Сабақтың тақырыбы: Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология Сағат саны: 90 мин (100%)



жүктеу 0,77 Mb.
бет6/11
Дата21.11.2018
өлшемі0,77 Mb.
#23123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бөлімшелерде дәріні сактау.

  1. Постағы медбикеде дәрі сақтайтын кілтпен жабылатын шкаф болуы кажет

  2. Дәрілік заттарды сактаудын негізгі принциптері катан тәртіпке сәйкес токсикологиялык топпен тарату.

  1. Әрбір наркотикалық анальгетикке бөлек қагаз арналады, онда дәрі атауы, саны, колданатын күні, науқастың аты-жөні, ауру тарихының нөмірі,қолданған ампула саны,олардың қалдыгы,медбике қолы көрсетіледі.

  2. Бос және қодданбаған ампулалар ("наркотикалық затгарды есепке алу"
    журналы, сейфтің кілті кезекші медбикеге тапсырады.

  3. Кезекшілікті тапсыру кезіңде журналдагы көшірмелердің сөйкестігін тексереді.

  4. Таңертең бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.

  5. Медбике наукасқа наркотикалық анальгетикті дәрігер тағайындауы бойынша береді.

  6. "А және Б" тізіміндегі дәрілерді сақтайтын сейфтің кілті тек қана наркотикалық, улы және қатты өсер ететін дәрілерге жауапты адамдарда
    сақталады. Түнге қарай бұл кілттерді кезекші дәрігерге береді. Наркотикалық
    дәрілер бар сейфтің кілті берілгенін тіркейтін арнайы дәптер" колдарын
    қояды.

  7. Арнайы комиссия бас дәрігермен бірге 10 күнде 1 рет қолданылатын
    ампулаларды сәйкес актке байланысты жояды.

Науқасқа дәрілік заттарды беру жолдары

  1. Құрамында улы және наркотикалық дәрілерді науқасқа басқа медикаменттерден бөлек беріледі.

  2. Ампуланы,орауышты ашар кезде дәрінін атын, дозасын салыстырып осыдан кейін ғана науқасқа береді.

  3. Дәрілердің тағайындауы бойыеша наркотикалық дәрілерді қолдану егу
    немесе палата медбикесінің дөрігер қатысуымен өткізіледі. Ауру тарихы және
    тағайындау қағазына белгілейді.

  4. Наркотикалық дәріні ауыз арқылы қабыддау және тек қана медбике
    қатысуымен өткізіледі.

Руксат етілмейді

1. Дез ерітінді техникалык, мақсатқа арналған ерітінділер (кол,күрал,жиһаз, киімдер ж-т.б. өңцеу) медициналық дәрілермен бірге сақтауга.

  1. Дәріні дәрігердін рүқсатынсыз беруге, бір дәріні екінші дәрімен
    алмастыруға , алдын-ала дәрілерді ұяшыққа,мензурна, пакеттерге қоюга.

  2. Фарм. комитетінің бекітілмегені бойынша дәрілерді толтыру, сақтауға

  3. ЕПМ-ге дәріханадан дөрілік заттарды босатуға егерде рүқсат кағазы болмаса

  4. Санитар, шоферге дәріханадан дәрі алуга мүлдем тыйым салынады.

Наукастарга дәрілік заттарды үйлестіру.

Дәрігер тағайындауымен дәріні үйлестіру медбике жүргізеді. Медбике өзі дәріні тағайындауға, ауыстыруға басқа дәрімен орын ауыстыруға қүхы жоқ.

Әсер ету алгоритмі


  1. Жылжымалы сталге дәрілік заггары бар ьдысты қойыңыз (қатты және
    сүйық), пипеткалар (өрбір флаконға бөлек), мензуркалар.график суымен,
    кайшы, тағайындау парағы.

  2. Бір науқастан екінші науқасқа дәріні үлестіріңіз.

  3. Дәріні үлестірер кезде науқасқа оның ерекшеліктерін түсіндіріңіз ащы
    дәм, жагымсыз иіс, зэр түсінің өзгеруі немесе нәжісін.

  4. Науқас медбикенің көзінше дәріні ішу керек.

  5. Дәріні үйлестіру тәртібі көбінесе қолайлы себебі:

  • медбике науқастың дәрі ішкенін бақылайды

  • медбике науқастың сүрақтарына жауап береді

  • дәрі үлестіруде қателер болмайды

Дәрілік заттарды үлестіру кезінде мыналарды білу қажет

  1. ДәрілІк заттар жиі тамакқа дейін 15-30 минут беріледі себебі тамақпен
    олардың сіңірілуі бәсендейді

  2. Асқазан-ішек жолы кілегейлі қабатын тітіркеңдіретін дврілер (темір
    препаратгары, аскорбин қышқьілы,кальций хлорид ерітіндісін 15-30 минуг
    тамақтан кейін) қабылдайды


3. Ферментативті дәрілер, асқорыту процесін жақсартатын(фестал,палдинорм,асқазан сөлі ж.т.6.) тамақ үстінде ішіледі

  1. Науқастарга аш қарынга ішілетін дәрілерді 20-60 минутта таңертеңгілік
    тамаққа дейін ішеді.

  2. Үйықтататын дөрілер 30 минут үйқы алдында

  3. Нитроглицерин,валидол науқастардын сөрелерінде сақталады.

  4. Қайнатпа, түнба, еріівділер,микустура ас қасықпен )15 мл), ауруханада
    градирленген мензуркалар мен береді.

  5. Спиртті түнбалар, экстракт және басқа да ерітінділер {мысалы 0,1% атропин сульфаты) тамшы күйінде беріледі

  6. Пилюля, драже, капсула,түймедақ құрамында темір бар өзгертілмеген күйде
    беріледі.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Наркотикалық дәрілер қайда сақталады
А) шкафта бөлек сөрелерде

Б) сейфте

В) тоңазытқышта

Г) столдың жәшігінде

2. Дәріханада дайындаған стерильді флакондағы ерітінділерді сақтау мерзімі қанша ?
А) 1 төулік

Б) 3 тәулік

В) 7 тәулік

Г) 10 тәуілік

Д)1ай


3. Тез бұзылатын дөрілер кайда сақталады

А) жарықтан тыс жерде



Б) шкафта бөлек сөрелерде

В) сейфте



Г) тоңазытқышта

4. Наркотикалық дәрілерді тіркеу журналында нені көрсету қажет

а) дәрінің егу жолдары

б) дәріні егу мақсаты

в) науқастың диагнозы

г) науқастын аты-жөні,ауру тарихының нөмірі
5.Дәрілік заттарды энтеральды жолмен енгізуге жатады
А) көзге

Б) тіл асты

В) тыныс алу жолдары

Г) бүлшық ет

б.Парентеральды жолмен дәрілік заттарды енгізу басымдылықтарын атаңыз

А) энтеральды

Б) пероральді

В) парентеральды

Г) сублингвальді

Д) ректальді

7.Дәрілік заттарды тілдер,қан тамыр,куыстарға

а) пункция

б) тесу

в) егу

г) блокада

д) экстракция

8..Науқастарга ашқарынға ішуге тағайындалған дәріні ішу керек

а) тускі тамаққа дейін 30 минут

б) таңертеңгілік тамақтан кейін

в) 20-60 минут таңертенгілік тамаққа дейін

г) ұйқы алдында

I. Спиртті тұнба,экстрактар тағайындалады
А) тамшылы

Б) ас қасықпен

В) шай қасықпен

Г) суда еритін капсула

10. Микстура қалай беріледі

а) тамшылы

б) ас қасық

в) шай қасық

г) суда еритін капсула

I1. А тізіміне кіретін дөрілік заттар сақталады

а) жарықтан тыс жерде

б) шкафта бөлек сөрелерде

в) сейфте

г) тоңазытқышта

12. Қандай дәрілер мына тізімге жатады



  1. "А" (наркотикалық улы заттар)

  2. "Б" (қатты әсер ететін заттар)
    а) кұкірт дөрілері

б) промедол

в) адренолин

г) стрихнин

д) омнапон

е) кафеин

13. Медбикенің науқасқа дәрілік заттарды жазу тәртібі қандай ?

а) аға медбике дәріге арнайы талаптар жазу

б) ага медбике дәрілік заттар мерзіміне сәйкестігін тексеру

в) дәрігер ауру тарихына және тағайындау қағазына белгілеулер жасайды

г) палаталық медбике тағайындау парағына сәйкес өтініш құрайды

д) бөлімше меңгерушісі талаптарды тексеріп дәріханага жібереді.

Ситуциялык есептер

  1. Науқасқа эритромицин 0,25 г бір реттік: постағы расфосовка 0,1 г. Бір
    кабыддауға қанша тұймедақ керек екендігін есептеңіз.

  2. Флаконда 2 клофелин түймедағы қалды. Медбике оны басқа клофелині бар флакоңға салды.Не істеу қажет ?


12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


10 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Бұлшықетке дәрі енгізу алгоритмі. Антибиотиктерді араластыру. Инсулин мөлшерін есептеу.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды бұлшықетке дәрі енгізуді, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеуге үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда бұлшықетке дәрі енгізу, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Дәрілік заттардын негізгі топтары

  • Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі

  • ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері

  • Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау

  • Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері

  • Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері

  • Дәрігердің тағайындау кағазы

  • Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.


Антибиотиктерді араластыру және есептеу.

Қажетті заттар:

*Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.

*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.

*70% этил спирті.

*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.

*Стерильді латексті перчаткалар.



Процедураны орындау.

1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.

2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).

3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.



Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.

4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.

-ампулада инъекция үшін су

-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі

5.Пакетті ашып шприцті жинау.

6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.

Араластыру ережесі.

Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.

Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.

7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.

8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.

Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.

9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу, шприцті стерильді лотокқа салып қою.

10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.

11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу, флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.

12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.

13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.

14.Шприцті стерильді лотокқа салу.



Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

тәсілі.

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.



Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.



Инсулинді енгізу.

Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.

Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:

а) 20 ӘБ

б) 40 ӘБ


в) 60 ӘБ

г) 200 ӘБ

2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?

а) 5% глюкоза ерітіндісі

б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

в) 10% натрий хлор ерітіндісі

г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?

а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді

б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді

в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді

г) 10 мл дистилденген су

4.Майлы ерітіндіні енгізеді:

а) тері ішіне

б) күре тамырға

в) тері астына

г) артерия ішіне

5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:

а) 180○C-та 60-мин

б) 200○C-та 45-мин

в) 2 атм (132○C)20-мин

г) 1,1 атм (120○C)45-мин

6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?

а) 0,1 мл

б) 1 мл

в) 2 мл


г) 0,02 мл

7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы

а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

б) қолданудың қарапайымдылығы

в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі

8. Тері астына инъекцияны жасайды:

а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

в) білектің ішкі беткейіне

г) алдыңғы сан бұлшықетіне

9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:

а) білектің ішкі беткейіне

б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты


  1. Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?

а) туберкулин

б) инсулин

в) майлы ерітінді

г) бензилпенициллин


Ситуациялық есептер:

1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?

2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?
12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



11 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу. Оксигенотерапия.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, оксигенотерапиямен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, оксигенотерапия жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • Ентікпе кезінде мейірбикелік үрдіс

  • Жөтел кезінде мейірбикелік үрдіс

  • оксигенотерапия түсініктемесі

• оксигенотерапия көрсеткіші

• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)

• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы

• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері

• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау