұрақтарға жауап беруі
| - Жаңа сабақ бойынша тапсырманы
- орындауы
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Х. Үйге тапсырма
- Мысалды мәнерлеп оқу, түсінік айту. «Шыбын мен көбелек» мысалына дара және күрделі сөздерді пайдаланып Эссе жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |