Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 0,82 Mb.
бет8/11
Дата29.01.2020
өлшемі0,82 Mb.
#27572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.

2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.

Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.

Ә) Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.

2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.

ІІІ. Білім тексеру:

Өздік жұмыс.

  • Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс

Үлгі: ана

  • Үш дыбыс, үш әріп

  • Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)

  • А- жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.

  • Н – үнді дауыссыз дыбыс

  • А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.

  • Ана тасымалданбайды.

  • Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.

  • Үндестік заңы:

  • Буын үндестігі жоқ.

  • Дыбыс үндестігі бар.



ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.

    2. Бұлбұл, мазмұн, мағлумат.

    3. Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.

    4. Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

244 –жаттығу



  • Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.

245 –жаттығу



  • Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?




  1. –жаттығу

  • Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.


VІІІ. Сабақты бекіту:

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма беру

    1. Ашық және қысаң дауыстылар

    2. 246 -жаттығу


Тексерілді:
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға тіліміздегі дыбыстарды, соның ішіндегі еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту және олар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Ә) Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ашық және қысаң дауыстылар

  2. 246 - жаттығу


ІІІ. Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Сұлу жер, егін ору, шөп шабу

    2. Уәдесінде тұру, киноға бару.

    3. Үлкенді сыйлау.

    4. Қуаныш, жеміс өсіру.



ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дауысты дыбыстың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.

Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.

Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады.жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де – тіл мәдениетінің бір шарты.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Терме диктант

1.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. 2. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. 3. Мына қызықты көрсін деп, Есен әкесін үйіне шақыруға барды.

4. Талғат берілген бұйрықты орындап, кейін оралғанда, жаудың екі ұшағы оны ортаға алды. 5. Окопта бір бала ұйқтап жатыр.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

247-жаттығу



  • Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.

  1. жаттығу

  • Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, аралас келген сөздерді бір бөлек жазыңдар.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

    1. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар туралы түсінік.

    2. 249- жаттығу.

Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды елдікке баулу, еңбекке, ынтымаққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстарды ажырата алу дағдыларын арттыру, дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

250 -жаттығу (жазбаша)

  • Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар

253 –жаттығу( ауызша)

  • Мәтіннен еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктерді айтыңдар.

254 – жаттығу.( тақтамен жұмыс)

  • Тек ашық дауыстылардан құралған сөздерді теріп жазыңдар.


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

  • Мәтіндегі дауысты дыбыстарлың астын сыз

Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара- тұа ән салып, кең пейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шеккен. Ақтоқты, Ұрқия,Жамалдардың қайғысын айтып, ара –тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен. (С. Жүнісов)

ІІ деңгей

  • Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызу.

Ағайдың биыл отыз жеті мүшесіне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға – жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр. (Қ. Жұмаділов)

ІІІ деңгей

  • Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз ойыңды жалғастырып жаз.

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
VІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:



1. 257-260 –жаттығулар.

2. Дауысты дыбыстар бойынша өткенді қайталау
Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш з,х,,ф,п,,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:

    1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.

    2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.

    3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

    4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
VІ. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

261-жаттығу(ауызша)

* Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

262 –жаттығу



  • Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Перфокартамен жұмыс


Сөйлем

Дауысты дыбыстар саны

Дауыссыз дыбыстар саны

Ашық дауысты

лар

Қысаң дауыс

тылар

Жуан дауыс

тылар

Жіңіш

ке дауыс

тылар

Еріндік дауыс

тылар

Езулік дауыс-

тылар


Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.

























Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Сайн)


























Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М.Әуезов)

























Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С.Мұқанов)

























Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.



























2. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық

2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)

ІІ деңгей

1.Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?

2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.

Адамның бір атаның балалары екені рас болса, беолгі бір заманның баласы екен де даусыз.

ІІІ деңгей

    1. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.

    2. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фанетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.

Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .

2. 265-270 -жаттығулар

Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Қатаң дауыссыздар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың қатаң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .

2. 265-270 –жаттығулар

ІІІ. Білім тексеру

Фонетикалық талдау жұмысын жүргізу

І топ

    1. Алматының аспаны ашылмағандықтан, жаңбыр жауып тұр.

(Қ. Найманбаев.)

ІІ топ

2) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.

(Т.Нұрмағамбетов)
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

264– жаттығу (жазбаша)

* Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын сыз.

265 –жаттығу(ауызша)

  • Төмендегі жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама бер.

270 – жаттығу

  • Мәтіннен қатаң дауыссыздардан басталатын сөздерді теріп жаз.



VІІ. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Қатаң дауыссыздарды жаз.

2. Әже, кею сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1.Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыстарды жаз.

2.Хатшы, қоян сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1.Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Қою, стиль, ноян

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Қатаң дауыссыздар туралы түсінік

    2. 267-269- жаттығулар


Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қатаң дауыссыздар туралы түсінік

  2. 267-269- жаттығулар

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау