Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
САБАҚ:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нәтиже сабақ.Мен не үйрендім? Ұқсатым.Сән. Талғам
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқылымға қажетті сөздердің мағынасын біледі. Мақал-мәтелдер, терминдерді қолданып, мәтін мазмұнын дамытады.
|
Жетістік критерийлері
|
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді.
Мәтін мазмұнын дамыта алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Сабақ тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар беріледі. Сөйлемдерінің лексикалық –грамматикалық талаптарға сай құрылуына назар аударылады.
Лексикалық минимум:
сәнді, сымбатты, күтім, бұрым, өрген, бойжеткен, жарасымды, сырт келбет, өзіндік өрнек, ұмтылу, ізде, ұқыптылық, үйлесу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжады.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
2 мин.
Қызығушылықты ояту.
3 мин.
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. «С», «Ә», «Н» әріптері бойынша үш топқа бөлінеді, сабақтың тақырыбын анықтайды.
3. «Мәскеудегі сән апталығында қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілері жоғары бағаланды» деген
4. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
- Сәнді киіну деп нені түсінесіз?
- Сіз қалай киім таңдайсыз?
- Үйлесімді киіну жұмыс (сабақ) пен үйге де қатысты айтыла ма? Әлде тек қонақтық, кештер мен театрға қатысты ма?
5.Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері талқыланады.
|
https://www.
youtube.com/watch?
v=Hi8p6QkXxYk
«Мәскеудегі сән апталығында қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілері жоғары бағаланды»
0.27
|
Сабақтың ортасы
5 мин.
10 мин.
5 мин.
15 мин.
2 мин.
1 мин.
|
Топтық жұмыс.
Оқылым алдындағы тапсырма: оқылымдағы маңызды сөздерді үйрету (сәнді, сымбатты, күтім, бұрым, өрген, бойжеткен, жарасымды, сырт келбет, өзіндік өрнек, ұмтылу, ізде, ұқыптылық, үйлесу )
Бағалау. Топтар бір-бірін тексереді.
Жеке жұмыс.Негізгі тапсырма.Оқушылар «Мен жастарға сенемін» мәтінімен танысып, мақал-мәтел, неологизмдерді теріп жазып алады.
«Мен жастарға сенемін», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, сымбатты көрінуге тырысады. Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, ол – азғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнімен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Қыз баланың көркі- арқасына өрген білектей бұрым. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни моданы өзіне бейімдей ала білуінде. Жас адамның, әсіресе, қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, жүріс-жүгірісі, сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қонымды болмақ.
Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсіндірілсе, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын»– дегені бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болу керек. Бүгінгі күні ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуде. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Қазіргі орта – айналаңда кіндігін ашқан қыздар. Ата-ана жеңілтектіктен бойларын аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларына сіңіріп, өсіруге тырысуда.
Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші – атының соры, қыздың күлегеші – бақытының соры» деп тәрбие беруде. Бұдан шығатын қорытынды, қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны абзал. Өзге жұрттың жылтырауығының бәріне қызығып, оны талғаусыз қабылдай беру қашанда ұлт бітімі үшін жақсылық әкелмейді. Қаракөз қарындастарымыз әрқашан ақылды, арлы, ибалы болса, әсем де сүйкімді көрінеді. Өйткені «Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні» сияқты адамның қымбаты ақылы мен ары арқылы айқындалады. Адамның сыртқы сымбаты мен ішкі қымбаты қабысса ғана, жарасымдылық өз орнын табады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |