Драже-Dragee
( Драже- Acc. sing. Dragee)
Драже-дәрілік және қосымша заттарды қант түйіршіктерінде бірнеше қайталап қабаттау жолымен алынатын, ішке қолдануға арналған мөлшерленген қатты дәрілік түр. Дражені өндірістік әдіспен дайындайды. Қосымша заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағамдық лактар, бояғыштар және т.б. қолданылады. Драже массасы 1,0-нан артық болмауы қажет.
Дражелергн рецепт тек бір түрде жазылады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы табыс септігінің жекеше түрінде жазылып (Dragee- Acc . sing.), содан кейін дәрілік заттың аты мен оның бір реттік мөлшері, драженің саны (D.t.d. N…) мен сигнатурасы көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
0,05 диазолиннің (Diazolinum) 20 дражесіне жазыңыз. 1дражеден күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Dragee Diazolinі 0,05
D.t.d. N 20
Signa. 1дражеден күніне 2 рет
Ұнтақтар Ұнтақтар-сусымалы қасиеті бар, ішке және сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр. Ұнтақтар бірнеше түрге бөлінеді.
Жай ұнтақтар (бір ғана заттан тұратын)-pulveres simplicts;
Күрделі ұнтақтар (2 немесе одан көп ингредиенттерден тұратын)-pulveres composite ;
Мөлшерлерге бөлінген ұнтақтар-pulveres divis;
Мөлшерлерге бөлінбеген ұнтақтар- pulveres indivis;
Сыртқа қолданылатын ұнтақтар мөлшерге бөлінбеген түрінде жазылады. Оларды өте майда ұнтақтар түрінде жазылады. Оларды өте майда ұнтақтар түрінде (pulveres subtilissimi) жарақаттарға және шырышты қабатқа себу үшін қолданады. Бұл ұнтақтар 5,0-нан 100,0-ға дейінгі мөлшерде жазылады және рецепте дәрілік препараттың аты, жалпы мөлшері, майдалану дәрежесі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Мөлшерлерге бөлінбеген жай ұнтақтың жазылуы:
Стрептоцидтің (Streptocidum) 20,0 өте ұсақ ұнтағына рецепт жазыңыз. Жарақатқа себу үшін.
Rp.: Streptocidi subtilissimi 20,0
D.S. Жарақатқа себу үшін.
Мөлшерге бөлінбеген күрделі ұнтақтың жазылуы:
Құрамында 0,02 папаверин гидрохлориді (Papaverini hydrochloridum) мен 0,01 Фенобарбиталы (Phenobarbitalum) бар 10 ұнтаққа жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Papaverini hydrochloride 0,02
Phenobarbitali 0,01
Sacchari 0,3
M.f. pulv.
D.t.d. N. 10
S. 1 ұнт. күніне 3 рет
Ұшқыш және гигроскопиялық ұнтақтар пергаментті, балауыз (charta cerata) немесе парафинді (charta paraffinata) қағаздан жасалған қорапшада шығарылып, рецепте D.t.d. N… in charta cerata деп көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |