Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі



жүктеу 55,58 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі55,58 Kb.
#1931
түріСабақ

Маннешова Зарифа,

А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: 5-ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу

жағдайларын құрастыру. 5-ке көбейтудің кестелік жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын түрінде өткізу.


Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін, дамытушылық ойын қалыптастыру. 5-ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы баланың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық -коммуникациялық технологияны

пайдалану арқылы оқушылардың білім-білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Қолданылатын әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. – Алматы:«Атамұра», 2010. Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту.
Сабақтың құрылымы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе бөлімі.

1. Үй жұмысын тексеру.

2. Жаңа сабақты жариялау.

3. Сергіту сәті.

III. Негізгі бөлімі.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Сабақты қорытындылау

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу. Құрал-жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.


II.Кіріспе бөлімі.


  1. Үй жұмысын тексеру.

  • Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын.

  • Балалар, заттардың құнын табу үшін не істейміз?

  • Дұрыс айтасыңдар. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек. Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау керек?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.

  • Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау керек екен?

  • Әрине балалар, дұрыс айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.

  • Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.

  • Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?

  • № 9 есеп. Теңдеулерді шешу.

(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)

  1. Жаңа сабақты жариялау.

  • Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық. Жаңа тақырыбымыз «5- ке көбейту және бөлу кестесі.»




  1. Сергіту сәті.

Жасағанда жаттығу,

Керек емес аптығу.

1,2,3. 1,2,3.

Жинап алдық міне күш!


III. Негізгі бөлімі.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.

(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)

Кітаппен жұмыс.



  • Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар.Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5-ті 5-ке 5 рет қосу.

  • Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?

  • Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.

  • Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?

  • Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.

  • Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.

6·5=5·6

7·5=5·7


8·5=5·8

9·5=5·9


- Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.
Тақтамен жұмыс.

  • Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.

(№1 слайдқа назар аудару.)

  • Балалар, неге 25:5=5 ?

  • Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25.т.б.

  • №5 орындаймыз.

5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5

  • №6.

(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)

Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.

5·6=30 10:5=2

5·4=20 20:5=4

5·3=15 15:5=3

5·8=40 30:5=6




  • Ал енді балалар, №8 амалдарды орындайық.

656-98=558

306+87=393

300:100=3

(354+636)-920=70

720-(384+216)=120

90·10-756=144

40·7-40·5=80

70·3+70·2=350

80·3+30·2=300
- №9.

4·b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.

4·1=4

4·2=8


4·5=20

4·8=32


4·9=36

4·0=0

№11. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
6:5 = 1 (қалд.1)

7:5 = 1 (қалд.2)

8:5 = 1 (қалд.3)

9:5 = 1 (қалд.4)

11:5 = 2 (қалд.1)

12:5 = 2 (қалд.2)


Өздік жұмыс.

№14. Есепте:

6·5=30 5·9=45 5·6=30 9·5=45 8·5=40

45:5=9 35:5=7 40:5=8 30:5=6 25:5=5

5·8=40 5·7=35 7·5=35 5·5=25 20:5=4

IV. Сабақты қорытындылау.



  • Ал балалар, сендер 5-ке көбейту және бөлу кестесін толықтай меңгере білдіңдер ме? Ал онда тексерейік.

(№3 слайдқа назар аудару.)


  1. Үйге тапсырма беру.

  2. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалаймын.

  • Осымен, біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңа рахмет.

жүктеу 55,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау