Жалпы рецептура.Дәрілер туралы түсінік.Рецепт,оны жазудың ережесі.
Фармакологияға жақын пәндердің бірі - фармация. Оның ішінде қосымша ғылым ретінде фармакогнозия, өсімдік дәрілердің түр-түрін дайындайтын, фармацевтикалық химия және рецептура (жазба) бөлімдері бар.
Дәрілерді дайындау үшін, оның ішіндегі заттардың тазалығын және белсенділігін бақылау үшін анықтамалық фармакопея заңды кітабы болады.
Фармакопея – дәріхана мамандарына арналған заңдық мінездемесі ретінде қолданылатын ресми кітапша. Осы фармакопея арқылы заңдылықты өзгертілмей дәрілер шикізаттан жасап шығарылады.
Рецептура – фармация бөліміне жататын, дәрілерді жазу мен дайындауға арналған заңды түрдегі жазба. Сондықтан рецептура, екі түрге бөлінеді: дәрігерлік және фармацевтикалық рецептура.
Фармацевтикалық рецептура арқылы дәрілер зауыттан дайындалып шығарылады.
Дәрігерлік рецептура арқылы дәріні заңды түрде жазып, сол арқылы дәріханадан алады.
Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы.
Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады. Рецепттік бланкте уақытын (күні, айы, жылы), аты-жөнін, жасын (16-дан 60 жасқа дейін жазылмайды, өйткені орташа емдік мөлшермен байланысты), содан соң дәрігердің аты - жөні жазылуы тиіс. Рецептуралық тәжірибе жазбасында бірнеше мәліметтер болады.
1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады.
2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт.
3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы.
4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы.
5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі.
6) Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың ( индиференттік) да жазылуы.
7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы.
8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы.
2.4. Рецепторлық бланктер.
Рецептті жазғанда 3 түрлі рецепторлық бланкпен жазады.
1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт жазылады.
2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады.
3-ші ресми бланк - улы және есірткілі дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады.
Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген.
2.5. Дәріхана дегеніміз – қарапайым (ерітінділер және ұнтақтар) дәрілер дайындайтын, сол жердегі жинақты дәрілерді сақтайтын және науқастарға дәріні жіберетін мекеме.
2.6 Дәрілердің жалпы мөлшері
Дәрі – дәрмектер негізі белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан дәрілер әртүрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлермен дайындалады.
1) 1 грам дәрінің белгілі бір салмағы - 1,0 - деп жазылып, айтылады.
2) 0,1 грам – 10-нан бір грамы - бір дециграмм немесе 100 мг болады.
3) 0,01 грам – 100-ден бір грамы - бір сантиграмм немесе 10 мг болады.
4) 0,001 грам – 1000-нан бір грамы - бір миллиграмм - 1 мг – деп айтылып, жазылады. Бұл ең көп қолданылатын ыңғайлы мөлшер.
5) Он мыңның біреуі – 0,0001 детцемиллиграм, бұл 0,1 мг болады.
6) Жүз мыңның біреуі – 0,00001 сантимиллиграм, бұл 0,01 мг болады.
7) Бір миллиондық бөлімінің біреуі - 0,000001 грам бұны бір гамма (γ) деп атайды және белгілейді.
Дәрілердің концентрациясы (топтаулы түрде тұратын затты айтады), бұларды бірнеше тәсілдікпен белгілейді.
1) Пайыздық мөлшер - заттың салмағы 1% болса, оның ерітіндісі 1 мл, 10 мл және 100 мл теңдесек 1% – 1 мл-де = 0,01 г немесе 10 мг; 1% - 10 мл = 0,1 г немесе 100 мг және 1% - 100 мл = 1 грам болады.
2) Қатынастық мөлшер – заттың 1 көлемі 100 мл, 500 мл және 1 литрмен дайындалса, мысалы, 1:10 мен деп емен қабығының қайнатпасын 200 мл суға дайындасақ, оның мөлшері 20,0 (грамм) = 200 мл болады.
3) Салмақ (мөлшері) пен көлем қатынасы - заттың салмағы көлемімен байланысты. Мысалы, пайыздық мөлшерді салмақтық мөлшермен жазсақ - 0,1 (грам) – 10 мл және 0,01 (грам) – 1 мл деп есептеледі. Қатынастық мөлшерді де осылай жазуға болады: 20,0 – 200 мл. Бұндай мөлшерлік жиі кездеседі.
4) Биологиялық әсерлі мөлшер – ЕД (Еденица действия) дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлер.
2.7. Дәрілердің емдік мөлшері.
1)Бір реттік мөлшер дегеніміз - дәріні бір рет бергендегі емдік әсері.
2)Тәуліктік мөлшер – тәулігіне бірнеше рет берілетін мөлшер.
3) Курстық мөлшер -ем барысындағы жалпы мөлшер.
4) Алғашқы емдік мөлшер – емді бастағанда қолданатын ең аз мөлшері.
5) Ең көп мөлшері – ең көп көрсеткіштің емдік әсері.
6)Орташа емдік мөлшері – бұл ең аз мөлшер мен ең көп мөлшердің ортаңғы әсері. Барлық дәрілердің мөлшері орташа мөлшермен белгіленеді.
7)Дәрінің әсері жоғары мөлшерден асып кеткен жағдайда улану белгілері пайда болады, бұны уытты мөлшердейді.
8) Уытты мөлшердің әсері асып кетсе, кейде өлімге әкеледі - бұны өлтіретін мөлшер дейді немесе латынша - LD – Letalis dosis (өлім мөлшер).
Дәрілік түрлер
Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:
1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т.б.
2. Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т.б
3. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т.б.
4. Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.
5. Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |