Сабақтың тақырыбы: Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология Сағат саны: 90 мин (100%)



жүктеу 0,77 Mb.
бет7/11
Дата21.11.2018
өлшемі0,77 Mb.
#23123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ентікпе, бұл – тыныс алудың күші мен ритмінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Ентігу кезінде тыныс жиілігі мен тереңдігі өзгерісімен айқындалатын тыныс реттелуінің бұзылысы дамиды. Тыныс бұзылысының үш түрін бөледі: инспираторлы, экспираторлы, аралас.

Инспираторлы ентігу қиын дем алумен сипатталады, шулы дем алу пайда болады. Ол көмейдің тарылуында, дауыс желбезегі спазмында, ірі бронхтарды ісікпен қысуында дамиды.

Экспираторлы ентігу. Қиын дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Майда бронхтар мен бронхиолалардың қуысы тарылуында, бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы сияқты сырқаттарда дамиды.

Аралас ентігу.

Кезінде дем алу мен шығару бірдей қиындайды. Бұндай ентігу өкпенің тыныс беткейінің айқын азаюында дамиды. Ол жедел пневмония, пневмоторакс кезінде уақытша, ал өкпе эмфиземасы кезінде үнемі ұсталып тұрады. Ентігу негізінде тыныс мүшелері сырқаттарында дамитын тыныс жетіспеушілігі жатады. Кенеттен дамыған ентігу, ағзада оттегі жеткіліксіздігі мен көміртегі жиналуымен сипатталатын жағдайды тұншығу дейді. Ұстама түрінде дамитын тұншығуды демікпе (астма ) деп атайды. Бронхиальды демікпе кезінде дамитын тұншығу себебі майда бронхтар спазмы, шырыш қабат ісінуі мен қою қақырық жиналуы.

Бұл кезде дем алу қиын, ұзақ әрі шулы.

Жөтел – тыныс жолдарынан бөгде денелер мен шырышты, қақырықты шығаруға бағытталған қорғаныс – рефлекторлы акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырық септігін тигізеді. Жөтел қақырық шықпаған кезде құрғақ ,ал шықса ылғалды саналады. Құрғақ жөтел тембры жоғары болады.Төсектегі жағдайды ауыстырғанға байланысты шыққан қақырық өкпедегі қуысты процесті көрсетеді. Тағам қабылдауға байланысты дамыған жөтел кеңірдек пен өңештің арасында байланыс барын көрсетеді, бұндай байланыстар өңеш қатерлі ісігі бронхқа ашылуында дамиды. Жөтел үздіксіз болуы мүмкін, плевра, өкпе және бронх созылмалы қабынуларында кездеседі. Ол ауызын толтыра қақырық тастаумен сипатталады. Ұстама тәрізді жөтел коклюш немесе тыныс жолдарына бөгде заттар түскенде дамиды.

Қақырық – жөтелу немесе қақыру кезінде түсетін тыныс жолдарының патологиялық секреті. Сипатына қарай қақырық шырышты, серозды , іріңді, аралас, қанды болады.қақырық пайда болуы өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процесс дамығанын көрсетеді. Тыныс жолдары сырқаттарының белгісі ретінде бағалау үшін қақырықтың түсіне, көлеміне, консистенциясына, иісіне және құрамындағы заттарға көңіл бөлу керек.

Кеуде тұсында ауырсыну плевра қабынуы кезінде дамиды, өкпеде қабыну дамығанда және плевриттерде дамиды. Плевральды ауырсынуға дем алған кезде ауырсыну тән. Ауырсынуды басу үшін науқас беткейлі тыныс алуға мәжбүр болады және жөтелуге қорқады. Ол өзіне ыңғайлы жағдайда, ауырсынатын жағында жатады, бұл кезде плевра үйкелісі төмендеп ауырсыну басылады.

Қан түкіру - қақырықта жіпше тәрізді немесе ал қызыл қан пайда болуы өкпеден қан кетуді көрсетеді.

Өкпеден қан кету кезінде жөтелгенде қан шығады, ол ал қызыл түсті, көпіршікті, сілтілі реакциялы болады. Өкпеден кеткен қаннан асқазан қаны ерекше болады: қан тағаммен араласқан, қошқыл түсті, қышқыл реакциялы, кейде ұйып қалған болады. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан қан кетуден ажырату үшін ауыз қуысын, тамағын мұқият қарау керек. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан, бадамша безінен кеткенг қанды сұйықтық қоңыр түсті болады.

Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)- емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40-50 % оттегі бар газ коспасын жұту кан тамырындағы канды бюіршама тез толтьырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыркаттың көңіл- күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі терендей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Атмосфералык ауамен белгілі бюір катынаста оттегі ылғалдануы титіс. Оттегімен емдеу үзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін кеп беруден қашык болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70 % жоғары) оттегі жүрек- қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері аркылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей балоннан немесе орталык оттегі станциясынан беруге болады.

Оксигендік терапия көрсеткіштері:

Науқастарды гипоксимия уланған жағдайда (артериялык қан кысымды оттектік денгейі төмендеген) оксигендік терапия тағайындалады. Тыныс алу булшық еті паралич жөне окпенің желденуі, бузылуы кезінде, дәрілік заттардың мөлшерін көп кабылдағанда, өкпе ісігінде ауыр инфекциялық ауруларда, жүректің әр түрлі этиологиялык зақымдануына гипоксия дамиды. Тыныс алғанда оттектін 40-50 % құрамына газдык қоспаны косқанда артериялық кан кысымы жағдайға дейін жоғарлайды. Оттектік терапия қолданылғаннан соң науқас жағдайы жақсарып, көгеру төмендеп терең тыныс алу сирейді. Ентігу азайьщ жүрек соққысы жақсарады.

Оттегін ингаляциялық өдіспен енгізу. Оттегін қолданудын алдында тыныс жолдарыньщ өткізгіштігіне, онда қакырықтың немесе күсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялык жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оггегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастыкты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастыктың шүмегін жабады, ауызды қүрғатпау және оттегін ылғалдау үшін дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4-5 см қашықтау үстап, резенке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары кысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтіктегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыкканша жастықтың бұрыш- бүрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутьына 4-5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4-7 минутқа жетеді, ал содан сон оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде отгегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз куысы мен мұрынның шырышты кабатын кептіреді, сондықтан оттегін мүрын катетрлері арқылы енгізу дүрыс.



Оттегін мүрын катетрі арқылы беру.

Бүл мақсат үшін № 10 катетрлер немесе тиісті үзындығь- мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V- тәрізді ұштыктың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттеп кезінде (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне ) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мүрын

жолымен жүткыншактын артқы артқы кабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Отгегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты ) 2-3 л/мин жылдамдықпен береді.

Беру жылдамдығын оггегі көпіргішінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Отгегін маска арқылы беру. Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады. Олардың капсулалары бетке маска салғанда ауыз бен мұрынды жауып тұратындай етіп иілген. Масканын дем алатын және дем шығаратын клапандары бар. Дем алатын клапаннын тубусы жұқа резенкеден жасалған қапқа қосылған, ол оттегінің берілуін реттейді. Дем шығару кезінде оттегі капқа жиналады да, дем алу кезінде белсенді түрде өкпеге сорылады. Дем алу кабы клапанмен қамтамасыз етілген, ол егер каптағы отгегінің мөлшері сыркаттың дем алғанда жұтатын оттегі мөлшерінен аз болған жағдайда еркін дем алуды қамтамасыз етеді.



Отгегін масканын көмегімен енгізу ашық жартылай жабық немесе жабық жүйемен іске асырылады. Ашык жүйе кезінде маска аурудың бетіне тығыз тимейді және жүтатын газ қоспасы оттегіне бай атмосфералық ауа (оттегі 30 % жуық) болып табалды. Дем қоршаған ортаға еркін шығарылады. Мүндай тәсілде оттегін мөлшерлеу дәл емес, тиімділігі де шамалы.

Жартылай жабык әдісімен оггегін ингаляциялағанда шығарылатын газ қоспасының тек бір белігі ғана қоршаған ортаға шығады. Оттегін неғүрлым тиімді пайдалануға жүйеге дем алу қабының араластырғыш камерасын- қосқаннан кейін кол жетеді. Маска сырқаттын бетіне газ шықпайтьындай тығыз кигізіліп, резенке тарткыштармен үстатылады. Таза оттегімен дем алып, шығарылған ауаның 3/1 жуығы камераға қайтып оралады.

Бүл жүйеде оттегі ылғалдандырылмайды. Анда - санда дем алу камерасын сұйык түрге айналған бу суынан босату қажет. Бүл әдістің кемшілігі - дем алатын қоспада көмір қышқылының көбею мүмкіндігі , клапан мен дем алу қабыньщ әрекетінен туатын жүрек пен өкпе ауруына жағымсыз дем алуға қосымша кедергілер болмағаны жен. Кем дегенде 8 л/ мин оттегі тасқынын қолдана отырып кемір қышқылының аса артық жиналуын болдырмауға болады. Бүл жүйге шағынды өлшеу кұралын (дебитометрді ) қосып оттегінің түсуін бірқатар дәл бақылауға болады, бұл оттегімен емдеуді жеңілдетеді.

Оттегін балоннан беру . Оттегін тікелей балоннан колдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуі үзак уакыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық отегі бар балонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2-3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордын кос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын түрғаны онын ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сыркатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бүрандамен 1-2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғүрлым ынғайлы болып табалды.

Оттегі баллонын пайдалануда кысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоң маймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып түтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сакталатын бөлімде шылым тартуға қатан тыйым салынады. Майланған ескі- кұсқы заттарды огтегі бар баллондармен бірге бір белімде үстауға болмайды. Оттегі кондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып соғудан қорғау кажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліптік қалыпта сақтайды. Балонның вентилін ашқанда оған бетьін каратып түруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сактану максатында колайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.

Қазіргі кезде ауруханалардын типтік жобаларында азотгың шала тотығы мен оттегін орталықтандырып беру қаралған. Оттегі тікелей сырқат төсегіне әкелінген, ал медициналык

қызметкерлер балонның ішіндегіні, оларды тасымалдау мен ауыстырылып түруын қадағалаудан босатылған. Газдың шығыны да азайады.

Қазіргі өнеркәсіп орындары газдарды орталықтандырып беруге арналған станциялардың екі типін: автоматы басқару станциясын және қолмен басқару станциясын бақылайды. Бірқатар ауруханаларда газ берудін неғұрлым казіргі заманғы жүйесі бар. Бір орындағы кондырғылар «М »белгісі бар және көк түске боялған бір катар үлкен оттегі баллондарынан түрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күнінің тікелей түсетін сәулесінен корғалған, бөлек түратын немесе аурухана үйінін сырт жағына (қабырғалар) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.

Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенеістерде, жертөлелерде, палаталарда орнатады. Мүндай жағдайда өртке карсы және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда киыншылықтар туады.



Медициналық оттектік баулау мен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Медициналық оттекті баулауда көк түсті ыдыска 40 литр сиымдылығына оттектін газ 450 атом кысымы болады. Жоғарғы кысымда сактау өте қауіпті. Медициналық оттекті баулауды арнайы қараңғы жерде ауруханадан тыс температура 35С горизонтальды жағдайда арнайы жерде сактайды. Медициналық кызметкерлерден бөтен адамдардың кіріуне тиым салынады. Оттекті баулау ерекше қауіп қатері бензин, май жағынды эфир спирті оттекті жерде жарылғыш заттар болмауы тиіс.



Гипербариялық оксигенация - емдік оттектін балонның қысымы 1 атомнан аспауы тиіс. Гипербариялық оксигенация бір моментігі және кеп моменгтігі болып өткізіледі.

Гипербариялық оксигенация өткізу көрсеткіштері.

Жедел перифериялық тамырларды еткізгіштігі бузылуы коронарлы, мидың кан тамырлары көп мөлшерде қан жоғалтқаннан, уланудан, шок,анаэробтык инфекция, үзак уақыт жараны жазылмауында, жүректің туа пайда болған ақауынды емдік мақсатында колданылады.

Асқынулары: оттектін концентрациясы 100% колданғанда әсіресе трахеостомия кезінде тыны салу жетімсіздігі дамиды. Улы газды тез арада жойылғанда кан кысымы төмендейді. Отгекті көп мелшерде қолданғанда 3 атомды қысымы 3-4 сағат ұстағанда, ағза уланады.

Тахикардия бас айналу, көрудің бузылуы, судороги аяқ қол соғуда кездеседі.

Созылмалы оттекті уланғанда 100 % -80 % оттегі концентрациясы қолданғанда жоғарғы тыны салу жолына өсер етеді. Ауыз қурғау, мұрын, тамақ қүрғайды. Бронихит, трахит, пневмония, ателектаз дамиды.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Тыныс мүшелерінің негізгі қызметі:

А) ағзаны өттегімен қамтамасыз ету

В) Көміртегі алмасуына қатысу

С) тілдерге және денеге қоректік заттарды жеткізу

Д) Зарасыздандыру

2. Ортопноэ термині ... білдіреді.

А) Горизонтальды жағдай

В) Вертикальды жағдай

С) Сол жақта

Д) Төмен қарағанда

Е) аяғын төмен түсіріп отыру

3. Көрсетілген шаралардың қайсысы өкпе ісінуін

де транссудаттың тартылу беткейін және көлемін азайтады?

А) Аяқтарға жгут қою

В) Жартылай отырғызу

С) оттегі және этил спирті қосындыларын ингаляция жасау

Д)Зәр жүргізетін заттар енгізу

Е) Жүрек гликозидтерін енгізу

4. Науқасты бақылау кезінде тыныстың қандай көрсеткіші зерттелмейді?

А) ООС

В) Тыныс көлемі



С) Тыныс түрі

Д) Тыныс жиілігі

5. Тыныс бәсеңдеуінің қандай түрінде (брадипноэ) дәрігер бақылауы керек?

А) 12 – ге дейін

В) 12 - 16

С) 16 -20

Д) 20 - 40

Е) 40 – тан жоғары

6. Тыныс жиілеуінің қандай түрінде (тахипноэ) дәрігер бақылауы керек?

А) 12 – ге дейін

В) 12 – 16

С) 16 – 20

Д) 20 – 40

Е) 40 – тан жоғары

7. Тұншығу – бұл:

А) Тыныстың жиілеуі

В) Кенеттен ауа жетіспеушілік сезімі

С) Тыныс алу ритмінің бұзылуы

Д) тыныстың бәсеңдеуі

8. Оттегі жастыкшасы қанша уақытка жетеді:

а) 15-20 мин

б) 4-7 мин

в) 2-6 мин

9. Тыныс алудың жиіленуі аталады: а)тахинноэ

б) брадинноэ

в) анноэ


10.Оттегі жастықшасында ...л оттегі сияды.

а) 25-75

б) 5-10

в)15-20


г) 100 - 110

Ситуациялық есептер

№1. Ентігу, түншығу және жалпы әлсіздікпен ауруханаға 29 жасар Жанкуларова М. А. келіп түсті. Бұл науқас көп жылдары бронх демікпесімен ауырады. Сыркатқа қалай жәрдем көрсетілуі керек?

№2. Қалдарбекова С. Г. 48 жастағы наукас жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Шағымы: дем шығарудың қиындауы, тұншығу сезімі, төсеете келденең жата алмай жартылай отыруына және жалпылай әлсіздік. Дәрігер оксигенотерапияны тағайындайды.

- мейірбикенің негізгі міндеттері

- тыныс алу қимылдарының санын қалай санау қажет?

- оксигенотерапияны қолданудың көрсеткіштері кандай?

- медийиналық оттегі бар баллондарды калай сақтау қажет?
12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


12 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Жүрек – қантамыр жүйесінің қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды жүрек тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда жүрек тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Ентікпе кезінде мейірбикелік үрдіс

  • Жөтел кезінде мейірбикелік үрдіс

  • оксигенотерапия түсініктемесі

• оксигенотерапия көрсеткіші

• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)

• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы

• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері

• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


-жүрек дүрсілі кезіндегі медбикелік процесс;

-жүрек түсында ауырсыну кезіндегі медбикелік процесс;

-ентігу кезіндегі медбикелік процесс;

-түншығу (жүрек астмасы) кезіндегі медбикелік процесс,

- перифериялық ісіктер, асцит кезіндегі медбикелік процесс;

-АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскенде, талмада медбикелік процесс;



Жүрек дүрсілі.

Жүрек жиырылуының жиілеуін наукастар жүрек дүрсілі деп кабылдап, бүл көбінесе жүрек патологияның дамуының бірінші белгісі болып табылды.

Кейде жүректің жиырылуыньш жиілеуі жүйке жүйесі регуляциясы калыпсыз дені сау адамдарда кездеседі, мүндай жағдайларда валериана тамырының препараттары және үйлесімді дене еңбегі эффективті болып келеді.

Егер жүрек дүрсілі наукаста жайсыз жағдай (дискомфорт) тудыратын болса, оған міндеггі түрде алғашкы медициналык көмек көрсету кажет.

Жүрек дүрсілі кезіндегі алгашқы көмек.

  1. Наукасты тыныштандыру

  2. науқасты ыңғайлы калыпка отырғызу

  3. таза ауаның келуін камтамасыз ету

  4. кысып турған киімдіріп босату

  5. пульс жиілігі мен сипатын аныктау

  1. егер жүрек дүрсілі бұрын болған болса, оған наукас кандай ем, қандай
    дәрі колданғаньш, жүрек дүрсілі өздігінен кеткен - кетпегенін сұрау қажет.

  2. кайталанатын жүрек дүрсілі кезінде дәрігер консультациясы кажет болады.

Жүрек түсынын ауырсыну симптомы

Жүрек тамырларының спазмы немесе тарылуы әсерінен пайда болатын жүрек бұлшык етінің қанмен камтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен жүрек тусында аурысыну пайда болады. Мундай жағдай стенокардия устмасында болады. Бүл кезде ауырсыну төстІн артына немесе төстің сол жағына таралып, сол қолға немесе жауырьша беріледі, басып, кысып түрғандай ауырсьшу болып, әлсіздікпен, өлім алдындағы коркынышпен, кейде дене дірілімен тершеңдікпен бірге жүреді. Ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше сағатка дейін созылады. Жүрек түсында ауырсынуы бар наукас жедел медиідиналык көмекті және күтімді кажет етеді.

Жүрек түсы ауырсыну кезіндегі алғашқы көмек.

  1. Наукасты тыныштандырып, ыңғайлы калып беріңіз, оған толык физикалык және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз, таза ауа келуін кадағалап, кысып түрған түймелерін босытыныз, пульсін, артериалды кан кысымын өлшеңіз.

  1. наукасқа тіл астына валидол дәрісін беріңіз

  1. егер валидолдың зффективтілІгі болмаса, ал үстама жалғасы берсе, наукасқа тіл астына нитроглицирин таблеткасын (немесе 1-2 тамшы 1% нитроглицирин ерітіндісін + кантпен немесе валидол таблеткасымен) беріңіз. Наукасты нитроглицирин кабылдаудан бас аурудьщ болатындығы жөнінде ескертініз.

  1. дәрігердің шақырылуын кадағалаңыз.

  2. жүрек тұсына және төс үстіне кыша, наукастьщ аяк - кольша грелка койыңыз.

  3. егер ауырсыну ұстамасы кайытпаса, 5-10 мин салып кайта берілген нитроглицириннің эффективтілігі болмаса дереу дәрігер консультациясы және жедел госпитализация қажет етіледі, себебі жедел кан айналым бүзылысы әсерінен жүрек бүлшық етінде өзгеріс тууы мүмкін (инфаркт миокарда)

  4. наукаска қатаң төсек режимін камтамасыз етіңіз

  5. тыны салу, пульс жиілігін, АҚ қысымын өлшенуін, дене кызуынын өлшенуін камтамасыз етіңіз (ауырсыну үстамасынан кейін пайда болған дене кызуын миокард инфарктының белгісі болуы мүмкін) мүмкіндігіне наукаска оттегі беріңіз.

Ентігу симптомы.

Жүрек - кан тамыр жүйесінІн функциясының бузылуы кезіндегі ентікті көміртегі газының көбейіп кетуінен тыныс жолдарынын тітіркенуі әсерІнен көміркышқыл газьшың көбейІп кетуі кіші қан айналым шеңберіндегі кан іркілісіне байланысты болады. Физикалык жүктемеге байланысты пайда болатын ентігуге коса жүрек дүрсілінін болуы енді басталып келе жатқан жүрек жетіспеушілІгінің береншІ белгісі болып табылады. Жай ағып жатқан вена тамырындағы кан іпкілісіне коса оттегінін жетіспеушілігіне байланысты тері жамылғысы көкшіл түске болады (цианоз).

Жүрек жүмысы бұзылысы кезінде пайда болатын жедел ентігу устамасы жүрек астмасы деп аталады. Жүрек астмасы - бүл жүрек жетіспеушілігіні кауіпті симптомдарының бірі болып табылады.

Жүрек астмасы кезіндегі алғашкы медициналык көмек

  1. Наукасты тыныштандырып, қысып тұрған киімін босатып, таза ауаның
    келуін камтамасыз етініз

  1. онын АҚ кысымьш өлшеңіз

  1. егер наукас жаткан болса, онда оны жартылай отыратын калыпка келтіріу қажет

  1. егер сист қан кысымы 100 мм с.б. астына нитроглицерин беріңіз

  1. оксигенотерапия жүргізіңіз. Егер наукаста күркілдеген тыныс алу болса
    және ақшыл - кызыл көпіршікті какырык бөлінсе, онда
    оксигенотерапияны көп
    ірікбасушы арқылы беру керек. Көпірікбасушы
    ретінде 70% этил спирті немесе 10 % антифомсиланның спирттік
    ерітіндісі колданылады.


  2. аяк пен колға жгут салыңыз, бірак жгут тек венаны кысу керек, ал
    артерияда пульс болуы қажет. Осы жағдайда қанның бір бөлігі
    периферияда жиналады, айналымдағы қаннын көлемі азаяды, осьшьщ
    арқасында сол жақ карыншаның жұмысы жеңілденеді.

  1. жгуты бірден барлык перифериялык мүшеден шешуге болмайды.

  2. келесі әрекеттерді дәрігердің нұсқауымен орындаңыз.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау